жидектер мен саңырауқұлақтар өсіп, өнім береді. Орманды аймақтарды паналап, қоректерін содан табатын жан-жануарлар мен жәндіктер көп.
Себептерін сараласақ..
Әдетте көктемде шаруа қожалықтарының да, қарапайым тұрғындардың да ескі шөпті өртейтіні бар. Ондағысы орнына жаңа шөп шықсын дегені. Бақылаусыз жанатын от орман қорына өтіп кетуі мүмкін. Бірақ бұл ретте мынаны ескеру қажет: көзге көрініп, жаңа шөп шыққанымен, ол жердегі топырақтағы микрофлоралар өледі. Сонымен бірге уақыт өте келе топырақ эрозиясына алып келіп, ақыры қасиетін жоғалтуы мүмкін. Одан бөлек, орман пайдаланушылардың кесірінен де өрт оқиғалары тіркеледі. Кейде өрттің себебі белгісіз болады. Яғни, өрт сөндіруге барғанда айналасында ешкім жоқ болуы мүмкін. Негізінен, оттың үш түрі бар: жоғарғы, төменгі және жер астындағы. Алғашқысынан төнетін қауіп жоғары. Себебі ағаштың үстімен жанып, жылдам таралады.
Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Алтай Мырзабаев табиғи өрттің себептерін тізбелеп берді. «Бұл жерде бірнеше себеп бар. Атап айтқанда, сөндірілмеген темекі, от, жанып жатқан сіріңке, атудан кейін бықсыған шаң, майлы шүберек немесе шүберек, шыны бөтелке, күн сәулесінің сынуы, көлік құралының сөндіргішінен шыққан ұшқын, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағай разрядтарынан өрт пайда болады. Елімізде ШҚО 34% (190) мен Павлодар облыстарында 19% (106) орман өрті көп тіркелген. Бұдан мемлекетке материалдық шығын, табиғатқа қайта түзелмейтін залал келеді». Жоғарыда айтқан «Семей орманындағы» өрттің шығыны – 1,8 млрд теңге.
Дереккөзі: https://aikyn.kz/66440/zhalyn-ormandy-zhaypap-barady
Адамның абайсыздығынан болатын өртті азайту адамның ғана қолында. Ал табиғи факторға әсер ету әсте оңай емес. Аустралиядағы ахуалдың зардабы көпшіліктің көз алдында: миллиондаған гектар жер, жан-жануар, адамға залалы тиді. Оны тез сөндіру үшін өрт сөндірушілер санының аз-көп болуы маңызды болмады. Тек ауа райының өзгергені күтілді. Байқасақ, барлық жағдай бір-бірімен тығыз байланысты. Бүгінде климат өзгеріп жатқаны жайлы жиі жазылып жүр. Дабыл қағып, ауыр салдарының алдын алу шараларына да шақырып жатқандар аз емес. Ал сол климаттың өзгергеніне қуаңшылық пен құрғақшылық орнайды. Өз кезегінде бұл факторлар орман өртін тудырады. Табиғи «өкпе» саналатын жасыл желектің өртенгені ешкімге пайдалы емес. Өйткені жан-жануар, адам өміріне қауіп төндіргенімен қоймай, одан шығатын күйенің желмен сонау Арктиканың мұз бен қарына қонып, ерітеді екен. «Табиғат – ортақ анамыз» деген осы болса керек.
Дереккөзі: https://aikyn.kz/66440/zhalyn-ormandy-zhaypap-barady
Адамның абайсыздығынан болатын өртті азайту адамның ғана қолында. Ал табиғи факторға әсер ету әсте оңай емес. Аустралиядағы ахуалдың зардабы көпшіліктің көз алдында: миллиондаған гектар жер, жан-жануар, адамға залалы тиді. Оны тез сөндіру үшін өрт сөндірушілер санының аз-көп болуы маңызды болмады. Тек ауа райының өзгергені күтілді. Байқасақ, барлық жағдай бір-бірімен тығыз байланысты. Бүгінде климат өзгеріп жатқаны жайлы жиі жазылып жүр. Дабыл қағып, ауыр салдарының алдын алу шараларына да шақырып жатқандар аз емес. Ал сол климаттың өзгергеніне қуаңшылық пен құрғақшылық орнайды. Өз кезегінде бұл факторлар орман өртін тудырады. Табиғи «өкпе» саналатын жасыл желектің өртенгені ешкімге пайдалы емес. Өйткені жан-жануар, адам өміріне қауіп төндіргенімен қоймай, одан шығатын күйенің желмен сонау Арктиканың мұз бен қарына қонып, ерітеді екен. «Табиғат – ортақ анамыз» деген осы болса керек.
