Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері



бет32/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
Дамушы елдер
Дамушы елдердің жалпы сипаттамасы. Дамушы елдер қатарына Азия. Африка, Мұхиттық аралдар, Латын Америкасындағы елдер жатады. Ұзақ жылдар бойы экономикалық құлдырауды бастан кешірген және дамыған елдерге экономикалық тәуелділікте болған кедей елдерді мешеу елдер деп атайды.
Дамушы елдердің көпшілігіне тән даму мәселелері бар: кедейшіліктің жаппай таралуы(ең бастысы), еңбек өнімділігінің төмендігі, халық санының жылдам өсуі, жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы.


Дамушы елдердің топтары
Дамушы елдерді жіктеуде халықаралық ұйымдар экономика дамуының негізгі көрсеткіштеріне сүйенеді.
Дамушы елдердің топтары. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) дамушы елдерді жіктеу барысында мынадай көрсеткіштерге назар аударады: жан басына шаққандағы табыс мөлшері, экспорттың жіктелген сипаты (жан басына шаққанда табыс мөлшері өте жоғары мұнай экспорттаушы елдердің экспортының 70%-ын мұнай құрайды), ғаламдық қаржы жүйесіне интеграциялану деңгейі.
Дамушы елдердің негізгі топтары
1. Жетекші дамушы елдер. Бұл топшадағы елдерде (Қытай, Үндістан, Бразилия, Мексика) халық санының көптігі, осыған байланысты елдер арзан еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілген. Дегенмен бұл жағдайда елдердің экономикасы өте ауқымды, экономикалық әлеуеті өте жоғары болғанына қарамастан, жан басына шаққандағы экономикалық көрсеткіштері төмен болады. Шаруашылық құрылымының күрделілігі және бай мәдени қордың болуы бұл елдердің әлем өркеннетіндегі аса маңызды рөлін анықтайды. Аталған факторлармен қатар Қытай мен Үндістанның ядролық, ғарыштық держава. 2017 жылғы Әлемдік банк рейтингі бойынша Қытай жан басына шаққандағы жиынтық ұлттық табыс өнімі мөлшері жөнінен 2017 жылы әлемде 78-орында, Үндістан 123-орында тұр.
Жаңа индустриялық елдер.
Бұл елдер өте қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша сапалық секіріске кол жеткізді.
Жаңа индустриялық елдерге тән белгіле
Жаңа индустриялық елдердің екі негізгі даму үлгісі белгілі:

  • Азиялық үлгі ұлттық экономиканы басым түрде сыртқы нарыққа бағыттау негізінде дамумен ерекшеленеді;

  • Латынамерикалық үлгі ұлттық экономиканы импорт алмастырушы бағытта дамытумен сипатталады.

Дамудың азиялық үлгісі тән болатын жаңа индустриялық елдер арасында Малайзия мен Тайланд айрықша көзге түседі. Тайландта ауылшаруашылығының үлесі дамыған елдермен салыстырғанда әлі күнге дейін жоғары (8,2%), қызмет көрсету саласының үлесі 55,6%-ды құрайды. Ал Малайзия - нағыз экспортқа бағдарланған ел. Бұл елдің экспорттық квотасы 40% шамасында болады. Негізгі белгілермен қатар Латын Америкасындағы жаңа индустриялык елдерге импорт алмастырушы, ал Азиядағы осы тектес елдерге экспортка бағдарланған экономика тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет