Қопа көлінің экологиялық жағдайын альгобактериалды ценозбен биоиндикациялау Балдырлар қауымы солтүстік өңірлері үшін әлі толығымен шешімін таппаған гидробиологияның мәселесін – су экожүйесінің өнімділігін анықтауда, олардың шаруашылықта пайдалану мүмкіндігін бағалауда аса маңыздылардың бірі болып саналады. Сондықтан балдырлардың осы қасиеттері Көкшетау өңірінің көлдерін биоиндикациялауда қолданылды.
Бурабай көлінің экологиялық жағдайын микробалдырлармен биоиндикациялау Бурабай көлін биоиндикациялауда көл экожүйесіндегі өзгерістер мен ондағы зиянды заттардың пайда болуына аса сезімтал балдырларды пайдаландық. Биологиялық индикация биотестер әдісімен жүргізілетіндіктен зерттеу барысында тест нысандар таңдап алынды және көл суының химиялық құрамына , санитарлық жағдайына талдау жасалынды.
БИОАЛУАНДЫЛЫҚ – ЕҢ НЕГІЗГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ ИНДИКАТОР
Техносфераның биосфераға жасайтын қысымының ең маңызды көрінісі-табиғи экожүйелердің кедейленуі,яғни биоалуантүрліліктің кемуі болып табылады. Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес,ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.
Рио-де-Жанейрода өткен (1992ж)БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті.
Қазіргі адамның азық-түлігі ретінде қолдануға болатын бірнеше мың түрлер белгілі.Бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200-250дене аспайтын түрлері пайдаланады.Ауылшаруашылық өнімдерінің басым көпшілігін т12-15 өсімдік береді.
Жабайы түрлер-табиғи экожүйелерден алынатын бағалы өнім көзі және әсіресе,ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерінің жаңа қолтұқымдары мен іріктемелерін шығаруда маңызы зор.
1960-1970 жылдардағы "Жасыл ревалюция",жоғары өнімді және ауруларға төзімді дәнді дақылдардың жаңа іріктемелерін жасауға жабайы түрлерді,мысалы Түркиядан әкелінген бидай шығарумен байланысты.Тек Азия елдерінің өзінде ғана "Жасыл ревалюция" нәтижесінде бидай өндіру 2 миллиард долларға,күріш -1,5миллиард АҚШ долларына артқан.