ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗООИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ТАҒАМ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ факультеті
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ кафедрасы
СӨЖ
Тақырып:Өсімдік майларының сапасына стандарт талаптары
Дайындаған:Санатов Сагдат
Тексерген:Дуйсенбекова О.
Мазмұны
Кіріспе
Өсімдік майы – түрлі өсімдік дәні мен шырынынан алынатын табиғи өнім.
Өсімдік майы негізінен глицериннің, қаныққан және қанықпаған бір негізді май қышқылдарының күрделі эфирлерінен (95 – 98%) түзіледі. Одан басқа өсімдік майы құрамында илік заттар, фосфатидтер, фитостериндер, пигменттер және Е дәрумені, т.б. кездеседі. Өсімдік майының құрамы майдың түсі мен дәміне әсер етеді. Өсімдік майына қыша, күнжіт, жүгері, күнбағыс, какао, мақта, жүзім, қауын, қарбыз, т.б. майлары жатады. Өсімдіктердің дәні мен шырынында сімдік майының мөлшері 2 – 3-тен – 70%-ға дейін болады. Өсімдік майының қасиеттері ондағы триглицеридтер түзетін май қышқылдарының құрамына байланысты: сұйық, май тәрізді, кейде қатты, бояулы, кейбірі улы заттар болып келеді. Өсімдік майында холестерин болмайды. Өсімдік майы негізінен тамаққа, сондай-ақ олифа, сыр, жағармай, сабын өндірістерінде, т.б. кеңінен қолданылады.
1 Өсімдік майлары
Тұқымынан өсімдік майы өндірілетін бірқатар екпе дақылдар майлы дақылдарға жатады: күнбағыс, мақсары, майлы зығыр, перилла, ляллеманция, майкене, жер жаңғағы, күнжіт, қыша, рапс, арыш, қышабас. Сонымен қатар өсімдік майлары мақта өсімдігі, талшықты зығыр, кенепшөп сияқты тоқыма дақылдары мен майбұршақ сияқты дәнді бұршақ дақылының тұқымдарынан да өндіріледі, ал кейбір майлы дақылдарды мал азығы ретінде де өсіреді (күнбағыс, рапс, т.б.). Өсімдік майлары тағамға кеңінен қолданылады, сыр, сабын, тері, тігін өнеркәсіптерінде, т.б. пайдаланылады. Тұқымдарынан май өндіргеннен кейінгі қалдығы күнжарасы малды азықтандыруға жарамды. Жекелеген майлы өсімдіктердің (майкене, майлы зығыр) сабақтарынан қағаз, қалың маталар өндіріледі. Өсімдік майлары кебетін (зығыр, перилла, арыш), жартылай кебетін (күнбағыс, майбұршақ, мақсары, күнжіт, рапс, қыша) жөне кеппейтін (жер жаңғағы, майкене) болып ажыратылады. Қазақстанда өндірістік маңызы бар майлы дақылдарға күнбағыс, майлы зығыр, рапс, арыш, қыша, мақсары жене майбұршақ жатады. Олардың егіс көлемі 63 мыңнан (1985 ж.) 483,3 мың/ға (1996 ж.) дейін жетті, алайда тұқымдарының орташа өнімі әлі төмен деңгейде (2,9ц/ға) қалуда
. Күнбағыс. Қазақстанда майлы дақылдардың ішінде егіс көлемі бойынша барынша кең тарағаны (70%) -күнбағыс. 1996 жылы ол 330 мың га жерде өсіріледі, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 160 мың га, Павлодар облысында 88 мың га болды. Оның жартылай кебетін майы табиғи түрінде де, өңделген түрінде де (майонез, маргарин) азық-түлікке кеңінен қолданылады, олиф, сабын, т.б. өнеркөсіп бұйымдарын жасауда пайдаланылады. Күнбағыстың күнжарысы — өте құнды мал азығы. Суыққа төзімділігіне және жоғары өнімділігіне байланысты Солтүстік Қазақстанда бірқатар аудандарда сүрлемдік жүгеріні ойдағыдай алмастырады. Егуге рұқсат етілген күнбағыс сорттарының тұқымдарында 47-54% майболады.
Достарыңызбен бөлісу: |