Зертханалық ЖӨне тәжірибелік жұмыстар мазмұны


Өрттен қорғау жұмыстарын ұйымдастыру



бет50/74
Дата11.12.2022
өлшемі4,68 Mb.
#56433
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   74
Байланысты:
АГРО -ДЭРИСТЕРАул ЕК 1-7 Жаданов у

5.4. Өрттен қорғау жұмыстарын ұйымдастыру

Өрт қауіпсіздігінің нормаларын, ережелерін, нұсқауларын Ішкі істер министрлігінің өрттен қорғау бас басқармасы дайындайды және олардың орындалуын жергілікті жердегі орттен қорғау басқармалары арқылы іске асырады. Әрбір ауданда өртке мемлекеттік бақылау жасайтын инспекция жұмыс істейді. Оның көрсеткен кемшіліктерін белгіленген мерзімде орындау әрбір мекеме, жеке адам үшін міндетті. Орындамаған жағдайда инспекция айып салады немесе басқа шара көру жөнінде ұсыныс жасай алады. Ауылдық жерлерде ерікті өрт жасақшылары үлкен рөл атқарады. Оның құрамына өндірістің басшысы, еңбек қорғау инспекторы (инженері), жасы 18-ге толған, денсаулығы жарамды әрбір ерікті азамат мүше бола алады. Жасақшылар өрт техникасының құрылысын, жұмысын, оларды пайдалануды, өрт сөндірудің әдістерін оқып үйренеді және өрт сөндіруге қатысады. Оларға жылына 6 күнге дейін ақылы демалыс беріледі, тегін арнайы киіммен қамтамасыз етіледі және олардың өмірі мекеменің есебінен сақтандырылады. Жасақшылардың санын мекеме басшылығы бекітеді және олар негізгі төрт топқа бөлініп жұмыс жасайды: сөндіру тобы, сумен қамтамасыз ету тобы, қорғаныс тобы, қорғау тобы.


5.5. Әр түрлі орындардағы өрт сөндірудің ерекшеліктері

Әр түрлі орындардағы өртті әр түрлі жолмен сөндіреді. Өрт кезінде ерікті өрт жасағының бастығы өрттің себебін анықтап, оның адамдарға, мал-мүліктерге тигізетін қаупін анықтап, оларды көшірудің мүмкіндіктерін жасап, тиісті нұсқау береді. Оның нұсқауларын өрт сөндіруге қатысушылар міндетті түрде орындауы тиіс. Жанып жатқан майлы сұйықтарды (мұнай, май, мазут) көбікпен немесе судың майда тозаңымен сөндіреді. Көбіктің ағысын жанып жатқан сұйықты шашыратпайтындай етіп бағыттау қажет. Егер жанып жатқан сұйық ыдыстың ішінде болса, онда ыдысты қақпақпен немесе басқа жапқышпен жауып сөндіреді. Ол кезде ыдыстың қопарылуынан немесе ыстық заттың ыдыстан шашырауынан сақтану қажет. Жанып жатқан ыстық шалшығын жел жағында тұрып көбікпен жауып, құм шашады. Жақын жердегі ыдыстарды сумен суытып тұрады. Жанып жатқан электр жабдықтарын бойында ток бар кезінде көмір қышқылымен сөндіруге болады. Желіден токты ажыратқаннан кейін сумен немесе көбікпен сөндіреді. Ағаш заттарды сумен, оның ағысын жоғарғы жағындағы күшті жанып жатқан жеріне бағыттап сөндіреді. Астық қоймасындағы өртті сумен, оның ағысын ағаш құрылымдарға, ал шашыранды суды астыққа бағыттап сөндіреді. Гаражда, машиналарды қоятын қалқаларда өрт шыққанда оны сөндірумен бірге, машиналарды көшіру қажет. Машиналарды көшіргенде жанармай багының жарылу қаупінен сақтану қажет. Астық алқабында жанып жатқан комбайнды немесе тракторды ол жерден алып шығып, топырақпен немесе от сөндіргіштің көбігін шашып сөндіруге болады. Егер от комбайнның бастырғыш аппаратын шарпыған болса, онда оны ажыратып ең алдымен өрттің ошағын сөндіру қажет.Жанып жатқан астықтың түбірін топырақ шашып, су құйып, таптап, жапқыштармен жауып сөндіреді. Егер от үлкен аумаққа жайылып кеткен болса астықты орып алып өртенген жерді 100-150 м қашықтықта айналдыра жырту қажет. Өртті сөндіріп болғаннан кейін барлық өртенген жерді айдап тастау керек болады.


Көмір және шымтезек қоймасында болған өртті сумен сендіреді. Өрттің ошағын сөндіріп, оның қатарын ажыратады, бульдозермен, экскаватормен айналдыра ор қазып тастайды.
Минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттардың қоймасы өртенгенде оны сөндіру үшін су, көбік немесе көмір қышқылын пайдаланады. Олар жанғанда улы газдар мен булар бөлініп шығады. Сондықтан оларды жел жағында тұрып сөндіру қажет.
Қой мен ешкілерді өрттен шығарғанда алдымен олардың жол бастаушыларын айдау керек, қалғаны соңынан ереді. Сиырды біртіндеп шығарады; егер ол жүрмесе кезін байлау керек. Шошқаны біртіндеп артқы аяғынан көтеріп айдайды. Жылқыны ауыздық, ер, қамыт салып айдаса тез шығады. Егер қарсыласса, оның да көзін байлау қажет.
Өрт сөндіру кезінде қауіпті аймақтардағы адамдар арнайы костюмдер, резеңке етіктер мен қолғаптар киюі және тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдарды пайдалануы тиіс.

1. Өрттің шығу себептері қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет