Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата22.12.2016
өлшемі2,85 Mb.
#238
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Ш. Д. Абдиева
п. ғ. к., доцент
Тілдер Орталығы, UIB
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА 
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР
The material of the article is devoted to the modern methods of teaching foreign languages. The 
article carries material about the advantages and perspectives of using of described technologies 
in the process of learning in Higher Educational Institutes. These technologies may be considered 
as the alternative means of evaluation of students’ results in their academic activities and personal 
development. A goal of modern education – to form comprehensive, well-educated, pragmatic, ca-
pable person, who always have his own opinion; to get rid of authoritarian teaching methods; to 
achieve activity and interest of the student to independent and creative approach to knowledge
strengthening the students’ wishes to speak in professional language, develop their independence, 
instead of approach in which lecturer is the main link of learning.
Оқытудың жаңа технологиясы дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатын ұйымда-
стыру, белгілі бір мақсатқа жұмылуда алдын ала ойластырудың ықпалы мен әсері және оқу 
процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы. Оқытудың жаңа технологиясы-
ның түрлері қазіргі кезде заман ағымына қарай көбейіп, жүзеге асуда. Сол әдіс-тәсілдердің 
бірі – интербелсенді әдіс.
Көптеген шетелдік және ресейлік педагогтардың айтуы бойынша (Пиаже, Выготский, 
Брюнер, Гальперин, Талызина және т. б.) құзіреттіліктің дамуы – оқу үрдісінде міндетті 
түрде интербелсенді әдістерді қолдану арқылы жүзеге асады. Құзіреттілік әрекет тәжірибеге 
негізделген. Жұмыс істеп үйрену үшін, жұмыс істеу керек. Қарым-қатынасқа үйрену үшін, 
қарым-қатынас жасау керек. Ақпаратты пайдалануды үйрену үшін, сол ақпаратпен жұмыс 
істеу керек. Құзіреттілікті игеру – студенттің белсенділігіне байланысты. Белсенділікті 
ұйымдастыру – заманауи оқытушының міндеті.
Кейбір оқытушылардың оқытудың жаңа әдістемелерін қабылдай бермейтінін ескерсек, 
студенттер де дәстүрлі сабақтарға аса қызығушылық танытпайтынын айта кеткен жөн. Осы 
мақалада студенттерді қазақша сөйлеуге үйретуде негізгі жаңа әдістерді қолдану оның ішінде 
белсенді әдістер арқылы қазақша сөйлеуге үйрету тиімді екенін дәлелдеуге тырыстық.
Студенттерге тіл үйретуде өздерінің тұлғалық қасиеттерін көрсете алатындай жағдай 
туғызу арқылы олардың белсенділіктерін арттыруға болады. Өзінің болашақ кәсіби сала-
сындағы рөлдерге ене отырып, кәсіби сөйлеу дағдысын қалыптастырып, жауапкершілікті 
сезінетіндей жағдай туғызу. Осы аталған талаптарға интербелсенді әдіс толық жауап бере 
алады.
Интербелсенді оқыту технологиясы мен концепциясы интеракция (ағлш. Interaction – өзара 
әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту барысынде жеке тұлғалар арсында 
танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілері өзара қатынасқа түседі. Әр студенттің 
жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өз ара 
әрекеттесу барысында жүзеге асады.
Білім беру саласында оқытушы мен студенттің қарым-қатынасы кең тараған әдістің үш 
түріне – бейтарап әдіс, белсенді әдіс, интербелсенді әдістерге негізделген.
Бейтарап әдіс – оқытушы мен студенттің қарым-қатынасы барысында оқытушы сабақ 
жүргізуді басқарушы (дирежер) негізгі тұлға, ал студенттер бейтарап тыңдаушы рөлінде. 

82 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР 
Қайта байланыс өз бетінше орындалатын жұмыстар, бақылау жұмыстары, тест бойынша т.б 
тексеру арқылы жүргізіледі. Заманауи педагогикалық технологиялар және студенттердің жаңа 
материалды қабылдау жағынан қарасақ, кейбір жағымды жағына қарамастан, бұл әдіс өте 
тиімсіз болып саналады. Оқытушы үшін сабаққа дайындалу өте жеңіл және салыстырмалы 
түрде аз уақытта көп материал беру мүмкіндігі бар.
Белсенді әдіс деп, оқу үрдісі барысында оқытушы мен студенттің белсенді қарым-қатынасы 
танымдық әрекет арқылы ұйымдастырылуын айтамыз. Көптеген педагогтар белсенді әдіс 
пен интербелсенді әдістердің ұқсас деген пікірде, алайда ұқсастығына қарамастан, олардың 
едәуір айырмашылықтары бар. Интербелсенді әдісті белсенді әдістің заманауи түрі ретінде 
қарастыруға болады.
А. Р. Найманбай
ф. ғ. к. доцент
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕГІ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕР
This article analyzes modern methodology of Kazak language in auditoria with speakers the new 
directions on training. Key words: thinking, pedagogy, competence, consciousness, textbook theory.
Мемлекеттік тілдің даму бағыты мен болашақтағы бағдары жыл сайын қарқынды өсіп, жал-
пыхалықтық тілге айналуда. Бұл талдаулар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. На-
зарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында да назардан тыс қалған емес: Үкімет «Тілдердің үш 
тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топта-
стырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттігіне 
ерекше назар аударғым келеді. Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда 
да, білім беруде өз дәрежесінде қолданылуына жағдай жасау керек. Елбасымыз айтқандай, бұл 
міндеттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілді дамыту саясаты мен ЖОО-лардың 
оқу бағдарламасында іске асырылып келеді.
Әдіскер, тілші-ғалым А. Байтұрсынұлы өз еңбегінде: «Жалпы әліп-би үйретудің өзінде 
толып жатқан әдіс бар. Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы 
жұмсалатын орнының керек қылуына қарай» деген болатын. Жалпы тәуелсіздік алған ке-
зеңнен бастап қазақ тілін екінші ана тілі ретінде оқытуда көптеген соны жетістіктер болып, 
А. Алдашева, К. Күзекова, Қ. Қадашева, З. Ерназарова сынды ғалымдарымыз өз еңбектерінде 
талдаулар жасап, ортақ әдіс-тәсілдермен бөлісіп, бүгінгі ізденістер жалғасуда.
Тілді оқытудың екі негізгі мәселесі бар: грамматиканы тиімді жеткізу және әдістемелік 
тұрғыдан үйлесімді және қызықты тапсырмаларды ойлап табу. Тіл үйретудегі тәжірибелерге 
сүйенсек, білім алушыларды қазақша сөйлету мақсатында мынадай құзіреттіліктер бар екен:
1) Тілдік-лингвистикалық құзіреттілік. Тілдік-лингвистикалық құзіреттілік қазақ әдеби 
тілінің нормаларымен және олардың жазба, ауызекі сөйлеудегі сақталуына үйретеді. Ал, 
лингвистикалық құзірет – қазақ тілінің жұйелік-құрылымдық болмысы туралы берілетін 
білім арқылы қалыптасады.
2) Коммуникативтік құзіреттілік қазақша сөйлеу ерекшеліктері, түрлері, қазақша айты-
лым, тыңдалым, оқылым, жазылымдағы білік-дағдыларын дамыту негізінде қалыптасады. 
Тіл үйренушілердің ұлттық сөйлеу мәеері мен қазақ халқының сөйлеу мәнеріне жақын ке-
летін ортақ ерекшеліктер сараланып, мұны комунникативтік құзіреттілікті қалыптастыруда 
қолдануға болады.

| 83
3) Мәдениеттаным құзіреттілігі қазақ тілі және осы тілде таңбаланған қазақ халқының 
материалдық және рухани мәдениеті туралы білімді меңгерту арқылы қалыптасып, дамиды.
Бұл талдаулардан байқағанымыз, егер тіл үйренушіге грамматиканы ғана үйретер болсақ, 
сөйлесім әрекеті шетте қалады, алайда грамматикасыз сөйлеу әрекетінің де болмайтындығы 
назарда ұсталады.
Оқу үдерісінде мынадай негізгі инновациялық технологиялар белгіленген:
•  Кейс –технология;
•  WEB технология;
•  Коммуникациялық технология;
•  Ақпараттық технология;
•  Интерактивтік әдіс технологиясы;
•  Мультимедия технологиясы;
•  Телекоммуникация немесе электронды оқыту технологиясы.
Технологияның тиімділігі, оның болашақ маманның психологиялық ерекшелігіне, 
іскерлігіне байланысты әсер етеді. Бұдан шығатын басты талап субъектінің мән бере оқуы, 
жеке бастың даму диагностикасы, жағдайларды жобалау, ойлы ізденістер диалогы, оқулықтағы 
тапсырмаларды өмірмен байланыстырып беру. Оқытушы сабақ барысында оқытудың бірнеше 
әдіс-тәсілдерін пайдаланғаны дұрыс.
З. А. Құламанова
ф. ғ. к.доцент
М. Х. Дулати атындағыт ТарМУ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
The article describes the efficiency of the use of new information technologies in the teaching 
of the Kazakh language. The author analyzes effectiveness of the use of information and innovative 
technologies at the lessons.
Заман талабына сай білім берудің парадигмасының өзгеруіне сәйкес құзыретті білім беру 
басшылыққа алынып, оқу-білім үйретудің жаңа әдістері пайда болды. Құзыретті білім беру 
көбіне Еуропа елдерінде ұлттық білім беру стандарттарында қолданылады. Әр мұғалім өз 
пәнінде ақпараттандыру технологиясын пайдалануы: Мультимедия, электронды оқулықтар-
мен жұмыс істеу, керекті ақпараттарды интернеттен шығарып алып пайдалануды іс жүзінде 
үйренуі керек. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз сөзінде «Жаңа ғасыр – адамгершілік ғасыры, ал 
адамгершілік бастауы – мектеп. Ауыл баласының білімі мен тәрбиесі жаһандану аясында ұлтты 
рухани мәңгүрттіктен сақтандыру ұлттық тәрбие мен білімнің қайнар бұлағы» – деген еді.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда 
ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты 
міндеті болып отыр. Ал, бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас 
ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан да, әрбір білім алу-
шының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа 
тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен 
бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйым-
дастыру инновациялық технологияны ендіруді міндеттейді. Оқушылардың дүниетанымын 

84 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР 
кеңейту, істеген ісіне тұжырым Мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа тех-
нологиялардың тиімді жолдарын іздестіру жалғасуда. Оқушылардың шығармашылықпен 
жұмыс жасауына, сабақта пікір таластырып, өз ойларын ортаға емін –еркін сала отырып, 
ашық айтуының да маңызы зор. Оқушылармен шығармашылық бағытта жұмыс жасаудың 
ұтымды жағы:
•  Бала оқулық көлемінен шығып ойланады.
•  Ойлағаны мен оқығанын саралап, салыстыра біледі.
•  Көпшілік алдында шығармашылық жұмысын қорғап, пікір айта біледі.
•  Оқуға, білімге, ғылымға қызығушылығы артып, одан әрі дами береді.
Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімді болуына негізгі 
пәндерді игеріп, сапалы білім алып, сауатты да қабілетті азамат болып шығуына ұстаздар 
жауапты. Олай болса мұғалім үздіксіз білім жетілдіріп, ізденіспен жұмыс жасауы қажет. 
Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы адам қоғамының барлық 
саласына еркін кіріп, байланыстың аймағын кеңейтуде.
Қорыта келгенде инновациялық технологияларды қолдану барысында оқушылардың 
сабаққа деген қызығушылығының күрт арттатыны анық. Мұғалімдер де өздеріне қажетті 
әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас 
ұрпаққа сапалы білім беруде инновациялық технологияларды сабаққа пайдалану – оқытудың 
жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға 
бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды 
компьютердің көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп 
ойлаймыз.
Ә. С. Мұхтарова
п. ғ. к., доцент
Қайнар академиясы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ТҰТАС ОЙЛАУ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
This article deals with the issues of the Kazakh language learning through the integrity of logics 
and their successful results.
Қазіргі дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мақсаты көзделіп отырған шақта, ертеңгі күні 
халыққа қызмет етер білікті маманның мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі тиіс.
Мемлекеттік тілді үйретуде басшылыққа алынатын міндеттер:
•  қазақ тілін ұтымды меңгерудің теориялық негізіне сүйеніп жасалған, когнитивті-
коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру бойынша практикалық нұсқауларды 
күнделікті сабақта пайдалану;
•  оқушылардың қазақ тілінде дұрыс және мәнерлеп оқу іскерлігі мен дағдысын 
қалыптастыру;
•  қарым-қатынас іскерлігі мен дағдысын, мәселен, диалог сөзге түсу іскерлігін, нақты 
сұрақ қойып, сұраққа жауап бере білуді меңгеруіне ықпал ету;
•  дәріс беру кезінде шағын жазба жұмыстарының жүргізілуі білімгерлердің тілдік сау-
аттылығын арттырумен бірге олардың шығармашылық деңгейін көтеруге көмектеседі;
•  монологтық сөйлеу дағдысын қалыптастыруға жағдай жасау.

| 85
Қазақ тілін екінші тіл және шет тілі ретінде оқытуда халықаралық стандартқа, фонетико-
интонациялық, лексико-семантикалық және грамматикалық деңгейдегі оқу материалдарына 
сүйене отырып, сонымен қатар когнитивті-коммуникативтік біліктілікті қалыптастыруда мо-
дульдік технологияны, проблемдік оқыту, ситуациялық-рөлдік ойындар және т. б. әдістерді 
қолдану, оқытудың техникалық құралдарын, аудио және компьютерлік бағдарламаларды 
пайдалану арқылы төмендегі бөлімдердің тиімділігін дәлелдеу көзделеді:
•  Ұсынылып отырған жалпы әмбебап-семантикалық ұғымдарға, мәселен, тіршілік, 
болмыс, болу, кеңістік, уақыт, қимыл-қозғалыс, процесс, сан-мөлшер, т. б. негізделген 
қазақ тілінің лексикалық қорын көбейту;
•  Қазақ тілін оқыту үрдісінде қолданылатын этномәдени оқу материалдарын жүйелі 
түрде түсіндіру;
•  Көптілді және мультимәдени тұлғаны қалыптастыру үрдісін белсенділендіру;
•  Азаматтық пен патриотизмге және ұлттық салт-дәстүрімізге қатысты өмірлік құнды-
лықтардың позитивті өзгеруіне ықпал ету;
•  Оқулық пен басқа да көркем мәтінді оқуда мәнерлеп оқу іскерлігін қалыптастыру;
•  Көптілді біліктіліктің жоғары когнитивті-коммуникативтік деңгейіне қол жеткізу;
•  Ұсынылған оқу материалының лексикалық және грамматикалық қорын меңгеру;
•  Дыбыстау-интонациялық деңгейде мүмкін болатын интерференцияны жою.
Оқушылардың жаңа сабақты тыңдау мен есту сияқты қабылдау жолдарымен қатар си-
пап сезу, моторика сияқты жолдары арқылы өткізілген сабақ адамның есте сақтау қабілетін 
дамытады (восприятие пятью каналами).
Сабақта қолдануға тиімді сабақтардың тәсілдердің бірі – релаксация сабақтары.
Тұтас ойлау қабілетін қалыптастыруда, тіл үйретуде жалпы жаратылыс заңдылықтарына 
сүйену, тыңдаушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру өте маңызды. Ол үшін адамның 
денсаулығын сақтандыра отырып, білім беру технологиясының (Н. В. Маслова. «Ноосфералық 
білім беру») релаксация әдісін қолдану тиімді деп санаймыз.

86 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР 
Р.Ж Абнасырова
ф. ғ. к., ассистент профессор
С. Демирель атындағы университет
К. Т. Әлімжанова
оқытушы
№ 124 жалпы білім беретін орта мектеп
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АҚПАРАТТАҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
The paper discusses innovative training technologies which have come instead of traditional 
methods of training. Innovative activity (technology) covers all sides of the didactic process: orga-
nization forms, the content and training technology, educational-cognitive activity. The following 
interactive training technologies, design training technology and computer technologies are allo-
cated and characterized. Forms and methods of interactive training technologies, in particular: a 
problem lecture, a seminar-debate, the educational discussion, «brain storm», didactic games etc. 
are considered.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің 
басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпарат-
тандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. 
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің 
қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына 
жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының 
ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласын-
дағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол 
жеткізуге ұмтылу алға қойған мақсаттардың бірден-бірі. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді 
тиімді ұғындырудың бірі – жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология негіздері болып 
табылады. Қазіргі ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім 
беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық 
оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы білім алушылардың білімін күшейту және білім са-
пасын көтеру қажет болып отыр. Олай болса барлық сабақтарды ақпараттық технологияны 
пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, 
компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық 
оқулықтарды пайдалану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, 
логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. 
Кәсіби қазақ тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, студент-
тердің сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды 
дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдылан-
дыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын дамытып, шығармашылық 
қабілетіне жол ашуға болады.
Берілген мақалада «Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша оқыту мен оқуда ақпараттақ-ком-
муникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі айтылған. Әр мамандықтың өз 
ерекшеліктерәне байланысты мысалдар көрсетілген.

| 87
К. С. Алдашева
PhD докторант
Абай атындағы ҚазҰПУ
ЖАҢА СӨЗДЕРДІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БЕЛГІСІ РЕТІНДЕ МЕҢГЕРУДІҢ 
ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІДЕРІ
In modern Kazakhstan society the concept of «national values» is of particular relevance as 
a factor in determining the important directions in the development of a multi-ethnic society and 
becomes an integral part of public policy. Language – a particularly important element of national 
values. This article discusses some of the methodological and methodical way to improve knowl-
edge learners through the language of the ethnic cognitive signs of national and spiritual values.
Елімізде қазақ тілін қазақ тілді аудиторияларда да, өзге тілді дәрісханаларда да оқыту-
дың стандарттары, бірүлгі бағдарламалары түзілген және қазақ тілін меңгерту бағытындағы 
үздіксіз білім берудің моделі жасалған. Бірақ үштұғырлы тіл саясаты жағдайында қазақ тілінің 
бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүддесінде қазақ тілін оқытуды технологиясы, әдістемесі 
жағынан ұдайы жетілдіріп отыру қажет. Бұл арада бірнеше маңызды факторлар айқындалады. 
Біріншіден, қоғам мүшелерінің қазақ тілі бойынша толық, жеткілікті білім алып, қазақ тілін 
белгілі бір коммуникативтік жағдаятта қолдана алатындай коммуникативтік құзыреттілігі 
қалыптасуы қажет. Коммуникативтік құзыреттілігі жеткілікті адам ресми-іскери, әлеуметтік-
тұрмыстық жағдаяттарға белсенді қатыса алатын тілдік тұлға дәрежесіне көтеріле бастайды.
Психолингвистикалық тұрғыдан қарағанда белгілі бір коммуникативтік актіде қазақ тілі 
арқылы қарым-қатынасқа түскен және осы қарым-қатынас арқылы қанағаттану сезімі пайда 
болған адамның лингвомәдени құзыреттілікке көтерілуге деген құлшынысы мен ынтасы 
пайда болады. Бұл ретте қазақ тілінің қазақ ұлтының ұлттық философиясымен, этностық 
ерекшеліктерімен байланысын зерделеу маңызды. Тілді үйретуде және меңгертуде тілдің 
әрбір бірлігін (әсіресе лексикалық бірлігін) формалды құрылым ретінде қарастыру мүлде 
жеткіліксіз, тілдің әрбір сөзі, әрбір бөлшегі – ұлт пен мәдениет тұтастығынан туындаған 
күрделі құбылыс.
Тілді меңгертуде әрбір тілдік құрылымның (оның ішінде сөздің) халықты қоршаған 
табиғи болмыспен, табиғаттық-ғарыштық кеңістікпен байланысын ұдайы назарда ұстау 
қажет. Бұл әсіресе қазіргі кезеңде сөздік құрамның елеулі бөлігіне айналып отырған жаңа 
сөздерді меңгертуде барынша маңызды. Өйткені әлеуметтік лингвистикалық көрсеткіштерге 
қарағанда, Қазақстан қоғамындағы субъектілердің жас ерекшеліктеріне байланысты жаңа 
сөздерді қабылдауы, мойындауы әртүрлі деңгейде. Орта және аға буын өкілдеріне көптеген 
жаңа сөздер таныс емес болса, керісінше жас буын өкілдеріне (орта және жоғары оқу орында-
рында білім алушылар) қазақ тіліндегі жаңа сөздер біршама танымал. Өйткені білім берудің 
дидактикалық базасында және өзбетінше білім жетілдіруге, ой-өрісін кеңейтуге ықпал ететін 
салаларда – масс-медиа құралдарында, ғаламтор мен теледидарда қазақыландырылған жаңа 
сөздер жиі кездеседі. Осы арналарға көбірек мойын бұратын қазақ тілді жас ұрпақ өкілдері 
жаңа сөздерді шартты таңба ретінде ғана емес, сонымен қатар ұлттық болмыстың бір белгісі 
ретінде қабылдауы керек. Өйткені әрбір жеке тұлғада құндылық бағдарлары болуы керек, ал 
олардың қалыптасуының негізгі кезеңі жасөспірім шақ. Сондықтан жаңа сөздерді меңгертуде 
ұлттық философияның ерекшеліктерін, тіл мен ұлттық болмыс арасындағы байланысты 
назарға ұстай отырып, білім беру қажеттігі туындайды. Бұл тілдің адамзат дамуындағы 
ең бағалы рухани құндылық екенін мойындата түседі. Егер жеке адам өзінің ана тілін және 
сұранысы үшін қажетті екінші тілді рухани құндылық деп мойындаса, оның коммуникативтік 
құзыреттілігі мен лингвомәдени құзыреттілігі теңбе-тең дәрежедегі сипатқа ие болады.

88 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР 
А. М. Рахимова.
PhD докторант
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ
ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ТІЛДІК ТҰРҒЫДАН ЖАҢАША 
ЗЕРТТЕЛУІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕТІКТЕРІ
In this thesis addressed the issue of the need for the modern study of human intelligence from 
the point of view of linguistics.
Бәсекеге қабілеттілікті талап ететін дәуірде адам туралы ғылымды үнемі жаңғыртып 
отыру керек. Дүниежүзілік жаһандану үдерісі жаратылысымызда адамға ғана тән болған 
интеллектуалдық мүмкіндіктерді енді жасанды интеллект арқылы дамытуда. Әлемде бұрын-
соңды ешкімнің ойына келмеген ғылыми-технологиялық төңкеріс белең алуда. Осы жағдай 
адамның өміріндегі негізгі құндылықтардың өзгеруіне, ұтқырлыққа, ақпараттық ағымға, 
әлемдік бәсекелестікке және т. б. осындай факторларға бағыныштылық туындатып отыр. 
Қалайда, адамға табиғат берген интеллект (ой, сана, ақыл, парсат, білім, дарын және т. б.) – 
тіршілігіміздің басты тірегі.
Адамның интеллектісі – ғылым ғылым болғалы әр бағыттағы зерттеушілердің назарынан 
тыс қалмаған мәселе. Интеллектіні зерттеген әрбір ізденуші бұл абстрактілік ұғымның қан-
шалықты терең философиялық, танымдық әрі психофизиологиялық, педагогикалық қызмет 
атқарып, адамзат жаратылғаннан бастап бүгінгі қоғамдық дамуымызға тікелей байланысты 
екеніне көз жеткізеді. Кейінгі жылдары отандық ғылымдағы антропоцентристік бағыттағы 
зерттеулердің белең алуы адамның ішкі жан дүниесінің, танымының, мәдениетінің, әлеуметтік 
әрекетінің тілмен байланысын анықтап, талдауға негіз болған еңбектердің қатарын арттырып 
отыр. Тіл мен адам бірлестігі негізінде адамның интеллектуалдық сипаты когнитивтік лин-
гвистиканың, лингвопсихологияның, лингвомәдениеттанымның, әлеуметтік лингвистиканың, 
гендерлік лингвистиканың, лингвоперсонологияның зерттеу нысаны бола алатын күрделі 
әрі мағынасы ауқымды ұғым-белгі. Сондықтан, интеллектінің бірінші кезекте танымдық 
ұғым екенін ескеретін болсақ, ең алдымен, когнитивтік тіл білімінің зерттеу нысаны ретінде 
қарастырып, адамның интеллектуалдық сипатының концептуалдануын зерттеу, оның басқа 
ғылыми аспектілерде тоғысуын айқындау – тіл ғылымы үшін өзекті мәселе.
Ал адам интеллектісінің қазақ мәдениетіндегі көріністері (шешендік өнер, гендерлік 
интеллект, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер, метафоралар, тұрмыс-салт) «интеллект» 
концептісінің лингвомәдени ерекшеліктерін найқындайды. Сондай-ақ адам интеллектісінің 
танымдық-мәдени қырлары оның психологиялық астарымен тығыз байланысты дамиды.
Әлемнің ғылыми бейнесіне үңілсек, әлеумет өміріндегі ең маңызды, тірек ұғымдардың 
бірі – «интеллект» макроконцептісі екендігі дау тудырмаса керек. Отандық және шетелдік 
лингвистердің аталған феноменді зерттеу тарихы өткен ғасырда басталса да, «интеллект» 
макроконцептісін ғылыми талдау шегіне жетті дей алмаймыз.

| 89

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет