Зерттеу және шығаруды ұйымдастыру



бет2/2
Дата19.04.2022
өлшемі10,48 Kb.
#31508
1   2
Қазақ ет-сүт өнеркәсібі ғылыми-зерттеу және конструкторлық институты – ғылыми-тәжірибелік мекеме. Қазақстан Республиксы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. 1958 жылы Семей қаласында Бүкілодақтық ет өнеркәсібі ғылыми-зерттеуинститутының қазақ бөлімшесі болып құрылған. 1992 жылдан қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының қарамағында қазіргі атымен аталады. 1996–2002 жылдары ғылым және білім министрлігінің ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталық құрамында болды. 2002 жылдан Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-өндірістік орталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорны. Институт құрамында: ет және ет тағамдары технологиясы (консервілеу бөлімімен бірге); сүт және сүт өнімдері технологиясы; балаларға арналған арнайы тағамдар; сүт және ет өнеркәсібінің технологиялық құрал-жабдықтарын жасайтын конструкторлық-тәжірибелік лаборатория; маркетинг және экономикалық зерттеу; стандарттау және нормативтік-техникалық жетілдіру бөлімі; тәжірибелік-механикалық цех бар. Негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары: мал шаруашылығы өнімдерін кешенді түрде өңдеу және оларды сақтау технологиясы мен техникалық құралдарды дамыту; бағалы ет өнімдерін өндірудің ғылыми негізделген технологиясын жасау; сүтті қайта өңдеу және сүт өнімдері қосылған тағамдар өндірісінің технологиясы мен оның ғылыми негіздерін дайындау; бағалы биологиялық құнды өнімдерден бала тағамы мен арнайы тағам өндірісінің технологиясын жасау. Шұжық, сүт өнімдері мен макарон жасап шығаратын құрал-жабдықтар дайындалып, олар Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының және кейбір шет елдердің өндіріс орындарына енгізілді. Институт 13-Халықаралық «Сапа белгісі» сыйлығымен марапатталды

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет