Жұмыстың мақсаты: Класс өкілдерінің морфологиялық ерекшеліктері және көбею мүшесі гүлдің құрылысына талдау жасап сипаттама жасау.
Жұмыстың міндеттері: Сарғалдақгүлділер. Раушангүлділер. Бұршақгүлділер қатарының, тұқымдастары, тұқымдас тармақтарының өкілдерін сипаттап және морфологиялық мүшелерінің суретін салу.
Қажетті материалдар: Тобылғы, Қазтабан, Раушан, Гравилат, Бүлдірген, Теңгежапырақ, Алма, Алмұрт, Долана, Шетен, Шие, Өрік, Шабдалы, Жоңышқа, Асбұршақ, Чина, Сиыржоңышқа, Беде өсімдіктерінің кеппе (гербарий) шөптері, микроскоп, 9 томдық Флора Казахстана және 2 томдық Иллюстрированный определитель растений Казахстана анықтауыштары, кестелер.
Тапсырма:
Жоғарыда көрсетілген өсімдіктердің кеппе шөптерін пайдаланып оларға сипаттама жасау
Өсімдіктердің морфологиялық мүшелерінің суретін салу
Аталған өсімдіктерді анықтауыш бойынша түрге дейін анықтау
Қорытынды жасау
Достарыңызбен бөлісу: |