Дереккөзі: https://aikyn.kz/66440/zhalyn-ormandy-zhaypap-barady
Әлем бойынша ең көлемді ормандар: Африкада 760млн., Бразилияда 320млн., Канадада 264млн., АҚШ-та 195 млн. га жерді қамтиды.
Қазақстан жер ресурстарына бай болғанымен, орманға бай емес. Қазақстанның жалпы аумағында орман және бұталар алып жатқан көлем небәрі 21,6 млн. га құрайды.
Қарағанды облысында ауқымды көгалдандыру жобасы іске асуда. Осындай игілікті іске атсалысып жатқан «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы» мекемесінің қарамағындағы жердің жалпы аумағы 27 380 гектарды құрайды. Оның ішінде орманмен жабылған аумағы – 12 252 гектар. Мекеменің бекітілген өндірістік жоспарына сәйкес, биылғы жылдың көктемінде – 130 гектар алқапта орман көшеттері отырғызылды. Оның ішінде, Шахтинск қаласы аумағында – 48 гектар, Теміртау қаласы аумағында – 82 гектар. Ал, күзгі орман көшеттерін отырғызу Теміртау қаласы аумағында 208 гектар жерде жүргізу жоспарланған.
Жаз уақытында өрт қаупі күшейе түседі. Әсіресе, бұл кезде орман алқаптарын өрттен көздің қарашығындай қорғауға тура келеді. «Орманда өрт шығу себептерін сараптағанда, ол көбінесе адамдардың өз кінәсінан болатыны анықталды. Жекелеген тұрғындардың немесе орман жұмысшыларының бұл мәселеге үнемі жіті қарай бермейтінінен болады екен. Сондықтан, өрт қауіпсіздігінің ережелерін үйрететін үгіт-насихат жұмыстарын тек өрт сөндіру қызметкерлері ғана емес, олармен қатар қоғамдық мекемелер де жүргізуі тиіс. Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі – бірінші кезектегі мәселе. Сызбада көлік жолдары, тұрғын үйлер, кардондар, өзен, көлдер, орман шаруашылығының кеңселері, өрт бақылайтын тұрғылар, хабар қабылдайтын пункттер, өрт шығу қаупі бар нысандар белгіленеді. Мұнымен бірге, оған өрт қауіпсіздігі құрылымының жоспарында орманды бақылау қызметін ұйымдастыру, өрт сөндіру-бақылау құрылғыларын салу, телефон байланысының жүйесін жаңартып тұру, радио байланыс ұйымдастыру, тағы басқа қызметтер кіреді», – дейді орманшы.
Оның айтуынша, орманға барар жолдарда, демалатын, орманішілік жұмыс жүріп жатқан жерлерде түрлі-түсті плакаттар, хабарламалар арқылы өрттен сақтандыру шаралары жасалған. «Алайда, осыларды орман маңында демалушылар ескере бермейді. Әр тұрғын мұндай ескертулерге байыппен қараса, халық байлығы – орманды тілсіз жау өрттен қорғауға, аман сақтауға елеулі ықпалын тигізері даусыз», – дейді Гүлнұр Көзтаева. Ормандағы өрттердің бәрі сыртқы себептерден болады. Әйтпесе, орманның ішінде өрттің көзі жоқ. Рас, ормандардың жануы кейде найзағайдан да болады, бірақ өртті орманға негізінен адамдар әкеледі. Орман ішінде болған саяхатшылар, демалушылар, ауыл шаруашылығының жұмысшылары кепкен шөп, кесілген ағаш қалдықтары бар жерлерге от жағады. Орман алаңдарына жақын жерлердегі егістің орнын өртейді. Күн сәулесі мол түсетін жерлерге шынының сынығын тастап кетеді. Ал ол жандырғыш линза тәрізді күн сәулесінен қуат алып құрғақ шөптерді тұтандырады. Орманда шаруашылық жұмыстарын (жарылғыш құрал мен тамырынан жұлу, қоқысты жағу, жолдарды, электр желілерін, құбырларды салуы кезінде сақтық шараларын алмау) дұрыс жүргізбеу салдарынан орман өрті жедел өтеді және тез таралады. «Қалың ағаш ішіндегі өрт минутына 3-4 метр жылдамдықпен таралып, 10-14 сағатта үлкен өртке айналады. Оның ішіне кіру де, өрт сөндіру техникаларын енгізу де қиын шаруа. Орман өртін сөндіру оңай шаруа емес. Сондықтан, оған жол бермеудің алғышарттарын қатаң сақтау қажет», – дейді орманшының көмекшісі Гүлнұр Ырымқызы.
Достарыңызбен бөлісу: |