Өндірісте болған қайғылы оқиғаларды зерттеу, есепке алу және оның ееебін беру
Мақсаты: өндірісте болған қайғылы оқиғаларға акт жасауды және оларды есепке алу мен есебін берудің құжаттарын толтыруды үйрену.
Жұмыстың жабдықтары мен нұсқаулары: Н-1 нысанындағы акт, қайғылы оқиғаларды тіркеу журналы, қайғылы оқиғалардың есебінің белгіленген нысандағы бланкісі, өндірісте болған қайғылы оқиғаларды зерттеу мен есепке алудың ережесі.
Қайғылы оқиганы зерттеу алдында атқарылуга тиісті жұмыстар: 1. Зақымданушыға алғашқы дәрігерлік жәрдем беруді ұйымдастыру, қажет болған жағдайда дәрігерлік жедел жәрдем беру мекемесіне хабарлау;
2. Оқиғаны сол учаскенің басшылығына хабарлау;
3. Өзге жұмысшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтірмеу, егер өмірге қауіпті жағдай болмаса, өзгелерді дүрліктірмеуге тырысу;
4. Кемінде екі адамнан жазбаша куә қағазын алу, мүмкін болған жағдайда, зақымданушының өзінен түсінік жаздырып алу;
5. Кәсіпорынның басшылығы қайғылы оқиғаны зерттеуге жарлық беруге міндетті.
Өндірісте болған қайғылы оқиғаны зерттеудің жоспары:
1. Оқиға болған жерде бұрынғы жағдай сол күйінде сақталған ба? (құрал-саймандардың орналасуы, тіреудің дұрыс қойылуы, сымарқанның мықтылығы, т.с.с.);
2. Сол жұмысты орындауға берілген тапсырманы (наряд-допуск) алып алу;
3. Жұмыс жүргізілген орынды анықтап, оның пайдаланған құрал-саймандарын мұқият тексеру;
4. Оқиға болған жерді суретке түсіру;
5. Бас мамандардан, учаске бастығынан, куәлерден және зақымданушылардың өзінен жазбаша түсінік алу;
6. Нұсқау жүргізілгені туралы белгі соғылатын журналды алып алу;
7. Дәрігерлік орындардан жарақаттанудың ауырлығы жөнінде және оның болашағы туралы мәлімет алу.
Оқиға болған жерді зерттеудің тәртібі: 1 . Ескерту белгілері ілінген бе? Ол қандай жағдайда?
2. Плакаттар мен сызбалар ілінген бе?
3. Өткелдердің жайы, жарық, ауа алмасуы, сумен жабдықталуы, т.с.с.
4. Куәлерден және зақымданушының өзінен төмендегідей сүрақтарға жауап алу: - оқиға болған кезде ол қандай тапсырма орындап жатыр еді?
- тапсырманы кім берді, қашан берді, қандай түрде берді?
- ол тапсырманы орындауға жұмысшы дайындалған ба еді?
- оны орындауға қажетті жағдай жасалған ба еді?
- тапсырманы орындауға жұмысшы қашан кірісті және жұмыстың барысы қалай жүрді?