Зертханалық жұмыс. №9 Тақырып: MS WORD мәтіндік редакторында кесте құру және өңдеу. MS WORD мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері. Формулалар редакторы. (6 зертханалық жұмыс, 1-СӨОЖ) Мақсаты: Word редакторы жұмыс кезінде көптеген практикалық есептердің орындалуын жеңілдететін, әртүрлі амалдар жиынын орындай алатын, сақталынған мәліметтерді реттеу мен форматтауға мүмкіндік беретін кестелерді ыңғайлы пайдалану жолдарын ұсынады.
К ез келген кесте ұя түріндегі қатарлар мен бағаналардан тұрады, оларға мәтін немесе сурет орналастыруға болады. Сандарды мәтіндерді тіке туралап жазу үшін де кесте жасауға болады.
Кесте құрудың ең бір қарапайым жолы – Кесте салу батырмасын қолдану. Мұнда қолыңызға қалам алып қағазға кестені қалай сызсаңыз, экранда да дәл солай кесте саласыз. Келесі қатарлар биіктігін өзгертуге де мүмкіндік бар. Экрандағы көлденең сызықтар түзу сызылып, оның кез келген нүктесінен төмен қарай бағана жасау мүмкіндігі пайда болады. Кестенің сыртқы сызықтарын тышқан батырмасын басып тұрып қаламды жылжыту жолымен саламыз да, сонан соң оның бағаналары мен қатарларын сызамыз.
К ерек емес сызықты Өшіргіш батырмасын басып алып тастаймыз.
Бос кесте құрудың тағы бір тәсілі – Кесте –Кесте енгізу (Таблица–Добавить таблицу) командасы немесе стандартты саймандар тақтасының осыған сәйкес батырмасын басып, бағана мен қатар санын тышқан курсорымен кеңейте отырып нақты белгілеп көрсету қажет. Осы тәсілді қолданғанда бағаналар саны негізінде автоматты түрде бірден анықталады. Қажет болса, әрбір бағаналар енін мұнан кейін де өзгертуге болады.
–сурет. “Кесте енгізу”батырмасы арқылы салынған 2х2 өлшемді кесте.
Егер кесте құру процесінде бағаналар енін өзіміз санмен бергіміз келсе, онда Кесте – Кесте енгізу (Таблица – Добавить таблицу) командасын пайдаланамыз. Бұл команданың орындалуы нәтижесінде “Кестені енгізу” деген сұхбат терезесі ашылады, онда кестенің қажетті параметрлерін қолмен енгізе аламыз. Кесте құрылған соң, алдын ала жасалып қойған олардың стандартты ықшам форматтары жиынынан өзімізге қажетті форматты таңдап алуға болады, ол үшін Кесте – Автоформат командасын орындаймыз. Бұл тәсіл кестелерді форматтау процесін жеңілдетеді.