85. Қышқылдық бояулар түрлері мен ерекшеліктері
Қышқылдық бояулар-өздерінің молекулаларында оларға қышқылдық қасиет беретін SO3H-COOH, сияқты функционалды топтары бар бояғыш заттар, яғни қышқылды бояғыштардың құрамына бояғыш анион және түссіз катиондар кіреді. Cуда ерімтал, карбон қышқылдары мен сульфоқышқылдар тұздары; жүн, табиғи жібек, полиамидті талшықтар, былғары, т.б. бояуда қолданылады.
86. Микробиологияда қолданылатын бактериологиялық бояуларға сипаттама беріңіз.
87. Жағындылар заттық шыныға қалай дайындалады?
Жағындылар (препараттар) зат шынысының бетінде микробиологиялық ілмек немесе Пастер пипеткасы көмегімен дайындалады. Материал ретінде тығыз және сұйық қоректік орталарда өсірілген микроорганизмдер шайындысы, сүт, ірің, қан және т.б. үлгілер қолданылады. Спирт шамында бактериологиялық ілмекті қыздырады. Сосын тығыз қоректік орталарда өсірілген микроорганизмдердің дақылдары бар шыны түтіктің тығынын жалынның үстінде қолдың шынашағымен абайлап ашып, ілмекті шыны түтіктегі конденсатқа немесе қоректік ортаның себілмеген жеріне тигізу арқылы суытады да, онымен микробтар массасын іліп алып, шыны түтікті жауып, штативке қояды. Микробиологиялық ілмектегі микробтар массасын физиологиялық ерітінді тамызылған зат шынысының бетіне жұқалап жағады. Тығыз қоректік орталарда өсірілген микроорганизмдерден жағынды дайындар алдында зат шынысының бетіне бір тамшы физиологиялық ерітінді немесе су тамызады.
Достарыңызбен бөлісу: |