Зертханалық жұмыс №15. Simulink-те модель құру Мақсаты



бет2/4
Дата28.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#88154
1   2   3   4
Байланысты:
Зертханалы ж мыс 15

Модель құрастыру
Simulink ортасында модель құрастыру үшін келесі əрекеттерді жасау керек:
1. жаңа модель файлын File/New/Model командалары арқылы жасау, немесе батырмасын басу арқылы жасауға болады.
2. Модель терезесінде блоктарды орналастыру. Ол үшін лайықты
кітапхана тарауын ашу керек (мысалы, Sources). Одан əрі мегзегішпен керекті блокты көрсетіп, тышқанның сол жақ батырмасын басып, ұстап тұрған күйі дайын терезеге блокты ауыстырып алып келу керек.



Модельдің бос терезесі

3. Блокты жою (немесе өшіру) үшін блокты таңдап алу керек (мегзегішті оның суретіне апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басу керек), ал одан кейін пернетақтада Delete батырмасын басу керек. Блоктың өлшемдерін өзгерту үшін бір блокты таңдап алып, мегзегішті блоктың бұрышына орнатып, сол жақ батырманы басып, блоктың өлшемін өзгерту керек (мегзегіш ол кезде екі жақты болып кетеді).



Модель құрамындағы блок терезесі

4. сұлбада барлық блоктарды орнатқаннан кейін, керекті кітапханалардан сұлбадағы элементтердің қосылыстарын орындау керек. Блоктарды қосу үшін мегзегішпен блоктың шығысына апарып, кейін тышқанның сол жақ батырмасын жібермей басып тұрып, басқа блоктың кірісіне дейін сызық жүргіземіз. Одан кейін батырманы жіберу керек. егер де блоктар дұрыс қосылса, бағдардың бейнесі блокқа кіру кезінде


Беріліс функциясын модельдеуші блоктың параметрлер терезесі



Модель сұлбасы

5.есептеу сұлбасын құрғаннан кейін оның атауы мен папкасын көрсетіп жəне сұлба терезесінде көрсетілген File/Save As... пунктін таңдау арқылы файл күйінде сақтауымыз қажет есте сақтарлық жайт - ол файлдың атауы 32 символдан аспауы керек жəне де атаудың басы əріптен басталуы керек, ол кириллицаларды жəне арнайы таңбаларды қабылдамайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет