Зертханалық жұмыс №6 Модуль Ерітінділер. Электрохимиялық үрдістер Тақырып 3: Тотығу-тотықсыздану реакциялары


Тәжірибе 1. Ерімейтін анодтың электролизі



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата30.03.2022
өлшемі276,41 Kb.
#29221
1   2   3   4   5   6   7   8   9
 

Тәжірибе 1. Ерімейтін анодтың электролизі  

 

А)  Мыс  хлориді  ерітіндісінің  электролизі.  U  тәрізді  түтіктің  жарты 



көлеміне дейін  0,5 М мыс хлориді ерітіндісін құйыңыз. Электродтар тұрақты 

ток көзіне жалғанады және 5 мин ток жіберіледі.  Содан кейін ток көзін өшіріп, 

катодта  мыстың  бөлінгеніне  көз  жеткізіледі.  Анод  орналасқан  түтікке    1-2 

тамшы  крахмалдан  және  калий  иодидінен  тұратын  ерітіндіні  қосыңыз.    Не 

байқалады?  Электролиз  сызбанұсқасын  және  жүріп  жатқан  процестің  реакция 

теңдеуін құрыңыз. 

Тәжірибеден  кейін  электродтарды  тазалау  қажет.  Ол  үшін  катодты  (тяганың 

астында) концентлі азот қышқылына (мыстың еруі үшін), ал анодты 5 минутқа 

5%-ды  калий  сульфаты  ерітіндісіне  салыңыз.    Содан  кейін  электродтарды 

сумен  жуыңыз.  U  тәрізді  түтіктегі  ерітіндіні  арнайы  осы  мақсатқа  арналған 

ыдысқа құйыңыз.   

  

Б)  Калий  иодидінің  электролизі.  Электролизге  арналған  прибордың 



ортаңғы  белдігіне  дейін  0,5м  калий  иодиді  ерітіндісін  құйыңыз,  оған  бірнеше 

тамшы  крахмал  және  лакмус  ерітіндісін  тамызыңыз.  10  минут  ток  жүргізіңіз. 

Анад  және  катодтағы  ерітіндінің  түсінің  өгеруін  бақылаңыз.  Электролиз 

сызбанұсқасын және жүріп жатқан процестің реакция теңдеуін құрыңыз. 

Катодта және анодта қандай өнімдер түзілді? 

Тәжірибе  аяқталғаннан  кейін  иодтан  толық  арылу  үшін  анодты  натрий 

тиосульфаты ерітіндісімен шайыңыз.  

 

В)  Натрий  сульфаты  ерітіндісінің  электролизі.  U  тәрізді  түтікке    0,5м 



Na2SO4  ерітіндісін  құйыңыз  және  бірнеше  тамшы  лакмус  тамызыңыз.  5-7 

минут бойы ток жіберіңіз. Ерітіндінің түсінің өзгеруін және электродтардан газ 




көпіршіктерінің  бөлінуін  бақылаңыз.  Электролиз  сызбанұсқасын  және  жүріп 

жатқан процестің реакция теңдеуін құрыңыз. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет