107. Зертханалық жануарларды өсіру, күтіп-бағу?
Зертханалық жануарларды күтіп-бағу, өсіріп-көбейту
Зертханалық жануарлар хайуанатханаларда (виварийлерде) ғылыми зерттеулер үшін өсіріледі. Хайуанатханаларда ғылыми зерттеулерде қолданылатын, яғни тәжірибе барысындағы жануарлар ұсталынады.Тұқымбақ Питомник - тәжірибеге пайдаланғанға дейінгі жануарлар өсірі-летін жер. Зертханалық жануарларға арналған хайуанатханаларда тұқым-бақтарда -питомниктерде қолайлы микроклимат жасалуы қажет. Микроклимат дегеніміз - шектелген кеңістіктегі климат, яғни сол қора жайдың температурасы, ылғалдылығы, жарық-тылығы, зиянды газдардың шекті мөлшері, ауа қозғалысы зертханалық жануарлардың физиологиялық тіршілігіне кері әсерін тигізбеуі керек. Қояндар торда 2-3-тен, ұрғашы, еркегі бөлек орналастырылады. Қояндардың жыныстық жетілуі 6 айда болады. Буаздығының ұзақтығы 28-32 күнге созылады. Туылған көжектер саны 1-12-ге дейін болуы мүмкін. Көжектер енесін 20 күнге дейін еміп, жұмсақ азықтарды біртіндеп қабылдай бастайды. Көжектерді енесінен 1-1,5 айында біртіндеп айырып, тор-ларға қоңдылығына, жынысына байланысты 2-3 тен топтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |