Зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы



бет6/6
Дата14.10.2023
өлшемі1,7 Mb.
#114179
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
MS Access зертханалық жұмыс

Өзіндік жұмыстар
1. Математика мамандығы студенттерінің тізімін шығаратын сұраныс құрыңыз.
2. Фамилиясы С әрпінен басталатын студенттерінің тізімін шығаратын сұраныс құрыңыз.
3. Оқу түрін сұрайтын параметрлі сұраныс құрыңыз,
4. 1,2,3,4 семестрдегі бағаларымен студенттерінің тізімін шығаратын сұраныс құрыңыз.
5. 8 семестрде 3-ке оқыған студенттерінің тізімін шығаратын сұраныс құрыңыз.
6. Күндізгі бөлімде барлық семестр бойынша 5-ке оқитын студенттерінің тізімін шығаратын сұраныс құрыңыз.
7. Ұлдардың тізімін шығаратын сұраныс құрыңыз.
19 Зертханалық жұмыс


Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Office Access-те екі кестеден тұратын МҚ-на форма және есеп беру құру


Жұмыстың мақсаты:
Microsoft Office Access мәліметтер қорында күрделі МҚ-на форма мен сеп бету құруды үйрену.


Жұмыстың мазмұны:
Форманы кестеге немесе сұранысқа құруға болады. Форма құрудың бірнеше әдісі бар: Қарапайым форма, шебердің немесе конструкторың көмегімен форма құру, бос форма, диаграмма және т.б. Форма құру үшін керек кесте немесе сұранысты ерекшелеп алып, лентадағы Құру=>Формалар (Создание=>Формы) батырмаларын пайдаланамыз (19.1-сурет).



19.1-сурет. Форма құрудың әдістері

Қарапайым форма құру үшін Студенттер кестесін ерекшелеп, Құру=>Формалар=>Форма (Создание=>Формы=>Форма) батырмасына басамыз. Нәтижеде 19.2-суреттегі Студенттер формасы пайда болады.





19.2-сурет. Студенттер қарапайым формасы


А_фамилия сұранысын ерекшелеп алып, Құру=>Формалар=> Бірнеше элемент (Создание=>Формы=>Несколько элемент) форма құру батырасына басамыз. Нәтижеде 19.3-суреттегі А_фамилия формасы пайда болады.



19.3-сурет. Бірнеше элемент әдісімен құрылған форма

Егер бірнеше кестеден немесе бірнеше сұраныстан керек өрістерді таңдау арқылы форма құру қажет болса, онда Форма шеберін пайдалануға болады. Ол үшін Құру=>Формалар=> Өзге формалар=>Форма шебері (Создание=>Формы=>Другие форма=>Мастер форм) командаларын орындаймыз. Экранда форма шеберінің бірінші қадамы сұқбат терезесі пайда болады. Кестелер мен сұраныстар (Таблицы и запросы) өрісінде Студенттер кестесін және Код, Фамилия, Аты, Мамандығы өрістерін таңдаймыз. Кестелер мен сұраныстар (Таблицы и запросы) өрісінен Балл кестесін және 1-семестр, 2-семестр өрістерін таңдаймыз және Ары қарай (Далее) батырмасына басамыз (19.4-сурет).





19.4-сурет. Форма шеберінің бірінші қадамы

Форма шеберінің екінші қадамында форманың ішкі түрі ретінде Ленталы (Ленточный) таңдаймыз және Ары қарай (Далее) батырмасына басамыз (19.5-сурет).



19.5-сурет. Форма шеберінің екінші қадамы

Форма шеберінің үшінші қадамында форманың Молульдік (Модульная) стилін таңдаймыз (19.6-сурет).





19.6-сурет. Форма шеберінің үшін қадамы

Форма шеберінің соңғы қадамында форманың атын енгіземіз және Дайын (Готово) батырмасына басамыз (19.7-сурет).





19.7-сурет. Форма шеберінің төртінші қадамы

Нәтиже 19.8-суреттегі Семестр формасы пайда болады.





19.8-сурет.

Есеп беруді кестеге немесе сұранысқа құруға болады. Есеп беруді құрудың бірнеше әдісі бар: Қарапайым есеп беру, шебердің немесе конструкторың көмегімен есеп беру құру, бос есеп беру, наклейка құру. Есеп беру құру үшін керек кесте немесе сұранысты ерекшелеп алып, лентадағы Құру=>Есеп беру (Создание=>Отчеты) батырмаларын пайдаланамыз.


Қарапайым емеп беру құру үшін Студенттер кестесін ерекшелеп, Құру=>Есеп беру =>Есеп беру (Создание=>Отчеты=
=>Отчеты) батырмасына басамыз. Нәтижеде 19.9-суреттегі Студенттер_есеп пайда болады.



19.9-сурет. Қарапайым есеп беру

Енді есеп беру шеберінің көмегімен Тобы сұранысына есеп беру құрайық. Ол үшін Құру=>Есеп беру=>Есеп беру шебері (Создание=>Отчеты=>Мастер отчетов) командаларын орындаймыз. Экранда есеп беру шеберінің бірінші қадамы сұқбат терезесі пайда болады. Кестелер мен сұраныстар (Таблицы и запросы) өрісінде Тобы сұранысын таңдаймыз. Бар өрістер (Доступные поля) терезесіндегі барлық өрістерді Таңдалған өрістер (Выбранные поля) терезесіне өткіземіз. Ары қарай (Далее) батырмасына басамыз (19.10-сурет).



19.10-сурет. Есеп беру шеберінің бірінші қадамы

Есеп берудің екінші қадамында да Ары қарай (Далее) батырмасына басамыз. Үшінші қадамында Фамилия бойынша сұрыптаймыз (19.11-сурет).





19.11-сурет. Есеп беру шеберінің үшінші қадамы

Есеп берудің төртінші қадамында Кестелік (Табличный) макетін және Кітаптық (Книжный) бағытын таңдаймыз (19.12-сурет).





19.12-сурет. Есеп беру шеберінің төртінші қадамы

Бесінші қадамында есеп берудің стильін таңдаймыз (19.13-сурет).





19.13-сурет. Есеп беру шеберінің бесінші қадамы
Алтыншы қадамында есеп берудің атын енгіземіз және Дайын (Готово) батырмасына басамыз (19.14-сурет).



19.14-сурет. Есеп берудің алтыншы қадамы

19.15-суреттегідей параметрдің мәнін енгізу қажет сұқбат терезе пайда болады. Мысалы, ИЕК-101 мәнін енгізейік.





19.15-сурет. Парметрдің мәнін енгізу сұқбат терезесі

Нәтижеде экранда 19.16-суреттегі Тобы_есеп есеп беруі шығады.



19.15-сурет. Есеп беру шеберінің көмегімен құрылған есеп беру


Өзіндік жұмыстар
1. Кестеден қарапайым есеп беру құрыңыз.
2. Сұраныстан қарапайым есеп беру құрыңыз.
3. Кестеден наклейка құрыңыз.
4. Сұраныстан наклейка құрыңыз.
5. Есеп беру шеберінің көмегімен екі кестедегі өрістерден есеп беру құрыңыз.
6. Есеп беру шеберінің көмегімен екі сұранысттың өрістерінен есеп беру құрыңыз.
7. Есеп беру конструкторының көмегімен есеп беру құрыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет