Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері



бет41/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
Еуропадағы геосаяси кеңістік
Еуропа - алуан түрлі табиғат жағдайларымен сипатталатын. халқының құрамы мен діни, мәдени ерекшеліктері бар, ғасырлар бойы саяси оқиғалар аренасы болған аймақ.

Еуропадағы геосаяси кеңістік

Еуропа аймағында жікшілдік көріністері орын алған. Ғалымдар сипатына байланысты жікшілдікті батысеуропалық және шығысеуропалық деп екіге бөледі. Батысеуропалық жікшілдіктің басты себебі - ұлттық негіздегі шиеленістер. Жалпы алғанда, Батыс Еуропа елдеріндегі жікшілдік көріністері бейбіт демонстрациялар, күш көрсетпей әділдік іздеуге бағытталған. Ұзақ жылдар бойы экстремистік әрекет жүргізген Испаниядағы Баск елінің «ЭТА» ұйымы 2011 жылдан бері бейбіт әрекетке көшетінін жариялады. Дегенмен Солтүстік Ирландияда «Ирланд республикалық армиясы» («ИРА»), Францияда «Корсика ұлт-азаттық майданы» атты радикалды ұйымдар әлі әрекет етуде. Шығысеуропалық жікшілдік саяси сипат алған, салыстырмалы түрде қатігездігімен ерекшеленеді.
Еуропа елдерінде көптеген халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлерінің орналасуы бұл аймақтың маңызын арттыра түседі.


Америкадағы геосаяси кеңістік


АҚШ-тың әлемдік және Америкадағы геосаяси кеністіктегі орны. АҚШ-тың ғаламдық геосаясатқа ықпалын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады: 1. АҚШ ХХ ғ. Екінші дүниежүзілік соғысқа араласып, алып державалармен бірге әлемді бөлісу кезеңі; 2. АҚШ пен Кеңес Одағы арасындағы қырғи қабақ кезеңі; 3. 1991 жылдан қазіргі кезге дейін ғаламдық ірі геосаяси күш ретінде әлемдік тәртіпке ықпал ету кезеңі.
АҚШ пен Канада арасындағы саясп, әскери ынтымақтастык НАТО аясында жүзеге асуда. АҚШ, Канада және Мексика арасындағы экономикалық қарым-қатынастар 1994 жылы құрылған НАФТА ұйымы шеңберінде дамуда.


Латын Америкасындағы геосаяси жағдай.
Латын Америкадағы геосаяси жағдайға ықпал ететін факторлар:

  • Аймақтың шалғайда орналасуы: аймақішілік факторлар басым ықпал етеді;

  • АҚШпен көршілес орны: АҚШтың өте күшті ықпалы, АҚШқа қарсы күштердің пайда болуы;

  • Жоғары дамыған елдердің иеліктерінің сақталып қалуы: дамыған елдердің әскери стратегиялық, экономикалық мүдделері;

  • Көпшілік елдердің Дүниежүзілік мұхитқа шыға алуы: елдердің ЭГЖ және геосаяси жағдайын қолайлы етеді;

  • Кариб алабының халықаралық деңгейдегі аралық рөлі: Орталық Американың халықаралық маңызын арттырып, геосаяси тұрғыда қолайлы етеді;

  • Елдердің өзара ынтымақтастығының дамуы: аймақ елдерінің геосаяси жағдайын нығайтады.

Латын Америкасында жоғары дамыған елдердің иеліктерінің сақталып қалуы дамыған елдердің әскери-стратегиялық жағдайын нығайтады. Мысалы, Француз Одағына енетін Гвианада ғарыш айлағы орналасқан.
Аймақ елдерінің барлығы дерлік (Парагвай мен Боливиядан басқа) Дүниежүзілік мұхитқа тікелей шыға алады.
Кариб алабы елдері географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты халықаралық деңгейде аса маңызды рөлге не болады. Аралдық мемлекеттерде салық женілдіктеріне байланысты халықаралық аса ірі қаржы мекемелері мен оффшорлық зоналар орналасқан. Мысалы, Кайман аралдарында (Ұлыбритания нелігі) 100 мың компания тіркеліп, 500-ге жуық банк орналаскан, әлемдегі аса ірі 50 банктің 40-қа жуығының осы аралдарда бөлімшесі бар.
Латын Америкасы елдерінің өзара ынтымақтастығы жедел түрде дамуда. Оңтүстік Америкалық жалпы нарық (МЕРКОСУР) аймақтағы ең беделді ұйым. Бұл ұйымға мүше елдерде аймақ халқының жартысынан астамы тұрады. Іс жүзінде мұндай ұйымның құрылуы Латын Америкасы елдерінің геосаяси жағдайын нығайта түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет