Ì à ð æ à í û Ñ û ð ä û ң – Ø è å ë і №21 (8372) 16 наурыз, сәрсенбі, 2016 жыл



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата15.03.2017
өлшемі13,06 Mb.
#9935
  1   2   3   4

Шиелi ауданыныѓ ћоѕамдыћ-саяси газетi

Газет 1939 жылдыѓ 19-наурызынан бастап шыѕып келедi 

Ì à ð æ à í û   Ñ û ð ä û ң   –   Ø è å ë і

№21 (8372) 16 наурыз, сәрсенбі, 2016 жыл 

osken_onir@mail.ru

Біз әлемдік мұ-

хит та өз бағытымен

аман-есен жүзіп келе

жатқан қайығымызды

ешкімнің шайқауына

жол бермейміз.

Н.Назарбаев. 

ЕЛ ІШІНДЕ

ЕЛ ІШІНДЕ

ЖАҢА АВТОКӨЛІК

ӨНДІРІСІ 

Қостанай облысында жаңа

өндіріс орны ашылмақ. Өткен

жылдың тамыз айында «Сары -

арқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС мен

қытайлық «ChinaMachinery 

-

company» (СМС) және «JAC



Motors» компаниялары ара-

сында ұлттық қазақстандық

автокөлік брендін дамыту ту-

ралы келісімге қол қойылған бо-

латын. Осы келісімнің аясында

«СарыарқаАвтоӨнеркәсіп»

ЖШС ұсақ торапты жинау

әдісімен автокөлік шығару бой -

ынша жобаны іске асыруды

жоспарлауда. 

«Технологиялық жабдық 

-

тарды жеткізу мен монтаждау



2016 жылғы маусым-шілде ай-

ларына жоспарланған. Сондай-

ақ, 5 млн. АҚШ доллары со -

ма сында «JAC» машина жиын -

тығын жеткізу болжануда», –

дейді Қостанай облы 

сының

әкімі Архимед Мұхам - бетов. 



Белгілі болғандай, ақпан

айы ның соңында Қостанайға

мәселені егжей-тегжей талқы -

лау және арнайы индустриалды

аймақтың құрылысын бастау

туралы шешім қабылдау үшін

«СМС» делегациясының са-

пары жоспарлануда. Сондай-

ақ, модельдерді өнеркәсіптік

жинау туралы  және «Сары -

арқа  Авто Өнеркәсіп» және

«IVECO Russia» ЖШС ара сын -

дағы экс 

порт тық келісімшарт

туралы және Ресей Федерация-

сына «Daily» микроавтобус тар -

дың пилоттық партиясын жет -

кізу туралы лицензиялық келі-

сімге қол қойылатын болады.

ШЫМКЕНТТЕГІ

ШҰЛЫҚ 

ФАБРИКАСЫ

Өткен жылдың соңында

Назарбаевтың қатысуымен те -

лекөпір арқылы іске қосылған

«Әлем БТ»  фабрикасында тәу -

лігіне 60 мың жұп шұлық

шығарылады. Барлық жабдық

Оңтүстік Кореядан әкелінген.

Бір жұп шұлықтың тігісіне 3

минут жұмсалады. Мұның бәрі

озық технологияның арқасында

екен. Басшылық техникаларды

іске қоспас бұрын корейлік

мамандардың көмегіне жүгінген. 

Өндіріс орнын қажетті шикі-

зат — жіппен Шымкенттегі

«Юте кс» АҚ қамтамасыз етіп

отыр. Ал, бояғыштар текстиль

өндірісінде әлем бойынша кең

сұранысқа ие әрі сапасы жағы -

нан нөмірі бірінші болып табы-

латын «Suncolours» мекемесі

жеткізеді.

