Сізге ұсынылған әңгіме автордың арнайы рұқсатымен жасалды. Мен
дайындаған туындының электронды нұсқасын таратуға рұқсат бермеймін.
Ӛзіңіз ғана оқыңыз. Еңбегімді бағалаңыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз
деп сенемін.
kitapjaris
https://instagram.com/kitapjaris?igshid=YmMyMTA2M2Y
=
Кітапgram
https://t.me/kitappgram
ҚАЙТА ОРАЛҒАН ӘН
Cаусақтарым бірімен-бірі матасып қалғандай. Аккордтардың топалаңы шығып, астаң-
кестен дүрліккен бір ғаламат үн сапырылысып, құлағымды тұндырды. Басым мең-зең. Не
тартып отырғанымды білмеймін. Он саусақ клавишта лағып жүр. Полонездің бір нотасын
ұстай алсамшы.
Бұл не деген дәрменсіздік? Бұдан артық қорлық болар ма? Полонезді ойнай алмаған екі
қолдың кесіліп қалғаны-ақ артық. Жан жүрегіме бағынбаған қолдың қажеті қанша?
Полонез! Маған дәйім қуат беретін осы полонез емеспе еді? Оның құдыретті нотасын
кӛрмей, қайдағы бір тасыр-тұсыр еткен дыбыстардың жан түршіктірер шулы ортасына
еніп кеткеніме жӛн болсын?
Білмеймін… Құлағымның бітіп қалғаны несі? Үй іші неге солқылдап барады?Мен
осылай аласұрып отырғанымда ауыз үйден жұбайым келді де, құлағыма сыбыр етті.
- Не дейсің?
- Айнагүл… Айнагүл… жылап отыр…
- Here?
- Білмеймін.
- Асқар қайда?
- Пржевальскіге кеткен. Келсе де кештете келеді.
- Айнагүлге не болды? А?
- Мен байқағалы біраз болды…
- Ол не? Нені байқадың?
- Сен полонезді ойнаған сайын…
- Иә… Не айтпақшысың?
- Менің оған әбден кӛзім жетті.
- Неменеге? Мен түкке түсінгем жоқ.
- Сен қазір ешнәрсені түсінбейсің. Ӛзіңді де түсінбейсің. Тек полонез… Полонез…
Ойлайтының, сол.
- Жә. Қағытпа енді. Түсіндірші…
- Не құдыреті, не сиқыры барын білмеймін. Осы полонез… Әнеукүні сен полонезді
қолға ала бастағанда Айнагүл Мараттың кӛйлегін тігіп отырып бармағына ине шаншып
алды. Мен сезбегенсіп теріс айналып кеттім… Алдыңғы күні жуып отырған тәрелкесі
быт-шыт болды… Ал…
- Иә, онымен не демекшісің?
- Қазір де солай… Жасы тыйылар емес. Сен полонезді ойнаған сайын оның жанын
жейсің. Түсінікті ме?
Бұл қалай? Осы бір үйдің бақытына қызығып, іштей дәйім мың шүкіршілік айтушы
едім. Мына кӛз жасы не? Осы оқыс жағдай полонезге байланысты болса, онда Айнагүлдің
жан жарасын мен тырнадым ба?
Ыстық кӛл жағасының ауасын шипа тұтып келіп, осы үйде жатқаныма айдың жүзі
болыпты. Рыбачьеге бұлар да жаңа келген. Біз тез бауыр басып шүйіркелесіп кетіп едік.
Не нәрсенің болса да сәтіне келуі кінәратсыз ақ кӛңілге байланысты ма деймін. Кӛңіл
жарасып, қимас достардай сыр ақтарысып, ежелден етене жандарша шын жүректен мәз-
майрам болып отыратынбыз. Асқар мен Айнагүлдің баянды махаббатына жан-тәніммен
қызығушы едім. Адам тағдырында қапияда бола беретін сәтсіз жайды бұл екеуіне мүлде
қиғым келмейді. Олай күдіктену де қиын. Япырау, қандай кӛңілсіздік жайламақ бұл үйді?
Дегенмен… сонда да… бір гәп бар тәрізді… Адамның кӛз жасы оңай тӛгілмейді.
Мен ойға баттым…Тоқта… Тоқта… Мына полонездің алғаш рет Айнагүл мен
Асқардың менімен танысқан сәтін елестеткені несі?
Иә… иә… Пляждің басы еді-ау. Сол күні Ыстық кӛл шар айнадай жалтырап жатқан.
Кӛл жағасы сәнді еді, думанды еді. Тамылжыған жаздың жайсаң күні болатын. Жұрттан
шеткерірек барып, күнге қыздырынып отырып, алдыма полонездің нотасын жайып,
ысқырып, әндетіп кетіппін. Полонезден бас кӛтермей шүңиіп қанша отырғаным да
белгісіз. Бір кезде… Қарасам қарсы алдымда қол ұстасқан екі адамның кӛлеңкесі тұр.
Басымды кӛтеріп алдым. Қатты ыңғайсыздана, қысылып қалдым.
- Кешіріңіз… Fапу етіңіз… Сіз бізді еріксіз бұрдыңыз.
- Сіздер кешіріңіздер… Қалайша? - дедім сасқалақтап.
- Жаңағы сіз әндеткен полонезді жақсы кӛруші едік…Сонда Айнагүлдің кӛмірдей қара
кӛзінде шӛп басында дір-дір еткен таңғы шықтай тӛгіле жаздап бір тамшы тұрған жоқ па
еді? Ол кезде оны әлдеқандай сыр бүккен жас деп ұқтым ба? Жоқ. Оны нағыз жаудыраған
ғана күлімкӛздің ӛзі екен-ау деп түйіп ем. Осы жас па еді, сондағы кӛргенім?
- Рыбачьеге жалғыз ӛзіңіз келдіңіз бе? - деп сӛз бастап еді Айнагүл, әйелді сонша
сүйкімді етіп кӛрсететін аса ізгі сыпайылықпен.
- Әзірше ӛзім ғана. Демалуға қолайлы болса жұбайыма да кел демекпін…
- Біз екеуміз де дәрігерміз… Жұрт Ыстықкӛл суын шипалы деседі. Үмітпен келген
екенсіз, себі тиер…
- Қайда орналастыңыз? - деді Асқар.
- Қонақ үйдемін…Ғапу етіңіз… Кейде таныстық осылай да басталып кетеді… Бәлкім,
сіз композитор боларсыз…
Қалай жауап берсем екен деп ұялдым да біраз үнсіз отырып: - иә - деп жәй ғана бас
изедім.
Асқар Алматыға ынтық жігіт екен, қала жайын кӛп сұрады. Кӛптен бері бара алмай
жүргенін айтып талай әңгіме қозғалды. Пляж басындағы жұрт сейіліп, тарай бастады. Іле-
шала жел кӛтерілді де, Ыстықкӛл тулап кетті. Ақжал толқындар аспанға атылып, жадағай
жағада ақ кӛбік бұрқылдады.
- Үйге жүріңіз. Қонақ болыңыз…
- Рақмет… Рақмет…
- Үйге жүріңіз… Жатсынбаңыз… Қонақжай пейіліміз бар…- деді Айнагүл де, ізетті
мінезбен болмай қиылып.
- Сіздің ел мен біздің елде «мыңның атын білгенше бірдің жүзін біл» деген жақсы
мақал бар. Біздің орнымызда ӛзіңіз болсаңыз осылай тілек етер едіңіз. Солай емес пе?
Қазақ елі сыйластыққа дарқан, барынша кең ел ғой… Қырғызды да солай деп біліңіз. Тегі
сіздің ел, біздің ел деп бӛлудің де қажеті жоқ. Не айырмамыз бар? Қане, енді жүріңіз
үйге…
Міне, сол таныстықтан кейін Айнагүл мен Асқар мені ешқайда жібермеді. Пианиносы
бар кеңдеу бӛлмесіне орналастырды. Кӛп ұзамай жұбайым мен екі жасар ұлым да келді.
Жылдарға бергісіз сыйлас күндер, қимас күндер ӛтіп жатты.
Бірін-бірі аса қадір тұтып, қатты қастерлейтін бұл ғазиз жандардың ақ кӛңілінде, пәк
кӛңілінде кірбің, күдік дегеніңіз жоқ еді ғой, япыр-ау? Бұл сонда ненің салқыны?
Айнагүлдің жасуына не себеп? Жас неге тӛгіледі? Әлден соң жұбайым: - Жә, шәйінді іш, -
деді.
- Асқар Пржевальскіге не үшін кетті? - Бүгін демалыс қой. Шаруамен кеткен де. Ӛзің
күнді де ұмытып қалғансың ба?
- Мені қойшы… Айнагүлді айтсаңшы… Жұбайым жабырқау ғана басын шайқады.
Енді екеуіміз де сӛзден тыйылдық. Сол сәтте біздің бӛлменің есігі қағылды да дестелеп
ӛрген қара бұрымын тӛсінен құлата тастап, аяғын сылбыр басып Айнагүл келді. Оң
жағында егіз меңі бар ақ беті алаулап, албырай жанған. Қабағына кірбің ұялап, екі
иығынан бір мығым қол езіп, басып тұрғандай. Еңсесі түсіп, іштей желініп, жігері құм
болған хал аңғартады. Есіктен маған дейін сенделіп құр жаны жетті.
Айнагүл пианиноға сүйеніп тұрып: - Полонезді ойнаңызшы, - деді ауыр күрсініп.
Айнагүл маған дәл қазір ӛте қиын тілек айтты. Оның мұңлы жүзіне қарауға батпадым.
Жүрегім әлденеден селк етті. Неден сескендім? Полонезді ойнай алмай ыза буып
отырғанда енді қайттім? Огинскийдің осы полонезінде не сыр бар, құдай-ау? Ал енді
Айнагүлдің тілегін орындамай кӛр? Оның меселін қайтару ұят емес пе?
Тәуекел! Іштей тас түйін боп бекіндім де ӛзімді-ӛзім шабыт отына күйдіріп отырып
жайлап қана полонездің алғашқы ноталарын ала бастадым.
Клавиштың үстіне моншақтай тамшы ыршып түсті.
- Айнагүл!… Айнагүл!…
- Fапу етіңіздер… Ғапу… Шыдармын-ақ,- деп едім.Тіпті, тӛзімім жетер емес.
Ұмытылмайды… Полонез! Одан бері қанша қыс ӛтіп, қанша кӛктем шықты. Бірақ бәрі де
тура кеше ғана болғандай… Полонез… Бәрі жадымда. Менің ӛміріме ӛшпестей із
қалдырған осы полонез!…
Ол менің тұңғыш махаббатым еді!
Бәрі де сол күннен басталды-ау! Қарабасып ұйықтап қалыппын. Ұшып түрегелсем таң
атыпты. «Қап, ұят болды-ау»-деп ӛзім жақында ғана қызметке орналасқан қалалық
поликлиникаға қарай ал жүгір. Жүрегімді қолыма алып асыға-аптыға келсем кабинетте
жан жоқ. Дәрігерлер қайда кеткен? ««Мұнда, қызым» деді еденді жуып жүрген әйел
бӛлімше меңгерушісінің кабинетін нұсқап. Кабинеттің есігін ашып қалсам, масқара-ай,
ортада ӛзіміздің профессор, доценттер, дәрігерлер мен сестралардың бәрі түгел отыр.
Мәжілістің дәл үстінен шықтым. Мен есікті еппен ашып, босағада тұрған бос орындыққа
отыра кеттім. Зәре жоқ. Ыңғайсызданып, бетімнен отым шығып ӛліп барам. Профессор
түксиген қалың қабағының астымен маған қарап қойды. Ол сол қарасымен мені «қызметке
орналастырғанда ӛстіп кешігіп жүр, деп пе едім. Ә, қызым, сен жалқау ма едің?» деп
кінәлап отырғандай. Бәрінен жаныма батқаны осы болды. Басқаның менде жұмысы болған
да жоқ. «Ендігәрі әбілет басқандай ұйықтамаспын-ау» деп қоям. Осы жолы анау-мынау
сӛзге қалмай аман құтылсам ешуақытта кешікпейтіндей сезіндім.
Азанғы бес минуттық бас қосу бітті де, дәрігерлер ӛз кабинеттеріне тарай бастады. Біз
ӛз кабинетімізге келген соң дәрігер апай: - Айнагүл… - деді ӛзі стол суырмасынан әлде
нені іздеп жатып.
«Ә, құрыған жерім осы екен» деп иманым қалмады. Ол кӛне тартып сарғайған бір
карточкені алды да, оған ұзақ үңіліп: - Қане, қызым, берірек отыр. Мына бір науқас біздің
участокте еді. Ӛзін кӛптен бері емдеп келем. Соңғы кезде жап-жақсы айыққан сияқты
еді… Бүгін азанмен маған телефон соқты. Науқастанып қалса керек. Сен әуелі оның
карточкесімен таныс. Сонан соң, оған бар да хал-жағдайын біл. Бәлкім, дәрілері таусылған
болар… Емді екеуміз ақылдасып отырып жасайтын боламыз. Жақсы ма? Онда дұрыс…
Бұл сенің бірінші пациентің! Білдің бе? Ол үнемі үйінен табылады… Қане, сәт сапар,
Айнаш… Айтпақшы ол ағаң…
Неткен ыстық жылы шырай еді, «Неге кешігесің?» деп ұрсама деген күдігім су
сепкендей басылып, жаным жадырап, қуанышым қойныма сыймады.
Сонымен адресті қолыма алып, ешқайда бӛгелместен тартып отырдым. Кез келген
кондуктордан сұраймын, бірі білсейші. «Ондай кӛше естігем де, кӛргем де жоқ» деп
тымпияды да тұрады. Автобустағылардан сұраймын, бәрі «қайдам» деп иықтарын қиқаң
еткізгеннен басқа еш нәрсе айтпайды. Биллиардтың шарындай зыр қағып біресе
Фрунзенің ана кӛшесіне, біресе мына кӛшесіне кіріп, бірақ сырқат жанның үйін еш таба
алмай қойдым.
Күн еңкейіп барады. Талай автобусқа міндім. Бәрі бұрыс кете берді. Осындайда
зығырданың қайнайды да!
Ақыры ыза болдым да, ең соңғы мінген автобустан түспей жүре бердім. Азар болса
мінген жеріме қайтып келермін. Бәрібір әуре-сарсаңға түстім. Іші ыссы, жүрек лоблытқан
автобус жайлап жүріп, Фрунзенің шығысына қарай бет түзеді. Ырғатылып қанша жол
жүргенімізді де байқамадым. Шамасы жарты сағаттай жол жүрдік-ау деймін.
Кенет кондуктор: - «Әй, қызым, әне, сен іздеген кӛше… Ӛтіп барамыз. Енді білдім.
Қазір тоқтаймыз…» - деді.
Автобустан түсе сала жаңағы кӛшеге қарай жӛнелдім. Жерде қар қалың. Соқта-соқта
болып, сылқылдап еріп жатыр. Кӛше лас. Батпақ. Мезгілсіз, жағдайсыз ыбылыс.
Іздеген үйімді де тез таптым. Тӛбесі шифрлы шағын ғана үй екен. Айналасы кӛк
шарбақпен қоршалған. Есігінің алды жаз күндері раушан гүлдерімен алаулап гүл
түбірлерін тӛмпешік-тӛмпешік етіп кӛміп қойыпты.
Аласа басқышпен кӛтеріліп есік қақтым. Жауап жоқ. Тартып кӛрдім, ашылмады.
Ішінен ілулі. Неге ашпайды? Әлде мынау басқа үй ме? Қолымдағы адреске қайта-қайта
қараймын, дәл осы үй. Үйде тірлік үні бар-жоғын кӛшеде тынбай ағылып жатқан
машиналардың шуы да естіртер емес.
Енді не қылсам екен, ә! Есікті тағы да ұрғыладым. Кӛшенің шуылы саябырлай
бергенде есіктің саңлауына құлағымды тосып тың тыңдадым. Мынау не? Музыка! Сонда
үйде адамның бар болғаны ғой. Әлде радио ма? Жоқ. Аяқтың еденді соққан дүрсілі де
білінді. Иә, үйде адам бар. Мына бір құйқылжыған әуенді тӛгіп-тӛгіп жіберіп отырған сол
ма? Кім бұл?
Мен қолымның ауырғанын да сезгем жоқ, есікті тарсылдата жӛнелдім. Бетім-ай, бір-
екі рет теуіп те жібердім-ау.
Әлден соң есік ашылды. Бозарған ашаң ӛңді, бұйра шашты, сыптығыр келген, бойшаң,
қаракӛзілдірікті жігіт сәл күлімсіреп:
- Сәлеметсіз бе? Кіріңіз. Ести алмай қалдым. Кӛп күттіңіз бе? Кешірім ӛтінем,- деп
мені ізетпен ішке кір-гізді.
Ұядай-ұядай екі бӛлменің ішінде тек қара пианиномен кітаптар толы қызыл этажерка…
екі қабырғаға ілінген екі картина… Иә… жалғыз кереует… Одан басқа жасау жоқ.
Этажерканың үстінде шынысы жоқ, қоңыраулы сағат пен телефон тұр. Бар болғаны осы…
- Неге кешіктіңіз? Сізді бағана шықты деп еді ғой. Әлде кӛшені таба алмай жүрдіңіз-
ау, ә? Маған келетін адам әуелі осылай жақсылап тұрып адасып алады…деп жігіт ұяң
сӛйлеп, езу тартты.
Бағанадан бергі ыза жуық арада тарай қоймады. Керек десеңіз мына жігітпен жӛндеп
амандаспадым да. Тілім байланып қалғандай менде үн жоқ. Оның бетін тұтас жапқан қап-
қара жалпақ кӛзілдірік маған сондай сұсты кӛрінді. Оған бір түрлі тура қарауға
қорықтым.Ол да екі қолын артына ұстап, әлде не ойына түсіп кеткен жанша үнсіз тұрып
алды.
- Немене, үндемей қалдыңыз ғой, - деп ол маған бұрылғанда, тұнжыраған қара
кӛзілдіріктен сескеніп, тұла бойым мұздап қоя берді.
«Мен тегі қайда келдім осы? Бұл не науқас? Менің неге зәре-құтым қалмай отыр?»
деген мазасыз ой аққан жұлдыздай зу етіп ӛте шықты.
- Ал, сонымен не істейміз, қарындас, ә? - деп ол күліп жіберді.
Теріме сыймай шытынап, шала бүлініп отырғанымның ыңғайсыздығын енді сездім.
- Кеудемді тыңдайсыз ба? Шаншу қадалып…- деп ол тілек етті.
Сасқанымнан: - Шешініңіз,- дедім. - Бұлай деуге менің хақым да жоқ. Мен бар болғаны
сестрамын ғой…
Ұятай-ай, о не дегенім? «Аңдамай сӛйлеген, ауырмай ӛледі» деуші ме еді. Беталды
шешін дей салғаныма жӛн болсын? Осынша есім шыққаны несі…
Менің бағыма ол да қозғала қоймады. Неге жымиғанын білмеймін, ол жай ғана мырс
етті.
- Сіз Бейшенсіз бе?
- Иә, Бейшенмін. Тағы не сұрайсыз? - деді ол сол жылы шыраймен жымиған күйі.
- Кӛйлегіңізді шешіңіз!
- Жақсы…
Ол крахмалды ақ кӛйлегін шешті. Тым жүдеу. Денесінде қан-сӛл жоқ, сұп-сұр. Екі
қарының бұлшық еті торғайдың жемсауындай, қозғалғанда бұлтың-бұлтың етеді.
Білегіндегі күре тамырлары кӛкпеңбек болып адырайып жүрекке аянышты сезім ұялатып,
мені еріксіз күрсіндірді. Қабырғалары ырсиып, етсіз жауырыны қаңқиып, терісі боп-бос.
Аяп кеттім байгұсты, Әйтеуір кеудесін тыңдаган болып жатырмын. Менің диагнозым
белгілі болар сізге. Холецистит! Иә, холецистит…«Холецистит» деп бірден қойып
қалғаныма қатты ӛкіндім. Бетім дызылдап, маңдайыма ыстық тер үркердей ойнап шыға
келді. Науқас жанға бұлай тік жауап беру қандай соққы. Қу тілім-ай, икемге келмей
қалдың-ау…
- Маған қажет дәрілерді білесіз бе?
- Әлбетте. Бейшен тағы да теріс айналып, терезе жаққа бет бү-рып отырды. Ол
даладағы тынымсыз тіршілікке жалықпай қарайтын тәрізді.
- Оң жақ бұғанамның асты… Ұйып…Ӛз міндетім былай қалды да, енді аузыма
кӛлденең бір сӛздер қыстырыла берді.
- Сіз кімсіз? «Құдай-ау, не болған маған? Бағанадан бергі ойлаған сауалым осы болғаны
ма? Ӛзімнің осында неге келгенімді, не істеп отырғанымды сезсем бұйырмасын».
- Мен ӛзіммін,- деді Бейшеннің жүзіне тағы күлкіжүгіріп.
- Сонда да? - деп қояр емеспін.
- Мына пианиноны кӛріп отырсыз ба?
- Әрине, кӛріп отырмын. Әзірше соқыр емеспін, - дедім қыздарға тән тапсына
сӛйлейтін келісімсіз тәкаппарлығым ұстап. Қара кӛзілдірік тағы да қадалды, маған. Осы
бір қапас түн сияқты қара түнектің ар жағында не жатыр? Әлде ол мені ұнатпай кӛзімен
атып, жеп отыр, әлде сұқтана қарап, менің берекем қашқан мына түріме күліп, ажуа қыла
ма? Қауқарың мынау, сен кімді емдеп мәз қыласың, деп қомсынып отыр ма? Неткен
қорқынышты…Қап-қара болып жанарды жасыруын қарашы…«Кӛзілдірігіңізді алып
тастаңызшы» деуге батылым барар емес. Қара кӛзілдіріктен бір түрлі жасқана
бердім.Тіпті, Бейшенге тіктеп кӛз тоқтата қарау мен үшін ауыр қиямет болатын түрі бар.
Жүзін толық кӛруге де пейілім ауып, жаңа танысымның, тұңғыш пациентімнің ӛзіме кӛ-
зілдіріксіз қарағанын тілеп-ақ отырмын. - Кӛргеніңіз жақсы! Иә… кӛрген жақсы!…
Бәрінен сол артық!… Оған жетер ешнәрсе жоқ… Әһә… Кӛрсеңіз ендеше… Мен музыкант
адаммын,- деді ол әлден соң жабырқау ғана. Әр сӛзі салмақты. Әр сӛзін тоқтап-тоқтап
ойлана, тебірене, нәштеп сӛйледі. Бұл байымдылығы дәл осы жасына тым артықтау. Ол
ақыл, парасаты кемеліне келіп, әр нәрсені ойлы кӛңілмен толғайтын салдарлы егде кісіге
қатты ұқсайды. Тек жымиып күлгенде ғана жүзінде жастыққа тән бала күлкі ду ете
қалады. Солай, қарындас. Музыкантпын… Музыкант…деп Бейшен күлген болды. Мен де
күлген тәріздімін. Бірақ нағыз ӛз күлкім емес. Дауысым дірілдей ме, қалай? Кейбіреу үшін
адамның күлкісі келерлік, мен үшін күні бүгінге дейін әм аянышты, әм ӛкініші мол, әм
қимас танысу Бейшенмен осылай басталды.
***
Кейін біз үйренісіп кеттік. Ол менімен сен деп сӛйлесетін болды. Бейшенді үйде
емдеуге ұйғардық. Мен оған аптасына екі-үш рет келіп укол салып, бауырына дюпаж
жасап, дәрі әкеліп беріп жүрдім. Ол үйдегі режімді қатты сақтауға тырысты. Мен
жарқұлағым жастыққа тимей Бейшенді емдеудің жақсы жолдарын іздестірумен болдым.
Кейде сәтті болар деген әртүрлі емдеу тәсілдерін Бейшенге бар ықыласыммен қуанып
айта бастасам, ол тек жымияды да қояды. Ӛз дерті туралы не налып, не ежіктеп еш нәрсе
айтпайды. Не деген сабырлы… Осынша ұстамды болар ма?! Неткен мықты ерік! Сырға
тұйығын-ай ӛзінің… Науқас меңдеген адамның қабағына кірбің ұялап, үміті бұлыңғыр
тартып, жігері құм бола жаситыны болушы еді. Бұл оған ұқсамайды. Тек әншейін
бейнебір демалып жатқан адам. Ӛзі сылбыр, не ұяң да емес. Жинақылығын айтсаңызшы…
Ӛзінің киген киімі де ӛзіне қонымды-ақ. Тап-таза… Оның осы қасиетіде мені қызықтыра
береді. Жаны - жаз, кӛңілі - кӛктем, ақылы - шалқар жанның кӛзі қандай екен? Жанарынан
тӛгілген нұрды кӛрсем бір, шіркін! Мен оны іштей ет жүрегім елжіреп, есіркеймін. Бей-
шеннің науқасы оңай емес. Ӛзі де кӛптен бері емделіп жүр екен. Оның ӛт жолы бітеліп
қалған. Денесінің күзгі жапырақтай сарғайып бара жатқаны да содан… Бауыры ісік…
Ол… ол… о, жасаған… Бауырдың істен шығуы деген сӛз. Қандай қасірет. Шіркін-ай, ең
болмаса, ӛт жүретін түтіктердің біреуін ғана емдеп, іске қосуға дәрменім жетсе!… Соған
жарасам! Мен Бейшенге келген сайын оның ізгілікпен нұрланған шырайымен барынша ақ
ықыласы күн санап айқын сезіле берді. Мейірімге толы күлкісінің шуағында сәл болса да
отыра тұрғым келеді. Оған әр нәрсені айтып кӛңілін бір сәтке болса да аулағым келеді.
Бірақ, уақыты құрғыр тапшы-ақ. Бір жағы соңғы курс, бір жағы жұмыс. Бәріне үлгеруім
керек. Әр минутым қымбат, қарбалас, тым асығыспын. Бір күні Бейшен: - Айнагүл, сен
осы үнемі неге асығасың? - деді пианиноға сүйеніп тұрып. Қара кӛзілдіріктен тағы
имендім. Тұңғиық… Бейшеннің бүкіл қас-қабағын жауып баттиып түр. Тек осы кӛзілдірік
Бейшенді маған сонша ызбарлы етіп кӛрсететін. Осы кӛзілдірік оны тас мүсіндей
мелшитіп тастайтын. Қарашы сазаруын…
- Неге таңданып тұрсың, Айнагүл? Немене, соқырға ұқсаймын ба? - деп ол
кӛзілдірігін алды.
- Жо-жоқ. Оныңыз қалай? Ол ӛзімен кетсін. Айтпаңызшы жаман сӛзді.Жаудыраған
жанары маған ұзақ қадалды. Кірпігін қаққан да жоқ. Езуіне күлкі үйірілді. Жымиған күйі
кӛзілдірігін қайта киді. «Кӛзі де ауыра ма» деген күдігім жоққа шықты. Кӛзі сап-сау,
мӛлдіреп-ақ тұр. Оған да іштей қуандым. Тіпті, Бейшеннің бойына ешнәрсе жұқтырғым
келмейді. Әлденеге толқып, қобалжи беретін жүректің мазасыз лүпілі басылды. Осы жолы
мен оның қасында не болса да біраз отыра тұруға бекініп ем, Бейшен: - Ал,ендеше
аялдамай-ақ қой, Айнагүл… Мен азғана…- деппианиноның қақпағын ашты. Мен
орнымнан қозғала қоймадым. Осы бір жұпыны ғана жақсы үйден кеткім келмеді. Бейшен
әлденені есіне түсіргендей терезе жаққа қарап, пианиноны ойнай жӛнелді. Сонда оның
етсіз салалы саусақтары ақ, қара клавиштардын үстінде зыр қағады. Біресе сылдыр етіп
күміс теңге тӛгілгендей, біресе бұлқына аққан таудың ерке бұлағындай, әлде арманшыл
арудың мақпал түнде жеке отырып ыңылдап қана салған тәтті әуеніндей, әлде жаныңды
желпіген жұпар самалдай… Кӛңілге жайсаң бір жаз орнады. Маужырадым… Мені бұрын-
соңды мазаламаған бейтаныс құбылыс, енді еріксіз қиял мұхитын ашып батырып бара
жатты. Тұла бойым біресе ысып, біресе тітіркенгендей. Бейшеннің маржандай тізіп
отырған кәусар ырғақтары менің буын-буыныма тигендей мүлде есімді алды. Мен
ӛмірімде музыкаға дәл осылай зейін салып, дәл осылай балқып, оған дәл осылай еш
уақытта ой жіберіп кӛргем жоқ. Бір албырт та құштарлық сезімнің еркіне бағынып
қалыппын. - Жә, болады енді! - деп Бейшен орнынан атып тұрмағанда, сол ұйыған
күйімде отыра берерім ғажап емес еді. Бейшен терезе алдына барды да, сыртқа қарап тұра
берді. Ол нендей ойда? Кім білсін. - Жаңағы ойнағаныңыз қандай музыка? – дедім мен
оның ту сыртынан.
- Полонез!
«Полонез деген не?» деп сұрауға ұялдым. Шорт қайырса да, әлгі жауабына бар
пейіліммен риза болдым. Сол күні жатақханаға ӛте кӛңілді келдім.
Жұмыста жүрсем де, лекцияда отырсам да полонездің жан-жүйемді босатқан уыз
әуені жадымнан еш шықпай қойды. Басын асқақ кӛтеріп ойға шомған Бейшеннің жүдеу
қалпы да кӛз алдыма елестей береді. Қара кӛзілдірік те… Иә, ол да зәремді алады. Бір
жандырып, бір суытқан сезім пайда болды маған.
Дәл осы бір күндері мен жан баласымен сырласқам жоқ. Айтатын не сыр бар?
Бірақ… мен алғаш рет жаныма жақын біреуді іздегендей күйге түстім. Тілімнің ұшында
небір тәтті сӛздер тұрғандай. Бірақ, оны кімге айтарымды білмеймін? Қарап жүріп
қиялымның сан қияға самғауын қараңызшы. Мазамды алып, жүрегімді жай таптырмаған
тӛтеннен келген қандай әлек бұл? Менің ұйқым да мәз емес. Кірпік қақпай таң атқанша
жатуым бар, ал ұйқы жоқ. Рас, кейде кӛзім ілініп кеткенде бұрқылдап шприц қайнап
жатады… Бейшен жымиып қана білеудей-білеудей кӛкпеңбек күре тамырын сипап уколға
әзір отырады… Тағы да қара кӛзілдірік… Селк етіп шошып оянам… Ұйқым осымен
«қанады». Ал, күндіз ӛңім күлдей болып селсоқ қана жүрем. Сәл тізе бүксем қалғып
кетем…Бейшенді емдеу кӛпке созылды. Январь айының соңғы күндері қара суық қақап
тұрып алды. Қар қалың болмаса да бет қарыған ызғарлы еді. Күн қытымырлау болған соң,
Бейшенге ертерек барып қайтайын деп сәске кезінде поликлиникадан шыға беріп ем есік
алдында кілең біздің курстың қыздары тұр.
- Жол болсын, Айнаш?
- Науқасқа бара жатыр ем…
-Айнаш бұл күнде дүрдей дәрігер… Бізді не қылсын… Ха… ха… ха… ха… Қызмет
бабы… Пациент…Мына әзілге күліп жібердім.
- Дәрігерді тапқан екенсіңдер…
- Е, бәсе күлсеңші… тегі кӛптен бері күлгеніңді де кӛрмей, зар болдық қой,- деді
қыздар қоймай сықылықтап.
- Осы қыз тым сырбазданып… Байқайсыңдар ма, кербездене… тымпия қалыпты.
Кӛрерсіңдер-ау… сонда мені әулие дерсіңдер… Бәріңнен бұрын күйеуге тиетін осы
болады…- деді Сәбиға деген күлекеш шикіл сарықыз.
- Айсалқынды қайда қоясың? Сол ғой бәрімізден бұрын тойға дайындалып
жүрген…- деді біреуі.
- Жоқ. Айнаштан бұрын тұрмысқа ешкім шықпайды,- деді Сәбиға да ӛзеурей сӛйлеп.
- Жә! Басқа сӛз аузыңа түспеді ме? Нең бар біреуде? - деп ыржақтап тұрған Сәбиғаны
зекіп, тыйып тастадым да ӛз жӛніме кете бардым. Автобусқа отырған соң Сәбиғаның
жаңағы бір сӛзі маған шаншудай қадалды. Тапсынған пәле… Мұның сумаңдаған екі елі
аузына бір елі қақпақ болсайшы. Ӛне бойы сыпсың-сыпсың етіп, қисынсыз жерде
кӛрінгенді кӛзге іліп жүргені. Және елдегі жоқ ӛсек атаулы, небір қаңқу сӛздер осы секпіл
бет, сары пәледен тарайды. Бұл бір - сынап. Су жұқпайтын қу тұяқ. Араласпайтын нәрсе-
ге араласып, килікпейтін жерге киліге кетеді. Бәрін аңқылдап жатқан арзан күлкісімен
жеңеді. Қай қыздың жігіті бар, бүгін кіммен-кім серуенге кетті, бәрін қолмен қойғандай
қылып айтып беретін де осы кӛкіме Сәбиға. Кей қызға «қой, қайғырма енді. Жігіт деген
неме иттей болып ӛзі-ақ келеді. Тек тәкаппарлығыңнан жазба. Білеміз жігіттерді, кӛрінген
қыздың соңынан салпаң-салпаң етіп қаңғырады да жүреді» - деп жұбаныш айтатында
Сәбиға. Ех, Сәбиға!… Сәбиға… Тұра тұр, бәлем. Әркімге әртүрлі мінез береді екен-ау,
бұл шебер табиғат! Айсалқын шынымен тұрмысқа шығатын болған ба? Сенсем бе екен
осыған? Айсалқын жатақханадағы орнын біреуге беріп ӛзі ағасының үйіне шыққалы бері
екеуміздің шүйіркелесе алмағанымыз рас еді. Уақыт болмады…Автобуста осындай оймен
тербеліп отырып Бейшеннің үйіне қалай келіп қалғанымды да білмедім. Келсем Бейшен
пианиноға маңдайын сүйеп ұйықтап отыр. Тыныштығын бұзғым келмеді. Тырс еткен
дыбыс білдірмеуге тырыстым. Оның мына қажыған түріне қарағанда бүгін пианиноны
шамадан тыс кӛп ойнаған екен деп жорамалдадым. Оятпайын. Ӛзі тұрар…- Ояумын…
Айнагүл, ояумын… Қазір… Қазір… Сәл, тіпті, онсыз мүмкін емес қой… А? Қалайша
жоғалды, ә? - деп Бейшен кенет әлденені сӛйлеп кетті. Жүрегім тас тӛбеме шықты. Бұл
не? Сандырақтап отыр ма? Жоғалғаны несі! Мен ешнәрсеге түсіне алмадым. Жоқ! Жоқ!
Жер жұтты ма оны? Ол кімге керек еді? - деп Бейшен орнынан ызалана, күйгелектене
атып тұрды.
- Не жоғалттыңыз? Осы сәтте үйге бүгжеңдеп, кішкентай ғана ақ шашты кемпір
кірді.
- Әже, отты немен тұтатып едіңіз бүгін? - деді Бейшен қайнаған ызасын зорға тежеп,
тӛмен қараған күйі.
- Осында… ескі-құсқы кітаптар кӛп-ақ қой, балам. Мына орындықтың үстінде…
Жазуы жоқ сарғайған кітапжатыр екен… Соны керексіз шығар деп…
- Әһә, сонымен… Тұтаттым деңіз… Жақсы… Әже…Бүлінген ешнәрсе жоқ…
Жақсы… әншейін… Шынында о лкімге қажет…
- Е, онда шәйіңді ішші, қалқам. Суып қалар…Әжей пештің аузын ашып бір қарады
да ӛз-ӛзінен сӛйлеп, күбірлеп шығып кетті.
- Қап! Қандай ӛкінішті… Түсінесің бе, Айнаш, онсыз қиын… Ӛте жақсы кӛруші
ем… Әттең, шіркін… Ол табылмайды…Ол не еді, ағай?
- Полонез! Отқа жағылған сол! - деп Бейшен айқай салды. Мен селк ете түстім.
Бейшеннің қолы қалтырап, ӛңі қуарды. Түтігіп аузына сӛз түспеді.
- Кешір, Айнаш…Оқасы жоқ, ағай… Сабыр етіңіз…Үй ішін жабырқау бір үнсіздік
жайлады.
- Бүгін уколды тоқтатамыз,- дедім оның абыржыған сынық жүзіне тура карай алмай.
- Иә, дұрыс… Жӛн… Осымен бәрін де тоқтатамыз, - деді Бейшен мен ұсынған дәріні
ішіп болып. Бәрін дегеніңіз не? Менің халімді түсін, Айнаш…Түсінем,- дедім, бірақ
ешнәрсеге түсінбей.
- Мен дем алайыншы, Айнаш…
- Жақсы… Тынығыңыз… Шай да қайнап тұр екен…Енді кӛп ашуланбаңызшы,
ағай.Тасқындай тулап келген ашу оп-оңай басылар ма? Түсі күлдей бозарып, ерні кӛгеріп,
бір жағы менің келгенімді жақтырмады ма, теріс қарап сұлық жатып алды. «Неге
жалғызсыз? Ең болмаса қол ұшын берер жақыныңыз да жоқ па? Дәл қазір сізге қиын-ақ
қой» деген сӛздер кӛкейде түйдек-түйдек болып ағытылғалы тұр-ау. Бірақ оны айтуға
ауызым бармайды. Бейшеннің демалғаны жақсы… Қайтем мазасын алып… Онсыз да бір
ашу бүгінге жеткілікті-ақ болды. Ал, Бейшен полонезге сонша неге ынтық? Тегі не кере-
меті бар нәрсе?
* * *
Ертеңіне күн демалыс еді. Фрунзеде мен кезбеген кітап дүкені қалмады. Бірінде
полонездің нотасы болсайшы. «Е, о полонезді қоя ма жұрт». Сатушылардан еститінім тек
осы сӛз. Бейшен қамығып отыр-ау, емнің де берекесі қашты-ау, деп мұңаямын. Оның
кешегі қиналуына қарағанда полонез оған ауадай қажет екендігіне еш шүбә келтірмедім.
Науқас жанның кӛңіліндегі осы ӛкініш бұлтын сейілтпесем оған жасап жүрген емнің шипа
болмайтынын анық білдім. Полонезді тапсам, мүмкін оның жаны жай табар. Солай
болар… Солай етуім керек. Солай болады да! Мен іздеймін полонезді! Сол күні кеште
жатақханада Айсалқынға жолықтым.
- Неғып жүрсің? - деп Айсалқынды құшақтай алдым.
Кітапқа келіп ем, деп ол қолындағы кітабын кӛрсетті. Айсалқын…Иә… Айтсаңшы
енді … япырау, ӛзің… Мүлде…Мен оны ай-шайға қаратпай ұзын коридордын, сонау
қаракӛлеңке түпкіріне сүйрей жӛнелдім…Айнаш-ау, не болған саған…Айсалқын… сенің
әлгі пианистка досын, бар еді ғой… дедім ентігімді баса алмай. Оны қайтесің? Ӛте қажет
болып түр…Ол не ӛзі? Айтсаңшы дұрыстап…Аты кім еді ӛзінің? А? Ұмытпасам Фарида
емес пе? Фарида. - Ендеше кеттік, соған. Айсалқынды дедектетіп далаға алып шықтым.
- Айнаш, саған не болды? Айтсаңшы?- деп Айсалқын аң-таң, миығынан күлді.
- Маған полонез керек! Соны сен Фаридадан алып бер!
- Қандай полонез?
- Огинскийдің полонегі,- дедім бірнәрсе білетін адам тәрізденіп. Ол… Әлгі мынау ма? -
деп Айсалқын полонезді ыңылдап қоя берді. Осы! Осы! - деп Айсалқынның үлбіреген
ернінен сүйіп-сүйіп алдым. Қойшы, енді. Тегі ӛзің ғашық болып қалғаннансаумысың…
Мүлде ессізсің ғой…Жоқ! Жоқ! Айсалқын.
- Әй, қайдам,- деп басын шайқады, маған әлі де таңырқай қараған Айсалқын.
Бәрін де кейін айтам! Мен осы сӛзді бар жан-тәніммен сүйсіне, мақтана айттым. Сол
кеште Фаридадан полонездің нотасын жалынып-жалбарынып әрең дегенде сұрап алдық.
Нота қолыма тигенде оны бұлқына соққан жүрегімнің дәл тұсына мейірлене басып,
Бейшенге қарай құс болып ұштым. Мені бір асау сезім кӛкке ӛрлетіп әкеткендей. Ӛзімнен
ӛзім мәз боп келем. Тумысымда кӛрмеген кӛл-кӛсір қуанышқа белшемнен батқандаймын.
Науқастың кӛңілін таба білуден артық бақыт жоқ-ау дәрігерлерде! Сүріне-қабына есікті
жұлқи ашып қалып ем, Бейшен полонезді әндетіп жүр екен. Ол менің келгенімді
сезеқойып, сап тыйылды. Шап-шағын екі бӛлме полонездің мӛлдір әуеніне тұнып тұр.
Тәтті ырғақтарын сіміре жұта бер. Жүрегім лықсып кеп аузыма тығылды. Бірдеңе дейін
деп ем тілім күрмелді. Тек кӛзім бақырайып Бейшенге қарап, босағада қалшиып
қалыппын.
- Айнаш, неғып тұрсың? - деді Бейшен де бір түрлі мазасыздана.
- Сізге…
- Иә…
- Полонезді әкелдім!…
- Қойшы… Қане, Айнаш… Оны қайдан таптың, ә? - деп Бейшен маған қарай бір
аттап кілт тұра қалды. Мен масаттана полонезді Бейшенге ұстата салдым.
- Әһә, жақсы… Рақмет… Айнаш… Жақсы… Кӛп рақмет,- деді Бейшен полонездің
мұқабасын қолымен сипалап. Бұдан артық ол ешнәрсе айтқан жоқ. Секунд ӛткен сайын
оның жүдеу ӛңіндегі жұқа ғана қызыл шырайдағы күлкі белгісі кӛз алдымда зым-зия
жоғалып бара жатты. Ол қобалжып, әлденені айтқысы келіп, бірақ кебірсіген еріні
дірілдеп, күмілжігендей болып теріс айналды. Полонездің нотасын кӛңілсіз ғана
пианиноның үстіне қойды да, ӛзі терезе жаққа бұрылып, түн құшағындағы далаға қарады.
Мұнысы қалай? Табан астында тағы неге ӛзгере қалды? Оның іздегені полонез емес пе
еді? Әбден састым. О, тоба, қайдағыбір науқас жігіттің тағдырына қалай ғана араласып
кетіп ем? Бұл ертегі ме, не ӛзі? Осы бір түсініксіз жанға сонша неге бәйек болып жүрмін?
Мына Бейшен дегеніңіз кім ӛзі? Мен түсіне алмай қойдым бұған.Бейшен маған қарады да
күлді. Бұл оның шын күлкісі емес. Ол мені еркелете күлгенде жанымды жылытып,ӛзінің
мейірбан ыстық жанына баурап алушы еді. Сол майдақоңыр жаз күлкісінен тіпті бӛтен.
Сондай құрғақ, әрі тым қатал күлкі. Бойды сірестірген ашудан еріксіз мырс еткен суық
жанның күлкісі. Мына бір қара кӛзілдірік те мені албастыдай арбап қыр соңымнан
қалмады-ау. Жұлып алып, быт-шыт қып сындырар ма еді ӛзін! Бұлқара пәленің ар
жағында Бейшен маған не оймен қарап тұр? Бейшен әрлі-берлі жүрді де:
- Айнаш, асығыс емессің бе? - деді.Ол сабасына түскендей. Орнықты сӛйледі. Маған
орындық ұсынды.
- Асығыс емеспін, ағай,- дедім мен де жаңағы бір сәттегі жан толғанысымды зорға
басып.
- Онда берірек отыр…Бейшен мені ӛзінің қасына отырғызды да, пианиноны жайлап
тарта бастады.
- Мына әнді тыңдашы, Айнагүл…Ән ырғағы ә дегеннен ӛн бойыма мысқалдап сіңіп,
жүйе-жүйемді шымырлата қозғап, балбыратып барады. Рақат сезім жетегінде таңғажайып
бір сырлы дүниенің есігін ашқандаймын. Бейшеннің саусағы тиген әр клавишта маған
бұрын жат боп келген аһ ұрғызған арманбар ма, қалай? Бір нәрсені аңсағандаймын.
Жұдырықтай жүрегім кеудемді керіп, жарыла жаздап зорға тұр. Бұл ненің кұдіреті?
Мынау ән мені неге ұйытып барады? Бейшеннің үні осынша сырлы ма еді! Мұны
қажытып жүрген әндегі осы бір арман ба? Мазасынан айырылған асау кӛңіл мына әнге
келгенде неғып жуасып, биязы бола қалды?
- Қалай, Айнаш, ешнәрсе ұқтың ба?
- Ә?…
- Әне, кӛрдің бе? Әй, Айнаш-ай…
Бейшен күлді де басқа бір әсерге ойысты. Ол әлденеге құштарланғандай, әлденені
тамашалағандай тербеліп, полонезді шалқыта жӛнелді дейсіз. Менің қасымда науқас
Бейшеннен бӛлек, жаны жалынға толы, қуатты, алмас қылыштай жарқылдаған, ӛткір де
уытты Бейшен отыр.
Полонез әлі тынған жоқ. Бейшен бар дүниені ұмытқан. Бір кезде ол клавиштарды бар
пәрменімен басып, тепсінген тегеурінді саздарды тӛгіп-тӛгіп жіберді. Бейшеннің күре
тамыры бұлқына соғып, ӛн бойына ыстыққан таратып жатқандай. Оның жүзі ажарлана
түсіп, менің бар пейілімді, бар ықыласымды ӛзіне аударып алды. Жүрегім лүпілдеп, оның
зыр қаққан саусақтарына таң-тамаша бола қарап қалыппын. Хош, балалық шақ! Армысың
жастық шақ! Мені ӛзіңе не құдыретіңмен тартып алдың? Мен ішімнен ӛз тағдырымның
алдында осы сӛздерді алғаш рет айттым.
- Маған аң-таң боп жүрсің, Айнаш, ә? - деді Бейшен жаңағы полонезден соң біразға
дейін үнсіз отырып.
- Түсінем, ағай…- Неменеге түсінесің? Бірде олай, бірде бұлай кұбылған мінез кімге
дәрі? Мен сенің әбден мазанды ал-дым… Сенің маған істеген жақсылығың болсын,
орныңа баска сестра жібер… Білем… Саған ӛте қиын… Сенің бар уақытынды менің
тауқыметім ұрлап жүр… Оны ӛзің сезесің… Сен де пенденің бірісің, бәлкім, қайдағы
біреуге қайдан сайыста болдым, деп ӛкініш етерсің де… Тегі маған жалғыздық
жарасады… Менің осы қауқарыма қарап кейбіреу кӛзге де ілмейді. Бірақ менің қолымда,
мына тіршілік деп соққан жүрегімде ұлан-асыр керемет күш барын сезінем. Мейлі мен
Моцарт… Чайковский, Тоқтағұл… Ақан… Біржан… осылардың ешқайсысы болмай-ақ
қояйын. Олар сияқты мәңгі-бақи ӛшпейтін ескерткіш қып қалдырған керемет музыка да
жаза алмаспын. Бірақ…Мен Бейшенмін ғой! Менің де ӛз үнім болуы тиіс емеспе?!
Айнаш… Түсін сен… Тағдыр маған аяусыз қасыретін берсе, мен де оның жағасына
жармастым… Тағдырды мен билеуім керек! Бетховен осылай деген…«Бейшен! Сен
қандай ӛр адам едің! Иә… Иә… Мен сені енді ғана білгендеймін. Сенің ойың тым тереңде
жатыр екен-ау. Мұндай қуатты жүрек қайдан бітті саған? Мына сырлы ғаламның бар
сұлулығы сенің кеудеңе қалай ғана сыйған!»
…Ӛзім емдеп жүрген науқас жанға осылайша табындым!
- Мен сізді тек ӛзім емдеймін, ағай…
- А? - деп тебіреніп, толқып отырған Бейшен маған жалт қарады. Мақұл дегендей ол
басын изеп, жымиып қойды. Ӛз күлкісі қайта оралды. Сонсоң ол жадырай жайсаң мінезге
ойысып: - сен қандай әндерді жақсы кӛресің, Айнаш? - деді.
- Жаңағы әндерді…
- Шын жақсы кӛресің бе?
- Әрине…
- Жоқ, сен енді бұл жерде ӛтірікті соғып кеп жібердің.
- Неге олай дейсіз?
- Ӛтірік!
- Ӛтірік емес, ағай, - деп қызараңдап күлдім.
- Әлгі әндердің кімдікі екенін білесің бе?Жоқ!
-
Ә, алдама, Айнаш… алдама…Әйтеуір, жақсы ән… Кім шығарғанын
білмеймін.Сеніңіз. Бір жаман жерім кӛп әндердің авторы есімде жоқ. Егер білсем, осы
әндерді жазған адамды құшып, сүйіп алуға дәрменім жетер еді,- дедім бетім бүлк ет-
пестен.
- Е, бұл әншейін қыздардың лепірме сӛзі… Қарайгӛр ӛзінің батылын,- деді Бейшен
қуақылана.
- Сүйген адамымды сүймегенде қорқам ба?!
- Қорқасың!
- Неге? - деп шала бүлініп жылап жібере жаз-дадым.
- Алдама ӛзіңді! Ӛзгені де…
- Неге алдаймын?…
- Әлгі әндер менікі, Айнаш! «О, тоба, Бейшен не дейді? Рас па?! Бейшен жазғанба
осындай әндерді!» Мен тас мүсіндей қаттым да қалдым. Демім де шықпады. Мен басқа
дүниенің бәрін ұмыттым. Кӛзіме ешнәрсе кӛрінген жоқ. Ешнәрсені де сезбедім. Орнымнан
ұшып тұрып, Бейшенді сүйіп алдым…Есім сәл орнына түскенде, тастай қараңғы түнде
тұла хбойым ӛрт боп жанып, жүгіріп келе жатқанымды бір-ақ білдім.
- Ух, сайтан… Немене ӛле алмай жүрсің бе? Кет былай! Байқасам екі автобустың
арасында сынадай қыстырылып тұрмын. Жан-жағым азынаған сигнал. Сұмдық-ай…
- Ой, мынау жынды ма ӛзі? Тұр былай…Масқара-ай, алды-артым иін тірескен
машина. Айқай-шу. Талай сӛздер кетіп жатыр… Ӛзіміз дәл кӛпірдің үстінде тұрмыз. Мен
не істерімді білмедім.Сонан соң біреу келді де жеңімнен жұлқи тартып:- Былай… Соқыр
болсан әне, тротуар…- деп ұрысып, қолын ербендете сӛйлеп машинасына отырды. Мен
жұлдызы самсаған қара аспанды куә етіп кіршіксіз таза арым алдында, ізгілік алдында,
үнемі сынға салатын тағдырымның алдында… Иә, шығыс елінің әдебі алдында… Мені
әлдилеген мына ұлы тіршілік алдында…Бәрінің алдында… Ер адамды бұрын сүйіп
алғаныма жалбарына кешірім сұрап келе жаттым. Бейшеннің ыстық демі дыз-дыз етіп, әлі
ернімнің ұшында тұр…Бір апта бойы Бейшенге бара алмадым. Бір түрлі ыңғайсызданып,
ӛзімнен-ӛзім қуыстанып, ұялып жүрдім. Осының бәрін Айсалқынға айтайыншы-ақ деп
неше рет оқталсам да, оған батылым бармады. «Ӛң мен түс арасында жарқ ете қалған
махаббатқа кім сенер, оным жӛньболмас» деген ой әбден мүжіді. «Бәрінен абзалы сыр
сақтауым керек. Шын келген қуаныш болса ол ешқайда қаша қоймас. Шыдай тұрайын.
Кӛрейін. Арты не болар екен? Бәлкім, осы шығар махаббат… Жүрек те сонша мазасыз
екен-ау… Кім білген оны». Мен осы халде жүріп Бейшенді сағына да бастадым. Бір рет
дәрігерім маған ойлана қарап тұрып:
- Байқаймын… Сен… Бейшенге екі рет бара алмай қалдың, ә, Айнаш? - деді.
- Иә… Апай… Иә, - дей бергенімде залда уколға кезек күтіп отырған науқастардың
дабырласқан дауысы менің сӛзімді бӛліп жіберді. Сол сәтте есік ашылып:
- Мына бір кісі… Осы қазір ғана келіп отыра беріп еді… Осылай… қысылып қалғаны,-
деп, орта жастар шамасындағы, ақ сары жүзді әйелді екі иығынан демеп кабинетке
кіргізді. Жалма-жан дәрігерлік кӛмекке кірістік. Сәлден соң талмаусырап қалған әйел есін
жиды. Есімізді шығарып, қатты састырған осы жағдай біздің енді бастала берген
әңгімемізді шорт үзді…Сонан соң ӛзімше бір берік байлам жасадым. «Осы неменеге
қорғаншақтай берем? Біреу мені қыстаған жоқ. Және Бейшенде нең бар деп кім айта
алады маған? Менде жұрттың несі бар? Бәрінен бұрын мен Бейшенд іемдеп жүргем жоқ
па?» Жұмыстан шығысымен ешқайда бӛгелместен Бейшенге келдім. Есіктің алдында кӛп
тұрдым. Жүрексініп тұрмын. «Қазір үйге кіргенде не деуім керек? Не үшін келдім деймін.
Ол маған не дейді?» Қас қарайып, ащы аяз бет қарыды. Аяғым тоңып, аузым да икемге
келмей қалды. Есікті қағуға батылым бармайды… Дәрменім қайда, япырау? Не болса да
есікті ашып қалып ем, үйде шам жанып тұр. Бейшен тӛсекте жатыр. Жүзі сынық. Оған да
оңай болып па? Осы бір күндері ойына не келмеді дейсің? Менің ұялып келе алмай
жүргенімді қайдан білсін. Неше түрлі суық жорамалға да барған шығар.
- Келдің бе, Айнагүл! - деді Бейшен сол қозғалмай
жатқан күйінде.
- Келдім…
Үнсіздік.
- Келгенің жақсы.
- Сол бетімен кетті ғой деп ойладың ба?
Үнсіздік. Бүкіл дүние ұйып, жым-жырт болып тынып қалғандай.
- Бәрі солай ғой, бірақ…
- Не айтқың келді? Сӛзіңнің аяғын жұтпай сӛйлеші,Бейшен,
Тағы үнсіздік. Бұл қалай? Мына бір мылқау тыныштықтың мысымды құртуын-
ай…Сонау кӛк аспанда бар ғаламға жарық сәуле беретін Күн бар дейді… Онсыз тіршілік
жоқ кӛрінеді… Меңіреу түнде нұр тӛккен Ай мен жымың қаққан сансыз Жұлдыздар бар
білем… Иә…Не деп барасың, Бейшен?
Жер үстінде менің мына Алатауымдай… Иә… Айнаш, дәл осындай… Асқар-асқар -
таулар бар екен…Шынар басына шығуға талпынғаным да бар… Тым биік…Бірақ… әлі…
- Бейшен!
- Жер бетінде түрлі түсті адамдар да бар дейді. Маған соның бәрібір!
- Айтпа! Айтпашы, Бейшен!
- Менің Ыстық кӛлім… Оһo, Ыстық кӛлдей шалқар кӛлдер де кӛп дейді… Мен тек
Ыстық кӛлдің кермек суын ұрттап байқадым. Суы бір түрлі бал татиды… Шәрбат! О шеті
мен бұ шетіне кӛз жетпейді дейді.
- Не айтып отырсың, Бейшен? Айтпашы, ағатай…
- Міне, кӛктем де жақын… Мен оның тек жұмсақ лебі мен жұпар иісін ғана сезем…
Алуан-алуан қырмызы гүлдер ӛседі… Соның ең бір әдемісін саған сыйлар ем, Айнаш…
Әттең, қайсысының жақсы екенін…
- Бейшен!
- Жалғанда жаным сүйер аяулы бір жан бар. Ол…Ол… маған қапияда ұшып келген
бақыт құсындай…
- Айтпа, Бейшен! Жалынам! Айтпа! Ол маған сонша жақын… Ыстық… Қамқор…
Менің бақытым да, дәрменім де сол!
- Жалынам, Бейшен! Жалынам, жаным! Бақыт… махаббат… О, қандай құдіретті
едіңдер! Сендерді де әкелген сол… Сол бір абзал жан… Сол… Сол!
- Ол - сенсің, Айнагүл! Уа, жалған, сені де кӛре алмадым-ау, Айнаш! Кӛзімнен аққан
ыстық жас омырауымды жуып, Бейшеннің кезерген ернін алақаныммен басқан күйі езіліп
еңіреп, сілем қатып қанша уақыт жатқаным да белгісіз. Әлден соң кӛзімді аштым.
Кеудемді солқылдатқан ӛксік әлі басылмапты. Маңдайымды Бейшеннің еті қашқан арық
тӛсіне сүйеп жатыр екем. Түннің қай мезгілі! Шамәлі жанып тұр. Мәңгіріп қалған
басымды ептеп кӛ-теріп жан-жағыма қарадым. Үй іші үрейлі. Денем дір ете түсті. Мынау
кім? Құшақтап жатқаным Бейшен бе? Жо-жоқ… Иә… Иә… сол! Ол бейнебір тас мүсін,
кірпігі сіресіп қатып қалған. Кӛзі қозғалмайды. Нұры жоқ, оты жоқсуық жанар… О,
қандай қорқынышты… тұнжырап, кӛзін жауып тұратын қара кӛзілдірік қайда? Жоқ, әлде
түс кӛріп жатырмын ба?
- Танымай қалдың-ау, Айнагүл! Неге? Қалайша? Неге? Сенбеймін! Жо-жоқ!
Бейшен!…
***
Мұндайда жаныңа демеу болар тілектес адамыңның болғаны да жақсы екен. Торыққан
кӛңілдегі қапаның қара бұлтын сейілтіп, тұйыққа тірелген ой-санаға сәуле беретін,
үмітіңді де жалғап жіберетін ғазиз дос-ай. Ай-салқын еді, маған ең жақын жан…
Екеуімізде құпия не бар еді? Несіне жасырам, Айсалқын зерделі ғой. Түсінер. Оған бәрін
аян етем. Құр бекер тағдырды жазғыра бергеннен не пайда? Бір тып-тынық қоңыр кеште
Айсалқынның бӛлмесінде шай ішіп отырып, болған істі бірін қалдырмай бәрін айттым…
Иә… Бәрін… бәрін айттым. Айсалқын кӛп ойланды. Жабырқау күйде кӛп толқыды. Ӛзі
жаратылысынан сабырлы жан, енді мүлде ешнәрсе айта алмай, сӛзден тыйылды да қалды.
Ол не дерекен деп менде тағат жоқ.
- Солай де, Айнаш…Солай, Айсалқын. Осыдан кейін екеуіміздің арамызда кӛпке
дейін сӛзболмады. Тек ұйықтар алдында Айсалқын: - Сен Бей-шенді шын сүйесің бе,- деді
ойлы жүзбен, жерге шұбатылған мойылдай қара, ұзын шашының ӛрімін тарқатып болып.
- Сүймесем айтар ма едім саған? Бейшенді Ездікке қимаймын, білдің бе?
- Сен қимағанмен жаратылыс Бейшенге иненің жасуындай жарық бермепті ғой. Ӛзің
айтшы, енді қайтесің,- деп Айсалқын тік қарады да, мені сынаған жандай ұзақ кӛз
айырмады.Оның аржақ-бержағымнан ӛткен ойлы жанарында: «Не дейін, сүйгенің соқыр
болса қайтесің оны демекпін бе? Әйтпесе, ақыр сүйгенің рас болса осыңнан айырылма
демекпін бе?» деген сӛздер тізбектеліп тұрғандай. Айсалқынның мұнысы бәріне тӛреші ӛз
ақылың, ӛз жүрегің дегені болар. Тағы да біраз үнсіздіктен соң Айсалқын: - ұйықтаған
жоқсың ба? Бір сыр айтсам тыңдайсың ба? – деді жастықтан басын кӛтеріп
алып.Тыңдайын, айтшы, Айсалқын…
- Менің де шешем соқыр болған.
- Солай ма? Бұрын неге айтпадың маған?
- Соқыр деуге аузым бара бермейді, Айнаш… Әкем екеуінің де оқиғасы сендердің
оқиғаларыңдай.
- Солай де…
Ӛзің білесің, әкем қаратаулық қазақ… «Кӛлме»деген аты әнге қосылған атақты кӛлдің
жағасын жайлайды, Шешем қырғыздың қызы, Мен сонда сендерге жиен болам ғой.
Нағашыларымызды арқа тұтып, Мұқыш ағам Фрунзеде оқыды. Мен болса да…Айсалқын
кӛзі жасаурап отырды да: - Әкем ар алдында бар қасіретке кӛнген! - деді. Айсалқын ауыр
күрсінді де сӛзін жалғастыра берді. - Жалғанның жарығы демесендер, бағым жанған
жанмын ғой, құлындарым. Тәңірім мына жаман әкелеріңнің жанына жамандық бермесін, -
деп апам күні бүгінге дейін шүкіршілік етеді. Қазір олардың тӛрінен кӛрі жақын. Зулап
бара жатқан уақыт қартайтпай қоя ма? Бірақ сонда да екеуінде тозбайтын, ескірмейтін бір
нәрсе бар. Ол - баянды махаббат! Екеуінің бір-біріне деген қалтқысыз сый-құрметіне жан-
тәніммен қызығып отырып ойлап қарасам қазақтың:
Сейфіл-Мәлік, Жамалдай
Бейнетіңе кӛнсем-ау!
Қозы-Кӛрпеш - Баяндай,
Бір молада ӛлсем-ау! –
деген әні есіме түседі. Бірге соққан қос жүректің қуаты оларды ӛмір тауқыметінің талай-
талай қиын асуларынан ӛңменін ӛшірмей,үмітін үзбей, әлі сол жас қалпында, әлі сол
біріне-бірі сенген, ынтық қалпында алып келе жатыр…Маған Айсалқын шерткен осы
әңгімеден артық жанға тиек боларлық ешнәрсенің қажеті жоқ сияқты. Бекер келмеппін
осында. Еңсем кӛтеріліп, ептеп ой сергіп, қырыс-тырысым жазылғандай. Айсалқыным
ақылды екен. Жаныңа терең үңіліп демеп жіберген достан айналып кетесің ғой…Таңертең
екеуіміз поликлиникаға келе жатып та, біраз сырды ақтарыстық.
- Жалғыз ғана тілегім бар, Айнаш, - деді Айсалқын мені тротуардың ортасында
тоқтатып тұрып.
- Айт, Айсалқын,
- Не айтайын... Мұны сен қосқан ақылым деп біл. Тек дәрігерлік міндетің,
ұмытылмасын! Бейшенді жақсылап емде!
Айсалқын маған арға жүгін дегендей. Мен тек осыны түсіндім.
* * *
Ӛстіп бір жағы сабақ, бір жағы жұміс деп тағы да Бейшеннің тауқыметін арқалап жүріп
жатақханаға сирек болатынды шығардым, Бейшенді жалғыз тастауға дәтім бармады. Ол
қарсылық білдірсе де, кейде сонда қонып, кейде жатақханаға тым кеш кайтатын болдым,
Байқаймын, Бейшен де мені жібергісі келмейді. Мен оныңқасында отыра тұрсам, ол ӛзін
сонша бақытты сезінетін тәрізді. Күледі. Тәтті әзіл айтады, Шешіле сӛйлеп, ауық-ауық
пианинода неше түрлі әнді тартып, оған әп-әдемі жұмсақ дауысын қосады. Полонезді
біраз жерге дейін ойнайды да, кенет қолы кібіртіктеп қала береді. Сол мезетте ол орнынан
тебірене ұшып тұрып: - «Айнаш, тәтті шай ішейікші»,- деп стол үстін қолымен сипалап
дастарқан қамына кіріседі. Мен лып етіп, әп-сәтте бәрін тындыра қоямын. Шай үстіндегі
әңгімеміз де сондай тәтті. Ол күн санап үй ішіндегі осы бір кішкентай қуаныштан, оны
шаттыққа бӛлеген жаз күлкіден ажарланып, ӛңіне оймақтай болса да қан жүгіріп, жадырап
сала берді.
Бір сенбіде Бейшен екеуміз «Тоқтоғұл» операсына бардық. Билетті партерден
алғанбыз. Бар зейініміз сахнада. Кенет оркестрдің шиыршық ата тулай жӛнелген екпінді
үні сап тына қалды да, жібектей сызылған нәзік әуен тамылжыды. Бір кезде құлағыма
еміс-еміс, күбір-күбір сӛз естілді. Тыңдап байқасам, әлгі сыбыс дәл кӛк желкемнен
шығады. «Ойын кӛрсетіліп жатқанда сӛйлесіп отырған кімдер болды екен?» деп бұрылып
қараудың да жӛні болмады. Сӛз үдеп барады.
- Қойшы енді, - дейді жігіт.
- Әй, мына қыз бізбен бірге оқиды, білдің бе? Отырысын қара ӛзінің, - деп қыз
сүйрендеп қояр емес.
- Иә, иә, - деп жігіт қысылып отыр.
- Бұл қыздың жігіті жоқ еді, мына кӛзілдіріктісі кім болды екен, ә? - дейді қыздың ерні
ерніне жұқпай.
- Ойпыр-ой… Қоя тұршы енді…- деп жігіт далболды.
- Ӛзі мүлде сызылып, жігітке жабысып қапты ғой,-дейді қыз әлі күңкілдеп.
- Тыңдайықшы мына арияны - дейді әбден пысыны қашқан жігіт.
- Әй, мынасы соқыр емес пе, ӛзі? Қараңғы жерде қара кӛзілдірік кие ме екен? Әлде бір
сәнқой сылқым ба? Шаяндай шаққан осы жексұрын сӛзді Сәбиға айтып отырғанын сезсем
де, оны естімегендей сыр білдірмеуге тырыстым. Ақыры болмады. Бейшен орнынан
тұрды да, мені шығар есікке қарай жетектей жӛнелді.
Біз үйге келгенде де кӛпке дейін тілге келе алмадық. Жаңағы бір қу ауыздың сӛзіне
ӛзегім ӛртенді. Не істерімді білмедім. Жатақханаға қайтайын десем, Бейшенді мына күйде
жалғыз тастауға қимадым.
Бейшен пианиноға отыра қалды да үйді теңселте қаһарлы бір ауыр аккортарды
дауылдатып әкетті. Ол тістеніп қанын ішіне тарта күрсінген сайын, менің ӛн бойым
мұздап тітіркеніп кетті. Бейшен аласұрып кара терге малшынды. Саусақтары
клавиштарды жанши басып, қуалап жоғары ӛрлей жӛнелгенде кәрі шың-кұз опырыла
құлағандай, дария шалкып, кӛк аспанда найзағай сынғандай. Әлденеден зәрем қалмайды.
Бейшен осы жолыкайтпайтын қайсар аккордтарды судай сапырып мағантым адуынды,
ашулы кӛрінді. Оны мына түрінде бейне бір қып-қызыл ӛрт ішінде жалынмен шарпысып
отырған-дай, не болмаса долы тасқынның қақ ортасында асау толқынмен арпалысып
жүргендей сезіндім. Ол осынша қаһарлы да екен-ау!Уһ!
- Сабыр етші, Бейшен…
- Жақсысыңдар-ау, адамдар!
- Ренжімеші. Бес саусақ тең емес қой. Ӛмірде бәрі бар! Жақсы да, жаман да!
- Орталарыңда жүргім-ақ келеді. Қайтейін…
Жабырқама, Бейшен. Қасыңдамын ғой. Менің бар ой-арманым, бақыт пен үмітім, қашан
да сенімен бірге емес пе?
- Қайран, тіршілік! Жарық дүние! Алтын Күн! Ла-ла гүлдер! Сағындым-ау бәріңді!
- Бейшен!
- Сен мені ешуақытта мұндай қасірет үстінде кӛрмеуге тиіссің, Айнаш. Сен әлі уызсың.
Гүлсің. Пәксің. Мӛп-мӛлдір армансың. Жарқыраған үміт жұлдызысың. Мен сені ӛзге түгіл
ӛзіме де қимаймын…Бұл түні де кӛз ілгеміз жоқ. Әрқайсымыз ӛз ойымызбен ӛзіміз әлек
боп, қай-қайдағыны ойлап, тағдырдың болашақ күндері біресе бұлыңғыр тартып, біресе
жарқырай қалып, кӛңілге не келіп, не кетпеді дейсіз.
* * *
Ертеңінде түстен кейін жатақханаға келдім. Бӛлмеде қыздардың бәрі түгел отыр екен.
Олар маған бір түрлі салқын амандасты. Мен пальтомды шешіп шифоньерге ілдім де үнсіз
келіп кереуетіме отырдым. -Немене, тӛсегінді танымай қалғансың ба, ӛзің? Бәрі аман.
Жастығың да, кӛрпең де бәрі орныңда. Тек сен ғана жоғалтқанымыз. Қане, Айнаш, айтшы
сен?
Қайда жүрсің? Сен үшін біз… - деп Сәбиға ауызы кӛпіре сӛйлеп келе жатып тұтығып
калды.
- Сен үшін біз ұятқа қалдық, - деп іліп әкетті басқа үш қыз.
- Мен не істеппін?
- Ӛзің айтшы? Бүгін неше күн, сен жоқ болғалы? Оның қажеті қанша? Қажеті бар.
- Дандайсыған екенсің, Айнаш,- деп Сәбиға тағысӛзге араласа кетті.
- Не болды, айтындаршы? - дедім мен ешнәрсе тү-сіне алмай. Осы сәтте бӛлмеге бір қыз
жүгіріп кірді де: - Келдіме, қыздарың? - деді.
- Келді… Қане, Айнаш, жүр… Қазір студсоветтің отырысы. Себебін сонда айтарсың.
Сені күтіп отырған-быз. Неменеге танданасын? Солай! - деді қыздардың бірі.Сӛйтіп, міне
мен кінәлі болып студсоветтің отырысында отырмын. Маған бәрі ызбарлана қарайды.
- Неге үндемейсің? Тілің байланып қалған ба? Істерін істеп алып, карашы енді
мелшиуін,- деп Сәбиға шапете түсті.
- Жә, жай сӛйлесуге болады ғой… Мәселе былай, Айнагүл… Вахтерлерден шағым
түсті. Он алтыншы бӛлменің қыздары түн ортасында есік қағып маза бермейтін болды деп
айып тағады… деді студсоветтің председателі.
- Осы…- деді тағы да Сәбиға қанжығаласа кетіп. Айт шынынды, жасырма. Жатақхана
тәртібін неге бұздың? Бізге неге ұят келтірдің? Бұл қыз атымызға нұқсан ғой,- деді
қыздардың бәрі жамырай сӛйлеп.Мен енді түсіндім. Не деп ақталам? Бәрі дұрыс. Кінә-
мен, Тәртіп бұзған да мен… Сәбиғаның сӛз бағдарына қарағанда шеннен шыққан да мен.
Кешіккенім рас, - дедім бәрін мойындап. Ал, неше рет далаға түнедің? - деді Сәбиға да
ӛші бардай қазбалап.
Оған да жауап бермекші едім, бірақ бұл қу тұяқтың сӛзіне шамданып қасарыстым да
қалдым. Отырғандар дағдарып, біріне-бірі сыбырлап, әбіржіді. Жігіттер жағы енді не
істейміз дегендей қыздарға қарады. Неге екені белгісіз, олардың бәрі шытынап отыр. Мені
бәрі жақтырмайды. Айнагүл, сен бӛлмеңе ұят келтіргеніңді сезесің бе ӛзің? - деді бізден
бір курс тӛмен оқитын тапал қара жігіт.
Бұл - масқара. Ӛлім. Осының кесірі екенін кӛріпотырсыңдар. Бұл қыз әлі «Ошағанға»
келеке болғанымызды кӛрген де жоқ, - деді Сәбиға кӛлгірсіп. Басқасы не кінә тақса кӛнер
ем, кешірер ем. Ал, мына Сәбиғаның салып отырған қиғылығына жыным келді. Кім
білсін, мұның зымиян екенін.
Біреуді қағытпаса жүре алмайтын ұрыншақ немелер аз ба? Бұл да соның бірі.
Шаужайлап жүргені сол… Осының-ақ ызасы ӛтті. Шыдай алмадым…
- Сен енді кӛп шошаңдама! - дедім Сәбиғаға тістене қарап. Әне, айттым ба? Мұны мен
білем… Сен әнеугүні…- Шығарма үніңді! Екі жүзді! Маған ақыл айтатын сен емессің! -
дедім тағы да оның сӛзін кесіп тастап. Ол қайта даурығып бой бермей кетті.
- Жә, жетеді енді. Айқаймен ешнәрсе бітпейді. Қане, Айнагүл, ӛзің айтшы…
Жатақханаға неге түнемей жүрсің, ә? - деді студсовет председателі айқай-шуды сап
тыйып.
- Оны айтпаймын!
- Оның қалай? Бәлкім, мына құрбыларыңа айтар.сың, ә?
- Айтпаймын!
- «Ошағанды» әкеліңдер, кӛрсін… деді студсовет.тің бір мүшесі.
Бір қыз шығып кетті де, сықақ газеті «Ошағанды»алып келді. Ол да бір желпеңдеген
неме екен:
- Кӛр! - деп оны мәз бола күліп, менің алдыма қоя салды. «Он алтыншы бӛлменің
кыздары шетінен жарқанат тәрізді, түнде селтеңдейді, оларда ұйқы да жоқ, тәртіп те жоқ.
Бұларға тек гипноз керек!» - деп газет қасқайтып-ақ жіберіпті. Ал, керек болса олардың
топшылауынша мен бір бұзылған адаммын… Солай… Мені кӛздерімен атып отырған
кӛпшілік осылай ойлайды. Оларды жеңем бе? Пәлі, кӛптің аты кӛп. Бәрі Бейшен үшін
болған іс екенін қайдан білсін.
- Не жаза болса да кӛтерем!
- Жатақханадан шығару керек,- деді біреуі танауының астынан күңк етіп.
- Сӛйту керек! - деп шіңкілдеді жаңа «Ошағанды» әкелген жеңілтек қыз.
- Жәй ғана шығармай, бәрімізді жерге қаратқаны үшін әбден масқаралап шығару керек.
Әдепті қыз түн ортасында босқа қаңғыра ма? Қайда болса сонда түнеп қала ма? Бұл қазір
бәрімізді жазғырып, бәрімізді албастыдай кӛріп отыр. Мейлі, бірақ біз - ақпыз. Түсінсе біз
оған достығымызды айттық…- деп жуып-шайды Сәбиға да. Сӛз шіркін сүйегімнен ӛтті.
- Байқаймын, Айнагүлдің құпия сақтап тұрған бірсыры бар… Әйтпесе, бұлай болуы
мүмкін емес. Тағы сӛйлесіндер. Біз осында Айнагүлді жатақханадан шығаруға
жиналғамыз жоқ қой. Адам тағдырына жеңіл қарауға болмайды. Бірге жататын
кұрбыларсындар, ӛздерің-ақ ортақ тіл таппайсындар ма? Бәлкім, Айнагүл бір киын
жағдайда жүрген болар. Жайлап ұғынысуға болар. Солай етейік,- деді студсовет
председателі.Салдарлы, байыпты жігіт екен. Сол ғана сезгендейменін жасырып тұрған
кұпиямды. Сонысына да рақмет…
Ӛзіммен бірге жататын кыздардын Сәбиғадан басқасы жақсы қыздар еді. Обалы нешік.
Олар тек мені түсіне алмай жүр. Бәрін аян етерлік хал де жоқ менде. Студсоветтің сол
күнгі отырысынан кейін бәріміз дүрдаразбыз. Сәбиға жок кезде бір-екі рет «не болса да
бәрін айтайыншы осы» деп оқталғаным бар. Бірақ, аналар жіби қоймады. Маған әлі
ӛкпелі. Мені маңайға жолатпады. Сесімді қайтарды. Тегі ӛздері сондай намысты қыздар
еді, «Ошағанға» шыққалы бері мүлде адам бетіне карай алмастай пүшәйман болып жүр.
Ол менің кабырғама батпайды дейсіз бе? Мен де мәз емеспін. «Ошағанды» қып, шегі ката
күлгендерді кӛргенде кұлағымды тас бекітіп коридордан безе кашам. Кейде ол аздай-ақ
ӛзінен ӛзі жұлқынған Сәбиға есікті ашып жіберіп: - «Ал, тыңдандар… Қандай тамаша…
Қандай абыройлы…» - деп тырсиып тұрып алады. Жұрттың әжуа күлкісі тағы да
жанымызға инедей қадалады. Шынында да бұл корлық болды. Әсіресе, тӛменгі
курстағылардан ұят. «Ошағанның» келесі номері шыққанша жұрт алдында бетіміз күйді.
Талай тентектер бар ғой, есік алдынан ӛтіп бара жатып «тәртіп қайда, қыздар?» деп
айғайлап ӛтеді. Қайтерсін, бұған.
* * *
Бейшенге барып жүріп тағы да кеш қайтатынымды қоя алмадым. Бір күні ойға кеттім
де, «ақыры енді аз уақытта институтты бітірем, бір пәтер жалдап жеке шықсам ба екен»
деп толқыдым. Олай етейін десем қыздарды қимаймын. Бір жағынан Бейшен де мені ӛзіне
магниттей тарта берді. Осылай-ақ жүре берейін десем тағы сӛзге қалам. Не істесем екен?
Қайтсем жӛн? Бір күні үзіліс арасында Айсалқынға басымдағы бар жағдайды тағы
айттым. Ол мені тыңдап болды да: - «былай, Айнаш, бүгін кешкі сағат жетіде курстың
жиналысы болатын тәрізді. Бұл соңғы жиналыс болар. Одан бейхабар екенсің ғой.
Біреулердің күңкілін де естіп қалдым. Ӛзіңді берік ұста. Болмашы нәрсеге жеңілтектік
жасап, түс шайысудың қажеті жоқ. Ашуға жеңдірме. Жұрт не демейді», - деді. Тағы не
боп қалды? Әлі баяғы кінәм ба? Осыны қоймай ушықтырып жүрген кім болды екен?
Мейлі… Бір айналдырғанды осылай шыр айналдырса кӛрдім бәрін. Кешінде жиналыс та
басталды. Ойлар да, сындар да айтылып жатыр. Анда-санда Сәбиғаға қарап қоям. Осы
шошақай тыныш отырса екен, баяғыны тағы жаңғыртпаса екен деп тілеймін. Айсалқын да
соған қарап қояды. Кенет ол қолын кӛтерді. О, қуарған неме, әне, түсі суып орнынан
қиқаң етіп түрегелді. Қафедраға шықты. Мырс етіп бір күліп алды да, жыпылықтаған
кӛзін сығырайта, ойланған жанша керіліп біраз тұрды.
- Мұндайда не деуге болады? Сӛзі құрғыр да аузыма түспей… Тегі… сыйластықтың
ӛзі… иә… иә… кӛпшілдік дегеніңіздің ӛзі… түу… менің айтайын дегенім мүлде
басқаша… Жоқ… жоқ… Жаңағы айтқанымдай… Біздің арамызда кейбір қыздар…- деп
Сәбиға берекесі қашқан шолақ кекілін үріп жіберді. Артта отырған біреулер: - Сәбиға, сен
жұрттың уақытын алма. Сабаққа дайындалуымыз керек. Сӛйлейсің бе, сӛйле. Сӛйлемесең
кафедраны босат,- деп тоқ етерін бір-ақ айтты.
- Тыңдамасаң шығып кет! - деп шап ете қалды, Сәбиға.
- Енді айтсаңшы айтарыңды… Осында еріккеннен жиналдық па?
- Айтсам мен ашығын айтам. Осы сендер ғой Айнагүлге жік-жаппар болып… Әнеукүні
ол не істеді? Білесіңдер ме? Кӛбің білмейсіңдер. Ол жаман жолға түскен. Мен рас айтам…
Ол… ол… жігітпен жүрген…Отырғандар ду күліп жіберді. Айсалқын: - Шыда,
Айнаш. Сабыр, - деді. Жігіттердің бірі:
- Сенің бұл сӛзің құр далбаса, Сәбиға. Сен босқа шаптығып біреуге тіл тигізбе, білдің
бе? Айнагүлде нең бар сенің? Білеміз кімнің кім екенін…- деді.
- Білесің сен. Қайда болса сонда лағып жүріп, түн ортасында есік қағу… вахтердің
мазасын алу… тағы қонып қалу… бәріміз де қызбыз ғой. Ол қыз балаға келіспейтін
нәрсе…- деп бір тоқтады, ӛз сӛзіне ӛзі риза болған Сәбиға.
Шіркіннің кӛкуін қарашы. Ӛзі түйсік атаулыдан мүлде құралақан екен ғой.
Данышпансуын… Сессия сайын «ӛлдім алламен әупірімдеп» шығатын неменің қара, енді
жӛн-жоба айтуын.
- Бұл қыз… Бізді тағы ұятқа қалдырды… Нанбасаңдар біздің бӛлменің қыздары
айтсын,- деді ол қызарақтап. Үш қыз қатар отыр екен. Бәрі үндей алмады. Осы кезде
Айсалқын:
- Сәбиға, енді сӛз кезегін маған бер, деді.
- Иә, менің сӛзім бітті…- деп Сәбиға қолын ербеңдете келіп орнына отырды.
- Рас, Сәбиға. Жатақханадағы ыңғайсыз істі ақтамаймын. Бірақ… сен ӛзің не
сӛйлегеніңді білесің бе? Ӛз жолдасыңды жазықсыз тілдегеніңе жӛн болсын? Жоқ,
жолдастар. Біз бір-бірімізге Сәбиғаша қарасақ адамгершілік туралы әңгіменің қажеті де
жоқ… Білем, сенің досың екенін, Біле білсең Айнаш сенің де досың! Тек сен оның жан
сырына тереңірек үңіліп қарашы.
- Сәбиға, тоқта енді, Айсалқын сӛйлесін…
Айсалқын аз сӛзбен, ойлы сӛзбен менің жайымды толық аян етті. Сӛзіңді біреу сӛйлесе
аузың қышып бара ма. Ішімнен Айсалқынға шексіз алғысымды жаудырып отырмын. Не
болса да бәрі белгілі болды. Енді ешкім басымды қатырмас. Біреудің біреуде несі бар.
Іште бүркемелей бергенше құрбыларымның да білгені абзал. Менің қандай күйде
жүргенімді енді түсінген олар біразға дейін үнсіз қалды. Айсалқын келіп орнына отырған
соң да әсіресе, ӛзіммен бірге жататын қыздардың ұнжырғасы түсіп, бастарын кӛтере
алмады.
Жиналыс біткен соң Айсалқынның үйіне келе жатып одан: - жиналыстың күн
тәртібіндегі мәселелер қайда қалды? - дедім.
Айсалқын мырс етті.
- Күн тәртібінде адамгершілік тұрған жоқ па?!
Мен ойланып қалдым. Ол маған осы қысқа жауабымен де ойлы сӛз тастағандай. Сол
түні тағы да біз кӛпке дейін сырласып жаттық. Бұл жолы Айсалқын ашыла сӛйледі.
Шамасы менің не ойда жүргенімді білгісі келді-ау деймін.
- Сен осы Бейшеннің соқырлығын қалайша сезбей жүрдің? Жүріс-тұрысынан,
қимылынан, үйдегі ұсақ тірлігінен ешнәрсе аңғармадың ба?
- Білмеймін ӛзім де… Ол мені кереуетінің үстінде отырып қарсы алатын. Кейде
түрегеп тұратын. Бірақ мен кеткенше сол орнынан тапжылмайтын.
- Қалайша? Сенде ешқандай күдік болмады ма?
- Неменеге күдіктенем. Кӛзі ӛз кӛзіңдей жайнап-ақ тұр. Амбулаториялық
карточкесіндегі соқыр деген сӛзді кейін оқыдым… Жылап отырып оқыдым…
- Карточкесімен дұрыстап таныспадың ба?
- О, ол дәрігердің басты міндеті ғой. Бірақ, мен сол бір аянышты сӛзді кӛрмеппін.
Есілдертім оның диагнозында болды…
- Сен Бейшенді шын сүйесің бе?
- Немене, күдіктенесің бе?
Жоқ. Тегі дегенім ғой… Сен оны сүймейсің. Бірде олай, бірде бұлай толқымалы адамды
түсіну оңай емес. Сенің жүрегіңдегі әншейін жастықтың лап еткен жалыны…
-Ал, менің орнымда ӛзің болсаң, қайтер едің?
- Жүрегім не айтса, соны істер ем!
- Жүректің жарға соғар албырттығы ше? Ӛзің айтқан лаулаған жалыны ше?
- Ақыл деген қасиетті нәрсе бар емес пе, Айнаш? Ол адамға не үшін берілді? Қуаныш та,
қайғы да ақылдан аспауы керек!
Осы сӛзге тірелген екеуіміз бір-бірімізге ұзақ қарастық. Түйісер ойдың түйіні
табылғандай.
- Ӛзі жалғыз білем, Айнаш. Әке, шешесі бар ма?
- Ол әке-шешеден тым ерте айрылған.
Бейшен дүние есігін кӛзін тарс жұмған күйі жанарсыз, шырақсыз, жарық-сәулесіз келіп
ашқан… Балалар үйі… Пансион… Музыкалық училище… Қонсерватория…міне, Бейшен
жүрген жол осы… Кей күндері ол тӛс қалтасынан сарғыш тартқан екі суретті алады да,
саусағымен ұзақ сипап отырады… Оның - бірі әкесі, бірі - анасы… Байқаймын, соларды
сағынып қатты қамығады…Жып-жылтыр, теп-тегіс суретте ең болмаса әкесі мен
анасының кескін-келбетінің бедері болсайшы, сипалағанда біліп отыратын… Ӛзінің
толқын шашты әкесінен аумай калғанын кӛрер ме еді, шіркін… Анасының да жылы
жүзін… Кейде кӛзіме еріксіз жас келеді, Айсалқын… Мен де жалғызбын ғой… Әкем
соғыстан оралмады, шешем айы-күні біткен шақта мәңгілікке кӛз жұмды. Бейшен
екеуміздің тағдырымыз тым ұксас… Біз бір-бірімізге сүйеу, демеу болу үшін табысқан
тәріздіміз… Жаратылыс та солай жаратқан!
- Ол сені сүйе ме? Сен оны анық сезесің бе?
- Сүйеді. Мені нәрестедей еркелетеді. Ал, ол… кейде мені ӛзіне тым етене қылғысы да
келмейді. Не әрі кеті жоқ, не ӛзіне жақындатпайды. Мұндай шақтарда долданып жылап
жібере жаздаймын…
Қурай басын сындыруға дәрмені жоқ, кӛзі бар талай жігіттер жүр ғой ӛмірде. Соның
кӛбінен Бейшен биік! Оның кӛзі кӛңілінде! Тіршілікке ғашық ыстық жүрегінде! Сезімтал
асыл жанында!
Осы әңгімеден соң мен Айсалқынға жеке пәтер жалдап шығам деген ойымды
жасырғам жоқ. Онсыз мүмкін емес. Бейшеннің қасында болуым керек. Аз да болса себім
тиер оған. Ол куанышты болар еді. Айсалқын бұл ойымды мақұл кӛрді.
***
Сӛйтіп, пәтерге де шықтым. Қолайлы үй болып сәтті табылды. Дәл поликлиниканың
қасы. Қысқы сессияны да ойдағыдай тапсырдым. Енді маңдайдың ащы терін жақсылап
тұрып бір сықсақ, ӛмірге де жолдама аламыз.
Шүкір, Бейшеннің халі де жақсарып келеді. Денесіне жайылған сары таптың беті қайта
бастады. Ӛтіндегі аскындырғыш лейкоциттер де кұрыды. Тәбеті де жақсы. Ӛне бойы ұйып
ауыратын бауыры да онша мазаламайды. Кӛңіл күйі де хош болып жүр. Мен де қуанам
осыған!
Қысқы каникулға шығысымен Ленинградқа жүруіміз керек болды. Студенттердің
ғылыми конференциясында жасайтын баяндамамды мұқият бір рет қарап шықтым.
Профессордан ақыл-кеңес алдым. Лезде сапарға дайындалдық. Сол күні жүгіріп отырып
Бейшенге бардым. Жол жүретінімді айттым. Алғашында ол қуанғандай кӛрініп еді, бірақ
оның бір түрлі толқып отырғанын байқадым.
- Әлде бармай-ақ қойсам ба екен? - дедім Бейшеннің мені қия алмай отырғанын аңдап.
- Неге… неге? Барғаның жӛн… Ел кӛресің, жер кӛресің… Тақырыбың жайлы
баяндама жасайсың… Ленинград! Қасиетті қала ғой… Оны да кӛрген жақсы, Айнаш…
- Ендеше неге әбіржи қалдың, Бейшен? - дедім мен оның жанына жақынырақ отырып.
Ол жауап қатпады.
- Әлде біржола кетеді деп қорқасың ба? – дедім ӛзім де осы сӛзді калай айтып
қалғанымды аңғармай. Бейшенде үн жоқ. Енді байқадым, ол қолындағы дирижерлық
таяқшаны бырт-бырт сындырып, құшырлана майдалап отыр. Тілімді қыршып алдым.
- Мұның не, Бейшен,- дедім шошып кетіп.
- А? А? - деп Бейшен де сасқалақтап, ӛзінің не істеп қойғанын енді сезді. Қызарып кетті.
- Кешір, Айнаш… Кешір… Әншейін…
- Қалай? Бүгін мазаң жоқ қой, ә? Бауырың ауырып отыр ма? Азырақ жатып дем алшы.
- Жоқ… жоқ… Айнаш, жақсымын.
- Поездан түсісімен тура ӛзіңе келем, Бейшен! - дедім кӛзіме еріксіз ыстық жас үйіріліп.
- Мен вокзалдан күтем! - деді Бейшен. Осыдан кейін сәл үндемей отырдық. Айтар сӛздің
бәрін айтып тастағандаймыз. Басқа не бар енді?
- Емді дәрігер апай ӛзі жүргізе береді.
- Ол кісі жаңа ғана келіп кетті.
- Иә, не айтты?
- Осы екі-үш күнде емді тоқтатады. Қазір ӛте жақсымын. Енді курортқа дайындық
жасауым керек… Ессентукиге барсам ба деймін. Оған дейін ӛзің де келесің, Айнаш.
- Ӛте орынды… Солай еткен жақсы,- деп оның бұл ойын бар ықыласыммен қоштадым.
Менің енді кетуге ыңғайланғанымды сезген Бейшен - Вокзалға мен де барам! - деп
орнынан тұра сала пальтосын кие бастады. Мен не дерімді білмедім. Ол барды да
этажерканың артынан әсем ӛрнекпен бунақталған қызыл қоңыр таяқ алды. Кӛзілдірігін
түзеп қойып, ойына әлде не түскендей ойланып қалды.
- Бейшен!
- Ӛзім шығарып салам!
- Ӛзім-ақ кете берейінші.
- Олай деме… Үмітті жолға бара жатырсың. Ақ ниетті біреудің де шығарып салғаны
жақсы ғой.
Ал, бұған не дерсің? Тілегін қалай ғана кесіп тастарсың? Маған оның тіпті үйге аман-
есен оралғаны да мұң болып тұрған жоқ па? Ӛзім-ақ кетер ем ғой. Қараңызшы қиылуын.
Оған енді үйде отыра берсеңші деудің ӛзі де ауыр тиеді. Ол осы сӛзді естісе мүлде
қалжырап, қапаланады.
- Білем… Сезем… Айнаш… Кеш те батып қалған болар… Сен ӛне бойы есіркейсің
мені… Жеті түнде вокзалдан үйге жалғыз ӛзі қалай қайтады деп-ақ тұрсың. Маған бәрібір
күндізің қайсы, түнің қайсы… Енді мені кӛп қинама. Қане, жүрейік! Сапарға кӛңілді
аттанған жақсы.
Перрон басында Бейшенмен қимай қоштасып жатып поездың ақырып жіберіп, жылжи
жӛнелгенін де білмей қалдым. Жалма-жан поезбен жарыса жүгіріп бір вагонның
табалдырығына аяғымды зорға іліктірдім. Қолымды Бейшенге бұлғап барам. Перронда
жұрт сейіліп, жӛн-жӛніне тарап жатыр. Бірақ, жалғыз Бейшен ғана тас бағанадай
қарауытып, қолын бұлғаған күйі сол орнында кӛзден таса болғанша тұра берді, тұра берді.
***
Уақыт та бір ескен жел. Тоқтар ма, қайырылар ма, бір сәтке. Ӛз арнасымен, ӛз
ағысымен зымырайды да жатады. Осы Ленинградқа келгенше поезд үстінде Бейшенді
ойлап, оның жаны сүйген полонезін азаппен есіме түсіріп, іштей оның әндерін қайталап
жатып ӛзімді бейнебір қайырылмайтын ұзақ сапарға шыққандай сезініп ем. Ленинградта
ӛтер сегіз күн маған сегіз жылдай кӛрінген. Міне, енді уақыт шіркіннің қалай ӛтіп кеткені
де белгісіз.
Конференция бір апта ішінде бітті де, қалған екі күнді қаланың тарихи
ескерткіштерімен, мәдени орындарымен танысуға арнадық.
Соңғы күні түстен кейін мен жетекшімізден рұқсат сұрадым да, кітап дүкендерін
аралап кеттім. Бейшеннің сүйікті полонезін іздеп келем. Бір сәтке жадымнан шықты ма
осы полонез? Жо-жоқ. Оны мен іштей әндетіп келемін. Бұл ӛзі жібек самалдай… Май
айындағы алтын күннің шуағындай… тағы… сімірсең шӛл қандырған тас бұлақ
суындай… Тағы… шӛп басында мӛлтілдеген таңғы шықтай… Әлде саз беріп арайлана
атып келе жатқан ару таңдай… Иә… Иә… ол ӛзі бір ғажап, ӛмірге мәңгі бақи аһ ұрғыза
аңсатып қойған шегі жоқ уыз сағыныш, не жабырқатар мұң тәрізді керемет полонез екен-
ау. Зердеме нәр болып енді ғана құйылғандай. Бейшеннің оған деген ынтық кӛңілін,
сусаған жанын енді білдім. Ленинтрадтан аттанар сағат тақалған сайын қатты сасайын
дедім. Полонез әлі табылған жоқ. Автобусқа мінем, репродуктордан полонездің
тамылжыған әуенін естимін. Жаяу жүгіріп келем, бульварда отырған жас жігіт ысқырып
полонезді құйқылжытады. Таксиге мінем, шоферім әндетеді полонезді. Тағы жаяу кетем…
Филармонияның тұсынан ӛтем, оның кең де ашық терезелерінен осы полонез…
Огинскийдің полонезі ауаға жайылып жатады. Қайтадан таксиге отырам, репродукторда
полонездің сазды әуені тӛгіліп тұр… Ал, қайда? Қайда, енді сол полонез? Неге жоқ?
Шынымен табылмағаны ма? Ол мүмкін емес қой… О, ол Бейшенге сонша қымбат еді
ғой… Енді не болмақшы, полонезсіз?
Ағып келе жатқан таксидің дӛңгелегі кенет шиқ етіп тоқтай қалды. Маңдайымды
терезеге қатты соғып алдым. Не болғанын білмей маңдайымды сипалап шофер жігітке
қарап ем: - Кешір, қарындас. Байқамай қалдым… Кешір… Жарақаттанған жоқсың ба?
Мына бір дүкеннен ӛтіп барады екенбіз. Мүмкін, осыдан табарсың… Мен күте тұрайын.
Кіріп шыға ғой…- деді ол ыңғайсызданып.
Кішкентай ғана дүкен екен. Алды теңселген жұрт. Толассыз кіріп-шығып жатыр. Мен
дүкеннің алдына келе беріп ем, қолтығына қысқан қалың-қалың кітаптары бар секпіл бетті
орыс жігіті мені еріксіз тоқтатты. Кітап бетін саусағының ұшымен сипалайды да ысқырып
қояды. Мен оған біреу итергендей таңдана жақындай түстім. Тыңдап тұрмын. Танып
тұрмын. Жаным елжіреп сүйсініп тұрмын. Полонез! Ол Бейшен тәрізді жымиып тұр.
Енді байқасам, біреулер оған күліп барады… Әне…Әне… мына жігітті ұйып тыңдап, бес-
алты егде кісілер де тұр. Біреуі маған: - Тсс! - дегендей қолын кӛтеріп ишарат білдірді.
Біреуі мені қасына шақырды. Мен оларға жақын келіп: - Бұл кім? - дедім ымдап сұрап.-
Музыкант! - деді олар да сыбырлап.
Кӛз алдымда Бейшен тұрғандай. Полонезді сол әндеткендей. Япырау, есімді
тандырған не құдірет, бұл?
- Әттең, соқыр. Есіл азамат-ай? - деді біреуі.
- Соқыр? Жоқ, ол соқыр емес! Олай қорлама. Талайымыздан осының кӛзі ашық! -- деп
тыйып тастады екінші біреуі.
Мен шыдай алмадым. Кӛзімді тарс жұмып ішке кіріп кеттім. О, тоба? Рас па, ӛтірік
пе? Полонез! Мен іздеген полонез осы ма? Жоқ, әлде тағы да шатасып тұрмын ба? Бірақ…
мынау… мынау… баяғыдан ӛзгеше ғой. Жаңағы жігіттің қолындағы қоңыр мұқабалы
кітапқа ұқсайды. Иә… иә… сол… Соның дәл ӛзі… Ендеше - бұл полонез!
- Маған полонезді беріңізші,- дедім дүкеншіге алдымдағы адамдарды кимелей
ұмтылып.
Қолыма полонез тигенде оның бетін ашып, таң-тамаша болып тұрып қалыппын. Қай
бетін ашсам да, жазу жоқ. Аппақ. Беті тесік-тесік қаптаған бедер…
- Немене, полонезге ұқсамай ма? - деді дүкенші маған күле қадалып.
- Жоқ! жоқ! Ғапу етіңіз. Рақмет сізге.
Ең соңғысы. Екеу ғана қалып еді, біреуін жаңа ғана алып кетті. Тамаша полонез! Еһe,
солай…
- Жақсы… жақсы… Рақмет!
Адам қуанғанда да жүрегі аузына тығылып үні шықпай қалады екен. Полонезді
кӛкірегіме қысқан күйі таксиге келіп отырдым…
…Бейшен… Әне… әне… Бейшен… Жақынын күткен жандардың арасында сол баяғы
менімен қоштасқан жерде, иә… иә… дәл жалғыз ӛскен бала қайыңның қасында тұр. Міне,
пыс-пыс етіп поезд да вокзалдың алдына жылжып жақындап келеді. Қолына кішкене сары
жалауша ұстаған кондуктордың кӛк желкесінде тұр едім, вагон Бейшеннің тұсынан ӛте
бергенде: - Бейшен! - деп айқайлап жібердім. Ол менің шаңқ ете қалған дауысымды естіп
қалып апыл-құпыл вагонды қуалай тұра жүгірді. «Ойпырай Ойпырай… О, жасаған… Түу,
Бейшен-ай, неменеге жүгірдің… Енді… қап»… Кӛзім қарауытып, басым айналып кетті.
Мен кондукторды кимелеп секірмек болып жанталаса қимылдап ем: - Немене? Есің дұрыс
па ӛзіңнің? Поезд тоқтамай жатып… Сен мертіксең кім жауап береді, ә? Мен - жауап
берем. Бес-алты баламның кӛз жасына қалмай әрі тұр… әрі. Қарашы ӛзінің… Сайтан…-
деп жирен мұртты шегір кӛз кондуктор бұлқан-талқан болып мені жібермей қойды. Поезд
вокзалдың алдынан алысырақ барып тоқтады. Түсе сала ал жүгір. Біреулер мені тоқтатып,
құшақтап қолымнан ұстай алғандай болды. Бірақ мен ешнәрсені сезбедім. Тоқтамадым.
Талай кісіге соқтығып, кӛтерген заттарын да қағып кетіп жатырмын… Әне, Бейшен
келеді! Бейшен!
- Бейшен!
- Айнагүл!
- Мұның қалай, Бейшен, ә? Неге жүгірдің? Түу…
-Айнаш! Келдің бе?
- Айнаш!
Жалт қарасам, Айсалқын. Оны да құшақтай алдым. Сағынып қалыппын.
- Жаңа неге қолымды қағып жібердің? Тағы да ӛзің телеграмма бересің…
- Қашан қақтым?
- Тап жаңа…
- Қойшы… Қай жерде? Неге қақтым?
- Жарайды… жарайды… Айнаш… Мына кісімен таныстырмайсың ба? Бейшен мен
Айсалқын ойда жоқта осылай танысты.
***
Әлі есімде. Мен Бейшеннің сұқ қолын полонездің нотасына дәл басқанымда сол
мезетте оның жүзі нұрланып, кітаптың бұжыр-бұжыр бетін сипалай жӛнелді. Сүйреңдеген
саусағы жедел жүрген сайын ол біресе ыңылдап, біресе әндетіп, тіпті ысқырып та жіберді.
Сонан соң Бейшен кітаптың бірінші бетін қолымен сипап кӛрді де: - Ленинград! - деп
таңданып ұзақ уақыт ләм-мим деместен отыра берді. Әлде ол: «Бұл қалай? Шындап
келгенде мүлде ажырағысыз күйге түскенбіз бе? Іздеген жоғымды табатын аяулы кімім
бар еді? Кімім?» деген ой үстінде отыр ма, кім білсін. Ойсыз жүр ғой дейсің бе? Сенім мен
күдік діңкесін құртты ғой әбден.
- Рақмет, Айнаш! - деді ол сол ойға шомған күйі. Ол ауыр күрсінді де, орнынан тұрып
пианиноға отырды. Полонездің алғашқы ноталарын сыдырта бір сипап ӛтті де, жеп-жеңіл
майда үнді аккордтарды желдірте, серпілте ойнап кетті. Басын анда-санда әнтек кӛтеріп
тастағанда сұйықтау бұйра шашы толқындай шайқалып, қара кӛзілдірігі қайта-қайта
тӛмен сырғи берді.
- Айнаш, ұстап отыршы мынаны.
Мен полонездің нотасын ұстап отырмын. Ол енді оның бетін сол қолының
саусақтарымен сипап, оң қолымен клавиштарды еркін басып теңселіп барады. Үн
шығарып, әуен тӛгіп жатқан клавиштар емес, Бейшеннің саусақтары!
Сол күні біз ӛстіп кешке дейін отырдық. Менде ештеңе дегем жоқ. Ол полонезді
қатты-ақ сағыныпты. Не айтарсың оған, полонезді ӛте жақсы кӛреді. Әйтпесе, ол шала
бүлініп полонезді жоктай ма, оның сол халін сезбесем, түсінбесем мен де полонезді
осынша шарқ ұрып іздеймін бе? Адам кӛңілінің кейде тыныш таптырмайтын, маза
бермейтін осындай ең қымбат, ең асыл, тәтті қалауы болатын кӛрінеді.
Кешке мен от жақтым. Шай қайнаттым. Бейшен полонездің ноталарына шүйіліп
ӛзімен-ӛзі әлек. Шай үстінде де ол сол бір әуеннің құшағынан шыға алмады. Мен де
Ленинградтан кӛрген-білгенімді айтып жатырмын. Байқаймын, Бейшеннің кұлағы менде
де, кӛңілі полонезде. Бірақ, шайды құмарлана ішіп отыр. Мен енді оның ойын бӛлмейін
деп әңгімемді тоғара қойып ем ол маған: -Айнаш… мына пианиноны… полонезді жауып
қойшы…деді.
Стол үстінде жатқан кітапты алдым да, оны этажеркаға қойып, пианиноның қақпағын
жаптым.
- Жақсы болды, енді… Әйтпесе…
- Немене, әйтпесе?
- Мен полонездің нотасын кӛріп отырмын!
- Қойшы! -- деп тандандым мен.
- Нанбайсың ба? Кӛріп отырмын… Басқа да сәл демалыс керек қой… Тынығайын…
Және мына пианино да сайрап… Осының бәрі сенің әңгіменді шорт үзді, Айнаш… Ғапу
ет… құлағым сенде… Айта бер, енді…
- Не айтам, Бейшен? Бәрін айттым.
- Иә, бәрін айттың. Ӛкпелеген жоқсың ба?
- Неге, Бейшен?
- Музыкант жаны қиын жан. Мінезі де аумалы-тӛкпелі. Кейде ол жауар бұлттай түнереді,
кейде оның дарқан кӛңілі кӛрікті кӛктемдей. Бірде ол кінәмшіл. Жас баладай ӛкпелегіш.
Сондай нәзік, осал. Ол қатал да. Қаһарына жолықсаң тас болып қатады да қалады. Сонда
жібітіп кӛр оны. Ол жадырап тасып кетсе оның куанышын арналы дария деп біл… Еhe,
Айнаш-ай, мен саған ӛйтіп-бүйтіп ӛз басымның күйін шертіп отырмын ғой. Жӛнсіз
кететін жерім кӛп-ақ…
- Оны айтпа, Бейшен.
Мен әңгімені басқа арнаға қарай бұрдым. Оған бүгінгі шыққан газеттердегі ӛлеңдерді
оқып бердім. Ол ұйып тыңдады. Кейбіреуін қайта оқытты. Тәуір-ау деген ӛлеңдерді
оқығанымда ол маған ӛзгеше бір бейтаныс әуенмен қосылып отырды.
- Айтпақшы, бағанадан бері есімде болмапты-ау, мен енді екі күннен соң Ессентукиге
жүрем. Билет қалтада. Самолетпен ұшам,- деді Бейшен?
- Қалайша тез?
- Жолдастар кӛмектесті. Әуелі курортта болам…
- Айсалқынның тойына үлгіреді екенсің ғой…
Жоқ. Қурорттан соң Қара теңіз жағалауына барам. Дәрігерлер солай ақыл қосты.
Бәлкім, шипалы болар… Айсалқынның тойында бола алмайтыныма ӛзім де ӛкінем.
Бірақ… Солай…
- Қап.
-Бәрі уақытқа байланысты. Мүмкін, келіп те қалармын. Жол кесуге болмайды ғой, -
деді ол менің самай шашымды ширата ұстап.
- Кӛп-кӛп хат жазасың ба, Бейшен? - дедім мен оның ыстық алақанына жаным сүйсініп.
- Әлбетте! -- деді Бейшен менің мұрнымның ұшын сұқ қолымен басып қойып.
- Мен де жазам. Күн сайын жазам!
- Сен осы анада қапаланған жоқсың ба, Айнаш?
- Неменеге?
- Полонездің нотасын алғаш әкелген күнің есіңде ме?
- Есімде, Бейшен… Ол туралы да айтпа. Енді сен ылғи екеуімізге кӛңілді әңгімелер айт,
мақұл ма?
Бейшен әндетті! Оның ыңылдаған сырлы үні ә дегеннен жүрегімді шымырлата
бастады. Ол солай ыңылдай берді. Ән әуені бірте-бірте шарықтай кӛтеріліп кеткенде
Бейшен де орнынан атып тұрып, пианиноға жетіп барды. Клавиштарды жайлап қана
басып, әлі сӛзі жоқ әніне сүйемел жасады. Бейшеннің даусы осы жолы маған сондай
ашық, ӛткір, әрі сондай таза естілді. Оған шабыт келді. Шабытпен қоса оның ӛңіне қан да
жүгірді. Оның жүзі нарттай жанып, жайнап барады.
Мейлі. Жүректе бір от жанғаны анық. Сол отты Бейшеннің мына әні желпіп
тұрғандай. Ӛз тағдырымды, ӛз бағымды қанша сынасам да егер махаббат деген осы болса,
онда… онда тұңғыш махаббатымды тек Бейшеннің аяулы да шуағы мол жаны аялай
алатындай. Бар ар-ожданым осы махаббатыңа берік бол дегендей. Оны кӛзіңнің
қарашығындай қорғап, оның мӛлдір тұнығын лайлама, кіршік-кірбің жұқтырма дегендей.
Осыдан тайсаң ӛміріңнің ақтық секундына дейін қасірет шегесің дегендей.
Жұрт не десе, о десін, мен Бейшенді сүйдім. Одан жалт бұрылып тайсалақтаған жалтақ
жүректі тіліп-тіліп тастауға бекіндім. Мен оның әні мен жанын сүйдім. Қашан да ӛзіне әл-
қуат беретін полонезді сүйдім. Оның тіршілік деп соққан ізгіліктен жаралған жүрегін
сүйдім!
Бейшеннің мына бір әні тек маған арналғандай. Маған ғана сыр шерткендей. Мен бұл
әнге құмармын! Ынтықпын! Бейшеннің арманы бұл… Бәрін сезем. Осының ӛзіне мәзбін.
Мен оған елтіп, еріп отырмын. Бір-бірімізге сүйеніп, бір ағаштың егіз бұтағындай болып
ӛмір арнасын бірге кешсек, бізде одан артық тілек бар ма? Бейшеннің әні соны кӛксеп
тұрған жоқ па? Бәрі солай болса, бәрі сәтті болса біз кімнен кем болар ек? Бейшеннің бұл
әнінде күннің шұғылалы нұры бар… Мұнда ӛршіл жүректің тынысы, тынымсыз
талпынысы, мұң мен шері, жарқ еткен уытты күлкісі… тағы… тағы… немене… иә,
сарғайтқан сағынышы… күнделікті кейістігі… Бәрінен бұрын…осының бәрін де жеңетін
бір құдіретті үміті бар. Бейшенді ӛлтірмейтін де осы үміт! Оны орға жықпаған да, отқа
суға түсірмеген де осы үміт! Екеумізді бір-бірімізден ажыратпай, бір-бірімізді есіркетіп
қойған да осы үміт!
Бейшеннің әнінде наз бар. Жастықтың уыз сыры бар. Онда тулаған қызулы қан бар,
ер жеткен есті кӛңілдің тап-таза ары бар. Түсінем, толғап бір кеткен осы бір әнінде мені
бір қуантып, бір жасытқан Бейшеннің ауыр халі де бар. Қайран, Бейшен! Тірі пенде
тағдырдың осындай тәлкегіне қыя ма сені?
***
Бір кешке Бейшен екеуміз Айсалқынның үйінде қонақта болдық. Үйде пәлендей
бӛгде кісілер жоқ екен. Тек болашақ күйеу бала - Айдархан бар.
Мұқыш ағай томырық, үндемейтін, морт мінез кісі еді. Бүгін мүлде ашық жарқын отыр.
- Айнаш, мен саған ӛкпелімін, - деп ол маған қуақылана қадала қалды.
- Неге, ағай?
- Айсалқын екеуің Бейшенді баяғыда ертіп келіп таныстыратын адамсыңдар ғой…
- Ә, оныңыз жӛн, ағай. Айыптымыз…
Мен былайша Бейшенді сендерден аз білмеймін… Ӛзін енді кӛріп отырмын. Әндері
маған бұрыннан таныс. Осы ӛткен жазда Қаратау жақтағы елімізге барғанымда біраз
пластинка ала барып ем. Соның ішінде Бейшеннің де әндері бар болатын. Апама сол әндер
қатты ұнап еді… Жақсы. Міне, енді жүз кӛрісіп те отырмыз.
Күйеу баланы да әбден зарықтырып кӛрсетті ғой, бұлар, - деп жалғыз алтын тісін
жарқырата, жайсаң күлкісіне басып жеңгей де шықты бір жақтан.
Кӛзімнің астымен Айдарханға қараймын. Былайда барынша елгезек, аңқылдап жүретін
жігіт енді қызарып, ӛзінен-ӛзі қысылып отыр. Айсалқын күліп: - Ана байғұс сызылып
әбден ӛлетін болды. Әңгімеге араластырсаңшы,- деп маған сыбыр етті.
- Бұл бір сәтті бас қосу болды. Ән айтып отырайық. Ӛзім де қара жаяу емеспін, - деп
Мұқыш ағай жымиып орнынан тұрды да, тӛрде ілулі тұрған кӛне қомузды алды.
- Айдархан жақсы тартады, ағай,- деп таңдайым тақ ете қалды.
- Солай ма?
- Жо-жоқ. Айнаш ойнап айтады… Мен онша…- деп Айдархан қозғалақтап одан сайын
қызара түсті. Мен оған қарағам жоқ, Мұқыш ағайдың қолындағы қомузды алып
Айдарханға бердім.
- Мен тегі Бейшен отырғанда…
- Қане, Айдархан, тартып жібер… Қысылма,- деді. Бейшен оған жақсы бір ілтипат
кӛрсетіп.
Айдархан жайлап қомуздың құлақ күйін келтіре бастады.
- Үні неткен таза! - деді Бейшен сәл еңкейіп қомузға құлағын тосып.
- Шешен екен! - деді Айдархан да.
Сыңғыр қаққан үш шек ә дегеннен Айдарханды желпінтіп, бара-бара серпілтіп,
ойнақшытып әкетті. Жаңа ғана монтиып отырған қысық кӛз, жалпақ бетті, тапал
қырғызыңыз енді мүлде ширап, жайнап барады. Басы ойнақы басталған күй ырғағы
шырқау шыңына жеткенше сол қалпынан жазбай бұлбұлдай сайрап тұрып алды. Қомуз
бебеу қақты, қомуз безілдеді, қомузды шерткен Айдархан да ӛзінің бәз баяғы жайдары
күйіне келді. Бейшен толғаулы ой үстінде оған бар пейілін сала зейін қойған. Біздің
бәрімізді мына күй тырп еткізбей буып тастағандай. Айдарханның алаулаған қызыл
шырайлы жүзіне шып-шып тер шықты. Оның перне басқан саусағы тӛменгі сағаға бір-ақ
секіргенде жаңағы ӛткір де уытты әуен күрт бәсеңдеп алыстап-алыстап, болар-болмас
талып естіліп, бірте-бірте үні шықпай жоғала берді.
- Иә, дәл осылай… Осы шерткенің жӛн-ақ, Айдархан,- деп Бейшен де қозғалақтап
қомузға қызыққан ықыласын білдірді.
- Еhе, шәй суып барады. Шәй ішелік, - деп жеңгей дастарқан қамына кірісті.
Неге екені белгісіз Мұқыш ағай шай үстінде біразға дейін үндей алмады. Шай ішіліп бола
бергенде: - Бейшен, ендігі кезек ӛзіңе келді,- деп ол оған қомуз ұсынды.
Бейшен қарсылық еткен жоқ. Қомузды сипап отырды да, ӛзінше құлақ күйін келтіріп
алып, шертіп жіберді. Салалы саусақтары қомуздың бетінде бұлдырап кӛрінбей кетті де,
құлаққа тек қана желді күні ши басының ызыңындай бір нәзік үн келді. Япыр-ау, мынау
не? Түу… Бейшен қомузын жоғары лақтырып жіберіп, қағып алып әсем ырғақтарды
былқ-сылқ еткізіп, енді бірде қомузын стол үстіне қадап қойып сызылтты дейсіз. Одан соң
қомузды тӛсіне тіреп есіп тартты.
Ол әбден бабына келіп кызған шағында қомуздан шыққан әуен біресе кӛл бетін
қанатымен сабалай ұшып, сып-сып етіп самғап бара жатқан аққу әніне, біресе жағаны
шылп-шылп ұрған бала толқынға, тіпті кӛктемде ұлы сәскеде сұңқылдаған кӛкекке
ұқсады. Соларды елестетіп, еске салды. Қомуз сыр айтып, қомуз жырлап, қомузға тіл
бітіп, толғана сӛйлеп кеткендей. Бір сұлу дүние құшағына алды бізді. Ата-бабаның
қасиетті мұраларының бірі боп біздің ұрпаққа жеткен қол тоқпақтай ғана кӛне қомуз
ӛзінше жатқан бір сырлы қазына екен-ау.
Иә, иә… Ол шежіре де екен-ау. Қазынаның асылын ашқан, шежіре-қомузды
жырлатып жіберген Бейшенді мен енді тағы бір қырынан танып, сүйсініп отырдым.
Күй тынғанда Мұқыш ағай әлі бағанағы ойлы қалпынан арыла алмай: - Бейшен, сен қазір
маған апамды елестеттің. Мына қомуз - апамдікі. Апам дәл осылай тартыпты. Еһе,
талайды еске түсіреді… Талайды аян етеді, бұл қомуз,- деді басын изеп.
- Кейде адам айтам дегенін айта алмайды. Ондайға қомуз батыл. Сезім мен ойды да
жеткізуге құмар-ақ бұл қомуз,- деді Бейшен қомузды қасына сүйеп қойып.
- Есіл азамат…- деді жеңгей естілер-естілместей күбір етіп. Е, қайырымды ғазиз
жандар, аз да болса Бейшеннің шерлі кӛкірегіне сӛнбейтін үміт құйғысы келді ме, аз да
болса оның қабақ ашып, күліп-ойнап, қуанғанын жӛн кӛрді ме, аз да болса оған қуат,
жігер бергісі келді ме, әйтеуір олар Бейшенді әр салалы, салдарлы әңгімеге араластырып,
ӛздері оны бар ынтасымен тыңдап, жандары қалмай қатты сыйлады.
Бейшен де бұл жолы сыр бүкпей жұрттың бәрімен ағынан жарыла сӛйлесті. Кӛкейде,
кӛкіректе жүрген құпияларын да қозғай бастады.
Дастарқан жиылып, ел жатар кезден асса да келісті жарастықты сӛздер тамырын
тереңге жайып, ұлғайып бара жатты. Бейшен мүлде осындай кӛңілдері ашық, бауыры
ыстық мейірбан жандарды аңсап табысқандай мерейі кӛтеріліп қалды.
- Ӛмір жолы сондай қиын… Бірақ тәтті-ақ. Мені ешкім ӛкінішсіз деп те ойламайды,
ағай. Бір басыма жетерлік уайымым да бар. Несін жасырам оның? Бұл әншейін бір сыр
ғой, кейде ӛзімнен ӛзім қарап отырып, еш себепсіз бұлан-талан болып күйініп, жасып
қалам. Кейде қарақан қу басымның қамын тілеп, жалғыздықты ұнатам. Кейде кӛптің
ортасын сағынам. Қазір училищедегі ӛзім сияқты соқыр шәкірттерімді сағынып жүрмін.
Тағы да мына бір науқас… Енді біраз уақыт дем аламын. Сонан соң іске кірісемін. Бір
жолы қапаланып: - Ей, ұлы табиғат! Дүниеден шырақсыз боп ӛтердей не жазығым бар еді?
Оны алғанша мына екі қолымды неге алмадың? Мә! Ал! Ал! Екеуін де кесіп ал! Қайран
жарық! Зар қылдың-ау, әбден! - деп жалбарына жылағаным бар, - деді Бейшен ауыр
күрсініп.
- Ол пендешілік қой, Бейшен. Адамға бәрі қажет. Қол да, кӛз де, аяқ та, сана да! Онсыз
бәрібір мүгедексің… Соғыста неше түрлі сұмдықты кӛрдік. Бірде Смоленск аспанында
самолетім зиянданды да, пулеметші жігіт екеуміз парашютпен жерге секіріп түстік.
Жердегі қасіреттен адамның шашы ағарады. Сонда кӛрдім, қос жанарынан айрылған бір
азамат пулеметке жармасып жау жағына оқ боратып жатты. Міне, Бейшен, адамға бәрі
қажет! -деп Мұқыш ағай тебірене сӛйлеп, бәрімізді үлкен ойға салды.
- Солай, жӛн айтасыз, ағай. Пендешілік те болады ғой.
Қонақтан кеш қайттық. Бейшен сол түні ӛзін сондай бақытты сезінді. Мен де. Оның
қасынан мен ешқайда кете алмадым.
Сонда Бейшен алғаш рет: - Айнам… Ботакӛзім… Қос жанарым… Кішкентай ғана
сүйенішім,- деп бетімді, кӛзімді, шашымды сипап, маңдайымнан иіскеді.- Ол мені оттай
жанған ыстық бауырына құшырлана қысқанда екеуміз де біразға дейін демімізді
шығармай рақат сезімде отырдық. Біз бір-біріміздің мейірімімізге балқып, соған шуақтап
отырдық.
- Жаным, аспанда Ай бар ма? - дейді Бейшен.
- Бар! - деймін.
- Айымсың сен! Жұлдыз ше? Ол тым алыста.Ал, сен жанымдасың. Жұлдызымсың!
- Тағы… тағы не бар, Айнаш? Айтшы маған?
- Айдың нұры бар.
- Нұрымсың сен!
- Тағы не бар? Дүниедегі сұлулықтың бәрін айтабер, жаным. Соның бәрі саған тең келер
ме екен?
- Ӛзім бар! - деймін сықылықтап күліп.Бейшен мені мүлде ессіз құшып-сүйіп: - Ӛзіңнен
айна-лайын. Мына лүп-лүп соққан жүрегіңнен айналайын. Се.нің иісің де ӛзгеше, жұпары
аңқыған гүлдерден де сүйкімді… Аяулым менің… Арманым да, ардағым да сенсін.Кӛктегі
күнім де сенсің. Кӛзімнің қарашығы да сенсің…Жаным… Айнагүлім… Тағы не дейін…
Ӛзің айтшы, тілімжетер емес… Мұндайда тілде де құдірет болмайды екен-ау, шырқап
салатын әнім менің,- дегендей. Мен соны ұқтым, соны сездім! Соған мәзбін!
Мұндай түн енді қайтып болмайтындай жанымыз бенжанымыз, жүрегіміз бен
жүрегіміз қауышып, бетімізгебетіміз тиіп, демді де бірге алып, құшақтасқан күйі кір-пік
қақпай ақ таңды ақ тілекпен қарсы алып едік.
Махаббат пен бақытқа белшемнен батқан сол түнім-ай. Сондағы қуанышым… Үміт те
мол еді. Арман да жа-қын болатын. Алаңсыз да едім-ау.
Сол бір аяулы түнді мәңгілікке жоғалтып алам депқаперіме келді ме, менің? Сонда
Бейшен
екеуіміз
жанымыздың
бір
екенін
сезіп
отырып,
ақтық
рет
қоштасыпотырғанымызды да аңғармаппыз ғой. Қайта оралмайтын-дықтан тәтті болды ма
екен сол айлы түн, нұрлы түн,сырлы түн! Беу, дариға-ай, табиғат сол түнді бізге бір-ақ рет
сыйлағаны ма?!
Майдың бас кезінде Айсалқын тұрмыска шықты.Оның тойын да абыройлы, қызықты
ӛткіздік. Бұл екі ор-тада Бейшен Ессентукиден Қара теңіз жағасына қарайжол
тартқан.Тамылжыған май күні еді. Әдеттегіше жұмыс мезгіліболатын. Қабинет іші
қапырық. Дәрігеріміз екеуміз нау-қастарды қабылдап отырмыз. Міне, он жетінші пациент-
ті де шығарып салдық. Стол үстінде тек жалғыз ғана карточка қалды. Осы сәтте есік
ашылды да жауырынықақпақтай тұлғалы жігіт кірді.Отырыңыз… Фамилияңыз кім?
Сейдәлиев… атым Ӛмірқұл.- Қай жеріңіз ауырады? Қашан сырқаттандыңыз? Жігіт
қозғалақтап, қызарандап, тікірейген шашын бірсипап қойды. Іле жауап бере алмады.
Жұқа ақ шәйі кӛйлегінің сыртына шып-шып тер шықты. Ол бет ормалыналып алқымын,
мойнын сүртгі де:
Басым ауырады,- деді кӛңілсіз ғана. Қалай ауырады? Кӛзім қарауытады… Басым
айналады… Анда-сан-да жүрегім шаншиды… Кеудем де…- Жүрегіңіз қалай шаншиды?
Қашаннан бері?…
- Қалай деуге болады… Былайша…- деп жігіт қипақтап, күмілжіді.
- Ал, басыңыз қандай жағдайларда ауырады? Әлде ұйқыңыз қанбағанда ма?
Шаршағанда ма? Әлде ауарайының қолайсыздығы әсер ете ме? Айқай-шуды
қалайкӛресіз? Жігіт жауап қатпады. «Мұнша ұялғаны несі? Мән-жайын тәптіштеп тұрып
түсіндірмей ме? Ӛзіне де, дәрігерге де жақсы ғой. Неменеге қысылады?» деймін іш-тей.
- Айнаш, қан қысымын ӛлшеп қарашы,- деді дәрігерім жігіттің мына дүдамал жауабына
таңданғандай.Жігіт жеңін сыбана, жоғары қарай бүктеп, оң қолынстол үстіне қойды. Сом
білегінің еті тым қалың да тығыз.ақ. Тасты уататын қайратты қол. Сырт кӛзге ол тепсе
те.мір үзетін қарулы жігітке ұқсайды. Амал жоқ, науқаспын деген соң оны бәйек болып
қарап жатырмыз. Дерт.пен ойнауға бола ма?
- Қан қысымы - 110/65.
- Бұл дені сау адамның қан қысымы,- деді дәрігержігітке тура қарап.
- Сонда қалай деп ойлайсыздар? Мен әншейін сіздерге…- деп жігіт мырс етті.Дәрігер
жігіт жүзіне сол ойлана қараған күйі:
- Кӛйлегіңізді шешіңіз,- деді.Жігіт кӛйлегін шешін жатқанда оның ойнақшығанбұлшық
еттері жиырыла тулап кетті.
- Киініңіз,- деді дәрігер оның кеудесін тыңдап болып. Мен енді жігітті шырамыта
бастадым. Бір жерде кӛрген тәріздімін. Қай жерде? Қашан?
- Нешінші курста оқисыз? - деді дәрігер оның кар-точкасының бірінші бетіне қарап
тұрып.
- Химикпін. Университетті биыл бітірем…
- Сіздер кӛбінесе лабораторияда боласыздар. Оныүстіне диплом жұмысы… Мӛлшерден
тыс оқудың ӛзі шаршатады ғой. Бәлкім, басыңыздың ауыратыны содан болар? Былайша
қауіп етер ештеңе жоқ. Таза ауада жүріп, демалысыңызды дұрыс пайдаланыңыз…
Ұйқының даӛз мезгілінде болғаны абзал… Дәрі ішіңіз…Дәрігерімнің айтуы бойынша мен
жігітке рецепт жа-зуға кірістім.
- Мына рецептімен дәрі алыңыз да күніне үш рет тамақ алдында ішіңіз. Шипалы дәрі…
- Рақмет, - деді ол рецепті алып жатып маған кӛзтоқтата қадалып. Неге екені белгісіз
жанарымыз түйісіп, қас қаққанша болса да біз арбасып қалдық. Бұл қалай? Жігіт шығып
кетті. Айнаш, карточкаларды реттеп күндегі орнына қой… Ӛздері алып кетеді. Ал,
жарайды, ендеше… Менжүре берейін… Сау бол, Айнаш.Жақсы… Сау болыңыз,
апай…Мен карточкаларды жинастырып отыр ем: - рұқсат па екен? - деп әлгі жігітім қайта
кіріп келді.
- Келіңіз… Келіңіз… Не айтқыңыз келді?
- Кешіріңіз… Сіз… Сіз мені танымай қалдыңыз ба?
- Иә… Жоқ. Бір жерде кӛргенім анық. Бірақ…
- Есіңізге түсіріп кӛріңізші. Мен еріксіз ойға баттым. Жігітке тіктеп қараған
сайын Айсалқынның тойындағы бар думанды кӛрінісбірте-бірте есіме түсе берді.
- Еске түсірдіңіз бе?
- Иә,- дедім қиялдап отырып.
- Бәрін де ме? Түгел елестетіңіз…
- Солай еді-ау. Сіз сонда таң атқанша ән шырқады-ңыз…Сонша керемет әнші емес
едім ғой… Той болғансоң…О не дегеніңіз. Дегенмен, асыра мақтап жіберген жоқсыз ба?
Жоқ. Сізде мақтауға тұрарлық дауыс бар.
Ал, сіз сонда неге кӛңілсіз отырдыңыз? Жәй әншейін. Ешкіммен билеген де жоқсыз.
- Менің сүйікті әндерім айтылып жатқанда бидіңкерегі қанша маған? Ӛзіңіз
айтыңызшы, сол әндер жақ-сы әндер емес пе?
Жақсы болғандықтан айтам да. Мен терезе алдына барып, сонау мұнарта
құбылыпжатқан жасыл белеске кӛз салдым. Есіме Бейшен түсті. Бәлкім, бұл әндерді үлкен
жүректі, абзал жанды адам жазған болар, - дедім алысқа қадалған күйімде. Әрине. Мен де
солай ойлаймын… Иә, сіз неге қайта орал-дыңыз? Әлде бір нәрсе айтуды ұмыттыңыз ба?
- Жо-жоқ… Сізді шығарып салуға бола ма? Мен ыңғайсыздана мырс еттім. Екеуміз
тысқа шықтық.Ӛміркұл менімен пәтерімнің алдында қоштасты.
Бейшеннің әні, сӛйтіп мені Ӛміркұлмен де осылай таныстырды. Несі бар, адам мен
адамның танысып, біліс-кені жақсы. Жаны, сыры ӛзіңе жақын болып тұрса, қалай ғана
безерсің одан?… Онда не болғаным?…Мен үшін күтпеген жерден, сырға толы жақсы
біркүндер басталып кеп берді. Оның ақыры немен тынарына кӛзім жетті ме? Жоқ. Мен
бәрін жақсылыққа жорыдым.Кӛңілімде титтей кірбің, күдік болды ма? Жо-жоқ. Айта
кӛрмеңіз!
Менің жаңа танысыммен әр серуенім сондай тәтті бол-ды. Ол ылғи ән салады. Ол -
Бейшеннің әні. Ол әсерлі әңгіме шертеді. Мен ықыластана тыңдаймын. Айтатыны
парасаттылық, ізгілік… Оның осы бір қасиетін Бейшенге ұқсата берем.Ӛміркұл кісіні мезі
қылмайтын жеңіл, зілсіз әзілге ептейлі екен. Оны мен келе-келе байқадым… Бір кеште
екеу-міз ашық кафеде тамақтанып отырдық. Кенет ол күліп жіберді.
- Неге күлдің? - дедім таңданып.
- Ӛтірік ауырғаныма…
Иә, сен сонда шынымен-ақ «күйзеліп» ең…Сӛйтіп, ауырмасаң дәрігерлер қарай ма?
Амалжоқ «дерт» қажытқан соң…
- Соншама не азап екен, ә? Менімен танысуға неменеге құмар бола қалдың?
Қан қысымы ӛз мӛлшерінде дегенінде ойпырай неболғанымды білмей, кабинеттен
шыға қаша жаздадым,деді Ӛмірқұл менің жаңағы сұрағымды естімегендей күле сӛйлеп.
- Сол тойда шырқаған әндерің кімдікі? – деймін Ӛмірқұлдан кӛз алмай ӛз сӛзіме ӛзім
мейірленіп.
- Бейшендікі!
- Ӛзі қандай адам, ә?
- Қандай болушы еді? Баланың сұрағын қоясың-ау, Айнагүл… Ӛзіміздей-ақ адам.
Кӛктен түсті ғой дейсің бе?
- Сен сол кісінің досы емессің бе? - деймін түк білмегенсіп.
- Әнімен доспын…Тегі жасы қай құралпы кісі? - деп қояр емеспін.
- Оның қанша керегі бар!Сонда да.Бізден ересек-ау деймін…
Ал, ӛзі сұлу ма?
- Е, сұлу болса қайтер ең?
- Оны ӛзім білем,- деп күлемін.Тіпті, біз аз күн ішінде ежелден етене жандарша осы-
лайша шүйіркелесіп кетіппіз. Және Ӛмірқұлдың байыпты сӛзіне имандай сенем. Оған
иланам.
- Айнагүл?
- Иә…
- Қызметке қайда бармақшысың? Әлде осы полик-линикада істей бересің бе? - деп
Ӛмірқұл сауал бердіде әңгіме желісін күрт ӛзгертіп жіберді.
Жауап берудің орнына күлем.
- Неге күлдің? - дейді Ӛмірқұл қипақтап.
- Күлмегенде қайтем. Ұялшақсың ба? Момынсың ба? Әйтеуір, бір пәк жансың… Сен
осы ылғи махаббатқа жақындау сӛздер айтылса жалт бұрылатының қалай?
- Кеудеме шоқ түсірсең ӛртеніп кетпеймін бе? - дей.ді ол стаканына үңілген күйі.
- Қой, олай деме. Біз жақсы жолдастар емеспіз бе Ӛмірқұл?
- Жаңағы сӛзіңе қарай айтып ем. Кешір, Айнагүл.Әзіл ғой.
- Түсінем.
- Қане, тұрамыз ба?
- Тұрайық.
Біз ӛзіміз кеше болған бульвардың ішіндегі егіз қайыңның түбіндегі орындыққа келіп
отырдық.- Ән салшы, Ӛмірқұл,- деп тілек етем. Тағы да Бейшеннің арманға толы майда
қоңыр әні мамырлап барады… Жан-жүректі елжіреткен осы бір әндерге Ӛмірқұл сонша
неге ынтық? Кейбір әндер біраз айтылған соң жалықтырушы еді, сүйкімсіз кӛрінуші еді.
Ал, Ӛмірқұл бұл әндерді маған күнде бір түлетіп, құлпыртып әкеледі. Ауызымның суы
құрып, сағынышымды осы әуенмен басатындай сондай құмармын-ақ. Әлде бұл шіркін
Бейшенді сүйетінімді біліп әдейі айтып жүре ме екен?… Мӛлдіреген таңғы шығы бар
қызыл гүл, аппақ кӛңілдей ақ қайың… армандар табысып жатқан ақ түндер…ағынан
жарылған жан сырлары… Осының бәрін Бейшен жазған ба, япыр-ау?!«Сағындым-ау,
Бейшен! Қасымда ӛзің жоқ болсаң да,әнің бар. Әніңде жаның, сырың, ыстық лебің бар.
Ӛзін келгенше осының ӛзі дәтке қуат, кӛңілге медеу». Әнге ұйып, ой мұхитына шым
батып кетіппін.
- Басқа ән білмейсің бе, Ӛмірқұл? - деймін олыңылдап келесі біреуін бастамақ бола
бергенде.
- Білмеймін…
- Нere?Сол. Жүрек нені қалайды, мен соны айтам…Сен осы біреуге ғашық емессің бе?
- деймін тағыда ойымда ешнәрсе жоқ алаңсыз адамдай.
- Ал, ғашық болсам ше?
- Қалыңдығыңа бақыт тілер-ем,- деймін Ӛмірқұлды ӛзіме жолатқым келмей.
- Бар болғаны сол ма?
- Сол қызбен таныстырсаңшы,- деп мен іштей біртүрлі қызғанышпен Бейшенге деген
махаббатымды жансала қорғап, оған бӛгде біреу, тіпті мына Ӛмірқұл да қызықпайақ қойса
екен деп тіледім.Ӛмірқұлдың ӛңі бұзылып, сәл жабырқағандай болды.Оның нарттай
жанған жүзінде қобалжудың нышаны білінді. Мен аң-таң бола қарап ем, қалың да толық
бетіжыбыр ете түсті. Ол күлсе де күлкіге ұқсаған жоқ. Осыбір құбылыстан оның ӛзі де
ыңғайсызданып, менің деденем дір ете қалды. Онысы несі? Әлде ӛзімнен-ӛзім шошыдым
ба? Әлде менің кӛзіме сиқырлы бір құбыжық кӛрініп отыр ма? Қызық екен…Ӛміркұл
ӛзінен ӛзі тағы күлді. Тіпті, тұрпайы, жат күліс.
- Қайтайықшы,- дедім мазасыздана.Бұл жолы ол бұрынғыдай емес самарқау, салқын
қош.тасты. Және маған жалынышты кӛзбен тіктеп, ойлана қарады. Дәл анадағы рецепт
алып жатқандағы арбай қарағанынан аумайды.
Түннің бір уағына дейін: «Неге бұлай? Қалайша ӛкпелетіп алдым? Ол ренжитіндей не
айтып ем? Жӛнсіз кеткен жерім болды ма? Әлде ӛз басында кӛңілсіз бір жай бар ма?
Бірақ… Не болса да ертең кешірім ӛтінсембе екен? Неменеге жасып қалды, ә? - деумен
ӛзіме-ӛзімсұрақ қойып жатып ұйықтап кетіппін.
* * *
Неге екені белгісіз, одан кейін Ӛмірқұл екеуміз ойламаған жерден дидарласа бердік.
Бірінде кіші бесін кезінде почтаның алдында ұшырастық.
Ӛмірқұлдың қолында жаңа ғана үзілген раушан гүлібар. Жоқ, әнеукүнгідей емес, бұл
жолы кӛңілі кӛтеріңкі,шашын майлап тарап, сәнді киініп алған.
- Байғазы бер, Айнагүл… Ательеден бүгін алдым…Маусымға орай киінбесең ұят қой
ӛзі. Қалай, ұнай масаған? Әдейі-ақ боз метродан тіктірдім,- деп Ӛмірқұл ӛзісіне ӛзі
мақтана сӛйлегендей кӛрінді.
- Ӛзіңе жарасады екен… Жақсы-ақ…Ол маған қолындағы гүлін ұсынды. Жас гүл ғой,
ме-йірлене иіскедім.
- Қандай сүйкімді!Мен тағы бір ән үйрендім…
- Кімнің әні?
- Бейшеннің…
- Рас айтасың ба, Ӛмірқұл?
- Алдаған жерім бар ма еді, Айнагүл!
- Кешір, әншейін айтам.Қандай ән екен, ә? Бейшен нашар ән жазушы ма еді?
- Жоқ! - дедім Бейшенді жақсы білетіндігімді айқын сездіріп.Сонан соң мен тағаттан
айырылдым.
- Қане, айтшы сол әнді, Ӛмірқұл.
- Кӛшенің қақ ортасында ма? Ұят емес пе?
- Солай екен-ау… Бульварга барайықшы…Бульварды аралап кӛп жүрдік. Бос орын
табылмады.
- Жайлап айтсаң қайтеді, - деймін Ӛмірқұлға.
- Шыда… Шыда… дейді ойлы жүзбен…Біз орталық кӛшеге шығып опера және балет
театры-ның алдына тоқтадық.
- Бүгін кешір, Айнагүл, қинама. Ӛтінем. Басқа уақытта, жарай ма? Мен амал жоқ
кӛндім.
* * *
…Бейшеннен хат алдым. «Енді аз-ақ күн қалды. Аэропорттың дәл шетіндегі ӛзім
кӛрсеткен қайыңды ұмытқанжоқсың ба? Самолеттен түсісімен сол жерге ӛзім келем.Сен
тап сол жерден қозғалма, мақұл ма? Кӛріскенше күнжақсы болсын. Бейшенің» депті. Хат
сӛзіне күні-түні елжіреймін. Хат басқа біреудің қолымен жазылса да кӛзгеыстық-ақ.
Сүйсінемін. Жүректі тулатқан бір албырт қуанышқа ие бола алар емеспін. Түс мезгілінде
институттан шыға бере Ӛмірқұлментағы да оқыс кездестім.
- Немене, танымай қалдың ба? - деп күле амандасты Ӛмірқұл.
- Кӛк костюм киіпсің. Басқа біреу ме деп…
- Ә, оқасы жоқ.
- Әнді қашан айтып бересің? - деп оған табан астында қолқа салдым.
- «Айчурек» операсына билет алып ем.
- Сен осы үнемі мені аңдып жүресің бе? Ылғи ұрымтал жерден кез боласың.- деп
әзілге бастым.
- Спектакль кешкі жетіде басталады,- деді ол менің сӛзімді елемегендей. Ал, әнді
қашан тыңдаймын? Спектакльге дейін талай уақыт бар емес пе? Айтып берем.Біз үйге
келдік. Мен сәнденіп, таранып дегендей кӛккребдешин кӛйлегімді кидім. Қаймақ құйып
азғана шай іштік. Біз сан-салалы әңгімемен дәл университет үйінің алдына келіп
қалғанымызды аңғармаппыз.
Неге бұлай бұрылдық? - дедім Ӛмірқұлға, театрға тура баратын кӛшеден бұрыс
кеткенімізді ендібайқап.Ӛмірқұл сағатына қарады да: - «Әлі біраз уақытбар. Оған дейін
біздің лабораторияны кӛріп шық. Менің жұмысыммен таныс… Қазір онда ешкім жоқ.
Жүр, Айнагүл… жүр…»Мен оған қарсылық қылғам жоқ. Не болса соған неменеге
пәлденем? Босқа тартыншақтай беру де жӛн бе? Мені жеп қояр деймісің? Қайта
дәрігерлер үшін мұндай лабораторияны кӛру қызықты да пайдалы емес пе? Кӛрейін, не
кереметі бар екен.Біз лабораторияға кірдік.- Міне, осы,- деді Ӛмірқұл маған орындық ұсы-
нып. - Тӛрт қабырға сірескен шкаф пен полкалар. Түрліформалы шыны түтіктер,
цилиндрлер, колбалар тап-таза күйінде ақ мата жабылған стол үстінде жайнап тұр. Хи-
микаттар бар ыдыстардың бүйіріндегі қызыл, қара түстіәдемі жазулар да кӛзге бірден
баттиып кӛрінеді. Мұынды жарған ӛткір иісі болмаса лабораторияның іші ап-тұйнақтай,
кірсе шыққысыз. Еріксіз қиялыңды қозғайды.
- Қандай тамаша!
- Иісі де ме? - деп Ӛмірқұл қырын қарап тұрыпкүлгендей болды. Мұрнымның іші
жыбырлап, қалай түшкіріп жіберге-німді сезбей де қалдым. Ал, енді қалай? Тамаша ма? -
деп Ӛмірқұл қарқылдап күлді.
- Жаман емес…
Сонан соң Ӛмірқұлдың күлкісі пышақ кескендей ты-йылды да, бір түсініксіз үнсіздік
салтанат құрды. Мененкӛзін алар емес. Мұнысы қалай? Самайыма бір ыстық,бір суық тер
дуылдап шығып жатты. Ӛмірқұл маған енді бедірейе қарап, түсі күлдей бозарып,
жауырыны күжі-рейіп, ӛзінің сырбаз қалпынан ӛзгере қалғандай кӛрінді.Кетейікші,
Ӛмірқұл.
- Тура қарсы алдымда осылай отыра тұршы. Жасқанба? Шошыма, Айнагүл.
Кетейік… Шыда! Мен де шыдағам, Айнагүл…Неменеге отырмыз. Бәрі жақсы…
Кӛрдім.Сенімен болған бір минутым жылға тең емес пе! Ӛмірқұл…Мен бәрін білем.
Ӛмірқұл, не деп барасың? Маған ешнәрсе айтпа, бәрін білдім. «Жо-жоқ! Жоқ! Бұлай
болуға тиіс емес. Сен не айтып тұрсың, Ӛмірқұл. Олай деме. Менің ӛз махаббатым бар.
Қырсығыңды тигізбе, кедергі болма. Мен саған азаматша сеніп ем ғой. Мұның қалай, ә?» -
деп іштей есім шыға Ӛмірқұлға тесіле қарап қалыппын.Ол маған жақындай түсті. Мен
орнымнан тапжылғам жоқ. Әлі де бейғаммын. Әлі де жаман күдіктен аулақпын. Әлі де
Ӛмірқұлды оңбағандыққа қимай отырмын. Әлі де оған сенген кӛңіл селт етер емес.- Есіңді
жи, Ӛміркұл. Есімнен тандырып жүрген сенсің, Айнагүл.Әлі де кеш емес, ақымақ болма.
Мен сені ешкімге теңгермеймін. Сол біреуге қиғым келмейді, Айнагүл…
- Кімге? - деп айқай салдым.
- Мен сені сүйем, Айнагүл?
- Кімге? - дедім тағы да дауыс шығара.
- Соқырға! Әз Бейшенге! Менің кӛз алдымда Ӛмірқұлмен бірге ӛткізген күндердің
бәрі енді таңғажайып сиқырлы бір ертегіге айналып, оның үнемі құлағымда тұратын әдемі
ашық дауысы лезде жоғалып, албастыдай тӛне берді. -Немене, мені қыз таба алмай жүрген
сорлы ғойдейсің бе? Қыз керек болса кӛзінен тізейін… Бірақ соның бәрінен… Бәрінен сен
артықсың… Сен ғана, Айнагүл…Менің де сүюге хақым бар емес пе?Ол маған тап берді
де, қапсыра құшақтап сүйіп алды. Шапалақпен шарт еткіздім.
- Немене, соқырыңнан кеммін бе? Ол - әз! Әз! Түккӛрмейді… Менде кӛз бар ғой…
Кӛз!
- Жібер! Қарабет, тіл тигізбе, Бейшенге!
- Айқайлама, ұят болады…
- Жібер! Былай тұр. Тарт қолыңды! Жарайсың, бетпердеңді тезірек аштың…- деп тісім
шықыр-шықыр қайралды.
- Сен аяулысың… Сен сондай сұлусың… Бірақ… Бір-ақ… Сенде… Сенде ессіз
махаббат бар. Ол махаббат емес.Сендей адам соқырды сүймейді…
- Жібер! Ол менің алдымды кес-кестеп есікке жолатпай қойды.
- Ұмыт, Бейшенді! - Ол саған тек - қасірет! Мен сенің ашсаң алақаныңда, жұмсаң
жұдырығыңда болар ем.
- Бейшенді аузыңа алма!
- Ашуды бас, Айнагүл. Айтшы ол несімен артық? Сен не тілесең соның бәрін
орындауға құлмын ғой.
- Бейшеннен садаға кет. Оның жалғыз тырнағынататисың ба, әзәзіл неме… Қор болып
жалынғанша ӛлсеңші! Қысқарт! Жібер мені! Тартпа қолымнан!
Тыңда ендеше, ессіз қыз. Маған табиғат бергендауыс бар. Қандай ән айтсам да бәрібір.
Соқырыңныңәнін айтып жүріп, сенің сорлы екеніңе әбден кӛзім жетті. Сені құтқарғым
келіп еді, сол мүгедектен. Аулақ! Білдім мен де кім екеніңді…- деп жұдырығым тас
түйілді. Оның қарулы қолы қабырғамды күйретіп кеткендейтынысым тарылып, үнім
шықпады. Жан дәрмен қылыпалысып жүріп есіктің тұтқасына қолым ілігіп еді,
ашаалмадым .Ӛмірқұл ырс-ырс етіп мені біресе олай, біресебұлай сілкіледі. Түгі шыққан
бетін бетіме емірене басқысы келіп ұмтылады. Мен оның қолын қыршып алдым.Екі
қарым үзіліп, қалжырап барам… Оның тоқпақтай болған иығынан да тістедім. Ышқынып,
ыршып кеткен Ӛмірқұл мені шиырып-шиырып итеріп жіберді. Шкафқа солқ етіп қатты
соғылып, басым айналып, кӛзім бұлды-рап кетті. Қарасам, шкафтың шынысы күл-талқан
болыпүстімді кӛміп қалған. Айқайлайын десем, дауысым қарлыққандай. Құтырған
қасқырдай кӛзі қанталаған Ӛмірқұл: -«қап, сені ме? Басым кесіліп кетсе де»…- деп ме-нің
үстіме қона түсті.Оһ, қасірет… Мен қолдан келген қайранның бәрін істеп бақтым.
Ӛмірқұлдың шашын жұлып, ай батқандай қылып бетін тырнадым. Япырау, мен
осыншалықты күшті ме едім? Әлде махаббат бәрін де жеңе ме?! Бір құдіретті күш қуат
берді маған. Мен оны тісте-леп, арам құшағынан сытылып шықтым. Жүгіріп барып
терезені тартқыладым. Жүз қатарлы үй болса да мынақорлықтан секіріп құтылайын дедім.
Құрғыр ол даашылмады. Ту сыртымнан Ӛмірқұл тағы да жабыса кетті. О, бетің тіліңгір…
Екі жүзді зұлым неме… Мен әлсіреп барам…
Ӛлермін, бірақ арымды ақтық секундыма дейін қорғармын! О, жасаған…Ол менен
тағы айрылып қалды. Мен полкаға сүйеніп, құлап түсуге сәл-ақ тұрмын…Ӛмірқұл
күйгелектене есікке барды да кілтті тағыбір рет бұрап қойды. Ол маған ыржақтап бұрыла
бер-генде: - Мә, саған! Мә! Мә! - деп қолыма не түссе соны Ӛмірқұлға қарай жынды
адамша лақтыра бердім,лақтыра бердім…- А!… А!… А!… А! - деген жан түршігерлік
сұмдықбір дауысты ғана естідім.- Тас-талқаны шығып, салдыр-күлдір етіп қаусаған
ғаламат дүниенің елесін кӛрдім. Одан әрі мен ешнәрсе сезгем жоқ. Ешнәрсені білмей-
мін…Тергеу кезінде ғана білдім… Күкірт қышқылы… Иә, сонымен… Ӛмірқұлдың қара
жүзін күйдіріп, бір кӛзін соқыр қылыппын…
Сот процесінде тергеуші таққан айыпты сот дұрыс деп тауып, жан күйзелісі үстінде
кісіге ауыр жарақат салып,мүгедек еткендігім үшін мені үш жылға бас еркімнен айырылу
жазасына кесті. Бұл мен күтпеген сәтсіздік еді… Ойда жоқта тағдыр шіркіннің долы
дауылы соқты да, есімді тандырып жарға жықты. Алдарқатқан, еліктірген тұрлаусыз
күндерг емәз болып, ӛз махаббатымның тұнығына кесек атыппын. Ӛзімді ӛзім табалап,
шашымды жұлдым. Ӛзге түгіл ӛзім кешірмеспін осының бәрін! «Ал, Бейшен, сен менің
тәтті сезімімнің гүлісің. Сен мені күтерсің де, іздерсің де. Бірақ сен мені жазғырмассың.
Біз енді бір ӛзеннің екі жағасындай арманды жандармыз… Менен күдеріңді үз! Сен де,
мен де ӛмір бойы күдіксіз ӛз бетімізше ӛмір сүреміз. Сол дұрыс болар…Сенің тіршілік деп
соққан жүрегіңнен айналайын! Сенің Алатаудай асқар мерейің мен Ыстық кӛлдей кең
шалқаржаныңнан айналайын! Сенің рухың да, әнің де меніменбірге! Есімнен шығарсың
ба, бір сәтке?!» Сонымен арада үш жыл ӛтті… Түрмеден шығарда Бейшенге жолдаған
хатым сыямен емес кӛз жасыммен жазылды. Бұл азап пен қасіретке жанымды шыжғырған
еңауыр, ең соңғы, ең аяулы хат болды. Ол байғұс неше рет хат жазды десеңізші… Бәрін
жауапсыз қалдырып ем. Ақыры оған да шыдамым жетпеді… Осы хат арқылы Бейшеннің
ӛзіме деген ақ жүрегін кері итергеніме қалайғана еркім жетті, құдай-ау!
* * *
Дүние неткен кең едің! Кейде адам осы ұланғайыр жаһанға сыймай да кетеді екен-ау.
Тағдырдың тарам-тарам соқпағы тағы да алдымнан тартыла қалды. Қайсысына түссем
екен? Жоқ. Бейшенге бара алмаймын. Одан осы алыстағаным - алыстаған. Енді жат бауыр
боп суына берем. Одан жырағырақ, кӛз кӛрмейтін, құлақ естімейтін жерге кеткенім жӛн
болар. Кӛзіне күйік болып қайтем оның? Әуелі есімді жыяйын. Ӛзіме-ӛзім келіп, оңды-
солыма кӛзім жететін болсыншы…Сӛйтіп, ендігі ӛміріме қаяу түсірмей жақсылап
тірлікетейін деген ізгі ниет жолы мені «Қадамжай» селосынан бір-ақ шығарды. Осы жерде
нағашыларым да болушы еді. Бір жағы соларды медеу тұтып келіп ем, олар Ошқа кӛшіп
кетіпті. Ендігі халім не болмақ? Бейтаныс жер…Шілденің ми қайнатқан аптабы. Қаталап
барам. Дүние ыстық лепке балқып жанып кетер ме екен? Қой, күнге шыжып тұра берем
бе? Ең болмаса қонақ үйге барайын…
* * *
Қызмет іздеп біраз жерді шарладым. Сәті түспеді. Біркүні ұлы сәске кезінде селолық
поликлиникаға тағы да кіре кетейін деп ойладым. Ӛйткені, алдыңғы күні барғанымда бас
дәрігердің ӛзі жоқ болды да, орынбасары онша кесіп ешнәрсе айта алмаған. Бәлкім, бүгін
бас дәрігер ӛзінде болар.
Поликлиникаға келе жатып бағана біреулердің селодағы ет комбинатына кілең
жастарды қабылдап жатыр деген сӛздері де есіме түсті. Әлде солай қарай тартсам ба екен?
Неғыпты, екі қолға бір жұмыс табылар. Тірлік үшін тӛгілген тердің бәрібір емес пе?
Алабұртқан ой кӛп толқытты. Ақыры не де болса әуелі поликлиникаға соға кеткенді
жӛн кӛрдім.
Бұл жолы менің бағыма бас дәрігер ӛз кабинетінде екен. Бір сестра: - «Күте тұрыңыз,
алдында кісі отыр», -деді. - Біраз күттім. Аяғым талды. Отыра қоятын орындық та жоқ.
Тағатым таусылып, маза кетті. Ептеп есікті жәймен ашып-сығалап едім іштен: - Кіріңіз.
Кіріңіз - , деген жуан дауыс шықты.
- Сәлеметсіздер ме?
- Сәлемет пе, қалқам… Отыра тұр, айналайын. Мен қазір… Иә, сонымен… деп, кең
креслода мол денесімен қопарыла бұрылып, бас дәрігер қасындағы маңдайы кереқарыс
ақсұр жігітке зейін аударды.
- Ақсақал, кейін әңгімелессек. Қарындас не тілекпен келді екен, - деді жігіт маған
ойлана қарап.
- Е, онда солай болсын. Кейінірек… Иә, қалқам, - деп бас дәрігер маған жылы
ықыласпен қарады.
Жанымды азапқа салып отырып, мән-жайымды аян еттім.
Бас дәрігер ә дегеннен басын шайқады. Бұғағы салбыраған тұлғалы кісінің қабағы
түйілгенде берекем қашты. Сӛзді доғара қойдым. Ісім тағы оңға баспайын деді.
Сыртқа қалай шығып кеткенімді де білмей қалдым.Тағы да жасып, тағы да жігерім құм
болып маңдайы тасқа тиген мекіре балықтай сенделіп жүре бердім.
Кенет: - Қарындас! - деген дауыс мені кілт тоқтатты.
Қарасам бас дәрігердің қасында отырған әлгі жігіт.
- Қарындас, ғапу етіңіз…Менде үн жоқ.
- Бір лажын таптық. Жүріңіз…
Мен қаққан қазықтай сілейіп тұрмын. Сенерімді, сенбесімді білмеймін. Кӛңілім де
әбден шайлыққан.
- Ренжімеңіз. Бәрі келісілді…Кӛзіме дәл осы сәтте қуаныштың жасы үйірілді.
- Жүріңіз, қарындас.
- Жүзінен мейірім ұшқыны жарқ еткен осы бір бейтаныс жігіт мені еріксіз
поликлиникаға қайта оралтты.
Бас дәрігердің кабинетіне ұяла кіре бергенімде ол кісі: - қалқам-ау, бұл қалай? Мен сені
қызметке алмаймын дегем жоқ қой,- деді ыңғайсыздана күлімсіреп.
- Fапу етіңіз, ағай…Түсінем, айналайын. Қалай, қызметке қай күні шыға аласың?
- Тіпті, бүгін болса да,- дедім жұмысты аңсаған басым.
- Олай болмайды. Әуелі орнығып ал. Айтпақшы үй бар ма?
- Жоқ
- Туыс, таныстарың ше?
- Жоқ, ағай.
- Ehе, ендеше былай болсын. Казір завхозға айтайын.Ол ағаң бір пәтер тауып береді. Ал,
қаржы жағы...Тӛсек-орын...
- Оны ӛзім бір нәрсе етермін, ағай
- Жоқ, аванс алып берем.
- Рақмет, ағай.
- Әзірше сестралық міндетті атақарасың. Келер жылы дипломың қолыңа тиген соң,
осында дүрдей дәрігер боласың. Бізге дәрігерлер жетіспейді. Әсіресе, терапевтер мен
педиаторларға зәруміз. Айтпақшы стомотологтар да керек. Солай, қалқам… Бәрі жүре
жӛнделеді. Дүниеде сайрап жатқан даңғыл жолды ӛз басым әлі кезіктіргем жоқ. Тірі пенде
ӛмірде не кӛрмейді дейсің? Сен әлі уыздай жассың. Кӛретін қызығың да, тауқыметің де
алда. Қысқа айтсан да сӛз бағдарыңнан аңғардым бәрін. Жаңа саған жаным ашып бас
шайқап едім. Оны түсінбедің. Бұл да тас жүректің бірі екен деп тарта жӛнелдің. Мына
Асқар ағаң болмағанда маған лағнетінді айтып, күйінген күйінде сол бетіңмен кетер едің.
Шіркін, шыдам деген осындайда қажет-ақ қой… Иә, оқасы жоқ. Бәрі жӛніне келеді… - деп
бас дәрігер сӛзін сабырмен, толғана сӛйлеп, іштегі құса-дертімнің біразын арылтқандай
болды.
- Рақмет, ағай…
- Асқар, ертеңгі бес минуттік бас қосу кезінде карындасты қызметкерлермен
таныстырайық.
- Жақсы, - деді Асқар ойлы қалпында.
Адамға ә дегеннен баға беру киын-ақ. Бірақ мен бас дәрігердің шын жүректен шыққан
осы сӛзіне байсалды да парасатты ақылына, кӛпті кӛрген ақ кӛңіліне елжірей отырып
анық сендім. Ақыры бір жанашыр жандардың шапағатына кез болдым. Жұрттын бәрінен
кӛз жұма түңілгенім бекершілік екен. Бес саусақ тең емес. Ӛмірдің қиындығы да осыған
байланысты ма, калай? Жақсылықпен жамандық үнемі қабаттасып, шарпысып жүретін кӛ-
рінеді. Қайырымдылық қашан да ізгілікке жаны құмар адамның қолынан келетініне кӛзім
айқын жетті. Мен солардың аялы жанжүрегінің алдында басымды идім! Дүние неткен кең
еді! Дүние неткен жарық еді!
* * *
Айдын кӛлде аққулар сайран салған жайсаң жаз ӛтті. Жылы жаққа тырналар қиқулай
ұшқан қоныр күз де ӛтті. Дауылдатып ақпан, қантар ол да ӛтті.
Қабағым ашылып, қайғы бұлты да ептеп сейілгендей. Жан жолдас, дос, туыстарыммен
де табысып жатырмын. Осының ӛзі қандай куаныш. Айсалқын мен Айдархандар да
Фрунзеден әдейлеп екі рет келіп кетті. Құдай-ау әлгі Сәбиға да ыстық маған. Екеуіміз
студенттік кезде кӛп түс шайысып шәйкемдесіп қала беруші едік. Соның ӛзі де қызық
екен-ау. Енді ойласам күлкім келеді. Жас жүректі лепіртіп ойға да, қырға да салған
жастық шақ-ай. Не нәрсеге ұрындырмадың.
Сәбиға кӛп ӛзгерген. Бұрын сӛйлесе үстірт сӛйлеп, саяз ойлайтын ұшқалақ қызым
бүгінде салдарлы-ақ. Тегінде тентектеу адам түзелсе, біржола аяулы ғана бола қалады-ау
деймін. Екі жыл ішінде Сәбиға ӛмірдің мықты алқысын кӛрген. Тек бұрынғы ақ
кӛңілділігінен әлі жазбаған. Оштан анда-санда аңқылдап келген сайын жанымды жайлауға
қондырып кетеді. Екеуміз бір сәт үнсіз отырып арман қиялға шомамыз. Мәз болып не
болса соған күлеміз. Бейшен сонда да бір күрсіндірмей қоймайды.
Қайткенмен Бейшеннен қашықтап барам. Әбден кӛңілі қайтып, үміті үзілген болу
керек. Ол да, мен де үндемеген сайын кейде кӛздің жасы еріксіз домалап жүр. Қанша
қаталдық етіп қиып жіберсем де, Бейшеннең алыстау мүмкін емес тәрізді. Бір құдірет
екеуміздің жүрегімізге қан беріп, бірге соқтырып тұрғандай. Радиодан Бейшеннің әндері
берілген сәтте бар харекеттен айрылам. Санамен сарғайып, мең-зең болып отырып қалам.
Ӛмір осылай етіп жатыр.
Бұл уақыт ішінде Асқардың жасаған азаматтығын тіршілікте ӛтей алар емеспін. Онда
дәрігердің терең сезімді жаны бар. Осы қадірімен ол басқалардан оқшау. Жақсының орны
бӛлек қой. Кейде ӛзімше «япыр-ау адамның бәрі Асқар сияқты мейірімді болса, онда жер
бетінен зұлымдық атаулы жоғалар еді-ау» деп қиялдап кетем. Бейшен мен Асқардың тек
аттары басқа. Әйтпесе екеуінің жаны да, ізгілігі де бір. Тек Бейшен уыттылау, Асқар
барынша тұйық та сабырлы. Ӛзі тіл қатып баурамаса оған жолай алмайсың. Үнемі жеке,
салқын, үнсіз жүреді. Жұртпен әрі түсінікті, әрі қысқа сӛйлеседі. Ықыласы түспесе
күлмейді де. Ал, ӛзім дегенге ӛзегін жұлып беруге дайын. Шын қуанса күлкісі кӛл-кӛсір!
Асқардың участогы бізден бӛлек. Бір-екі рет сестрасы науқастанып қалып кӛмекке
барғаным бар. Оның дертті жанға деген жанашырлығы оны маған сондай сүйікті адам етіп
танытты. Ондай қасиеті бар дәрігер бақытты ғой, ал жүрегі мұздай адамды дәрігер дей
кӛрмеңіз.
Асқар бойынан Бейшеннің кей қасиетін кӛргенде соның ӛзін аһ ұрған кӛңіл үлкен
жұбаныш етеді. Япыр-ау, адамдар біріне-бірі осынша ұқсас болушы ма еді!
* **
Ізгі арман, ақ тілек кӛктемнің лебі білінді. Жердін жас иісі шығып, қылтиып
бәйшешектер кӛрінді. Ауық-ауық жылы жаңбыр нӛсерлетіп, бусанып жатқан жерді
сел-сел қылып кетеді. Дала шиендеп келеді. Қанат қағып қара торғайлар да келіп қалыпты.
Далада толасы жоқ тіршілік. Адамның ғашығы-ай осы бір рақат мезгілге… Осындай үміт
кӛктемінде Бейшенді сарғая күтіп ем-ау… Е, қайтесіз оны…
Бізді ӛзгеше бір жағдай қинап тұр. Эпидемиялық гепатид жайылып етек алып барады.
Сезікті болған жерлердегі адамдарға жаппай гамма-глобулин қолданып катырмыз.
Ауданның кӛп елді пункттеріндегі ауруханалар лық толды. Ал, мұндайда амбулаториялық
жолмен емдеу мүмкін емес. Инфекциялық аурухана тарлық етi. Науқастарды жатқызатын
біраз үйлер босатылып, олдан келген профилактикалық шараларды жасап бағудамыз.
Облыстағылар да осы аурумен әлек.
Ӛзім Ошқа жедел командировкамен барып, кӛп медикамент, лаборатория үшін қан
құрамын, қан реакциясын, зәрді анализ жасайтын аппараттар әкелдім. Бас дәрігерім мені:
«Міне, бұл нағыз дәрігер болатын адамның тірлігі» деп мақтап та қойды. Бұған қысылып
ұялсам да, «жақсы сӛз жарым ырыс» деген емес пе, осының ӛзін әжептәуір мерей тұтып,
іштей шүкіршілік етемін.
Бір жаңбырлы кеште участоктан енді ғана оралып науқастардың карточкаларын реттей
бастағаным сол еді, кабинетке Асқар кіріп келді де диванға сылқ етіп отыра кетті.
Тұнжырап, қабағы тас түйілген. Бүгін түн баласында кӛз ілмеген бе, ӛңі сұп-сұр.
Әлден соң ол: - Айнаш,- деді.
- Әу.
Асқар тұқиып тӛмен қараған күйі үндей алмады. Дүние қозғалса да селт етпейтін
томырық жанның әлдене айтайын деп оқталып, іркіліп қалғанын сезе қойдым. Не
айтқыңыз келді» деуге жасқанып та отырмын. Ойымды неше саққа жүгірткен мазасыз
минуттар ӛтіп жатыр. Мен не дерімді білмедім. Қарточкалар жӛніне қалды. Сағатыма
қарасам, жұмыс уақыты да бітіпті.
Бұрын-соңды Асқардың дәл осындай қажыған күйін кӛрмеп едім. Асқар ауыр күрсінді.
Басын диванға шалқая сүйеп, біраз кӛзін жүмып отырды. Сонан соң, оң қалтасынан
кішкене ойыншық машина алды да, дӛңгелегін зыр қақтырып, ӛзінен ӛзі әлденеге мырс
етті.
- Қандай әдемі машина,- дедім аузыма басқа сӛз түспегендей.
Жӛнсіздеу болды ма, қайдам, Асқар елең де қылған жоқ. Әлгі сӛзімнен қатты
қысылдым. Ӛз-ӛзімнен берекем қашты. Жалғанда тұйық адаммен жеке дара отырғандағы
уақыттан азап ешнәрсе жоқ екен.
Асқар орнынан тұрды. Халатының түймесін асықпа ағытып болды да, терезе алдына
барып ақ жауынды далаға кӛз салды.
- Айнаш.
- Әу, - дедім, оның салқын жүзіне тік қарауға батылым бармай.
- Ғапу ет, Айнаш…
- Не үшін?
- Бүгін түнделетіп Ошқа жүрем. Мәжіліске шақыртыпты.
- Иә…
- Балам бар еді…
Одан әрі Асқар күмілжіп, сӛзінің аяғын жоқ қылды. Жабырқап әлде толқып, әлде
қобалжып тұр. Қашанды салмақты да сырбаз қалпынан мына тұрысы сәл ӛзгешелеу.
- Не айтқыңыз келді?
- Ауруханада жатыр…
- Балаңыз ба?
- Иә, ғапу ет, Айнаш, егер мүмкіндігің болса… Барып тұрсаң…
- Мақұл, ағай,- дедім ӛзіме бейхабар жағдайға толық түсіне алмай.
- Мараттың мамасы жоқ! - деп Асқар маған қарап күрсініп қойды.
Асқардың мұң ұялаған жанарынан бір ауыр күйзелістің нышанын енді байқағандаймын.
Қанша қадір тұтып, жақсы ағаны ӛзіме қанша қамқор санасам да, оның не тағдырлы жан
екенін осы күнге дейін білмеппін. Ӛз жағдайым да оған егжей-тегжейлі белгілі емес.
Үстірт қана біледі. Ал, дәрігерлер ішінде Асқар туралы анау-мынау қаңқу сӛздер мүлде
айтылмайды да. Ол жұрттың бәріне кадірлі.
- Енді, міне, «балам бар, мамасы жоқ»,- дейді. Мұны қалай түсінуге болады?
Сол кеште Асқар екеуіміз балалар ауруханасына келдік. Жол-жӛнекей бір-бірімізге тіс
жарып, тіл қатысқамыз жоқ. Коридорда халат киіп жатып та кӛкірек кере күрсініп алды.
Маған тура карауға жүзі шыдамайтындай Асқардағы осы жат құбылысқа таңмын.
Біз палатаға кірдік. Тұлымы желкілдеген бір қарадомалақ бала терезеге жармасып
сыртқа қарап тұр екен. Басқа бес-алты бала тып-тыныш тӛсектерінде жатыр. Біздің аяқ
тықырымызды естіп, әлгі бала бізге жалт бұрылды. Ә дегенде кӛзі бақырайып маған
қадалып тұрып калды. Сестра оның маңдайынан сипады да:
- Марат, сен немене танымай тұрсың ба? - деді еркелете.
- Мама! Ма-ма-А-А!
Бүлдіршіннің шырқыраған ащы да ӛткір дауысынан екі құлағым тұнып, бітті де қалды.
Әп-сәтте не пәле болып кеткенін, ӛзімнің не күйге түскенімді білмей есім шықты.
Кішкентай құшағын жая балапанша желкілдеп ұра ұмтылған бала сол бетімен жүгіріп
келген бойда бауырыма кірді де кетті. Бетімнен, алқымымнан, тамағымнан шӛпілдете
сүйіп, булыға жылап, маңдайын тӛсіме басып, мені тырп еткізбеді. Ой, жалған-ай, бұл не
тағы, не айдап әкеліп еді? Мына бір бӛтен бала неге мама деп аймалайды?
Білмеймін. Жүрегім әлде жарылды, әлде ӛртенді, әлде тілініп кетті. Тұла бойымды
алаулата жандырып жатқан ыстық қан да тасыды. О, тоба, жаным елжіреп бауырыма
тығылған балдырғанды мейірлене құша түскенімді ӛзім де байқамай қалдым. Бұл не
құдірет? Бұл не сиқыр! Әлде жақсылық? Әлде қырсық?
- Мама! Кетпе! Папа!… деп Марат ыстық жас жуған, албыраған алма бетін бетіме
құшырлана басқанда мен дегбір дегеніңізден айырылдым.
Баланың дегеніне кӛне бердім. Ол мені жеңе берді. «Мама» деген сӛзі-ақ есімді
тандырды.
Енді аңғардым. Есім енді орнына түсті. Бізді ӛңшен ақ халаттылар қоршап тұр. Бәрі аң-
таң. Кейбірінің кӛзінде жас. Асқарға қарадым. Кірпігі суланып, шекесін қос қолдап
қысқан күйі босағада езіліп отыр.
- Ғапу ет, Айнаш,- дейді ол бар болғаны.
- Мама, үйге қайтам… Қалмаймын…- деп Марат безек қағып, жалына-жалбарына
бетімді сілесі қатқанша сүйіп жатыр, сүйіп жатыр.
Сестралар оны менен ажыратпақшы болып, айналып- толғанып, ерекелете сӛйлеп, неше
түрлі ойыншықтар беріп еді, ол оны жан-жаққа лақтырды.
- Жыламашы, Марат. Жыламашы, жаным, - дедім ӛзім де қоса жылап.
- Папам айтқан… Мамаң келеді деген… Менің мамам! Мен жаңа сені терезеден
кӛрдім,- деді Марат бір сәт жылауын қойып.
- Кешір, Айнагүл… Кешір,- дейді Асқар даусы дірілдеп.
Еркі мықты ер азаматты да жасытты-ау мына бала. Морт нәрсенің сынғаны қандай
жаман. Адамның жанын жегідей жейтін де іштегі күйік қой. Асқардың ӛңін кіргізбейтін
Мараттың осы кӛз жасы болғаны ма? Мұзды ерітіп, тасты жібітер кӛкіректі қарсы айырған
мына жылау. Адамның адамы шыдар бұған.
Тілі шырын, бұрын ӛңімде түгіл түсімде кӛрмеген бала енді, міне, жатсыну, тосырқау
деген ойында жоқ, барбиған қолын қойныма емін-еркін тығып жіберді. Денем тоқ
соққандай дір етті. Қытығым келіп ӛліп барам. Шоқтай жанған қолын мейірлене қысқан
сайын ӛзімді қоярға жер таппадым.
- Мамам менің!
Ол кішкентай кеудесін паңдана керіп, қасындағы балаларға масаттана қарайды.
Мақтанып тұр.
Не дерсің оған? Мен емеспін, мамаң басқа адам деуге дәрменім жете ме? Не істеймін
енді? Менің орнымда болсаңыздар не шара табар едіңіздер. Әлде безер ме едіңіз мына
кінәсіз сәбиден? Кӛз жасына да, пәктігіне де қарайлайсыз ба? Қалайша оған үйірілмес
екенсіз, ә? Ойланыңызшы бір сәт…
- Мама! Папа! Мама! - деп Марат әкесіне қолын созып шақырады.
- Марат, жаным. Қоя қойшы енді,- дейді Асқар баласына егіле қарап.
- Папа, кетпе!
Мүлде мазасы кетіп аза бойы қаза болған Асқар біреу мыжып тастағандай орнынан
сүйретіле тұрды. Бала мені әкесіне қарай сүйреді.
- Марат! Марат! - деп тартыншақтап, әлденеден зәрем ұша орнымнан қозғала қоймап
едім, оған да болмады.
- Мама! Папа! - деп еніреген сәбидің бетін қайтару еш мүмкін емес.
Мені Асқардың қасына ертіп апарған Марат екеуміздің ортамызда тұрып алып құшағын
жайды. Біз амал жоқ жүремізден отырып Мараттың құшағына ендік. Күрсініп жіберіп мәз
болған бала бізді құшырлана құшып, алма кезек сүйіп жатқанда Асқар екеуміздің
мандайымыз бір-бірімізге түйісіп қалды.
- Кешір, Айнагүл! Кешір!
Басқа қайран жоқ. Қаршадай бала бізді жіберер емес. Ӛксіп тұрып мәз болып күледі.
Асқарға осы батты. Ер кісінің кӛз жасын сонда кӛрдім.
Сол түні Асқардың қай уақытта кеткенін де білмеймін. Ӛзім үйге Марат әбден
ұйықтаған шақта қайттым.
* * *
Саз балшықты тізеден кешіп, екі аяқты кезек-кезек сүйрей тартып ауруханаға келе
жатырмын. Аспанның түбі тесіліп кеткендей ақ жауын толассыз құйып тұр. Тұнжыраған
бозғылт мұнар күн кӛзін кӛрсетер емес. Бүрсеңдеген торғайлар бұта-бұтаның түбін
сағалап, безек қағып жүр. Дәл қасына келсең де ұшпайды. Қанаты су болып ӛрісі
қысқарған, байғұстардың. Маржандай жылтыраған кӛздерімен сонша жалынышты
қарайды. Ішімнен ойлаймын. «Егер Марат менің бӛгде адам екенімді білсе, маған ол да
осылар құсап жаутаңдап қарар меді?» Осындай ӛткінші бір ойлар соғып ӛткенде, табан
жолымды да бағдарлай алмай қаламын. Міне, бір ағымды батпақтан суыра алмай діңкем
құрып тағы қалжырап тоқтап тұрмын. Денемді жаңбырға аралас ыстық тер де
малшындырды.
«Мама!» деген ащы дауыс құлағымды жарып жібергендей болды. Марат шырылдап
жатқандай кӛрінді. Күн күркіреп найзағай шарт сынды. Мен аяғымды жұлып алдым.
Асығып-аптығып адымдай жӛнелдім. Мараттың үні құлағымда шыңылдап тұр. Қанша
сүріндім, қанша жығылдым, есеп жоқ. Ауруханаға жақындай түскен сайын Мараттың
жылағаны анық естілгендей. Жүрегім тулап алға құлшындырды. Ӛзегім талып, бір жат
балаға аңсарым ауып, аһ ұрып келем.
Аурухана залындағылардың бірін байқағам жоқ. Олардың дабырласқан сӛздерін де
естімедім. Халат алып Мараттың палатасына жеткенше тағатым таусылды. Марат
терезенің алдынан секіріп түсіп: - Мама! - деп мойныма асылғанша да бейберекет ойдың
дүрмегінен арыла алмадым.
- Нені ойлаймын? Нені кӛздеймін? Білсем бұйырмасын.
- Мама, келдің бе? Мама!
Марат мені жаны қалмай аймалап жатып ӛксігін басты. Қабағы кіртиіп, екі кӛзі
бұлаудай болып іскен. Жылаумен әбден ындыны кеуіп, шӛлдеп қалған ба, қайта- кайта
ернін жалап жұтына береді. Маған кірпік қақпай жаудырай қадалып жымың-жымың етеді.
- Папам қайда? - дейді Марат тесіле қарап.
- Папаң ертең келеді.
- Алдайсың.
- Неге? Алдамаймын…
- Папам да сені күнде ертең келеді дейтін.
- Ал, бүгін неге кӛп жыладың?
Сен кетіп қалдың ғой.
- Күттің бе мені?
- Балаңыз бүгін терезенің алдынан түскен жоқ. Сіз келгелі бері кӛп жылайды. Тамақ та
ішпейді. Жұбанбайды да. Ӛзі жүдеп қалды,- деді балалардың тӛсегін реттеп жүрген сестра
қыз мезі болған кейіппен.
- Мұның қалай, Марат?
- Үйге кетем. Қалмаймын мұнда…- деп Марат ернін бұлтитып иегі кемсеңдей бастады.
- Үйге жазылған соң қайтасың. Қарашы, ана ӛзіндей балалар тып-тыныш жатыр ғой,-
деймін Мараттың маңдайынан сипап.
- Иә, олар да жылауық. Укол салдырмайды…
- Ал сен ше?
- Мен уколдан да қорықпаймын… Мына Шерәлі деген бала бұзық. Маған мамаң жоқ
дейді. Бағана қолын тістеп алдым… Ол мені ұрды, - дегенде Марат кӛкірек кере тағы бір
ӛксіді.
Мараттың бұл сӛзін естіген сестра палатадан шығып бара жатып:
- Сіз Мараттың шешесі боласыз ба? - деді.
- Не айтып тұрсың сіңлім?
- Ендеше бұрын неге келмедіңіз? - деп сестрам қазбалап барады.
- Командировкада болдым, сіңілім,- дей салдым, тіктеу қызға жеп жібере ренжи қарап.
Осындай сӛзді Асқар естісе ғой, оспадар дұңқ мінезді адамды аурухананың маңайынан
жүргізбес еді.
Мен ешнәрсе сездірмеуге тырысып, Маратты алдыма алып, оған әкелген алманы
ұстаттым. Кішкентай тістері алманың бір бүйірінен кірш ете қалды.
- Жей ғой, жаным…
- Тәтті-ақ, мама. Мә, ӛзің де жеші… деп алманы аузыма тықпалайды, менсіз тамағынан
ӛтпейтіндей.
Аузындағысын жырып бергенде ішім жылып қоя берді. Айналайын, айналайын деймін
осы сӛзді сонша сүйсіне айтып.
- Мама берші,- деп ол кешегідей тағы да қолын койныма тығып жібергенде қымсынып,
қытығым келіп қашып құтыла алмадым. Бұлқынып қоям.
Марат бұған шегі қата күліп қайта-қайта ұмтылады.
- Қой, жаным. Қойшы енді. Айналайын. Мә, бал жеші…
- Әкел…
- Тәтті ме?
- Тәтті-ақ!
- Бәрін тауысып же.
- Мә, болдым. Мама, сенің ақ кӛйлегің қайда?
- Ақ кӛйлегі несі? Қайдағы ақ кӛйлек? Ондай кӛйлегім жоқ еді ғой. Тағы да бұл қандай
сұрақ?
- Сырғаң ше?
- Үйде, жаным,- деймін тұла денем әлденеден дір-дір етіп.
- Құлағыңның тесігі бітеліп қалған ба? - дейді ол екі құлағымды кезек-кезек шұқылап.
- Болды енді. Ӛзің әбден мылжың болып кеткенсің бе? Бұрын бүйтіп басты
қатырмаушы едің,- деймін бала жүзіне тура қарау мұң болып.
- Мама, сағындым ғой,- дейді ол да қиыла наз қылып.
Бүкпесіз ашық айтылған пәк кӛңілдің сӛзі ғой. Оған мен не деймін. Анам деп аңқылдап-
ақ отыр. Ал безіп кӛр.
Бізді ешкім мазаламады. Бізге ешкім күдікпен кӛз қырын салған да жоқ. Бізге алғыс
жетпейтін рақымшылық жасалды. Бейне бір аналы, балалы екеуміз отыра бердік.
Қою қараңғылық түсіп, шам жағылды. Далада әлі де терезені сабалаған жауын тынған
жоқ. Кешкі ас та ішілді. Енді балалардың бәрін ұйқы маужыратып жатыр.
Марат мені кереуеттің шетіне отырғызды да ӛзі тырандап шалқасынан жатып, бір
аяғын алдыма салып койды. Шолжаңдап, еркелеп әр нәрсені бір айтады. Ӛз сӛзіне ӛзі мәз
болады. Қылығы - бал. Күлкісі - шуақты. Әлсін-әлсін күрсініп қойып, кӛңіліндегі
сағыныш шерін тарқатып жатқандай. Жаудыраған қарақат жанары тура қадалғанда аржақ-
бержағыңнан бір-ақ ӛтеді. Соған елжіреп кетем. Қуанышы қойнына сыймаған сәби
ұшып тұрып бетімнен шӛпілдете сүйіп-сүйіп алғанда, еш ойланбастан мен де оны
құмарлана құшам. Менің де дертім бір сәтке болса да, жоғалғандай жаным жай табады.
Маратқа бәрі түгел. Тек қасында мен болсам болды. Басқаның керегі де жоқ. Жат
жанды анам деп еміреніп, мауқын басып, ұйқыны да ұмытып, жайраң қағуын қарашы.
Кӛңіліңде не бар сенің, ей,бейбақ бала…
Тұнжыраған түннің қай мезгілі екенін білмеймін,жұлдыз сӛніпті. Жаңбыр да басылған.
Балбыраған делсал дала. Тек жылға-жылғадан сылдырап қана аққан судың тап-таза күміс
үні, тырс-тырс тамған тамшы үні келеді құлаққа.
Малтығып үйге жеткенше бозарып таң да білінді. Мен тӛсекке жатқанда үйдің іші
аппақ нұрға толды. Қалғып кетіппін. Марат шыр ете қалғандай болды. Ұшып тұрдым.
Ұйқым шайдай ашылды. Айнаға қараймын. Кӛзім ісіп, қызарып кеткен. Бүгін қыздар тағы
да: «Не болды саған, Айнаш-ау» дейді. Үндемей құтылам…
Менің кӛңілім де жауыннан соң жайнап кеткен мына ашық нұрлы дүниедей.
* * *
Күн демалыс еді. Сәске кезінде Маратқа келдім. Тағы жылап отыр. Тағы да «алдадын,
тастап кеттің» деп кінәлайды мені. Жылаумен-ақ сылынып қалды. Денесіндегі шешек
бӛрткендері тегіс кайтқан екен. Температурасы да қалыпты жағдайда. Енді аз күн шыдаса
жап-жақсы оңалып, құлантаза жазылып шығар еді. Енді оған ол кӛнетін емес. «Мама, үйге
қайтам. Алып кет, әйтпесе қашып кетем» деп қиғылықты салып бет бақтырмайды.Ӛзі
бірбет, қайсар-ақ. Кешегі айтқанын бүгін ұмытпайды. Алдайын десең оңайлықпен
алданбайды. Ол мені аймалап мазасыздана жылағанда ӛзімнің де кӛңілім босап, бар
болғаны оны алдыма алып, бетінен сүйіп, жас иісін иіскелей бердім. Маратты жұбата
алмай мысым құрып отырғанда палатаға Асқар кіріп келді.
- Сәлеметсіздер ме? - деп ол палатадағы кісілерге бас ие амандасты.
- Марат!
- Папа! Па-па! - деп Марат егілген күйі әкесіне қол созды. (Ӛзі сонда да менің
алдымнан қозғалар емес.)
- Айналайын…
- Папа, сен неге келмей кеттің? - деді Марат әкесінің мойнынан қапсыра құшақтап.
- Сонау Ошқа барып, саған ойыншық әкелдім, деді Асқар маған жақындап келе жатқан
басын зорға дегенде кейін тартып.
Марат оған да болмады. Асқар тартыншақтай берді. Ӛңіне ешуақытта мен кӛрмеген
қызыл қан жалқынданып шыға келді. Ол сасқанынан әкелген түйіншегін шешіп, ішінен
неше түрлі ойыншықтар алып, Маратқа ұстата беріп еді, ол оны итеріп жіберді. Алған
жоқ. Әкесін шап беріп құшақтаған күйі жібермей қойды.
- Болды, жаным… Ұят болады… Болды…- дейді ӛзінен әбден әл кеткен Асқар.
Бұл не керемет, япырау? Асқар екеуіміз жұдырықтай баланың құшағынан шыға алмай
тағы да бас түйістірдік.
«Әкем, шешем бар менің. Кӛріңдер»,- деп мақтанғандай Марат бетімізге бетін басып,
үсті-үстіне сүйді дейсіз. Сүйген сайын күрсінеді. Анда-санда ӛксікте бір соғып ӛтеді.
Мұның бәрі ешнәрсе емес екен. Түскі тамақ мезгілі болды. Біз кетуге ыңғайлана
бергенде Марат аяғымен шоқ басып алғандай шырылдап қоя берді. Ал, жұбатып кӛр енді.
Күнде ұйқыға жеңдіріп қайтып жүрген басым не істерімді білмей дал болдым.
- Марат, біз қазір қайтып келеміз… Сен тамағыңды іш…
- Мен де кетем! Қалмаймын!
- Ана балалардың тып-тыныш жатқанын кӛрдің бе?
Сенен басқа ешкім жыламайды… Қане, кӛзінді сүрт! -деп Асқар Маратқа әмір бере
сӛйледі.
- Үйге қайтам…
Марат алған бетінен қайтпады. Ешнәрсеге иланбады, ешкімнен сескенбеді. Ешкімді
тыңдамады. Менен айырылар түрі жоқ.
Маратты ақылмен кӛндірудің мүмкін еместігін сезген. Асқар оны менен күшпен
ажыратып алды да, сестраға берді. Жұлқынған бала сестраның қолын қыршып алып,
бізге қарай тұра қашты. Алдынан екінші бір сестра шығып еді, ол бұлтарып кетіп
кереуеттің астына зып берді. Асқар астыңғы ернін тістеп, қозғалақтап тұра алмады. Ӛзегі
ӛртенді білем, дауысы дірілдеп кереуеттің астындағы шырқырап жатқан ұлына еңкейіп
қолын созды. Марат түкпірге тығыла түсті. Шықпады.
- Ма-ма-ау,- деген жалынышты үнін естігенде мені не құдірет билегенін білмеймін,
Мараттың қасына барып: - Қане, келе қойшы, жаным… Келші айналайын,дедім кӛзіме
құйылған жасты зорға тоқтатып.
- Мама, тастамашы… тастамайсың ба? - дейді еңіреген Марат кереуеттің астынан
шығуға батылы бармай.
- Тастамаймын, жаным. Сенсіз қайда барам. Қане,шыға қойшы…
- Алдамайсың ба? Мен сені сағынып жүрдім ғой.
- Енді қасындамын ғой, жаным… Келші…
- Папа, сен де тастамайсың ба? Бұзықтық қылмаймын…
Мен Асқарға қарап едім әбіржіп, күйзеліп тұр екен. Маған қарай алмай коридорға
шығып кетті. Марат жан-жағына жасқана қарап, кереуеттің астынан еңбектеп келіп мені
құшақтай алды. Сәлден соң коридордан телефон шылдыры естілді. Асқардың дауысы.
Анық таныдым. Біреумен қиыла сӛйлесіп жатыр. «Білем. Түсінем. Тастап кету мүмкін
болмай тұр. Сіз де түсініңізші. Тіпті күтпеген жерден… Менің ойымда жоқ. Иә…
айырылмайды. Ӛзіңіз де білесіз ғой…» Осы сӛздерден соң трубка орнына қойылды. Асқар
палатаға қайта кірді. Ешнәрсе айтпады. Бәрімізде үн жоқ.
Кӛп ұзамай палатаға егде тартқан толықша келген ақ бурыл шашты апай кірді.
- Шатақ шығарып жатқан қайсың? Шерәлі, сен емессің бе? - деп дәрігер миығынан
күлді.
- Мен емес. Ана жылауық,- деп ол Маратты нұсқады.
- Қой, Марат жыламайды,…- деген дәрігер сӛзіне Марат әжептәуір марқайып қалды.
Бірақ ол үйге қайтамын дегенінен жазар емес. «Мама, сенен қалмаймын» деп құлағыма
мазасыздана сыбырлап жатыр.
- Қане, Марат, орныңа жатшы,- деді дәрігер аналық мейірімін тӛге еркелетіп.
- Жатпаймын,- деп ол сіресе түсті.
- Неге? Әлі емдейміз сені.
- Үйге қайтам.
- Қой, олай деме, қане, орныңа жат…
- Мама, тастамашы мені, - деп Марат ӛксіп жылағанда коридорды басына кӛтерді
(Палатадағылардың да зықысы шығып, мазасы кетті).
- Олай болса, тыңдаңыз папасы. Бұл балаға үйде ерекше күтім керек. Әлі біраз күн жата
тұрғанда тіпті жақсы болар еді. Шешектің беті қайтқан, ӛзіңіз де білесіз ғой. Қазір ауа
райы аумалы-тӛкпелі. Қолайсыздау. Жер ыбылыс. Әзірше тек үйде күтіңіздер.
Кӛршілеріңіздің балаларына қосыла кӛрмесін. Қайтеміз енді. Үйге бара-ақ қойсын,- деді
дәрігер Маратты жақсылап қарап шыққан соң.
- Рақмет сізге…
- Oho! Алақай! Мама! Папа! Алақай! - деп Марат екі алақанын шапақтатты-ай келіп.
Сӛйтіп, Маратты ауруханадан шығарып алдық.
Асқар екеуміз әлі тілге келгеміз жоқ.
Үйге келгенде Мараттың қуанышында шек болмады. Үш бӛлменің астаң-кестеңін
шығара айғайлап, мәз болып шапқылап жүр. Жүгіріп келіп бетімнен бір сүйіп кетеді.
Әйелсіз үй белгілі ғой. Маңдай терді сыпыруға тура келді. Қабырғадағы кілем, едендегі
алаша тұнған шаң-тозаң, бұрқ-бұрқ етеді. Білекті сыбанып жіберіп тірлікке кірістім…
Асқар аулада тарсылдатып ағаш жарып жатыр. Еденді жуып шығып, самаурынға шай
қойдым. Примус жағып, Мараттың киім-кешегін, простыняларын жуатын су ысыта
бастадым. Қыруар жұмыс. Кӛп бейнет. Таусылар емес.
Мен не істесем де Марат қоса қабаттасып етегімнен, қолымнан ұстап айрылмайды.
Жүрсем жүреді, тұрсам тұрады. Мені бір елі кӛзінен таса қылғысы келмейді.
Асқар құдықтан су тартып беріп жүр. Үндемейді.
Үйдің ұсақ-түйек тірлігімен кешке дейін күйбеңдедік. Тӛсектерді қағып-сілкіп,
желдетіп алайын деп тӛргі бӛлмеге кіріп едім Марат та жүгіріп келіп:
- Мама, папам екеуің осында жатасыңдар ма? - дегені.
- Қой, не болса соны айта ма екен,- деп тӛргі бӛлмеден шыға жӛнелдім.
- Мен қайда жатам?
- Ӛз тӛсегіңе…
Мен сенімен бірге жатам. Жалғыз жатпаймын. Қорқам,- деп Марат ӛкпелеген сыңай
білдірді.
- Жарайды, мақұл. Тек жыламашы…
- Онда жыламаймын, мама.
Екеуміздің бұл сӛзімізді Асқар естіген жоқ. Ол сыртта, самаурынның қасында отыр.
Күн тау жотасына жасырынып, күнбатыс жақ қызыл арай нұрға тұнып, тып-тынық
маужыр кеш болды. Үй ішінде қоңыр сәуле ойнап, күңгірт тарта берді. Шам жағып, терезе
перделерін түсіріп, дастарқан жабдығына кірістім. Қант, шай, конфет - бәрі бар. Нан іздеп
жүріп үлкен қызыл шкафты ашып едім, ішінде туралмаған ақ бӛлкелер жатыр. Ойымда
ешнәрсе жок, бӛлкелерді турайын деп пышақты ала бергенімде самаурынды подносқа
қойып жатқан Асқар күліп жіберді.
- Балтамен шаппасаң туралмас… Марат жатқалы бері асхананың маңына кім барды
дейсің. Тас болып қатып қалған болар. Менің сӛмкемде жұмсақ нан бар.
Мен де еріксіз күлдім. Марат та сықылықтап қояр емес. Оған не болса сол күлкі. Ал,
мен күлсем де аяймын бұларды. Әйелсіз үйдің, оты ӛшіп, түтіні түтемеген үйдің сиқы осы
ғой. Асқарды да іштей тындырып, томаға-тұйық қылып тастаған да осы кӛңілсіздік болар.
Шарқ ұрған мазасыз ойым да Мараттың шешесін іздеумен әлек.
Шай үстінде де Марат алдымнан түспеді.Отырған орындығымыз тарлық қылған соң кӛк
пүлішпен тысталған кең креслоға отырдық. Байқаймын, Марат маған еркелесе Асқардың
дегбірі қашады. Амалы құрып, тӛмен карап, мелшиеді де қалады. Мына баланың қылығы
маған да оңай тиген жоқ. Асқардың алдында ку жаным шықпай әзер отырмын.
Жұдырықтай баланың «мама» деген сӛзі мені тырп еткізбей бағындырып алғаны ма? Осы
бір қарапайым да ыстық сӛзден аса алмай, ол мама деген сайын оған жақындай түскім
келеді. Баланы бауырыма бассам жүрегім әлденеден селк еткендей де болады. Жанымды
отқа да, суға да салды-ау мына бала.
Ӛз үйіне келіп кӛңілі орнына түскендіктен бе, Марат шайдің арты жиылмастан алдымда
жатып ұйықтап кетті. Ойын баласы ғой, шаршаған да болар.
Мараттың мұрыны пысылдап ұйықтағанын сезген Асқар:
- Рақмет, Айнагүл… Бәрін де кешір… Маратты орнына жатқызайық. Сенің де қайтатын
уақытың болды.
- Ұйықтай берсін… Оқасы жоқ.
- Марат сені мама деді, Айнагүл. Мен түгіл сенің де басың қатқан шығар осының «мама»
деген сӛзіне. Тағы да ӛтінем, кешір айналайын… Бұл баланың мамасы, деп Асқар
күмілжіп қалды да, орнынан тұрып тӛргі бӛлмеге кіріп кетті.
Сәлден соң қайта шықты. Қолында қызыл рамкаға салынған бір портрет бар. Ол
портретті менің алдыма қоя салды. Қараймын. Ӛзім. Аң-таң болып Асқарға қараймын. Ол
үндемейді. Қайта қараймын. Тап ӛзім. Асқар басын шайқады. Кӛзімді уқалап жіберіп
қайта үңілдім. Жоқ. Мен емеспін. Менің мұндай ақ кӛйлегім жоқ болатын. Сырға да
салмаймын… Ернімді де боямаймын. Жо-жоқ! Басқа жан бұл.
- Солай, Айнагүл. Адамға адам қатты ұқсайтын кӛрінеді…
- Бұл кісі қайда?
- Қара жердің қойынында жатыр.
Маңдайыма мұздай тер шықты. Күрсініп Маратты кеудеме қыса түстім.
- Ол кезде Марат бірге де толған жоқ еді. Біз сондай бақытты болатынбыз. Шолпан
екеуіміз кейде тұңғышымызға мәз болып, оны таң атқанша аунатып-қунатып, жӛргегінің
жұпар иісін иіскеп жатып кӛз шырымын алатынбыз. Сонда менің Шолпаннан айырылып,
Мараттың жетім қалатыны қаперге келді ме, сірә. Ойсыратып, қаусатып кетті. Содан бері
үш жарым жылды итшілеп ӛткізіп келеміз. Марат ә деп тілі шыққанда мама деді. Сол
күннен бастап мамам қайда дейді. Күйіктің азабын тартып жүріп «мамаң ертең келеді»
деймін.
Сәби ғой, соған да жұбанады. Кейде «мама» деп кӛрер таңды кӛзімен атырып,
шыңғырғанда екі қолымды тӛбеме қойып беталды құла дүзге безіп кеткім келеді. Амал
жоқ, шыдаймын. Әлі алдап келем, әлі алданып,кӛңілі күпті болып Марат жүр. Кей күні
қызарып батқан күнге қарап «папа, күн батты. Мамам таң атқанда келеді» деп қуанатыны
бар. Таң атады. Кеш батады. Марат келесі таңды тағы да күтеді. Осы-ақ қабырғамды
қайыстырады. Мамасының бұдан басқа екі үлкен портреті бар еді. Екеуі екі бӛлмеде ілулі
тұратын. Бір күні портретке қарап Мараттың жылап жүргенін де байқадым. Портреттерді
сандыққа тығып тастадым. Оны да жоқтап жылады. Шіркін, ана кӛкірегі-ай… Ол тіпті
ӛзгеше қымбат екен ғой. Оған ешнәрсені теңгермейтін де кӛрінеді іштен шыққан перзент!
Анасының жүзін кӛрмесе де соған ынтық. Мама деп жарқұлағы жастыққа тимей іздейтіні
сол!
Асқар қинала сӛйледі. Міне, тағы үндемей қалды.Қалтасынан шылым алып тұтатты да
қомағайлана сорып, түтінін бұрқ еткізіп бір-ақ шығарды.
- Әке-шешеңіз жок па? - дедім сыбырлап қана.
- Бар. Олар тым қарт. Елде тұрады. Олардың ӛздеріне күтуші адам керек.
Маратты ӛзім тәрбиелеуді жӛн кӛрдім. Қиын ғой… Не кӛрсем де ӛзім кӛріп жүрмін.
Осының кір-қоңын жуғанда қолымның ақжем болып ойылып қалғанын да сезбеймін.
Марат яслиге барады. Екеуіміз әр кеште үйде табысамыз. Осы баланың қамы ғой
ойлайтыным. Басқа ешнәрсеге басым қатпайды. Ӛзіме түбінде адам табылар-ау. Ал,
мынаған… Қиялым жетпейді… Мүмкін емес… Біреудің баласын біреудің еміренуі…
Ондай адамды әлі кӛргем жоқ,- деп Асқар басын шайқап, кең тыныс ала күрсінді де,
шылымды үсті-үстіне тартып-тартып жіберді.
Манаураған Марат алдымда былық-сылық етіп олай аунайды, былай аунайды. Екі
шекесі, мойыны терлеп, балбырап қана жатыр.
- Айнагүл, орнына жатқызайық… Шығарып салайын сені. Еһе, түн ортасы болыпты… -
деді Асқар сағатына қарап.
Мен орнымнан жайлап қозғала беріп едім, Марат оянып кетті. Ұйқысы шала боп, есінеп,
тӛсімді иіскелеп отырып кӛзін ашты. Мен оны әндете әлдиледім. Марат қайта қалғи
бастады.
- Ұйықтады. Сен де үйге қайт, Айнагүл, шаршадың ғой…
- О не дегеніңіз…
Маратты кереуетіне жатқызып, үстіне жұқа одеялын жауып, қасында біраз уақыт
отырдық. Кенет Марат сӛйлеп, елеуреп, шошып оянды да: «Мама! Мама!» - деп жылап
қоя берді.
Сол түні қондым.
Келесі күні де кете алмадым.
Үшінші күні де Маратпен бірге жаттым.
Күні бүгінге дейін осы үйдемін!
Бұл менің туған үйім! Ӛз ордам! Осы үйдің сӛнген отын да тұтатқан ӛзім! Асқар осы
үйдің мұржасынан тік атылып шыққан түтінді кӛріп те қуанады. Ол да менің қуанышым.
- Мама,- дейді Марат.
- Әу, - деймін жүрегім кеудеме сыймай.
* * *
Жақсылыққа жетелеген жолды сіз түп-түзу деп ойлайсыз ба? Егер солай ойласаңыз
қатты қателесесіз. Онда сіздің алаңы жоқ, нәрестедей-ақ болғаныңыз. Ӛмір жолының
бұраңына шашыңыз жетпейді… Оның мехнаты шашыңызды ағартады білем. Баспен не
істесеңіз, мойынмен кӛтеріңіз. Серпіліңіз. Ұнжырғаңыз түсе берсе нанша иленесіз…
Алғашқы күндері бәрі жақсы келе жатты. Балаға деген махаббат басқаны ұмыттырып
жібергендей еді.
Асқар ащы мен тәттіні сезіп қалған жігіт емес пе. Семья бақыты мен үй ішінің
тыныштығын жанын сала қорғады. Титтей нәрседен кірбің туса, бәрі де тас-талқан болады
деп ойлай ма, ол табиғат берген салқынқанды, біртоға мінезінен жеріне бастады. Марат
екеуіміздің қас-қабағымызды сезе қояды. Мама деген сӛзді естігенде жаны қалмай
қуанады. Ізгілікке құлай берілетін жан ғой, елпең қағып асты-үстімізге түсіп, бәйек болып
жүргені сол. Онысы жасанды, жалған қылық емес. Сонысына сүйсінем.
Ӛмір қандай қиын. Осы үйге келгеннің ӛзін бақыт санап жүрсем де бар ниетім Бейшен.
Мен одан жырақ қалыппын. Ұмытайын-ақ деп серт етіппін. Кінәлі басыммен оның
босағасын аттамайын деп нан жеппін. Кӛзімнің қарашығындай қастерлеген ақ
махаббатымды талақ етіп безінген екенмін. Бірақ, соның бәрі бекер ме, қалай? Бейшен
екеуміздің арамыздағы ақ арман жібі де үзілмепті. Үміт те таусылмапты.
Осының бәрін іште бүгуге ар алдында хақым бар ма? Несін жасырам? Қалай ғана құпия
етем оны? Асқарды іштей мүжігенше не де болса айтпаймын ба бәрін? Есті ғой, түсінер.
Түсінбесе амалым не? Бір басым кӛреді де бәрін. Айтқаным жӛн. Ол да белгісіз құса-
дерттің азабын шекпесін. Онсыз да бір басына қапа-мұңы жеткілікті ғой.
Ақыры айттым. Асқар менің басымдағы ӛкінішті хикаяны толық білді. Не десін? Осың
жақсы болған екен деп құттықтасын ба мені? Әлде мұның барып тұрған оңбағандық деп
табаласын ба? Оған бұл сырым жайлы тиген жоқ. Сыр сақтауға берік адам ғой. Іші
ӛртеніп жатыр ма, жоқ бәрін азаматша ақылға жүгіндіріп жүр ме? Оны ӛзінен басқа ешкім
білмейді. Кӛп уақытка дейін ол ешнәрсе сездірмеді. Мен бір зілдей жүктен жеңілдім. Жӛні
келсе іштегі түйткілді ақтарып салып, кеудені кең ұстағанға не жетсін. Жоқ, байқаймын,
Асқардың түсінген сыңайы бар.Оның үстіне Мараттың маған емірене түсуі пендешілік
күйкі ойдың бей-берекетін шығарды. Бұл үйге тек бақыт қана керек! Басқасының бәрі
жоғалсыншы! Байғұс Марат… ер Асқар… Тағдыр енді, міне үшеумізді бір от басында
токайластырды! Бауыр басып қалыппыз. Мына күйімізде қандай әзәзіл араға от жаға
алады? Мараттан қалай ажырамақпын? Жалғанда осы бала жаттығымды тіршілігінде
білмей-ақ қойса екен! Маратым менің! Ол менікі! Менің ұлым! Құлыным! Сол жазда
Асқар екеуміз демалысты Фрунзеде ӛткіздік. Мен мемлекеттік экзаменді сәтті тапсырдым
да дипломымды алдым. Бір арман белесіне де шықтым. Дәл қайтар күні… О, тоба…
Қасымда Марат бар болатын. Кӛк базардан анау-мынау алып, қонақ үйге қайтып келе
жатканбыз.
Бір кезде ту сыртымнан: - Ей, былай кет. Былай, деп барқыраған дауыс шықты.
Ӛзіміз екі кӛшенің қиылысқан жерінде тұрып қалыппыз. Дауыс шыққан жаққа қарасам
кӛшенің дәл ортасында зіркілдеп, күрсілдеп үлкен экскаватор тұр. Экскаватор бері
шегінді. Енді байқадым. Қазылған орға қарап біреу тұр. Алға жүрексіне бір аттап еді, аяғы
опырылған топыраққа сүрініп, еңкейіп барып денесін зорға жиып алды. Оңға жүрді. Тағы
сүрінді, солға бұрылып, кібіртіктеп тұрып алды.
- Ей, ӛле алмай жүрген немесің бе?
Кет былай…
Қап, мынаны-ай, ә.
Үстінде шолақ жеңді ақ кӛйлек, қара шалбар, қолында сарғыш папкасы бар сәнді
киінген жігіт бізге қарай бұрылды. Енді кӛрдім. Қолындағы таяғы айналасын тіміскілеп
барады. «О, жасаған, мынау Бейшен емес пе?» деген сұмдық ой есімді тандырып, кӛзімнің
алды сағымдай құбыла жӛнелді. Тағы қарадым. Япыр-ау, не кӛріп түрмын? Тағы қарадым.
Түк кӛргем жоқ. Қап, жығылды-ау!
- Тіфу, ақымақ! - деп экскаваторшы ызаға булығасекіріп түсті де, анаған күйгелектене
ұмтылды. Мені қандай керемет күштің итермелегенін білмеймін, Маратты тастай бере мен
де жүгірдім. Мейлі, кім болса ол болсын. Жеттім. Шалқалақтап, жан-жағын қармана
жығылып бара жатқанда шап беріп қолтығынан ұстай алдым. Қарасам - Бейшен! Үнімді
шығармауға тырыстым. Тіл жоқ. Мұз қарығандай қалтыраған денемді әзер тежедім. Біз
тротуарға шыққанда: - Рақмет! Рақмет сізге. Енді ӛзім де жетем… - деді Бейшен. Бірақ,
менің қолым қарысып қалғандай оның қолтығынан шыға қоймады. Томпаңдап Маратым
да жетті. Ол келген бойда: - Мама… Мама… Мен,- деп ол Бейшеннің бір қолынан ұстай
алып жетектеген болады. Қандай әйбәт баласың. Рақмет, айналайын, - дейді Бейшен сол
елжірей күлетін қалпымен. Менің құр жаным келеді. Бейшеннің жүзіне қарауға дәрмен
жоқ. Ол басын асқақ кӛтерген күйі нық сеніммен адымдап тік жүріп келеді. Мен күйіп-
жанып ӛліп келем. Дүние тарылып кеткендей, кішкентай кеудеме ауа жетпейді. Үйді
қаланың орталығынан алыпты. Онша қашық болмады. Бізді Бейшеннің ӛзі тоқтатты. Міне,
келдім, балақан. Біздің үй осы. Мамаң екеуің үйге кіріңдер, - деді Бейшен Маратка
күлімсірей қарап. Ӛзіміздің үйге барамыз, - деп Марат қолымнан тартқылады.
Ал, атың кім, балақан? Марат!
-Ал, папаңның аты ше?
Асқар! Егер табан астымда тесік жер болса кіріп кетуге сәлақ тұрмын. Әлде тұра
қашсам ба екен? Әлде Мараттың аузын бассам ба екен? Шіркін-ай… - Мамаңның аты,-
дей бергенде біздің қасымызға
шарбақтан аса тебілген бір доп топ ете қалды. Марат допты қуды да кетті. Уһ…
- Рақмет, қарындас. Рақмет. Сау болыңыз! Сол күндердің бәрі кӛз алдыма жайнап бір
шыға келді де, сол мезетте жоғалды. Бейшенмен қоштаса да алмадым. Былай шыға бере
артыма бұрылып едім, менің соңымнан қараған күйі қозғалмай тұр екен…
* * *
Жапырақ қурап, ағаш біткен сидиып жалаңаш қалды. Гүлдер солды. Сәнді бақтардың
базары тарқап, бұлбұлы сайрамайды. Сарыала шапан жамылған жер күн озған сайын
күреңіте түсіп, ауа дымқыл тартқан. Жел де сүйкімсіздеу, қытымыр, бір ызылдаса бірнеше
күн толастамай әбден мезі қылады. Аспан сұрғылт. Ауық-ауық жӛңкіле кӛшкен
бұлттармен бірге лек-лек тізіліп, жылы жақка құстар да самғап барады. Бар маң ажарсыз,
жадау. Мезгіл шіркіннің осы бір шақтағы сұрықсыз кӛркі-ай. Рыбачьеге осы күздің
басында ауысып келгенбіз. Асқар қалалық емханада екінші бӛлімшенің меңгерушісі,
мен де осы ауруханада дәрігермін. Бірінші терапевт бӛлімшесіндемін. Маратты келген
бойда бала бақшаға ор- наластырдық. Осында келгелі біраз уақыт болса да Фрунзеде
Бейшенмен кездескен күннен бергі жүдеу кӛңілім құлазыған осынау күңгірт күздей.
Бейшенмен ұшыраспағаным жақсы-ақ еді. Енді-енді аузы бітіп келе жатқан жан жарасын
қоздырды да жіберді. Ақыр қол үзіп, арамыз суып, бір-бірімізден шалғай кеткен соң кӛзге
күйік болып кӛріне берудің қажеті не, тәйірі. Жүрек дерті қайта асқынды. Не істеп, не
қойғанымды білмеймін. Айдалада сандалып қалғандай бәріне енжармын, әлсізбін, есім де
аумалы-тӛкпелі, езіліп, құрып барам. Анда-санда аңырып отырып қалғанымды Асқар сезіп
жүрді, шыдап жүрді, бәріне кӛніп жүрді. Ӛңі қуарған Асқарды есіркеп: «Бұрынғы
күйлерің жақсы еді ғой»,- деймін іштей. Басқа не айтам? Құр бекер кешір дей бергеннің
ӛзі де ыңғайсыз. Одан не шығады. Оның ӛзі шаян шаққанмен бірдей. Айыға қоймаған осы
кӛңілсіздік аз болғандай бір күні түскі тамақ үстінде қолымнан кесемді түсіріп алдым.
Асқар оған кӛңіл де бӛлген жоқ. Түк кӛрмегендей отыра берді. Полонез! Радиода
полонездің әрі сырлы, әрі мұңлы, әрі отты әуені тӛгіліп барады. Далада ұйтқып жел
кӛтерілді. Дауыл басталды. Майда қиыршық тастар терезеге шарт-шұрт тиіп жатыр.
Ӛмірімнің соңғы сәтіне дейін жасымды ағызып, менің ең тәтті күндерімді әр кез кӛз
алдыма жарқ еткізетін сүйіктімнің жаны ынтызар осы полонезі жүрегімді суырып қолқама
бір-ақ әкелді. Әлі де осал ма едім? Тӛзе алмағаным қалай? Асқар мәңгіріп, мізбақпады.
Шай де ішілмеді. Шылымды сирек тартатын адам енді кӛк түтіннің астында кӛрінбей
қалды. Полонез шорт үзілді. Асқар тысқа шыға жӛнелді. Үйдің тӛбесі солқылдап,
тасырлап кетті. Әлде пештің мұржасы құлады. О, ғажап, полонез қайта шалқыды…
Полонез! Бейшен! Екеуінің де ыстығы-ай! Дүниенің әлегін аспанға шығара шайқап-
шайқап ӛткен дауыл ішін тартып, лып басыла қойды. Полонез де бітті. Ӛзімнен ӛзім селк
ете түстім. Тағы лағып, құлазып кетіппін. «Мараттың киімдерін жел ұшырып әкетті-
ау…Қап»… Далаға жүгіре шықтым… О, Сұмдық! Мынау Асқар ма? Ол үйдің тӛбесінде
неғып отыр? Мұнысы несі? Асқардың шашы қобырап бетін жапқан. Шыкқыр кӛзім енді
кӛрді. Жаным мұрнымның ұшына бір-ақ келді. Денем аяз сорғандай суып жүре берді.
Үзілген сымның екі ұшын күшпен түйістіріп, тістене сіресіп отыр. Асқар сымды солай
кере тартқан күйі тапжылар емес. Кеудесінде жан бар ма, жоқ па? Ток соғып, осылай
қатып қалғаннан сау ма ӛзі? Ой, жасаған-ай… Радиосы құрғыр кақсап тұр…
-Асқар! - деп айқай салдым. Маған жалт қараған Асқар ұшып түрегеліп сымның екі
ұшын екі жаққа бар пәрменімен сілке лақтырып жіберді. Үйдің түнікелі тӛбесін аяғымен
оя жаздап долданып келіп қабырғаға сүйеулі тұрған сатыға да қарамай секіріп түсті.
Маған қайырылып, назар салған да жок. Сол күйінген бетімен қақпаның есігін итере ашып
кетті де қалды.
Уһ… Болаттай адам да тӛзе алмады. Морт опырылды. Асқар сол күні жұмыстан
оралмады. Келесі күні де қайтпады. Үшінші түнді де Марат екеуіміз елегзіп ӛткіздік…
Апта бойы екінші терапевт бӛлімшесінің түнгі кезекшілігін Асқардың жалғыз ӛзі атқарды.
Бұл не деген азап десеңізші. Мен оған ешнәрсе дей алмадым. Артынан адеу де салғам жоқ.
Телефон да соқпадым. Ол да тым гырыс. Бәрін түсініп жүрді. Осы халде оның мені
кӛрмей ақ қойғаны абзал. Мұндай жағдайда жеке-жеке болғанымыз жақсы. Оның үйге
қайрылмай жүргені де солай. Дүлей ашуды бұрқатып, топандатып жібермей солай
тежейін дегені. Соның ӛзі оған рақат тыныштық. Соның езі оның азаматтығы. Тек
ниетіміз суымаса екен деп тілеймін. Асқар осы бір күндері дертпен қоса ӛзінің ғазиз
басын тауға да, тасқа да еріксіз соғатын зұлымдықтың қызғаныш деген кесапатты
пәлесімен арпалысып бақты.
* **
Жетінші күні мен де түнгі кезекшілікке шықтым. Біздің бірінші терапевт
бӛлімшесіндегі палаталар сондай тыныш болды. Кешкі обходты бітіріп, сестрамыз
екеуіміз түнде дәрі ішетін, укол қабылдайтын науқастардың ауру жағдайларымен танысып
отырғанбыз. Палаталарда бір сәт тыныштық орнай қалса, бізде одан артық қуаныш
болмайды. Мазасыз түндер ӛзімен кетсін. Ӛмір тоқта-
мауы тиіс! Асқар жаққа қарап қоям. Қоридорымыз бір ғой. Бұл түн олардың ең
аласапыран да қатерлі түні. Жаңа әкелген тӛрт науқас әлі тілге де келген жоқ. Әл үстінде
жатыр. Асқар ӛте қиын жағдайда отыр. Аурудың түнде құтырып кететін әдеті емес пе?
Міне, оның алдына зембілге салып тағы біреуді әкелді. Бұл жан осы емханаға мен келгелі
екі рет түсті. Үшінші рет тағы да келді. Асқардың ӛзі орнынан алып тұрып, оның иығынан
демеп орындыққа отырғызды. Сонан соң науқасқа жымия қарап: «Иә, сӛйтіп тағы да кеп
қалдың, Семен, ә?» - деді де алдындағы карточкеге үңілді.
- Келмегенде қайтем? - деп Семен екі қолымен орындықты мықтап ұстап алып, белі
бүкшиіп, қозғалақтап қойды.
Семен ӛте мазасыз, ызақор, ӛзі айтқаны болмаса еш нәрсеге илана қоймайтын,
мейлінше уайымшыл, әрі күйгелек науқас еді. Асқарға енді-енді айқайлап қалар ма екен?
Әне, кӛзі шатынап шығып барады. Енді ол қарлыққан дауысымен барылдап айқайға
басады да, бүкіл емхананы басына кӛтереді. Жоқ. Әзір салмақты отыр. Асқардан кӛзін
алар емес. Неғып байсалды бола қалды? Асқар жазуын тоқтатты да:
- Қай жерің ауырады? - деді Семенге тік қарап.
- Немене, менің ауруымды осы күнге дейін білмейсіңдер ме?
- Жә, сабыр.
- Қашанғы сұрай бересіңдер…
- Ақырын. Жұрттың ұйқысын бұзба.
- Мен ӛлем осы бронхиальді астмаңнан,- деген кезде Семеннің тамағы сырылдап,
бүктетіле жиырылып, кеудесі кеуіп, мойыны қайқайып, жаны ышқынып шыдай ал маған
соң екі қолымен белдігін бұрай қысып, алқынды да қалды.
Тынысы бітіп, аузынан ақ кӛбік ата тұншықты… Ауа… Ауа… Жетпейді. Бронхиальді
астма қыспаққа алды оны.
- Сестра, терінің астынан эфедрин ерітіндісін жібер! Асқар сабырлы. Дауысы әмірлі.
Ол Семенді бұрын емдемеген еді. Бірақ, мұның тынышсыз екенін жақсы білетін. Семен
он-он бес минуттан соң ентігін сәл басып еді, тағы да кӛтеріле сӛйлеп, даурығып кетті.
- Ӛлмегенде нем қалды? Қарашы міне, мұздай терге малшындым. Ылғи осы,- деп ол
мандайын ызалана сүртіп тастады.
- Бос сӛз, Семен. Мә, мүздай тер керек болса,- деді Асқар да алақанымен ӛз маңдайын
сүртіп. Семен оған үндемеді.
Сестра, сегізінші палатаға алып бар! Тықыры білінбесін… Асқар жаққа әлі қарап
отырмын. Маған ол да кӛзінің астымен қарай береді. Біздің палаталар тып-тыныш.
Шыбынның ызыңы білінбейді.
Жарты сағат ӛтті. Асқар коридорда әрлі-берлі жүр. Біліп отырмын, оны ұйқы
титықтатып барады. Әбден қажыған. Сақал, мұрты да ӛскен. Қайта-қайта жуынатын
бӛлмеге кіріп мұздай суға жуынып, орамалмен бетін ысқылап сүртіп, шашын тарап, есінеп
қояды. Семен жӛтеле бастады.
- Әй, қайдасыңдар, түге. Сестр-а-а-а… Ӛлдім ойбай! Шақыр дәрігерді!
- Сестра, Семенге адреналин ертіндісімен укол жібер!
- Жақсы.
- Ойбай! Денемді тескілеп-ақ құрыттыңдар-ау, түге. Аулақ! Ойбай-ай…
- Қолымды қағып жіберіп… шприц майысып…- деп сестра палатадан әбіржи шықты.
- Кислород бер!
- Асқар аға, әлгі инженер… Бұл инженер тоғызыншы палатада жатыр. Осында жатқалы
үш күн болды. Шамасы қысылып қалған болу керек. Инфаркт миокарда ғой. Ӛте ауыр.
Секунд сайын ӛмір мен ӛлім арасында. Мен енді шыдай алмадым. Асқармен бірге мен де
сол палатаға кірдім. Тез арада кардиамин мен промедол уколын салдық.
Жүрегінің тұсынан горчичник басып, тілінің астына валидол дәрісін қойдық. Қан
қысымы жоғалып барып қайта түзелді. Аяқ-қолы суып, тұла денесі кӛгеріп, салқын тер
шығады. Науқас осылай қиын халде біраз жатты да тынышталды. Ӛңі кірді. Асқар
екеумізге қарап езу тарта жымиып қойды. Тағы да бір жүрек тоқтаған жоқ! Біз палатадан
шыға бергенде: - Семен тағы…- деді сестра жыламсырап.
- Асқар аға, кешегі кемпір…
- Қане, жүр…
Жалғыз Асқар қайсысына жетсін. Мен Семенге келдім…
- Асқарды шақыр. Басқаларың…- деп Семен мені манына жолатар емес. Сабыр
етіңіз…Қазір басылады… Сәл ғана… Жоқ. Ӛлемін мен. Қызым, мені кӛп қинама…
- Немене, ал келдім. Тағы боздап отырсың ба? деді Аскар оның қасына отыра беріп.
- Aуa! Ауа! Ӛлетін болдым. Ӛлмейсің!
- Неге ӛлмеймін? Қарашы, жағым пышақ жанығандай…
- Сабыр етсең бәрі жақсы болады. Сенің халің басқалардан анағұрлым жақсы. Кӛңіліңе
қарап айтып отырғам жок. Шын ба?
- Дәрігерлер науқасты алдамайды. Есіңде болсын!
-Ал, неге ұйықтай алмаймын, соны айтшы? кӛзіме жын ба, шайтан ба, ылғи бір пәлелер
кӛрінеді.
- Ол әншейін алабұртқан ойың ғой. Қазір сені ұйқы қысып отыр. Қалғып кеткеніңді
сезесің бе, ӛзің? Семен дәл осылай ешкіммен ашыла сӛйлеспеуші еді. Асқарға үміт ете
қарап, сӛзіне иланып мәмлеге келе бастады. Мұнысы қалай? Асқардың басқа
дәрігерлерден қандай ӛзгешелігі бар? Бұл да жай ғана қарапайым, қатардағы дәрігердің
бірі емес пе? Ӛзгеден оқшау кӛрінетін атақ, даңқы да, ашқан ғылми жаңалығы да жоқ.
Сӛйтеді де ол ӛзінің әріптестерінен бастап мына Семен сияқты қарапайым жандарға дейін
сондай ыстық. Бәрімен тіл табады. Бәрінің кӛңілін барлай біледі. Бәріне бауыр, туыс, дос.
Оған ешкімнің жаттығы жоқ. Семен екеуінің сен деп сӛйлескенінің ӛзі қандай жақсы.
Жылтыраған сыпайылықтан кӛрі шын ӛзімсінгенге не жетсін!
- Түннің қай мезгілі болды? - деді Семен кереуетін сығымдап ұстаған күйі.
- Ел жаңа ғана жатты. Әні, қалғып отырсың, дем ал…
- Сӛйтіп, мен ӛлмеймін бе?
-Ойыңа келмесін!
- Осы мына құрғырды қалай қоям, а? - деді Семен ақ орамалға орап, қолтығына тығып
алған темекісін кӛрсетіп.
-Міне, енді сен тез жазыласың. Ӛмірді түсінген адамның тірлігі бұл. Темекіні тастасаң
жӛтел де құриды, ентікпейсің де, жақсы оңалып кетесің. Осында сенің ауруыңмен
ауыратындардың бәрі шылым тартпайды. Қазір жағдайлары мынау! - деп Асқар күліп бас
бармағын кӛрсетті.
- Шылым тартқым келгенде не істеймін? Ең жаманы сол ғой. А?
- Саған астматол беремін. Соны тартасың. Дертіңе мың да бір дауа.
- Ой, айналайын-ай. Сӛйтші…
-Қой, Семен, қалғи-қалғи шаршадың әбден…
- Иә, жатып дем алайын енді… Дегенмен сенің ақылың ұнайды маған…Бәрі жақсы
болады. Сен маған. Анау-мынауды ойлап ашулана берме. Жарай ма? Келістік ендеше.
- Ойымнан шықсаңдар босқа даурығып жынды болдым ба, шыбын жан қиналғанда
қиын екен…
- Емдейміз. Саған мына Ыстық кӛлдің ауасы шипалы. Жазыласың! Қане, дем ал енді.
Қайырлы түн, Семен!
- Қайырлы түн
Психотерапия дегеніңіз осы ма? Бұл не ғажап? Мұны біз неге қолдана алмаймыз? Не
құпиясы бар оның? Бәрімізге аян мына әпербақан Семеннің бесікке бӛлеп қойған баладай
маужырауын қарашы. Лепіріп, тулап кететін (арқасы бар батырым жұп-жуас момақан
ғана. Қайтсын, оған да кінә жоқ. Нерв жүйесінде де кінәрат бар. Мұндай науқасқа аялы
алақан, жылы жүз, ыстық ықылас, жан-жақты күшейтілген ем керек! Есіме әнеукүнгі бір
мәжіліс сап ете түсті. Онда Асқар клиникада гипноз бен ине терапиясын кеңінен
қолдануды, соған орай қажетті шаралар мен жағдайлардың мән-жайын үлкен мәселе етіп
қойды. Біреулер сонда гипнозған самарқау қарады. Ине терапиясына кӛңіл қойды да, ал
оған арнайы мамандар дайындауды үзілді-кесілді шеше алмады. Асқар осыған күйінді.
Тіпті болмаған соң «Ен деше гипнозды ӛзім қолданып байқаймын. Ғапу етіңіздер,
нәтижесін кӛресіздер сонда» деп ӛз ойын кесіп бір- ақ айтқан. Дәл осы бір күндері
гипнозды ол қатты ойластырып жүрген еді. Қырсыққанда үй ішіндегі кӛңілсіздік те жеңіл
тимеді, Асқардың құштарлығына тұсау болды. Бірақ, сонда да сезем, Асқар гипнозға
шебер дәрігер. Психотерапияны керемет меңгергендігінің айқын дәлелін тап жаңа ғана
кӛрдім. Ол гипнозға терең мән берді. Кім білсін, кӛбі қолдар оны. Адам үшін игі істен
тартынған ба дәрігерлер. Иә, жүздің ішінен кертартпа біреулер де табылмайды дейсіз бе?
Несі бар, Асқар ондайлармен күресіп те бағар. Оны уақыт кӛрсетеді. Оныншы палатада
бүйрегі қабынып іскендіктен тек кірпігі ғана қимылдап жатқан қарт ананы күзетіп отырып
таңды да атырдық. Қоридорда жұрттың дабыр-дұбыр сӛздері естілді. Жаымды отқа салған
мазасыз түннің қалай ӛткенін де білней қалдым. Адам тағдыры осы түні тағы да Асқар
екеуі ізді бір-бірімізден ажырағысыз етіп табыстырды. Біз әл осы жолда түйісе беретін
тәріздіміз. Біздің мұратыныз да осы кӛрінеді. Бір-бірімізге осындай сәтте де демеуші бола
алады екенбіз. Адам ӛмірі үшін арпалыста кеуміз де бәрін ұмыттық!
Смена ауысты. Асқар халатын шешіп, сестраға берді е, маған: - Айнагүл, үйге
қайтайық. Шәйді қоюырақ кылып салшы, бүгін. Шӛлдедім,- деді. Кӛңілде еш түйткіл
жоқтай, арадағы кезбастық естен шығып, еш реніш кӛрмеген жандарша қол ұстасып
Ысгықкӛлді жағалап үйге қайтып келеміз! Бұрқ-сарқ етіп, тас-талқаны шыға тулайтын
Ыстықкӛл, толқып бір кеткенде шағаласы шаңқылдап шулайтын Ыстықкӛл, кӛк долы
толқыны кәрі таудай қопарыла, әкіре құлап бүлінетін Ыстықкӛл, дауыл тілеп буырқана
жӛнелгенде шап-шағын Рыбачьенің апшысын қуыратын Ыстықкӛл… Айналып кетейін
қасиетті Ыстықкӛл-ай! Мейірімді ана жүзіндей кемелдене қалыпсың-ау. Мӛлдірің-ай
сенің! Сен де бір сәт сабаңа түсіпсің. Жалтырап жатаберші осылай. Дүниеден бүліншілік
іздеп қайтесің. Тыныштық жақсы!Асқардың кӛңілін кӛр - Ыстықкӛлдей мӛп-мӛлдір!
Менің кӛңілімді кӛр - Ыстықкӛлдей мӛп-мӛлдір! Біз үйге қайтып келеміз! Тӛбемізде
нұрлы күн. Алдымыз жарқын!…
Айнагүлдің қарақат кӛзінен маржан тамшы еденге тырс-тырс тамды. Бәрі осы…
Полонезді тартыңызшы енді! Мен ӛмірімде полонезді дәл осы жолғыдай ешуақытта да
шабыттана шалқып ойнап кӛргем жоқ!
Біздің демалысымыз бітерден бір күн бұрын үйдің іші ойда жоқта қонаққа лық
толды. Асқар маған: «Бүгін Айнагүлдің туған күні еді. Қазір бәрін дайын қыламыз. Дүкен
үйдің іргесінде. Қане, екеуіміз қыяр мен помидор турап жіберелік»,- деп күліп сыбыр етті.
Айнагүлдің ӛзі аң-таң. Қүле береді. Құшағы гүл. Табан астында үй іші қарбалас бола
қалды. Асқар екеуіміз ананы-мынаны дайындап зыр жүгіріп жүрміз. Анда-санда Асқарға:
- Алдын ала неге айтпадың? -деп наз қыламын.
- Ештеңе етпейді. Осы жақсы,- дейді Асқар күлім қағып.
- Мама, мә, саған! - деп Марат та жалғыз тал раушан гүлін ұсынып жатыр. Әп-сәтте
тостылар сыңғырлай соғысып, жаз күлкілер мӛлшерсіз тӛгіліп, ақ ниеттер қауышып, әндер
шалқыды. Бір кезде тост кӛтерген Асқар толқи сӛйлеп:
- Айнагүл, мұнда Бейшеннің әндері мен сүйікті полонезің бар. Саған бар сыйлығым осы!
-деп ақ қағазға ораулы сыйлығын берді.
Күліп тұрып, әм ӛкініш, әм қуаныштың отты жасын сығып тұрып Айнагүл жұрт кӛзінен
жасқанбай Асқарды мейірлене сүйді. Асқардың сыйлығын кӛрейік. Ашыңдар, не ғажап
бар екен ішінде.
- Япырай, кандай әндер екен, ә. Отырған жұрт тандана тандайын қағып осындай қолқа
салды. Ораулы нәрсені ашып кеп қалғанымда кӛзіме «Айнагүл» деген пластинка оттай
басылды. Қане, ойнатып жіберіңіз. Қандай ән екен? Әннің аты - «Айнагүл!» Қойыңызшы,
шын айтасыз ба? Міне, қызық… Айнагүл елең етіп Асқарға қарады. Асқар үндеген жок.
Айнагүл әнді асқан шыдамдылықпен тыңдады. Жұрт кайдан білсін, дәл осы сәтте
Айнагүлдің жүрегі жалындай лаулап жатты. Дүние күйіп кетсе де Бейшенді ұмытуға
қақысы жоқ екен!
Мен әлі жас, әлі уыз махаббаттың, әлі тәтті, әлі қымбат махаббаттың әнін тыңдадым!
Таусылмайтын сағыныш пен аппақ арманның, тұп-тұнық кӛңілдің, ғазиз жүрек пен асыл
жанның әнін тыңдадым! Біріне-бірі ынтық, бірін-бірі шарқұрып іздеп, аһ ұрған абзал
жандардың үмітті әнін тыңдадым! Мен тұңғыш махаббаттың ӛлмес, ӛшпес әнін
тыңдадым!
Достарыңызбен бөлісу: |