Зертханалық жúмыс №1


Студенттің өзіндік оқытушымен жұмысының тапсырмалары



бет133/136
Дата15.12.2023
өлшемі8,58 Mb.
#137961
түріҚұрамы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136
Студенттің өзіндік оқытушымен жұмысының тапсырмалары
Тапсырма 1

  1. Мәліметтер базасы терезесіндегі Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу.

  2. Басылымдар шебері (Мастер отчетов) режимін таңдау.

  3. Бір кесте негізінде басылым жасау жолдарын қадамдарға сәйкес орындап шығу.

  4. Алынған басылымды қарап шығу .

Тапсырма 2



  1. Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу және Басылымдар шебері (Мастер отчетов) режимін таңдау.

  2. Бір кесте негізінде басылым жасау жолдарын қадамдарға сәйкес орындап шығу, бірақ мәліметтерді

топтастыруға көбірек көңіл бөлу. Алынған басылымды қарап шығу.

  1. Мәліметтерді сұрыптауға көңіл бөле отырып басылым жасау. Алынған басылымды қарап шығу.

  2. Сандық өрістер үшін нәтижелер шығаруға көңіл бөле отырып басылым жасау. Алынған басылымды қарап шығу.

  3. Барлық алынған басылымдарды талдап шығу.

Тапсырма 3



  1. Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу және Басылымдар шебері (Мастер отчетов) режимін таңдау.

  2. Бірнеше кестенің негізінде басылым жасау қадамдарын 1-тапсырмадағыдай етіп орындап шығу. Алынған басылымды қарап шығу.

  3. Басылымдар жасау кезіндегі және 2-тапсырмадағы мүмкіндіктерді зерттеп шығу, бірақ мұнда басылым бірнеше кестелер негізінде құрылатын болсын. Алынған басылымды қарап шығу.

  4. Барлық алынған басылымдарды талдап шығу.

Көшіру амалын қолданып мәліметтерді енгізу


Отырыр кітапханасы мәліметтер базасының Оқулықтар кестесіндегі кейбір мәліметтерді жаңа Менің кітапханам мәліметтер базасының Менің оқулықтарым кестесіне көшірейік.



  1. Microsoft Acces программасын іске қосыңыз.

  2. Жаңа Менің кітапханам мәліметтер базасын құрыңыз.

  3. Конструктор режімінде жаңадан Менің оқулықтарым кестесін құрыңыз. Бұл кесте

келесідей өрістерден тұратын болсын:
өріс атауы өріс типі
Кітаптың аты мәтіндік
Кітаптың авторы мәтіндік
Баспасы мәтіндік
Шыққан жылы мерзім/уақыты
Кітаптың нөмірі мәтіндік
Көлемі сандық
Бағасы қаржылық
4. Тағы бір Accessті іске қосыңыз және ондағы Отырар кітапханасы мәліметтер базасын ашыңыз.
5. Тізімнен Оқулықтар кестесін тауып, оны кесте режімінде ашыңыз.
Кестенің жоғарыда аталған өрістеріне сәйкес жазбаларын ерекшелеп алыңыз.
6. Ерекшеленген жазбаларды алмасу буферіне орналастырыңыз.
7. Менің кітапханам мәліметтер базасына өтіп, Менің оқулықтарым кестесіндегі бірінші жолын ерекшелеп алыңыз.
8. Сонан соң алмасу буферіндегі мәліметтерді қойыңыз. Экранда хабар пайда болады: Келесі жазбалар санын кірістіруге әрекет жасалуда:
9. Жазбалар қойылсын ба? Иә деп жауап беріңіз. Алмасу буферіндегі мәліметтер жаңа кестеге енгізіледі.

Тапсырма 1



  1. Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать)

батырмасын басу.

  1. Автобасылым: бағанаға (Автоотчет: в столбец) режимін таңдау.

  2. Бір кесте негізінде басылым жасау және алынған басылымды қарап шығу.

Тапсырма 2



  1. Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу.

  2. Автобасылым: таспалық (Автоотчет: ленточный) режиміне кіру.

  3. Бір кесте негізінде басылым жасау және алынған басылымды қарап шығу.

Тапсырма 3



  1. Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, бұрын жасалған басылымдардың бірін таңдап алып, Конструктор режиміне кіру.

  2. Басылымға керекті өзгерістер енгізу, мысалы, қаріптің көлемін, фонның және әріптердің түсін, тақырыптың түрін өзгерту, сурет енгізу және т.б..

  3. Алынған басылымды қарап шығу. Егер басылымның түрі қанағаттанарлықтай болмаса, тағы да өзгерістер енгізу.

  4. Осы әрекеттерді басқа басылымдарға да қолданып шығу.

Тапсырма 4

  1. Көп кестелі басылым құрылатын кестелерді таңдап алу.

  2. Басты кесте үшін басылым жасау немесе бұрын құрылған басылымды қолдану. Бағынышты кесте үшін басылым жасау немесе бұрын құрылған басылымды қолдану.

  3. 2-қадамда құрылған басылымда бағынышты басылым орналастырылатын аймақ құру және қандай басылым шығарылатынын көрсету.

  4. Алынған басылымды қарап шығу.

  5. Конструктор режиміне кіру және құрылған көп кестелі басылымға қажетті өзгерістер енгізу. Алынған басылымды қарап шығу.

  6. Көп кестелі басылым құруды басқа кестелер үшін де орындап шығар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет