Зкт: Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер. Тарихи шаһарға Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық драма театры іс-сапармен келді. Шығармашылық ұжым көрермен көңілінің кілтін табу мақсатында Түркістандық көрермендерге «Мұғалім»



Дата24.04.2023
өлшемі13,96 Kb.
#85970
Байланысты:
Мұғалім қойылымы


ЗКТ: Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер. Тарихи шаһарға Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық драма театры іс-сапармен келді. Шығармашылық ұжым көрермен көңілінің кілтін табу мақсатында Түркістандық көрермендерге «Мұғалім» қойылымын паш етті. Бүгінгі қоғамдағы ұстаз бен шәкірттің, ата-ана мен мектеп ұжымының байланысынын баяндаған көрініс 1.5 сағатқа созылды.
СНХ: Ербол Абжалов (А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі)
ЗКТ: Қоюшы режиссері – Фархадбек Канафин арқылы көрініс тапқан шығарма, ұстаздың қызмет жолындағы қиындықтарын көрсетті. Басты рөлдегі Айдана Айдарбекқызы өзінің білікті маман екенін көрсетіп, түрлі мәселелерді оңтайлы шеше білді.
СНХ: Әсем Қондыбаева (басты рөлде «мұғалім»)
ЗКТ: Жалпы өнер ошағы 1936 жылы көркемөнер үйірмесінің негізінде құрылып, "Әулие-Ата театры" деп аталған. Сол тұста ұжым театр шымылдығын Б. Майлиннің "Келін мен шешей", К. Қырқымбаевтың "Келіншек" атты комедияларымен ашқан. Кейін өнер ошағы 1939 жылы Жамбыл облысы құрылғаннан кейін облыстық театр мәртебесін алып, 2020 жылы тұңғыш режиссері Асқар Тоқпановтың атына берілді.
СНХ:
ЗКТ: Кеш соңында әсерлі өрнектелген қойылым халықтың көңілінен шықты. Көрермендер өнер иелеріне деген ризашылығын білдіріп, құрметпен тарасты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет