Зертханалық жúмыс №1



бет79/136
Дата15.12.2023
өлшемі8,58 Mb.
#137961
түріҚұрамы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   136
Қарапайым калькулятор.
Компьютердің сандық информациялармен жұмыс атқару мүмкіндігін Windows-тың көмекші программасы «Калкулятор» арқылы көруге болады. Калькулятордың 2 түрі бар: қарапайым және инженерлік.
Калькуляторды іске қосу үшін мына амалдар орындалады:
Пуск---Программы—Стандартные----- Калькулятор
Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда қарапайым калькулятор шығады. Калькулятордың бір түрінен 2-і түріне көшу Вид менюінен оның типін ( түрін) таңдау арқылы іске асады.

Калькулятордың функционалдық батырмалары:
Back- соңғы ендірген цифрды өшіреді
CE- индикация алаңына енгізілген санды өшіреді
C-барлық ендірілген информацияларды өшіреді
Sqrt-квадрат түбірді есептейді
1/x-енгізілген санның кері мәнін есептейді
MC-жадты өшіреді
MR-жадтағы санды индикаторға көшіреді
MS-индикатордағы мәнді жадқа жазады
M+ -индикатордағы санды жадтағы санға қосады.





И
Пуск—Программы---Стандартные---Калькулятор—Вид---Инженерный.
Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ 2-3 міндеттер орындайтын бірнеше батырмалары бар. Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізуге (орта мәнін табуға) тригонометриялық, логарифмдік, дәрежелі мәндерді есептеуге болады.


нженерлік калькулятор:


Статистикалық есептер Калькулятордың сол жақ бөлігіндегі көк таңбалары бар батырмалар арқылы орындалады, олардың көмегімен бірсыпыра сандар тізбегін енгізіп, сол сандардың арифметикалық ортасын, қосындысын және стандарттық ауытқуын анықтай аламыз. Статистика режимінде жұмыс атқару үшін мынадай ережелерді білген жөн:

  1. Статистика терезесі Sta батырмасын шерткен кезде ашылып, оған сандар тізбегін енгізуге мүмкіндік аламыз.

  2. Калькулятор панелінде терілген сан Статистика терезесіне Dat батырмасын шерту арқылы жіберіледі.

  3. Калькулятордың үш батырмасы енгізілген сан тізбегінің статистикалық функцияларын анықтайды, олар:

Sta- статистика терезесін ашады
Ave-статистика терезесіндегі сандардың орта мәнін есептейді
Sum-статистика терезесіндегі сандардың қосындысын есептейді
S-статистика терезесіндегі ығыстырылмаған сандардың ортаквадраттық ауытқуын есептейді
Dat - статистика терезесіне сандардың бейнесін шығарады.


Статистикалық есеп шығаруға бір мысал қарастырайық:

  1. Калькуляторда 12,56 санын теру.

  2. Sta батырмасын шертіп, Статистика терезесін шығару.

  3. Dat батырмасын шерту.

  4. Екінші 12,89 санын теріп, Dat батырмасын шерту.

  5. Үшінші 12,33 санын теріп, Dat батырмасын шерту.

  6. Sta, батырмасын шертіп, Статистика терзесіне шығып, енгізілген сандарды қарауға, лоар көп болған жағдайда жоғары төмен жылжуға мүмкіндік беретін жүгіртпені пайдалануға болады.

  7. Ret батырмасын шертіп калькулятор терезесіне ауысу.

  8. Ave батырмасын басып, сандардың арифметикалық ортасын табамыз-ол 12,593333.

  9. Sum батырмасын басып, сандардың қосындысын табамыз-ол 31,18.

  10. S батырмасын басып стандартты ауытқуды анықтаймыз, ол-0,28148.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет