Зертханалық жұмыс №6 Ауыспалы егістерді ландшафтқа байланысты зерттеу тәсілдері


Ауыспалы егістердің кестесін құру қағидаттары (принциптері)



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі22,81 Kb.
#13153
1   2   3
Байланысты:
Зертханалық жұмыс

Ауыспалы егістердің кестесін құру қағидаттары (принциптері). Ауыспалы  егісте дақылдардың  алмасу тәртібін және алғы егістерін өндірістік тәжірибелері мен аймақтың ғылыми мекемелерінің ұсыныстарын пайдаланып анықтайды. Бұған қойылатын негізгі талап әрбір дақылға оңтайлы жағдай жасап, сыртқы ортаның қолайсыз әсерін азайту.           

    Ауыспалы егістің кестесін құрастырғанда топырақтың құнарлылық қорларын өсімдіктердің тиімді пайдалануын ескеру керек. Сол үшін мынадай үстанымдарды сақтау керек:



  1. Негізгі дақылдарға  ауданның үлкен белігін бөлген жөн.

  2. Топырақтың құнарлылығына, танаптардың тазалығына және  басқа  тіршілік жағдайларына  жоғары талап қоятын ең құнды  дақылдарды  жақсы алғы дақылдардан  кейін орналастыру дұрыс.

  3. Ауыспалы егісті ең жақсы алғы дақылдан бастау  қажет.

  4. Дәнді бұршақ дақылдарын  қайталап өсіруге болмайды.

  5. Дәнді бұршақ дақылдарын  пардан кейін орналастыруға болмайды. Бұл  жағдайда олардың құнды алғы егіс болған артықшылығы басқа  дақылдармен пайдаланылмайды.

Ауыспалы егістің үш түрі болады: алқаптық, мал азықтық және арнайы.

Алқаптық ауыспалы егіс деп жердің жартысынан көбіне астық, техникалық өсімдіктер немесе азық-түлік өндіруге керекті дақылдар егілетін түрін айтады.



Мал азықтық ауыспалы егістің жерінің жартысынан артығына малға  азық боларлық дақылдар егіледі.

Арнайы ауыспалы егіске көбінесе арнайы агротехника қолданылатын дақылдар және топырақты су мен желдің әсерінен қорғау әсерін тигізетін өсімдіктер егіледі. Осы аталған ауыспалы егістің үш типінің әрқайсысы өзінің құрамындағы дақылдардың үлестеріне сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет