; 340. 1(091) энциклопедист ғалым алдабергенова



Pdf көрінісі
Дата19.01.2017
өлшемі117,78 Kb.
#2247

 

102


 

УДК

 32.001(091); 340.1(091) 

 

ЭНЦИКЛОПЕДИСТ

 ҒАЛЫМ 

 

Алдабергенова

 А.К. 

(Ю-09қ тоб.студенті) 

 

 



 

Шоқан Шыңғысұлы Уəлиханов — XIX ғасырда қазақтан шыққан бірінші ғалым. 

Оның  таланты  əр  жақты.  Ол  əр  түрлі  ғылым  саласын  зерттеп,  олардың  əрқайсысы 

туралы  ғылыми  мəні  зор,  терең  пікірлер  айтқан  адам:  этнография,  тарих,  география, 

фольклор,  əдебиет  теориясы  т.б.  Сондықтан  Шоқанды  өз  кезеңінің  энциклопедист 

ғалымы деу орынды. «Кім боламын десе, сол болу ұлы адамның ісі де, қолынан келгені 

ғана  болу,  əр  адамның  ісі»,-  деп  Виктор  Гюго  айтқандай,  ғылымның  қай  түрін  қолға 

алса  да,  жеріне  жеткізе  зерттеп,  өз  кезінде  бағалы,  келешек  үшін  мəні  зор,  ғылыми 

терең ойлар қалдыру — адамның ұлылығын сипаттайтын жайттар[1]. 

Шоқанның  ғылыми  зерттеу  еңбектері  əр  алуан:  тарих,  география,  құқық,  дін, 

фольклор, əдебиет, этнография жəне де тағыда басқалары. 

Шоқанның оқушылық кезінен бастап, өмірінің ақырғы күніне шейін өміріне шолу 

жасайтын болсақ, оның ұдайы ғылыммен шұғылданған тұлға екендігін көреміз. Əрине, 

оның қалдырып кеткен үлкен монографиялық еңбегі болмаса да, қазірдің өзінде-ақ бес 

томдық мақала, ғылыми баяндамаларының өзінен де оның зор білімді, ғылыми зерттеу 

мəселелерімен  шұғылданған  оның  əдісін  толық  меңгерген,  шын  мəніндегі  ғалым 

екендігін көреміз. 

Ол  тек  бір  мамандықты  ғана  жақсы  білетін  ғалым  емес,  Шоқан  –  жан  жақты 

ғалым.  Бұл  –  бір  жағынан,  оның  зеректігін,  ғылыми  жұмысқа  қабілеттілігін  көрсетсе, 

екіншіден,  сол  кездегі  қазақ  елінің  тарихи  жағдайы  Шоқанды  ғылымның  əр  саласын 

зерттеуге  мəжбүр  етті.  Өйткені  ол  сол  уақыттағы  қазақтың  бірден  бір  оқыған  адамы 

болды. 


Шоқанды біз қазақтың тұңғыш ағартушысы, ол қазақтың мəдениетті ел болуы сол 

кездегі алдыңғы қатарлы дамыған орыс мəдениетімен байланысты екендігін, тек санасы 

оянған,  білімді  халық  қана  болашақта  тəуелсіздікке  қол  жеткізе  алатынын    дұрыс 

түсінген,  осы  мəселе  жөнінде  қазақ  тарихында  бірінші  рет  пікір  айтқан,  сол  пікірінің 

жүзеге асуын арман еткен адам болды. 

Революцияға  дейінгі  қазақ  əдебиетін  жинаушы  да,  зерттеуші  де,  сын  пікірлер 

айтқан  бірінші  қазақ  та  Шоқан  ғана.  Кейінгі  зерттеушілер  үшін  оның  еңбектерінің 

бағасы зор. 

Шоқанды ақын, жазушы ретінде алсақ, əрине, оның қолжазбаларында бірен-саран 

күнделіктер  дəрежесінде  жазылған  очерк,  əңгімелерін  айтпасақ,  бұл  жанрға  жататын 

оның  еңбектері  жоқ.  Бізге  жеткен  сол  кысқа  əңгімелерінің  өздерінен  де  оның  көркем 

шығарма  жаза  аларлық  қабілетінің  молдығы  байқалады.  Алайда,  ол  материалдар 

Шоқанды  жазушы  деуге  негіз  бола  алмайды.  Бірақ  Шоқан  фольклорист,  əдебиеттің 

тарихы, теориясы туралы қазақтан бірінші рет құнды-құнды пікірлер айтқан əдебиетші-

ғалым  жəне  жалғыз  қазақ  əдебиеті  ғана  емес,  туысқан  қырғыз  елдерінің  аты  шулы 

Манас  эпосын  жариялаған,  тюркология  əлеміне  алғашқы  рет  таныстырған.  Сонымен 

қатар, сол өмір сүрген дəуірде  менменсінген  Еуропа ғалымдарының шығыс халқының 

мəдениетін  жоққа  шығарғанына  шығыс  филологтарынан  бірінші  рет  соққы  берген  де 

Шоқан Уəлиханов болатын. 


 

103


 

XIX  ғасыр  əдебиет  нұсқаларынан  бізге  жеткен  бай  материалдарды  туғызушы 

халық  таланттарының  бірқатарын  көзімен  көріп,  тілдескен,  көрмегендерінің 

туындыларымен  жақсы  таныс,  кейбіреулерін  жыршылардың  аузынан  өзі  жазып  алған 

Шоқан  тəрізді  толық  мағынасында  еуропалық  білімді,  ойшыл  ғалым  адамның  өткен 

əдебиет туралы айтқандары таптырмас тарихи мəлімет болып табылады. 

Міне,  осы  жағдайлардың  жиынтығында  Шоқан  Уəлихановтың  əдебиет  тарихына 

енуі де,  оның еңбегінің зерттелуі заңды да орынды.Ақын

 

жазушыларды жалпы əдебиет 



тарихына,  əсіресе  əдебиет  тарихынан  орта,  жоғары  мектептерге  арналған  оқулықтарға 

енгізу  қалай  болса  солай  емес,  оған  авторлар  екшеліп,  зор  талғаммен  алынады.  Əрбір 

ақын,  жазушы  сыншылардың  өмірі  мен  творчествосы  тəрбиелік  мəні  тұрғысынан 

қаралады[2].

 

Əсіресе, Шоқан Уəлиханов тарихшы болды деп айтуға болады.Қазақтың ұлттық 



ғылыми тарихын дəл осы Шоқан қалыптастырған болатын.Оның еңбектері, əлі күнге 

дейін құнды жəне бағалы. 

Ол  өзінің  ғылыми  еңбектерінде  ауа  райының,  жағрафиялық  жағдайлардың  да 

халықтың  қалыптасуына  əсер  ететінін  көрсетіп,  "жағрафиялық  детерминизм" 

қағидасын негіздеген. 

Шоқан Уəлихановты қазақтың бірінші суретшісі деуге болады. Жас Шоқан ылғи 

да  қарындаш  пен  қағазды  жанынан  тастамаған.  Оның  бірінші  ұстаздары  болып, 

Құсмұрын  бекетінде  тұрған  əскери  топографтар  болған.  Əкесі  алып  жүрген 

археологиялық қазбалар жұмыстарында, Шоқан ежелгі табылған заттарды бар ынтасын 

салып    қағаз  бетіне  түсірген.  Бірте  бірте  ол  жануарлар  мен  адамдардың  бейнесін, 

акварельді пейзаждарды сала бастаған[5]. 

Егер  біз  Шоқанға  осы  жағынан  келсек,  жастар  үшін  Шоқанның  өмірін  ең  үлгілі 

өмір  деп  айта  аламыз.  Ол  не  бары  отыз-ақ  жыл  өмір  сүрді.  Оның  еңбектерін  оқып,  ол 

туралы  естеліктерді  еске  алсақ,  оның  еңбеккерлігіне,  аз  жылдарда  соншама  білім 

алғандығына таң қалмасқа болмайды. Шоқанның өмірі мен еңбектерін оқыған адам жас 

болсын,  кəрі  болсын  таңданады,  тіпті,  өзінің  соншама  аз  білетіндігіне  ұялғандай, 

қорынғандай  болады.  Демек,  осындай  сезімнің  тууы,  оқырмандарын  алға  сүйреп,  көп 

оқу,  көп  білуге,  өнеге-үлгіге,  жазу  жұмысына  машықтандырып,  тəрбиелейді.  Демек, 

Шоқан сықылды адамдардың əдебиет тарихына енуінің айрықша мəні осында. 

Шоқан  Уəлиханов  бізде  көп  зерттелді,  əлі  де  өнерінің  зерттелетін  қырлары  көп. 

Шоқан  туындыларын  тарихшы,  философ,  этнограф,  географ,  əдебиетшілер  де  зерттеп 

жүр.  Олардың  кейбіреулері  өз  мамандықтарында  монографиялық  зерттеулер  жазып, 

ғылымдар  кандидаты  дəрежесін  алды.  Мысалы,  академик  С.Мұқановтың  «Жарқын 

жұлдыздар»  атты    кітабының  Шоқан    Уəлихановқа    арналған  І  -  бөлімін  академик 

Ə.Марғұланның  Шоқан  Уəлиханов  таңдамалы  шығармаларына  жазған  «Жизнь  и 

деятельность  Чокана  Валиханова»  деп  аталатын  мақаласын  жəне  филология 

ғылымдарының  кандидаты  марқұм  А.Нұрқатовтың  «Шоқан-Уəлиханов»

 

атты  мақала-



зерттеулерін атауға болады[4]. 

Шоқан  Уəлихановты  көп  жылдар  зерттеген    үлкен  тарихшы  ғалымдарымыздың 

бірі Əлкей Марғұлан ғылыми талдауларының тереңдігіне, фактілерінің əрі бай, əрі дəл 

болуына  қатты  көңіл  бөлетін  ғалым  десек,  Сəбит  Мұқановтың  ғылыми  зерттеулеріне 

тəн  бір  жайт:  халық  арасынан  жинаған  əңгіме,  аңыз,  əдеби  нұсқалар  мен  мұрағаттан 

алынған  фактілерді  шебер  құрастырғандығында.  Екеуі  екі  басқа  қайнардан  құйылған 

фактілер  С.Мұқанов  еңбектерінде  зерттемек  объектісінің  айналасында  бірлік,  бүтіндік 

тауып,  бірін-бірі  толықтыра  түседі.  Соның  үстіне  Сəбит  Мұқанов  үлкен  жазушы 

болғандықтан,  керекті  жерлерінде  жалаң  фактілерді  жазушылық  əдісімен  мəнерлеп, 

оқырмандары қызыға оқығандай тартымды етіп береді[3]. 



 

104


 

Шоқанның  бізге  қалған  мұра  еңбектерін  оқып  отырып,  көп  білетіндігіне  қайран 

қаласың.  Ғылымның  көптеген  саласын  мейлінше  терең  түсінетіндігі  кімді  болмасын 

мойындатады.  Этнография,  тарих,  филология,  география,  шет  тілдер,  шетелдердің 

əдебиеті,  орыс,  қазақ,  қырғыз  əдебиеті,  философия  т.б.  сияқты  пəндерді  ол  тек  біліп 

қана  қоймай,  сол  пəндердің  кейбіреулері  жайлы  қазақ,  қырғыз  елдерінің  өміріне 

байланысты, тарихи мəні зор ғылымдық трактаттар жазды. Шоқан Уəлиханов - əлемді 

өз  халқына  жəне  халықты  əлемге  ашпақшы  болған,  қазақ  мəдениетінің  көрнекті  өкілі, 

ірі  тұлға.  Кейінгілерге  құнды-құнды  пікірлер  қалдырды.  Өзінің  аз  өмірін  оқумен, 

еңбекпен  өткізуінің  арқасында  ғана  оның  ғалымдық  дəрежеге  қолы  жеткен, 

энциклопедист ғалым. 

Демек,  əлде  кім  мəдениетті,  білімді  адам  боламын,  сол  арқылы  өз  еліме,  өз 

отаныма  бір  пайда  келтіремін  десе,  Шоқанның  өмірі  мен  ісінен  үлгі  алуы  керек. 

Болашақ  жастар  оның  зерттеулерін  зер  сала  оқып,  қазақ  халқының  тұңғыш  ғалымы 

Шоқан Уəлихановтан мол тəлім – тəрбие алатынына  сеніміміз мол болғай. 

 

 



 

Əдебиет

1.

 



Мақпырұлы С., Садықов Т. Қазақ əдебиеті. І бөлім: Оқулық. Астана: Фолиант, 2007.-192б. 

2.

 



Қ. Жұмалиев. «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ əдебиеті». Алматы, 2003. 

3.

 



Н. Қанафияұлы: «Шоқан əдебиетші публицист». Алматы, 2002. 

4.

 



Шоқан Уəлиханов. Таңдамалы.  Алматы, 1985. 

5.

 



Шоқан Уəлиханов. Көп томдық  шығармалар жинағы. 5 т., А.,2010. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет