Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Мал шаруашылығындағы еңбек қауіпсіздігі



бет41/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

4.9. Мал шаруашылығындағы еңбек қауіпсіздігі
Мал қоралары қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария талаптарына сай болуы тиіс. Асау малдардың тұрған жерінде «Сақ болыңыз!», «Сиыр тулайды», «Ат
тістейді», т.б. жазулар ілініп қойылуы тиіс. Жұмысқа кірісер алдында малдың байлауының дұрыстығын, жарықты жөне белгі беретін аспаптардың жұмысын
тексеріп алу қажет. Сүзеген сиырлардың мүйізін кесіп,тебегендерінің артқы аяқтарын тұсау қажет. Асау жылқыларды күтуге тек қана тәжірибелі жылқышы жіберіледі.
Мініс аттарын үйретуге, шомылдыруға маман адамдар жіберіледі және олар кауіпсіздік нұсқауынан өтуі тиіс.
Атқа мінер алдында оның ері жақсы тартылып, ауыздық салынуы тиіс.
Аса қауіпті малдар - бұқалар, айғырлар және шошқаның еркегі. Олармен жұмыс жасауға жасы 18-ден асқан адамдар жіберіледі. Бұқаларды екі темір шынжырмен байлайды, ал жетелегенде мұрындық сақинасымен байлап жетелейді, айдайтын адам екі метрлік таяқпен айдайды.
Бұқа мен сиырды бір уақытта айдап шығаруға болмайды. Бұқаларды биіктігі 1,5 метрлік қоршауда ұстау керек. Жылқыны қашырғанда айғырды екі жылқышы үзындығы 5 метрлік құралмен алып шығуы керек.
Жұқпалы ауруларды таратпай, бөлмені таза ұстау үшін сүт кешендерін А, Б, В деген санаттарға бөліп, арасын қоршаулармен бәледі және оған өзге адамдарды кіргізуге болмайды.
Жұмысшылардың арнайы киімдерін аптасына бір жуып, дезинфекциялау қажет. Ал мал соятын жерде киімді күнде жуу керек.
Сондай-ақ, мал қораларында желдеткіштер, жылу қондырғылары, жарық көздері дұрыс жұмыс жасауы қажет. Құдықтардың аузы дұрыс жабылып қойылуы тиіс. Біреуі құдықтың ішіне түссе, екіншісі сыртта арқанды ұстап тұрады. Арқан 200 кг жүк көтеретіндей болсын жөне құдыққа түсу үшін противогаз киген жөн. Өйткені онда газ жиналуы мүмкін.
Мал азығын дайындайтын машиналарда жұмыс жасауға қауіпсіздік техникасының нұсқауын алған адамдар арнайы киіммен жіберіледі. Машиналарға күтім жасағанда оларды тоқтату қажет. Шөпті турағанда машинаға оны қолмен итеріп салуға болмайды. Шөп булайтын машиналарға жасы 18-ден асқан, арнайы құқы бар адамдар жіберіледі. Шөп салынған шұқырдың қақпағын ашар алдында будың шүмегін жауып, тұнбаны
ағызу керек. Бу машиналары жылына бір рет тексеруден өткізілуі тиіс.
Электр тогымен жұмыс істейтін агрегаттарды, сауын агрегаттарын жөндегенде оларды токтан ажырату қажет және «Қоспаңыз! Адам жұмыс істеп жатыр» деген жазу
іліп қойылуы тиіс.
Электр тогымен жұмыс жасайтын су қыздыргыш агрегаттар ұзындығы 0,5 м құбырмен жерге тұйықталуы, тиіс.
Құс фабрикаларында (фермаларында) да осындай ережелер сақталуы тиіс. Оған қоса балапан шығаратын бөлмеде электр қауіпсіздігі қатаң сақталып, балапандарды алар кезде жұмысшылар респиратор кигені жөн.Ультракүлгін сәуле шығаратын қондырғыларда жұмыс істегенде қараңғыланған әйнек салынған қорғану көзәйнегін пайдалану қажет.
Малда болатын қарасан, аусыл, топалаң аурулары адамға да жүғуы мүмкін. Сондықтан мал фермаларында жаппай егу (вакцинация) жұмыстары қатаң санитарлық-
малдәрігерлік бақылауға алынуы тиіс. Ал адамдар өздерінің жеке гигиенасын сақтап, қолдарын сабындап жуып, киімдеріне дезинфекция жасап отыруы қажет.
Кірер есікке (әсіресе, шошқа мен бұзау қораларына) төсеніш тастап яки жәшікке ағаш үгінділерін салып (креозотпен араласқан ағаш үгінділерін) қою, ал ауру малдарды бөлек алып бағу керек.
Малдың кіші және үлкен дөреттерінен және астына төсеген төсеніштерден адамның денсаулығын бұзатын аммиак болініп шығады. Ол адамның басын ауыртады, көзін ашытады, дененің микробтарға қарсы әсерін елсіретеді. Сондықтан қорада ауа алмастырғыш пен су жолдары дұрыс жұмыс істеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет