Академиялық мәтіннің түрлері, формалары: зерттеу туралы есеп, оқу жұмысы, эссе, реферат, ғылыми мақала, ғылыми жоба.
Зерттеу туралы есеп – бұл зерттеу нәтижелерін хабарлау, жобаға қатысты барлық ақпаратты, әдістемелік жобалаудан және теориялық негізден бастап, мәліметтер жинауға және нәтижелерді түсіндіруге дейінгі барлық ақпаратты қарастыруға бағытталған жазбаша құжат.
Оқу жұмысы –ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымды, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі.
Эссе - шағын көлемді прозалық мәтін. Эссеге батыл болжамдар, өткір ұсыныстар, талас тудыратын пікірлер, ойлар, қозғау саларлық байламдар тән. Онда автордың жеке көзқарасы, өзіндік пікірі көрініс табады.
Реферат - ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама.
Ғылыми мақала -зерттеуші іс-әрекетінің негізгі нәтижесі болып табылады. Мақсатыавтордың жұмысын басқа зерттеушілердің игілігіне жарату және белгілі бір зерттеу аумағындағы оның басымдылығын көрсету.
Ғылыми жоба -іздеушілер өз білімдерін нақты іс-әрекетте көрсете алатын, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауғамүмкіндік алатын, өзіне тән мақсаты мен міндеттері, әдістері мен тәсілдері бар қандай да бір өнім шығарумен аяқталатын, біріккен оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекеттер.