Ажырату қабілеті R мынандай формуламен есептелінеді:
(4)
мұндағы - ең жақын ажыратылатын екі спектралды сызықтардың толқын ұзындықтарының айырымы ( және ), к - спектр реті, N - тордағы штрихтар саны (5-сурет).
5-сурет. Рэлей шарты бойынша, екі көршілес орналасқан максимумдардың ажыратылуы көрсетілген
(4)-қатынаспен анықталатын ажырату қабілеті Рэлей критерийіне сәйкес келеді. Рэлей шарты бойынша, егер біреуінің максимумы (ортасы) көршісінің минимумына (шетіне) сәйкес келсе, онда олар ажыратылған деп есептелінеді.
5-суретте ажыратылған екі спектральды сызық графикте көрсетілген. Бұдан жақын орналасқан сызықтар Рэлей критерийі бойынша ажыратылмаған болады.
Қондырғының сипаттамасы
Жарық көзі ретінде гелий-неон лазері қолданылады. Лазер сәулесінің мынадай аса маңызды қасиеттері бар:
а) жарық шоғының өткір бұрышты бағыттылығы (сәулелердің параллельділігі);
б) жоғарғы дәрежедегі монохроматтылылығы;
в) сәуленің салыстырмалы жоғары қуаты.
Лазерді қосуды тек оқытушы немесе лаборант жүргізеді! Шағылған сәулені сыртқа жіберуге тиым салынған.
Қондырғының сызбасы 6-суретте келтірілген.
6-сурет. Қондырғының сызбасы
Оптикалық отырғыштағы рейтерде қоректендіру көзі 3 бер гелий-неон лазері 2 орнатылған. Әр түрлі дифракциялық құралдары бар рейтерлер 4 алдында сәуле интенсивтілігін азайту үшін 5 поляризатор қойылады, фотоқабылдағыш 6, дифрациялық спектрдегі интенсивтіліктің реттелуін зерттеу үшін сканерлеуші құрылғымен байланысады. Фотоқабылдағыш фототокты тіркеу үшін микроамперметрге жалғанады. Фотоқабылдағыш дифракциялық кескіннің жазықтығында қозғала алады. Фотоқабылдағыштың қозғалуы сканерлеуші құралдың индикаторымен байланысқан винтті бұрау арқылы жүзеге асады.
Лазер сәулесінің монохроматтылығынан экранда қабаттаспайтын дифракциялық спектрлерді бақылауға болады. Олар қызыл жолақтар қатарын түзейді.
Достарыңызбен бөлісу: |