Дарвиннің аса көрнекті жақтаушысының бірі Уоллес организм эволюциясының басты факторы ретінде табиғи сұрыптау идеясына дербес түрде келіп, «Жануарлардың геогра¬фиялық таралуы» (1876) атты екітомдық кітабын шығарады, ол онда бұрыңғы түрлердің таралуы туралы көлемді зоогеографиялық материалдарды және палеонтологиялық деректерді жалпылады. Уоллес Декандоль қолданған әдіс-тәсілдерді пайдаланды, яғни түрлер мекен еткен ареалдарды және жердің түпкірлеріндегі түрлі фаунадағы ең жоғарғы таксономикалық бірліктерді (тегін, тұқымдарын) олардың шығу тарихын ескеріп зерттеді. 1875 жылы П.Склэтер статистикалық әдіс арқылы жердегі табиғи зоогеографиялық облыстарды анықтады. Жүйеленбеген ұсақ зоологиялық облыстарға бөлудің орнына белгілі бір экология-фауналық қауымдастықты білдіретін облыстардың ішінен ең ірі аумақтар іріктелініп алынды.

Зоогеографиялық облыстарды іріктей отырып, Склэтера, Уоллес негізгі алты фауналық қауымдастықты бөліп көрсетті, оларға Палеарктикалық, Эфиопиялық, Шығыстық (Үнді-Малайлық), Аустралиялық, Неотро¬пикалық және Неарктикалық фауналары жатады. Олардың әрқайсысы бірнеше ішкі облыстарға бөлінеді. Уоллесті тарихи зоогеографияның негізін қалаушы деп санайды, шындығында бұл жетістікке ол Рютимейермен бірге жетті. Дегенмен Уоллес органи¬змдердің таралуына әсер ететін экологиялық деректерге аз көңіл бөлді.