Өндіріс орнында ерлер, әй -

елдер және балалар шұлық -

тарының қыстық және жаздық

түрлері тоқылады. Ал, дизайны

жағынан мыңға жуық шұлықты

табуға болады. Олар тапсырыс

берушілер мен білікті маман -

дардың бекітуімен тігіледі. Фаб-

рика 160 адамды тұрақты жұ -

мыс пен қамтып отыр. Барлығы

да жергілікті тұрғындар. Оның

30-ы мүмкіндігі шектеулі жан-

дар. Жалақылары орта есеппен

75 мың теңге көлемінде. Өндіріс

орны қаланың шетінде бол 

-

ғандықтан жұмысшылар меке -



менің арнайы автобусымен қа -

тынайды. Сондай-ақ, олар ме-

кеме есебінен түстенеді. Яғни,

мұнда асхана да қарас 

ты р -

ылған.  Фабрика құрылтайшысы



Қайрат Балабиев тек шұлық

өндірісімен тоқтап қалмақ емес. 

Аудан көлемінде қоғамдық орындарды абаттандыру,

сыртқы безендіру және санитарлық, тазалық жұмыс та -

рының көктемгі екі айлығы басталды. 

«2016 жылдың 10 наурыз бен 10 мамыр айлары ара -

лығында облыстың елді мекендерінде санитарлық тазарту

және көркейту-көгалдандыру айлығы» аталатын облыс

әкімінің өкіміне орай аудан әкімінің өкімі шығып, іс шара

жоспары бекітілді. 2 айлық сенбіліктерде кент кө шелерінде

атқарылатын жұмыстар, тазалық жұмыс тарын жүргізетін

мекемелер және жауапты мекеме қызмет керлері мен топ

мүшелері жоспарға сәйкес 4 секторға бөлінді.

Кенттің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақ -

сатында ағымдағы жылдың ақпан айында да «Береке»,

«Көкшоқы» мөлтек аудандары мен теріскей беттегі Шә -

кәрім, Аманкелді, Ш.Бәкіров көшелері және «Самара-

Шымкент» автотрассасы бойында шашылып жатқан

тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы тазаланып,

Д.Шыныбеков, С.Сейтенов көшелері бойындағы «Ба -

зар» арығы 

ның үш шақырымға жуық іші қоқыс

қалдықтарынан арыл ған болатын.

Кенттің санитарлық тазалығын қамтамасыз ететін

«Ақжол и К» ЖШС мекемесі көпқабатты тұрғын үйлер

ма ңайындағы қоқыс үйінділері және көшелер бойын -

дағы қо 

қыс қалдықтары жиналған қапшықтарды

«Сазқұм» поли гонына тасымалдап жеткізуде. 

Осылайша апта сайын сенбіліктер өткізілетін бо-

лады. Бірінші сенбілікте кент бойынша жүргізілген

тазалық жұ мыстарына 408 адам, бірнеше арнайы тех-

никалар жұ мыл дырылды. Тазалықтың бір күнде ат қа -

рылған шаруамен шектеліп қалмасы анық. Десек те,

сенбіліктің екіайлық шеңберінде межеленген істердің

ілгері де жүйелі асырылуына үлкен ұмтылыс туғызып,

соны серпін берері сөзсіз. Сенбіліктер алдағы уақытта

да жалғасын таба беретін болады.



Әшім МОЛДАҚАРАЕВ.

А у ы л


А у ы л абаттанса, 

қ а у ы м

қ а у ы м қанаттанады

Талбойыңдағы ақ жүзің

мен ақ білегіңнен өзге жер ді

қымтап ұстасаң өл 

мейсің,

ешқандай қы зық тан құр қал -



майсың. Мә дениетің төмен -

деп, ақы лың азып кетпейді.

Денені жалаңаштап ұстау сән

емес, санасыздыққа саяты-

нын, оның ақыры азғын 

-

дыққа апаратынын ұмыт 



-

паңдар, айналайындар.

***

Ұлттың ертеңгі ұрпағын



тәрбиелейтін қыздар, сен 

-

дерсіңдер.



***

Қыздар пәк болмай, тә ні

таза, жаны ұлағатты болмай,

ұлт сақталмайды, азғындап

азып-тозып бітеді.

Ұлттың ұлы жауапкерші-

лігі өз мойындарыңда екенін

ұмытпаңдар, қыз дарым, қа -

рақтарым!

Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ.

15 наурыздан бастап көпшіліктің сұранысын қа -

нағаттандыру және жолаушыларға сапалы қызмет

көрсету үшін «Қазақстан темір жолы» АҚ «Жезқазған-

Сексеуіл-Қызылорда» бағытында жаңа пойызды шыға -

рады.  Солтүстік Флорида университетінің ғалымдары

ерекше зерттеу жүргізіп, оған британиялық 114 оқушы

қатысты. Сынақ барысында есте сақтау қабілеті жақсы

балалардың өтірікті де ұйқастырып айтатыны анық -

талды.


Олар түрлі сөздерді есте сақтау тапсырмаларын

неғұрлым жақсы орындайтын болса, соғұрлым өтірікті

де қиыстырып айтатыны белгілі болған. 

Қазақы салт-дәстүрлеріміз бұл – рухани байлығымыз, ұлттық болмысы-

мыз, халықтың ырыс-берекесі. Осыдан 80 жыл бұрын, яғни 1926 жылы кеңес

дәуірі тұсында наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынып, ұлық мереке күн

тәртібінен түсіп қалды. Ұлыстың ұлы күнімен тек тәуелсіздік тұсында қайта

қауышып, Елбасы ықпалымен ол 22 наурыз күні қайта тойлана бастады. Елі-

міз бойынша бұл мереке қазір жаңа жыл басы ретінде ерекше тойланып ке-

леді.


Наурыз мерекесін ауданымызда алғашқылардың бірі болып орталық -

тандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы үлкен өрлеу үстінде атап өтті.

Ұлыстың ұлы күнгі мерекесіне ардагер кітапханашылар, ауылдық округтердегі

кітапхана ұжымдары белсене қатысты. Кітапхана ауласы ұлттық нақышта

әсем безендірілген, бұйымдар жинақы етіп қойылған, дыбыскүшейткіш арқылы

ұлтымыздың әндері қалықтауда, қазанда наурыз көженің буы бұрқырап, ақ

самаурын иығынан демалып тұрды.

Салтанатты сәтте аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов жиналған

қауымды наурыз мерекесімен құттықтап, ақжолтай тілегін арнады. «Әжелер»

ансамблі халық әнін асқақтата жөнелді. Көңілді сәтте Қыдыр баба келіп, ба-

тасын берді. Сонан соң қонақтар кітапханашылардың мерекелік дастарха-

нына жайғасып, ұлттық дәмдерден, наурызкөжеден дәм татты. Қонақтар

ауыл дың алты ауызы ретінде ән салып берді. Бұл наурыз тойы нағыз ұлттық

мереке ретінде шынайы тойланды.



А.АЙЫП.

ШИЕЛІДЕ


ШИЕЛІДЕ

Наурыз тойы басталды

СЕНБІЛІККЕ – СЕРГЕКТІКПЕН

Бестам ауылында  дарынды жыршы, та-

лантты термеші, әнші, Нартай өнерін жалғас -

тыру шы Әбіләш Әбуовті еске алуға арналған

таеквондодан облыстық турнир болып өтті. 

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы

сайысқа облысымыздың барлық аймағы мен

Түркістан қаласынан жүзден аса спортшы

қатысты. 

Ашылу салтанатында аудан әкімі Қ.Сәр -

сенбаев сөз алып, әйгілі әншінің өнегелі өмі -

ріне тоқталып, сайысқа қатысушыларға сәт -

тілік тіледі. Мұнан соң өнер саңлағының қызы

Р.Әбуова сөз сөйлеп, әке жайында естеліктер

айтты. Сонымен қатар, Әбіләш Әбуовтің өмірі

мен шығармашылығын баяндайтын бейнеро-

лик көрсетілді. 

Жарыс басталмас бұрын шығыс жекпе-же-

гіне машықтанған ересек балалар татамиде

түрлі әдіс-тәсілдер жасап, көрермен қауымды

бір серпілтіп қойды. 

Сайысқа сайланып шыққан спортшылар өз араларынан мықтыны анықтау үшін таласып бақты. Әрбір жекпе-жек тартысты

өтті. Жеңілістің дәмін татқандар да, жеңіс тұғырына шыққандар да қарсыласты сыйлай білу керектігін естен шығармады. 

Екі күнге созылған байрақты бәсекеде командалық есеп бойынша Байқоңыр қаласы 3-ші орын алса, Қызылорданың

өрендері  2-ші орынға табан тіреді. Намысты қолдан бермеген Шиелі ауданының командасы 1-ші орын алып, жерлестерін

жеңіспен қуантты.

А. ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.

ӨРЕНДЕР ӨРЛЕП ТҰР

Ұлағат ұстаханасындағы

Ұлағат ұстаханасындағы

КӨРІКШІЛЕР

КӨРІКШІЛЕР

Қыздарым, қарақтарым



3-бет 

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ



БҮГІН БІЗДІҢ АУЫЛДА ТҰР КЕРЕМЕТ ТҮЗІЛІП,

БҮГІН БІЗДІҢ ДАСТАРХАН БҰРЫНҒЫ ЕМЕС, ЖҰРТ БІЛЕР.

КӘРЛЕН КЕСЕ КӨЗІНЕН БАЛ ТАМАДЫ ҮЗІЛІП,

ЖЕТІ ШЕЛПЕК, ЖЕҢСІК АС – ҚАЗЫ, ҚАРТА, ҚҰРТТЫ КӨР.

ТЕРБЕТ, ШАЛҚЫТ ҚАЗАҚТЫ, МЕРЕКЕНІҢ ТӨРЕСІ,

ҚҰРСАҒЫҢА ҚҰТ ҚОНАР, ТАҢДАЙДА ЕРІП НӘР УЫЗ.

ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТІҢ КӨРЕМ ДЕСЕМ ТОЙ ОСЫ,

БЕРЕКЕНІҢ БЕСІГІ – БІЗДІҢ ҒАЗИЗ НАУРЫЗ!

КҮЛЛІ ӘЛЕМДІ БАЛҚЫТЫП, АРАЙ ШАШСА АСЫЛ КҮН,

КӨКТАС БОЛЫП ЕРИМІЗ, КӨҢІЛІМІЗДЕ БІЗ-ДАҒЫ.

КӨРСЕТКЕНДЕ ЕШКІМНЕН ҰЯЛМАЙСЫҢ, ПА, ШІРКІН,

КЕҢ ПЕЙІЛ ҚАЗАҚТЫҢ – КӨЗ ТОЙМАЙТЫН ТҰЗ-ДӘМІ.

Британ ғалымдары адамның шашы -

ның ағаруына жауапты генді анықтады.

Осы жаңалық адамның қартаю процесін

болдырмауға немесе баяулатуға жағдай

туғызуы мүмкін. Ғалымдар әртүрлі нәсілге

жататын 6 мыңға жуық еріктінің ДНК сы-

намасын алған. IRF4 гені шаштағы, тері-

дегі және көздегі меланин пигментіне

жауап береді. Шаштың ағаруына бұл ген

ғана әсер етпеуі ықтимал, сонда да бұл

жаңалық ғалымдар үшін көптеген нәрсе -

лер ді түсінуге мүмкіндік береді.  


2

2

№21 (8372) 16 наурыз, сәрсенбі, 2016 жыл 

БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАР, МИТИНГІЛЕР,

ШЕРУЛЕР, ПИКЕТТЕР МЕН

ДЕМОНСТРАЦИЯЛАР ӨТКІЗУДІҢ

ҚАҒИДАЛАРЫН  БЕКІТУ ТУРАЛЫ

Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы  11 ақпандағы №50/3 шешімі.

Мемлекеттік тіркеу тізіліміне №5394 болып 2016 жылдың 

10 наурызында енгізілген.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік  бас -

қару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Рес пуб ликасының

2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңына және «Қа зақстан Республика-

сында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және де-

монстрациялар ұйым дастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан

Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңына сәйкес

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:   

1. Қоса беріліп отырған Шиелі ауданы аумағында бейбіт жина-

лыстар, митингілер шерулер, пикеттер мен демонстрациялар

өткізудің Қағидалары бекітілсін.

2. «Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонст-

рациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Шиелі аудандық

мәслихатының 2014 жылдың 11 сәуіріндегі №27/8 шешімінің (нор-

мативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014

жылдың 15 мамырында №4673 болып тіркелген, «Өскен өңір» га -

зетінің 2014 жылы 24 мамырында  №36 (8190) санында жария -

ланған) күші жойылды деп танылсын. 

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бас тап

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.   

Ә.ОРАЗБЕКҰЛЫ, 

аудандық  мәслихаттың  кезектен  тыс 

L сессиясының төрағасы,  аудандық  

мәслихат  хатшысы.                                            

Аудандық  мәслихаттың  «11» ақпан 2016  жылғы

№50/3 шешімімен бекітілген

Мемлекеттік тіркеу тізіліміне №5394 болып

2016 жылдың 

10 наурызында енгізілген.



Шиелі ауданы аумағында бейбіт 

жиналыстар, митингілер, шерулер, 

пикеттер және демонстрациялар

өткізудің Қағидалары

1. Осы Қызылорда облысында жиналыстар, митингілер, шеру-

лер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қағи дасы (бұдан әрі

- Қағида)  1995 жылғы 17 наурыздағы «Қа зақстан Республикасында

бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонст-

рациялар ұйымдастыру және өткізу туралы»  Қазақстан Республи -

ка сының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да

нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген. 



1. Шиелі ауданы аумағында бейбіт  жиналыстар, митингілер,

шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге арналған

арнайы орындар

2. Шиелі ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер

өткізу үшін келесі арнайы орындар белгіленсін:

1) Аудан орталығындағы Самара-Шымкент тас жолы бойында

орналасқан «Ыбырай Жақаев» атындағы саябағы ның алдыңғы

алаңқайы; 

2) «Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла малар және

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімi» ком муналдық мемлекеттік

мекемесінің артқы ауласы;

3) Аудан орталығындағы «Мәдениет және демалыс» сая ба -

ғының алдыңғы алаңқайы.

3. Шиелі ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, демонстрация-

лар өткізу үшін келесі арнайы маршруттар белгіленсін:

1) Н. Бекежанов көшесінің ескі №47 мектебінен бастап, Самара-

Шымкент тас жолына дейін;

2) Д.Нысанбаев көшесінің Досбол датқа көшесінің қиы лысынан

бастап, Төлеби көшесінің қиылысына дейін;

3) Т. Жүргенов көшесінің 1-ші тұйығынан бастап, Ә. Исмайлов

көшесіне дейін.

4. Бейбіт пикеттер өткізу үшін арнайы орындар белгіленбейді.



2. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және

демонстрациялар өткізу тәртібінің талаптары 

5. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және де-

монстрациялар (әрі қарай – шара) өткізу туралы өтініш оларды

өткізудің белгіленген күнінен кемінде он күн бұрын жазбаша ны-

санда беріледі.

6. Өтініште шараны өткізудің мақсаты, нысаны, өткізі летін орны

немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын

уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдас ты -

ру шылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты

адамдардың тегі, аты, әке сінің аты, олардың тұратын және жұмыс

істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген күні көрсетіледі. 

Өтініш жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бой ынша және

Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық

цифрлық қолтаңба туралы заңнама талаптарына сәйкес берілуі

мүмкін.   

Аудан әкімдігіне тікелей жүгіну барысында өтініш берушіге

өтінішті қабылдаған тұлғаның аты-жөні, қабылдаған күні мен

уақыты көрсетілген талон беріледі.

7. Өтініштің берілген мерзімі аудан әкімдігіне тіркелген күннен

бастап есептеледі.

8. Шараны өткізу туралы өтінішті еңбек ұжымының, қо ғам дық

ұйымдардың немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының же-

келеген топтарының 18 жасқа толған уәкілдері береді.  

Өкілдікті рәсімдеу Қазақстан Респуликасының Азамат 

тық

заңнамасымен  бекітілген тәртіппен жасалады.



9. Аудан әкімдігі өтінішті қарайды және өтініште көр се тілген

шараның өткізілетін уақытынан бес күн бұрын уәкілдерге (ұйым -

дас тырушыларға) қабылданған шешім туралы хабарлайды.

10. Аудан әкімдігі басқа адамдардың құқықтары мен бостан -

дықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ, көліктің, инфра құ ры -

лым объектілерінің қалыпты жұмыс жасауын, жасыл желектер мен

шағын сәулет нысандарының сақ та луын қамтамасыз ету мақ са -

тында, қажет болған жағдайда өтініш жасағандарға шараны өт -

кізудің өзге уақыты мен орнын немесе көтерілген мәселелерді

талқылауға, қарауға арналған балама алаңды ұсынады. 

Қабылданған шешімге қолданыстағы заңнамада бекітілген

тәртіппен шағым жасауға болады.

11. Шара өткізу туралы өтініш беру барысында 1995 жыл ғы 17

наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, ми-

тингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру

және өткізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының

талаптары бұзылған жағдайда жіберілген қателерді жою туралы

ұсыныспен аудан әкімдігімен ресми жауап беріледі.  

Жаңадан түскен өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен сәтінен

бастап есептеледі.

12. Егер шараның өткізілу мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік

араздықты, діни төзімдікті, тектік астамшылықты, республиканың

конституциялық құрылымын күш қолданып құлату, аумақтық

тұтастығына  қол сұғу, сондай-ақ, Қазақ стан Республикасы Конс -

титуциясының заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа

ережелерін бұзу немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен

азаматтардың қауіпсіз дігі не қатер төндіретін болса, аудан  әкімдігі

бұларды өткі зу ге тыйым салады.

13. Бұқаралық шараларды теміржол, су және әуе көлігінің объ-

ектілерінде, сондай-ақ, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін

және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың (аудан -

дық қоғамдық көлік, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқада

энергия тасымалдаушы) және денсаулық сақтау мен білім беру

мекемелерінің жанында өткізуге жол берілмейді. 

14. Бас тартылған жағдайда ұйымдастырушыларға барлық

дайындық рәсімдерін тез арада тоқтату жөніндегі шараларын қа -

былдау және бұл жөнінде әлеуетті қатысушы ларды тиісті түрде ха-

бардар ету көрсетіледі.

15. Егер ұйымдастырушылар дайындық шараларын тоқтату

жөніндегі шараларды өздігінен қабылдамаса, аудан әкімдігі шараны

өткізуге рұқсат беруден бас тартылғандығы туралы ақпаратты,

санк цияланбаған шараға қатысқаны үшін жауапкершілікке тарты -

латындығы туралы ескертумен бірге өзінің ресми интернет-ресурс -

тарына, сондай-ақ, ұйымдастырушылар заңсыз шараға шақыру,

шақырту ор на ластырған (орналастырылып жатқан) басқа да ре -

сурс тарға орналастыруға құқылы. 

16. Аудан әкімдігі ұйымдастырушылардың келісімі бой ынша

қоғамдық тәртіпті, көліктің, мемлекеттік органдардың, жер гілікті

өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелер мен

ұйымдардың  қалыпты жұмысын қамтама сыз ету, азаматтардың

өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптің алдын алу мақсатында,

сондай-ақ, шаралардың нысаны, өткізілу орны мен уақыты тура

келіп, алайда басқа шараның бағыты мен мақсатына сәйкес кел-

меген жағдайда, белгіленген мерзімге бұрын немесе бір мезгілде

түскен шараны өткізу туралы арыздардағы  шараның өткізілу уа -

қытын, орнын (маршрутын) және өткізілу тәртібін өзгертуге құ қылы.

Аудан әкімдігінің ұсынысы нақты сипатта болуы тиіс, дегенмен

бірнеше нұсқаны қамти алады.

17. Шара өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес, онда

көрсетілген мерзімде, уақытта және шартты орындарда (белгілен-

ген маршрутпен) өткізіледі.

18. Егер шараның нысанын өзгерту қажеттілігі туындаса, ша-

раны ұйымдастырушы тиісті рұқсатты алу үшін аудан әкімдігіне жү -

гінуі қажет. 

19. Шараны өткізу барысында өтінішке қол қойған ұйымдас -

тырушыда айырмалық белгісі болуы тиіс, бекітілген тәртіпке сәйкес

өзі келіп және шараның өткізілуіне толық жауапкершілікте болады.

20. Шараны өткізу барысында ұйымдастырушылар мен

қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен

заңдарын, басқа да нормативтік актілерін, қоғамдық тәртіпті сақ -

тауға міндетті.

21. Шараны ұйымдастырушылар мен аудан әкімдігі қоғамдық

тәртіпті қамтамасыз ету үшін, медициналық қыз 

мет ті, өрт

қауіпсіздігін және төтенше жағдайлар туында ғанда қатысушыларды

эвакуациялауға шаралар қа был  дайды.

22. Шара өткізілетін орындарда алкогольді сусындарды ішу,

есірткі құралдарын, психотроптық және оларға ұқсас заттарды

пайдалануға тыйым салынады.

Шараны ұйымдастырушылар мас және есірткі пайдалан ған

тұлғалардың шараға қатысуына жол бермеуге міндетті. 

Шараға қатысушыларға өзімен бірге қару, жарылғыш, улы,

есірткі заттарын, алкогольдік сусындарды, сондай-ақ, адамдардың

өмірі мен денсаулығына қарсы қолданатын,  жеке және заңды

тұлғаларға материалдық шығын келтіретін, тәртіпсіздікті арандату,

митингіге кедергі келтіру және т.б.  жағдайда қолданылуы мүмкін

арнайы дайындалған немесе бейімделген заттарды алып жүруге

тыйым салынады.

23. Шараны ұйымдастырушылар оны өткізу барысында дауыс

күшейткіштер, транспаранттар, ұрандар  және басқа да материал-

дарды дайындау және (немесе) пайдалану, сондай-ақ, қоғамдық

тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын, кімге де болмасын тіл

тигізетін көпшілік алдында сөз сөйлеулерге жол бермеуге міндетті.

24. Пикетке шығушыларға рұқсат етіледі:

пикет өткізілетін объектінің жанында отыруға, тұруға;

көрнекі үгіт-насихат құралдарын пайдалануға;

пикеттің тақырыбына сәйкес қысқа ұрандар мен лозунгілерді

айқайлап айтуға.

25. Қоғамдық тәртіпті сақтау және пикетке қатысу шылардың

қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі жекелеген пикетке

қатысушылар бір-бірінен шамамен 50 метрден кем емес

қашықтықта орналасуы қажет.

26. Шараның өткізілуі барысында ішкі істер орган дарының жер-

гілікті полиция қызметі заңнамаға сәйкес қо 

ғамдық тәртіпті,

қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін

қорғауды, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың

алдын алу және жол бермеуді қам тамасыз етеді, қолданыстағы

заңнамада қарас ты рыл ған басқа да қызметтерді атқарады.

27. Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қыз метінің

қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптары

барлық азаматтарға, шараға қатысушы азаматтарға, лауазымды

тұлғаларға, ұйымдар мен бірлестіктерге міндетті болып табылады. 

28. Азаматтардың бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пи-

кеттер және демонстрацияларға бостандығы құ 

қығын жүзеге

асыруға кедергі келтіретін мемлекеттік ор гандардың, ұйымдас ты -

рушылардың, қатысушылардың барлық іс-әрекеттеріне  жоғары

тұрған мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдануға болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет