Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері



бет11/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
Нүктелік картограммада кез келген құбылыс немесе нысанның көрсеткіш деңгейі нүктемен беріледі. Әрбір нүкте немесе нүктелердіңтоптамасы нысанның географиялық картадағы жиілігін немесе кездесу мүмкіндігін бейнелейді.
Бір картада картограмма мен картодиаграмма әдістерін қатар қолдануға да болады. ГАЖ өнімдерін пайдалану түрліше деңгейде жүзеге асады. Олтүрліше геоакпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылады. Аумақтық пайдаланылу денгейіне қарай ГАЖ: ғаламдық, ұлттық, региондық, жергілікті (облыс, аудан, ұлттық саябақ), муниципалдық (қала, қала аудандары, қала маңы) деп жіктеледі.
Жүктелген міндетіне қарай ГАЖ жер бетілік, экологиялық, гео-логиялық, теңіздік, оқу-танымдық деп бөлінеді.
Оқу-танымдық ГАЖ құрамы мынадай бөліктерден:
1. Топографиялық , биіктік көрсеткіштері бар карта;
2. Геоморфологиялық , сол аумақтағы жер бедері пішіндері менэлементтері сппатталған геоморфологиялық карта;
3. Гидрологиялық , сол аумақ немесе жекелеген су аумағы туралы мәліметтер жинақталған карта;
4. Геоботаникалық , өсімдік қауымдастығы құрамындағы әрбірөсімдік туралы ақпарат жинақталған карта;
5. Шаруашылық , шаруашылық нысандары мен шаруашылықәрекетінің сипаты туралы мәліметтер енгізілген карта;
6. Ақпараттық, табиғи кешендерге түскен антропогендік жүктемелер енгізілген бөлік;
7. Жалпылаушы белгілі бір аумақта жүргізілген ландшафтылық мониторинг туралы мәтіндік ақпарат енгізілген кешенді карталар жиынтығынан тұрады.


Табиғатты пайдалану түрлері
Табиғатты пайдалану дегеніміз - адамзат қоғамы өзінің өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық, ақпараттық және әртүрлі табиғат байлықтары мен табиғат құбылыстарының жиынтығын өз қажетіне қолдану мүмкіншілігі.
Қоршаған ортаны ластаушылардың жіктелуі

Ластанудың шығу тегі

Нысандары

Ауқымы

Ластану түрлері

Созылу уақыты

Табиғи Антропогендік

Су Атмосфера
Топырақ
Ландшафт

Локальді
(жергілікті)
Рационалды
Шегаралас
аумақтар
Ғаламдық



Химиялық
Биологиялық
Физикалық (жылу көздері, жарық көздері, шамадан тыс қатты шу, радиоактивтік, электромагниттік)

Уақытша
Тұрақты




Қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты тиімді
пайдаланудың негізгі принциптері

Түрлі табиғат жағдайларын және қорықтық табиғатты қорғау

Табиғат ресурстарын қорғау

Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану

Адамның тіршілік ортасын қорғау

Бізді қоршаған табиғи ортаны қорғау

Табиғатты пайдалану жолдары атақты орыс экологы Н. Ф. Реймерстің жіктеуі бойынша:


a) табиғат ресурстарын өндіру, оларды бөліп алу және қайта өңдеуден өткізу, оларды қорғау шараларынан;
ә) адамның тіршілік ортасындағы табиғи шарттарды пайдалануы және қорғау шараларының;
б) табиғи жүйелердің тепе-теңдігін тиімді өзгерту, қайта қалпына келтіру және сақтау шараларынан;
в) адам саны мен адамның табиғи өсімін реттеу шараларынан тұрады.
Табиғатты пайдалану тиімді және тиімсіз болуы мүмкін. Табиғатты тиімсіз пайдалану табиғат ресурстары әлеуетінің сақталуын қамтамасыз етпейді. Табиғи орта сапасының нашарлауына және тозуына әкеліп соқтырады. Бұл - табиғи жүйелердің ластануымен, экологиялық тепе-теңдік және экожүйелердің бұзылуымен қатар жүретін құбылыс.

Табиғатты тиімді пайдалану шаралары


Америкалық ғалым Юджин Адамның пікірі бойынша, табиғатты тиімді пайдалануды екі жақты мақсатта қарастырады:
- эстетикалық және демалыс сұраныстарының материалдық қа- жеттіліктерін қанағаттандыру алатын қоршаған ортаның жай-күйіменқамтамасыз ету;
- тұтыну мен қалпына келудің тепе-теңдігін сақтай отырып. пайдалы өсімдіктердің. жануарлар мен түрлі материалдардың үздіксіз өнімін алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет