2-сурет Тіктөртбұрыштармен жұмыс жасаудағы атрибуттар құралы
Тіктөртбұрыштардың атрибуттар құралы (2-сурет) мына қасиеттерден тұрады: төртбұрыштың өлшемін, төртбұрыштың орналасуын, масштаб коэффиценттерін және т.б..бұл қасиеттер батырмаларды өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге онда обьектілермен жұмыс жасау батырмалары орналасқан (бұрау,айналық бейнелеу,бұрыштарды дөңгелектеу және т.б)
Объектінің еркін қозғалыспен орталықтан айналдыру жағдайын өзгертуден басқа, тышқанның көмегімен орталықтан айналдыру жағдайының нақты және дәл берілген мүмкіндері бар. Ол үшін 3-суретте көрсетілгендей «Өзгерту» (Преобразование) атрибуттар тақтасын көрсетіп қою қажет. 2-суретте және 3-суретте көрсетіліп тұрған атрибуттар тақталарының алып бара жатқан өзгешеліктері жоқ. Екеуіде сол тікбұрыш құралына тиісті. Бірақ «Өзгерту» тақтасы бізге сол тікбұрышты бейнені формасын өзгерту үшін қолданылады.
3-сурет. Өзгерту атрибуттар тақтасы
Бұл атрибуттар тақтасын іске қосу үшін Терезе (Окна) - Тақталар (Панели) - Өзгерту (Преобразование) бұйрықтарын орындап, қосамыз.
Бейнелерді құрып болғаннан кейін әрбір бөлек енгізілген бейнені топтастырып бір бейнеге келтіруге болады. Ол үшін әуелі батырмасы арқылы барлық құрастырылған бейнелерді ерекшелеп аласыз да, атрибуттар тақтасында орналасқан «Топтау» (Сгруппировать) батырмасын басасыз. Ал егерде тағы да өзгерістер енгізгіңіз келсе топтаудан алып тастай аласыз. Ол үшін батырмаларын қолданасыз:
Төмендегі суреттен «Топтау» батырмаларынымен танысыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: |