Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны



бет54/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

Жұмыс орны дегеніміз - жеке жұмысшының немесе жұмысшылар тобының еңбек ететін аймағы. Онда технологиялық үдерістің операцияларын орындауға қажетті материалдық-техникалық өндіріс құралдары орналастырылады. Жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру жұмыстары өндірістік санитария мен еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесінің талаптарына сай жүргізілуі тиіс. Бұл ретте жұмыс орнын жоспарлап жүйелеу, оны қажетті жаңа жабдықтармен жабдықтау, өндіріс құралдарын кеңіс орналастыру, жабдықтардың тиімді әрленуі мен нормаға сәйкес жарықтандырылуы қажет.
Жұмыс орнын жоспарлап жүйелеу төмендегідей шараларды қамтиды:
а) жұмыс кезінде адамның кедергісіз еркін қозғалуына мүмкіндік жасау;
ә) өндірістік жерді үнемді пайдалану және заттың тасымалдау жолын барынша ықшамдау;
б) жабдықтарды технологиялық үдерістің тізбектілігіне сәйкес орналастыру, оператордың қауіпсіз еңбек етуіне жағдай жасау.
Жұмыс орнында жабдықтарды дұрыс орналастыру арқылы жұмысшының өзіне қолайлы жұмыстық қалыпта еңбек етуіне жағдай жасалады. Жұмысшылар жұмысты көбінесе отырып немесе тұрып жасайды. Әдеттегі жұмыстық қалып деп дененің алға қарай еңкеюі 10-15м аспайтын, артқа немесе қапталға қисаюды талап етпейтін жұмыс қалпын айтады. Жұмыс аймағын таңдаудың кепілдемесі және денені ұстау қалпына сәйкес орындықтар мен жабдықтардың биіктігінің тиімді шамалары төменгі кестелерде берілген.
6-кесте



Денені ұстау қалпы

Күш, Н

Жұмыс кезіндегі қозғалуы



Жұмыс аймағы (радиус)



Отырып

50 дейін

Шектеулі

380 -5 0 0

«Отырып-тұрып»

50-100

Орташа

38 0 -7 5 0

Тұрып

100-200

Жиі

750-ден жоғары

7-кесте




Жұмыс орны



Жұмыс орнының адам бойының ұзындығына сәйкес биіктігі, мм



Отырып жұмыс істейтін үстел


Отырып жұмыс істейтін өте нәзік
жұмыстардың үстелі
Тұрып жұмыс істейтін станоктарда Аяқ астының кеңістігі

Аласа бойлы

Орта бойлы

Ұзын бойлы

700  

725

750

900

950

1000

1000

1050

1100

600


625


625





16-сурет. Отырып жұмыс істеу кезінде қолдың жұмыс аймағы:


а) үйлесімді жұмыс аймағы; ә) шекті жұмыс аймағы



17-сурет. Тұрып жұмыс істеу кезінде қолдың жұмыс аймағы:


а) үйлесімді жұмыс аймағы; э) шекті жұмыс аймағы

Жұмыс орнында құралдар мен өңделетін заттар оларды пайдаланудың жиілігіне қарай жақын немесе қашық орналастырылады. Бұл жұмысшының өнімсіз қозғалысын азайтады.


Қорыта айтқанда, жұмыс орнының тиімді орналастырылуы еңбек өнімділігін арттырады және қауіпсіз еңбек етуді қамтамасыз етеді.


6.2.1. Еңбек және демалыс режимі

Өндірістік үдерістерді жүргізудің ұтымды жағдайына жасауға бағытталған шаралардың ішінде жұмысшының еңбек ету және демалу режимі маңызды рөл атқарады. Дәлме-дәл сақталған еңбек режимі адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Бірқалыпты еңбек еңбекшіні шаршатпайды, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ал, керісінше, жұмыс ырғағының бұзылуы еңбекшінің еңбек етуге қабілетін төмендетеді және тез шаршатады.


Жұмыс күні ішінде адамның еңбек ету қабілеті өзінің жоғарғы дәрежесіне бірден жетпейді. Жұмыстың ерекшелігіне қарай әдепкі 0 ,5-1,5 сағат аралығында қалыптасу, машықтану мерзімі, одан кейінгі 1 ,5 -3 ,0 сағат аралығында жұмысқа жоғары тұрақты қабілеттілік мерзімі, одан кейін тағы да шаршауы себепті еңбек қабілетінің төмендеу мерзімі туындайды. Сондықтан өнімді еңбек ету мерзімінде жұмыс ырғағының бұзылуы немесе амалсыз үзіліс жасалуы адамның көп энергия шығындауына, шаршауына әкеліп соқтырады. Мұның өзі еңбекшінің жарақаттануына қолайлы жағдай тудырады. Алайда, еңбекшінің еңбек етуге қабілетінің төмендеген мерзімінде берілетін қысқа мерзімді үзілістер де олардың шаршағанын басып, еңбек етуге қабілетін қайтадан қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау органдары жұмыс уақытының әдепкі 2,5 сағаты өткеннен кейін ондірістік гимнастика жасау үшін 10 минут, 4 сағаттан кейін 40 минуттық түскі үзіліс, одан кейін 2 сағат өткесін денешынықтыру жаттығуларын жасау үшін 10 минуттық үзіліс жасауды ұсынады. Дәрігерлік алдыналу шараларын ұйымдастыру. Еңбек талабына сәйкес жұмысқа жаңадан қабылданатын адам алғашқы және одан кейін белгіленген мерзімде дәрігерлік байқаудан өтуі тиіс.
Мерзімді (профилактикалық) байқау жалпы аурудың бастапқы белгілерін анықтап, оның алдын алу үшін жасалады. Мұндай байқаулар емханаларда немесе емдеудің алдын алу мекемелерінде жүргізіледі. Дәрігерлік байқаудан өтуге тиісті контингентті және байқауды жүргізу мерзімін санитарлық-эпидемиологиялық станция ережеге сәйкес белгілейді. Олардың мерзімі жұмыстың түріне қарай үш айда, жарты жылда, жыл сайын немесе екі жылда бір рет болып белгіленуі мүмкін.Оған қосымша көлік жүргізушілері рейске шығарда немесе рейс соңында күнделікті дәрігерлік байқаудан өткізіледі.
Кәсіби науқастанудың алдын алуға емдеу-профилактикалық тамақтандырудың маңызы зор. Оның тәртібін де емдеу мекемелері белгілейді.
Минералды тыңайтқыштармен, пестицидтермен және басқа зиянды заттармен жұмыс жасайтындарға тегін сүт пен қорғаныс майлары берілуі тиіс.
Еңбек жағдайының ауырлығы мен күрделілігіне қарай кәсіпорындарда демалу бөлмесі, емдік денешынықтыру бөлмесі, физиотерапия бөлмесі ұйымдастырылады. Өндірістік гимнастикаға үлкен көңіл бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет