Кәсіби құзыреттіліктің түрлері Кәсіби құзыреттілік (Кенжебеков Б.Т., Аблязимова Н.М., Кудайбергенова К.С.) Кәсіби-тұлғалық құзыреттілік (Сыздыкбаева Г.У.) Кәсіби-дидактикалық құзыреттілік (Барсай Б.Т.) Кәсіби-көркемдік құзыреттілік (Еспенбатов Б.Ж.) Кәсіби-педагогикалық құзыреттілік (Кудайбергенова К.С., Қасқатаева Б.Р.) Болашақ педагогтың кәсіби құзыреттілігі - кәсіпке теориялық, практикалық дайындығының үйлесімділігі, үнемі өзін-өзі жетілдіруге және кіріктірілген кәсіби-тұлғалық қасиеттері мен субъект еңбегінің сапалық сипаттамасы арқылы ашылатын көрсеткіші Құзыреттілік Негізгі (кілтті) Пәндік
Мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.
Мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген, Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарында 7 негізгі құзыреттілік белгіленген.
Негізгі (кілтті) 7 құзыреттілік
Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі);
Коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті);
Әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);
Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті);
Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті);
Технологиялық(тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).