Зертханалық сабақтарды орындаудың әдістемелік нұсқауы


Нормальдық және мольдік ерітінділер дайындау



бет11/19
Дата27.09.2024
өлшемі0,65 Mb.
#145917
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
Учеб. материал к практ

2. Нормальдық және мольдік ерітінділер дайындау
а) құрғақ, заттан. 250 мл 0,5 н барий хлориді ерітіндісін дайындау үшін неше грамм қажет?
Есептер жүргізіп оқушыға тексерту керек. Содан соң, технохимиялық таразыға 0,01г дәлдікпен есептелінген барий хлориді массасын өлшеп алып, воронка арқылы өлшеуіш колбаға салып, дистилденген суды қосындар. Воронканы сумен шайқап, суды колбаның жартысына дейін құйып, тұзды толық ерітіңдер. Содан соң колбаның белгісіне дейін жеткізіңдер. Колбаның аузын бармақпен жауып тұрып колбаны төңкеру арқылы ерітіндіні араластырыңдар. Дайындалған ерітіндіні құрғақ биік цилиндрге құйып ареометрмен тығыздығын табыңдар, содан соң проценттік концентрациясын кесте бойынша табыңдар. Ерітіндіні арнайы ыдысқа кұйыңдар. Берілген концентрацияға қарағанда табылған концентрациялардың айырмашылығы қандай?
ә) концентрлі ерітіндіден және судан. Зертханада бар күкірт қышқылынан 250 мл 0,1 моль қышқыл ерітіндісін дайындаңдар.
Зертханадағы қышқыл ерітіндісінің тығыздығын ареометрмен өлшеп, кестеден оның концентрациясын табындар. Берілген ерітіндіні дайындау үшін қажет қышқыл ерітіндісінің массасын және көлемін есептеңдер. Өлшеуіш цилиндрмен есептелінген қышқылдың көлемін табыңдар.
Өлшеуіш колбаға жартысына дейін су құйып, оған өлшенген қышқылды воронкамен құйыңдар. Воронканы сумен шайқаңдар, ерітіндіні араластырыңдар. Алынған ерітіндіні құрғақ биік цилиндрге құйып, ареометрмен тығыздығын өлшеп, арнайы ыдысқа құйыңдар. Мольдік концентрациясын да есептеп, берілген мольдік концентрациясымен салыстырып, тәжірибе орындалуының дәлдігін анықтаңдар.
1. Кесте
Тұздар ерітінділерінің проценттік концентрациялары мен тығыздығы



Проценттік
концентрациясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет