Тексеру сұрақтары:
Аскомицеттер немесе қалталы саңырауқұлақтар класының аты немен байланысты?
Қалталы саңырауқұлақтардың вегетативті жыныссыз және жынысты көбеюлері қалай жүреді?
Аска және аскоспоралар қалай түзіледі?
Жеміс дене дегеніміз не және оның қандай түрлері болады? Барлық аскомицеттерде жеміс дене бола ма?
Аскомицеттер класының жіктелуі (классификациясы) немен байланысты?
Аспергилл және пенециллді бір –бірінен қалай ажыратуға болады?
Гимениальды қабат деген не, ол неден тұрады?
Аскомицеттердің тіршілік циклінінде ядро фазаларының алмасуы қандлай? Тіршілік циклінің басым бөлігі қай фазада өтеді?
Аскомицеттердің адам тіршілігіндегі маңызы қандай?
№ 7 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Саңырауқұлақтар бөлімі – Mycophyta, Fungi
Бөлім тармағы:Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар
Класс: Базидиомицеттер-Basidiomycetes
Класс тармағы: Холобазидиомицеттер - Holobasidiomycetidae
1 қатар: Афиллофоралылар – Aphyllophorales
Өкілі: Трутовик – Fomes
2 қатар: Агарикалықтар – Agaricales
Өкілі: Ақ саңырауқұлақ –Boletus, Шампиньон -Agaricus
Қызыл мухомор – Amanita muscaria, Сұр поганка - A.phalloicles
Достарыңызбен бөлісу: |