«зерттеудің биоиндикациялық Әдістері»



бет24/37
Дата09.09.2022
өлшемі189 Kb.
#38777
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Байланысты:
Документ Microsoft Word


қажетгі суды алатын орын;



  • насос станңиясы;



  • су тазалайтын станция;



  • таза су қоймасы;



  • суды қалаға жсткізетін насос;



  • судың түтьшуигыларіа таралуы


    Су тазалау станцияларына қондырғылардың жобасын жасау кезінде көптеген жағдайларда ескеру керек. Қажетті көлемдегі су үздіксіз ағып отырып, барлық тазалау процестері түгел жүріп үлгеруі тиіс. Суға қосылатын реагенттер, судың сапасы және олардың ағу көлемі бір-бірімен тікелей байланыста болады.
    Тұндыру, түссіздендіру және залалсыздандыру әдістерін іске асыратын су тазалау станциясының қарапайым сехмасы 6.2- сурсіте көрсетілген. Кейбір жағдайда суды хлорлайды. Ал хлордың артық мөлшерін активтелген көмір түйіршіктерден өткізу арқылы қалыпқа келтіреді.

    6.2- сурет. Су тазалайтын станцияның қарапайым схемасы
    I- насос станциясы; 2- араластьтрғыш; 3- реагент цехы; 4-коагуляциялау; 5- горизонталъды тұндырғыш; 6- филырлеу; 7- хлорлау; 8- таза су резервуары; 9- таза су насос станциясы
    Су физикалық, химиялық тұрғыдан қарағанда ең күрделі заттың біріне жатады. Оны таза күйінде алу өте қиын. Таза су барлық уақытта жеңіл су (Н2О) мен аз мөлшерде ауыр және аса ауыр судан тұрады. Су табиғатта үш агрегатты күйде: сұйық, қатты, газ. Табиғаттағы барлық биогеохимиялық, биофизикалық процестер судың қатысуымен жүреді десек қателеспейміз.



    • Су тірі материяның негізі. Қазіргі кезде сулы ортада тіршілік ететін жануарлар саны 150000, өсімдіктер саны 10000. Жануарлардың дене массасының орта есеппен 75 %, кейбір өсімдіктер массасының 89-90% судан тұрады.

    Адам ұрығының 97% су, жаңа туған баланың дене массасының 77-80% судан тұрады. Орта есеппен ересек адам денесінің 65-70% су, ұлғайған сайын су мөлшері адам денесінде 60% дейін төмендейді. Ал организмдегі судың көлемі 25 % төмен түссе, адам өміріне қауіп төнеді.



    • Жоғары сыбағалы жылылық сыйымдылығының, біртіндеп жылу мен салқындау қасиеттерінің арқасында су теңіз бен көлдердің жылдық, тәуліктік және тіпті сағаттық температуларының өзгеруін белгілеп отыратын фактордың бірі. Су бетіне түсетін жылу энергиясының бір бөлігі тойтарылса, екінші бөлігі булану процесіне жұмсалады. Су қоймаларының бетінде өтетін булану төменгі су қабаттарының қатты ысуына кедергі жасаса, беткі қабаттың мұздануы мұз түзілгенде жылудың бөлінуіне байланысты төменгі қабаттардың салқындауын бәсеңдетеді.сонымен жаз айларында судың жылы қабаттары үстінде, ал түбінде салқын қабаттар орналасады. Су қоймаларында температуарның су қабатының орналасуына байланысты таралуын тікелей стратификация деп атайды. Қыста беттік қабаттан төменгі қабаттарға қарай температураның жоғарылауын кері стратификация деп атайды. Температурағы байланысты әр қабатта тығыздық та, қысмы да өзгеріп отырады.

    • Судың тағы да бір маңызы мынада. Атмосферада негізінде су булы және тамшы түрі мен мұз кристалдары ретінде болады. Ауаның температурасы неғұрлым жоғарылаған сайын су буының мөлшері де көбейіп отырады. Су күн сәулесінің жер бетіне өтуіне айтарлықтай кедергі жасамағанымен, жерден шығатын жылуды жібермейді, яғни ол планетадағы жылу балансын реттеп отырушы да. Судың жылуға төзімділігі жоғары болғандықтан, жазда гидросфера жылуды жинап қыста оны қайтарып беріп, жердің климатын жұмсартып отырады.

    • Судың ең негізгі қасиеті ол тіршілік ортасы және барлық организмдердің тіршілігіне қажетті оттектің көзі. Негізінде биосфераның барлық органикалық заттектері фотосинтез процесінің нәтижесінде түзіледі, ал бұл процестің жүруіне күн энергиясы және көмірқышқыл газымен қатар, су міндетті түрде қажет. Мұхит суы өсімдіктермен қатар, көптеген әр түрлі микроорганизмдердің, тірі жәндіктердің өмір сүру ортасы. Барлық мұхит пен теңіз суларының беткі аймағында жайғасқан ағзалар үш топқа: планктон, нектон, бентос деп бөлінеді.

    Планктонға өздігінен қозғала алмайтын, тек су ағынымен қозғалыста болатын өсімдіктер (фитопланктон) мен тірі ағзалар (зоопланктон). Екінші топқа су ішінде өздігінен қозғалатын ағзалар (балықтар,кальмарлар т.б.) жатады, оларды нектондар деп атайды. Бентостарға тек қана су түбінде жорғалайтын жәндіктерді (моллюскалар, құрттар және баска омыртқасыздар) және әр түрлі көпклеткалы балдырларды жатқызады. Осы организмдердің көбісі судың өздігінен тазалануына зор үлес қосады.



    • Су ең жақсы ертікіш, осыған байланысты барлық өнеркәсіптерде, ауыл шаруашылығында , уй жай, т.б. шаруашылықтарда кеңінен қолданылады. Ол айырбасталмайтын, сарқылмайтын (тұщы су сарқылатын) табиғат ресурс.

    Біздің планетамыздың барлық халқы бір тәулік ішінде 7000 млрд литр су ішеді екен. Орат есеппен бір адамға шаққанда тәлігіне жұмсалатын судың көлемі 200-400 л, оның ішінде 2-10 л суды таза куйінде немесе тағаммен пайдаланады. Өте көп мөлшерде суды қажет ететін сала ауыл шаруаш. Жалпы жұмсалатын судың 70% құрайды.
    Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жұқпалы аурулардың 80% судың қанағаттанарлық емес сапасына не оның жетіспеуіне қарай санитарлық гигиеналық нормалардың бұзылуына байланысты.

    ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС №4


    ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРІНІҢ ИНДИКАТОРЛЫҚ ӘДІСТЕРІ


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет