Құзыреттілік – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті


Мұғалім құзыреттілігінің — білім беру жұйесіндегі сапалық көрсеткіштері



бет3/4
Дата25.09.2022
өлшемі26,17 Kb.
#40123
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Құзыреттілік

Мұғалім құзыреттілігінің — білім беру жұйесіндегі сапалық көрсеткіштері
Мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұяттың және әлемдегі мәдениет арналарын сусындату — басты міндет болып отыр. Өйткені егеменді елдің ертеңі — оқу – білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамынан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді.
Кәсіби білікті мұғалімнің бойынан:

  • ақпараттық – мазмұндылық;

  • әлеуметтік – тұлғалық; рухани – адамгершілік;

  • операциялық – процессуалдық құзырлылықтар кездеседі.

Педагогтың шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласы:
«теориялық білім + тәжрибе рефлекциясы = даму».
Ең бастысы, заман талабына сай білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжрибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту, қоғамдық ортада өз ойын еркін айта алатын, мәдени – рухани құндылықтарға жан дүниесі бай, саналы, тәрбиелі азамат қалыптастыру — әр ұстаздың басты міндеті болу керек.
Мұғалімнің кәсіби – тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылады: оған пәндік білім мазмұны ғана емес, сонымен қатар кәсіби дағдылар мен біліктер де енеді. Мұның бәрі тұтаса келе, педагогтың тұлғасын дамытады, қалыптастырады, ол өзін — өзі дамыту мен өзін — өзі жүзеге асыру тәсілдерін игереді.
Мұғалімнің кәсіби – тұлғалық құзіреттілігін қалыптастырудың негізгі шарттары төмендегідей:

  • «Ұйымдастырушы-басқарушылық (оқу жоспары,тоқсандық кестелер,кесте жасау,құзыреттілік деңгейін анықтау китерийлерін әзірлеу,білімдік үрдісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету).

  • Оқу-әдістемелік (сабақтардың мазмұны таңдау,түрлі курстарды кіріктіру,жетекші идеяларды айқындап алу).

  • Технологиялық (бақылау-бағалау,оқытудың белсенді түрлерін ұйымдастыру,құзыреттлікке енетін біліктердің тобын анықтау,инновациялық технологияларды қолдану).

  • Психология-педагогикалық (оқушылардың даму диагностикасын іске асыру,оқу уәжін ынталандыру жүйесі,оқушыларды бірлесе басқаруға тарту)».

  • Мұғалімнің кәсіби-тұлғалық құзіреттілігінің құрлымы ол игерген педагогикалық біліктер арқылы ашылды, ал біліктер педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған және теориялық блімге негізделген,үздіксіз дамитын әрекеттердің тұтастығы арқылы ашылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет