Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата22.12.2016
өлшемі2,85 Mb.
#238
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Ақтөре Мансүров
студент, Л. Б. Гончаров атындағы
Қазақ автомобиль-жол академиясы
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН
Language comprehension develops faster than language production, and many people can un-
derstand more of a specialized language than they can produce. Language comprehension would be 
easier if every word had just one meaning, but language is full of ambiguities or expressions with 
more than one meaning.
Ел болмайды өз тілінен безген ұлт,
Сыйламайды ел деп оны өзге жұрт.
Мәңгілік ел болу үшін онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы шарт. 
Яғни, ол тал бесіктен балаға берілетін – ана тілі.
Әл-Фараби бабамыз: «Кез-келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан 
жастардың тыныс-тіршілігіне қара» деген екен. Ендеше жастардың ортасында қазақ тілінің 
қолдану аясы қандай? Қазіргі жаһандану жағдайында қазақ тілін өзге ұлт жастарына наси-
хаттау қалай әсер етіп жатыр? Осы мәселелер бойынша ой өрбітсем.
Студенттер өз араларында ауылдық және қалалық деп бөлінушілік жиі болмаса да, 
анда-санда байқалып қалатынын айдан анық. Осыған байланысты қазақ тілі ауылдық жа-
стар ортасында күнделікті тұрмыстық жағдайда қолданады. Қарым қатынас кезінде көркем 
тілмен мағыналы және мәнді оймен, сондай-ақ астарлы сөзбен жеткізеді. Ал, қалалық жастар 
арасында қазақ тілінің шұбарлануы жиі байқалады. Сондықтан қалалық жастарды ауылға 
біріктіретін мемлекеттік жоба керек деп ойлаймын.
Жаһандану жағдайында қазақ тілін өзге ұлт жастарына насихаттау мақсатында:
1) Мемлекеттік тіл мәртебесіне және орыс тілділер арасында қазақ тілін үйрету мақса-
тында байқаулар өткізу;
2) Қоғамды түзейтін де, бұзатында БАҚ деп ойлаймын, сондықтан ұлттық баспасөздің 
сапасына қатты көңіл бөлу қажет;
3) Депутат Зейнолла Алшымбаевтың мәліметтері бойынша Қазақстандағы орыс тілді ба-
спасөз мемлекеттік тапсырыстың 75% ие көрінеді. Ендеше, қазақтың құндылықтары туралы 
пікірталастар, ұлттың дамуына қатысты нәрселер орыс тілді баспасөзде көбірек қамтылуын 
қолға алу керек;
4) Елбасының бастамасымен құрылған Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорын-
дағы «Soyle, iTys» сынды жобаларды өзге ұлт жастарына насихаттау мақсатында іс-шаралар 
ұйымдастыру;
Қорытындылай келгенде, біздің болашағымыз – ана тілінде. Сондықтан тіл тағдыры – ел 
тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық!

108 |
4-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН  
Айткужина Іңкәр, Ғабдолла Азат, Құмарғазы Ұлан 
Маратбаева Әйгерім, Нұрсадық Меруерт
Назарбаев университетінің студенттері
АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
This presentation is going to compare the ideologies of Alash Orda and Independent Kazakh-
stan, and is going to show that the latter was mainly based on the former. We compare the aims and 
programs of Alash Orda government and those of the government of Independent Kazakhstan, and 
detect that even the social image of Kazakh citizen built by Alash Orda is the same to the modern 
social image of Kazakhstani citizen built by Independent Kazakhstani state. We conclude by stating 
this continuing ideology through centuries having roots from Alash Orda and enhanced by Inde-
pendent Kazakhstan should motivate modern Kazakhstani youth to bring up this ideology further to 
the future generations.
Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып отыратын 
нәрсе. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындай-
тын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар. Қазақстандағы 
ұлттық идея қазақтармен бірге дүниеге келді, әрі тарих сахнасына да қазақтармен қол ұстаса 
көтерілді. Ұлтқа деген құрмет, ұлттық сана-сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Біз 
осы мақаламызда Алаш орда өкілдерінің идеясы қазіргі тәуелсіз Қазақстанның ұлттық идея-
сының іргетасы болып келгенін айқындайтын боламыз.
Біріншіден Алаш орда қайраткерлерінің білім беру жүйесіне және оқытылатын пәндердің 
білім мазмұнын жетілдіру үшін жасаған еңбектері мен қосқан үлесіне назар аударып, бүгінгі 
білім жүйесімен салыстыра отырып, талдау жасаймыз.
Екіншіден, қазіргі білім бағдарламасындағы Алаш әдебиетінің орны мен заманауи қазақ 
образының қалыптасуындағы маңызы талқыланады. Алаш өкілдерінің ат салысуы арқылы 
құралған және бүгінгі күнге дейінгі маңызы сақталған әлеуметтік институттар таныстырылады.
Үшіншіден, Қазақстан – 2050 бағдарламaсының мақсаттары мен Мәңгілік ел идеясы, 
Алаш орда өкілдерінің мақсаттары мен идеялары салыстырып, ортақ ұғымдар мен пікірлерді 
саралаймыз.
Содан кейін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған, мем-
лекетті нығайтуға негізделген «100 қадам» Ұлт жоспары мен Алаш үкіметінің төрағасы Әлиxан 
Бөкейxанның мақалалары негізінде сол заманда көтерген идеяларының үндестігін қарастыра-
мыз. Соның негізінде кәсіби мемлекеттік ақпарат құру, Заңның үстемдігін, индустрияландыру 
және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру деген 
5 институттық реформаны жүзеге асыратын 100 қадаммен Әлиxан Бөкейxан мақалаларында 
өз заманында көтерген өзекті проблемалалар мен қозғалған негізгі тақырыптар, көзделген 
мақсат пен қойған талаптардың ұқсас екендігіне көз жеткізе отырып, сараптама жасаймыз.  
Қорытындылай келе, Алаш орда қайраткерінің болашақ ұрпаққа артқан сенімі және Елбасы 
Нұрсұлтан Назарбаевтың сол сенімді тәуелсіз мемлекет құру арқылы ақтап, Қазақ елінің 
Мәңгілік ел болуы үшін жасап жатқан еңбектері арқылы Қазақстан жастарына мотивация 
мен ел дамуына жаңа серпіліс беретіндігін дәлелдейміз.
 

| 109
Айдын Тлеубаева, Эльвира Насырова
Назарбаев университетінің студенттері
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ АУДАРМАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАР
This article describes the importance, impact and the quality of the first English-kazakh trans-
lated magazine National Geographic Kazakhstan. As it is one of the first steps toward trilingualism, 
the contribution to the Kazakh language is deliberated. During the comparative analysis the level 
of the translation was assessed.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында «Үш 
тұғырлы тіл» туралы идеяны жалпақ жұртқа жария еткеніне он жылға жуықтады. Мемлекетіміз 
үшін стратегиялық маңызы зор шешім халық арасында үлкен талқыға түсті, қолдайтындар 
мен қарсы позицияны ұстанатындар арасындағы пікірталас әлі күнге дейін жалғасын тауып 
келеді. Дегенмен, үштұғырлылықты жүзеге асыратындар да, оның болашақтағы жемісін не 
зиянын тартатын да– жастар қауымы. Ғылыми-техникалық ілгеріліс пен жаһандану баспал-
дағын дамыған елдермен қатар басу үшін әлемдік тіл – ағылшын тілін игерудің маңызы зор. 
Бірнеше тілді еркін меңгерген кейінгі буынның жетістіктерінің бірі – аударма саласы. Бұл 
жұмыс 2016 жылы елімізде алғаш рет ағылшын тілінен ана тілімізге тікелей аударыла бастаған 
National Geographic Қазақстан журналының маңызын, қызметі мен сапасын талдап, зерттейді.
National Geographic – тарихы сонау XIX ғасырдан бастау алатын, әлемнің 38 тілінде, 80-нен 
астам елінде тараған әлемдегі ең ауқымды ғылыми-ағартушылық журнал. Кәсіби фотосу-
реттері мен карталары арқылы мәдениет, табиғат, ғылым мен технология туралы жан-жақты 
әрі уақтылы ақпараттар тұңғыш рет орыс тілінен басқа тілден аударылды. Елімізде аударма 
ісіне қажетті оқулықтардың түгелі дерлік орыс пен қазақ тіліне арналып жазылғандықтан, 
ағылшын тілінен аударылған материалды салыстыра отырып зерттеу болашақта аударма 
саласына қатысты жаңа оқулықтардың жазылуына жол ашады.
Әу баста журнал қарапайым халыққа танымдық-ағартушылық қызметін атқарғанмен, 
танытым мақсатында ғылыми мақалалар да журналдың негізгі контентіне енді. Терминдік 
сөздірдің көптеп кездесуі аудармашыларға көптеген жаңа сөздер ойлап табуға, транслитерация 
мен транскрипцияны ағылшын тіліне сәйкестендіріп жасауға мәжбүр етеді. Ол өз кезегінде 
әлемдік ақпараттардың, ғылыми оқулықтар мен публикациялардың дәнекерсіз қазақ тіліне 
аударылып, ана тіліміздегі материалдардың санының ұлғайып, сапасының жоғарылауына 
әсер ететіні сөзсіз.
Әзірге журналдың 90 пайызы түпнұсқадан аударма, тек он пайызы қазақ жерінің тарихи-
географиялық құндылықтарымен таныстырады. Дегенмен, бұл қазақ тілінің болашақта мәңгілік 
тіл, әлемдік тіл болып қалыптасуына алғашқы қадамдарының бірі екеніне сеніміміз мол.

110 |
4-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН  
Мұстафа Орынбасар
студент, Назарбаев Университеті
ЖАСТАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ ВИДЕО ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
In this presentation it is shown the impact of video games on Kazakh language learning. We 
share our opinion about different strategies of the development of youth’s language skills. Scientists 
say the impact of video games on the psychological state of man and nature.
Еліміз егемендігін алғалы 25 жыл өтсе де, мелекеттік тіл- қазақ тілін жастардың игеруі 
шешімін таппаған өзекті мәселе болып отыр. Жаһандану заманы бір тілмен шектеліп қалуды 
көтермейді. Бірнеше тіл білумен ғана халықаралық кеңістікке шығуға мүмкіндік болады. 
Осы жағыдайда қазақ тілі ағылшын тілінің аясында жұтылып кетпеу үшін қоғам жан-жақты 
жұмыстар жасауы керек.
«NEWTIME» атты газеттің жүргізген сұхбаты бойынша, қазақстандықтардың тек 31% 
-ы ғана өз балаларын қазақ мектебіне, ал 19%-ы ағылшын мектебіне, ал 40%-ға жуығы орыс 
мектебіне береміз деп жауап беріпті. Бұл мәселе әлі де болса қазақ тілін үйренуге деген 
құштарлықтың төмен екендігін көрсетеді. Қазақ тілінің мәртебесін арттыру үшін қажеттіліктен 
басқа, оның қызығушылық бағытын да арттыру керек. Солардың бірі-видео ойындар.
Ғалымдар видео ойындардың адамның мінез-құлықтары мен жеке қасиеттерінің қалып-
тасуына әсер ететінін көптеп айтып жүр. 48 ерікті азаматқа зерттеу жүргізген ғалымдардың 
қорытындысы – видео ойындар кеңістікте бағдар табуға, жадыны жаттықтыруға және страте-
гиялық жоспарлау кезінде пайдалы, – деп хабарлайды newsru.com порталы. Осы ойындардың 
тілді үйренуде де үлкен орны бар. Тілді медиа құралдары арқылы үйретуді шет тілін үйренген 
уақыттарымызда сезіп жүрміз. Біз ұсынып отырған жұмыста қазақ тілін үйренудегі видео 
ойындардың тиімділігі басқа шет тілдерімен салыстырыла отырып айтылады. Қазіргі жастар-
дың пайдаланатын видео ойындарының барлығы ағылшын немес орыс тілінде. Қазақстандағы 
сауда – ойын сауық орындардағы жиі ойнайтын видео ойындардың тілін толығымен қазақ 
тіліне аударса және олардың бағасын арзандау етіп қойсақ, мобильдік операторлармен келісе 
отырып күнделікті телефондарымыздағы ойындарды, Қазақстан аумағындағы интернетте 
пайдаланатын видео ойындардың тілін де қазақша қойсақ тілді үйренуге оң әсері болатын еді.
Статистикалық мағлұматтарға жүгінетін болсақ, жастардың 97%-ы видео ойындардің 
өмірлерінде бір рет болса да ойнап көрген екен. Ал 2–17 жас аралығындағы балалардың 
91%- ы видео ойынын ойнауға қызығады. Видео ойындардың бірі-баланың ойлау қабілетін 
арттырса, екіншісі-жаттау қабілетін дамытады. Осы ойындардың лексикасын қазақ тіліне 
аударып, тарататын болса, жастардың ойын қазақиландыратынына күмән жоқ. Өйткені, ойын 
ойнап отырған адамның санасы да сол тілдік лексиканы игеруге қабілетті болады.

| 111
Жазира Жұмабай
студент, Назарбаев Университеті
ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ
The research article describes the necessity and problems regarding the translation of tech-
nical papers in Kazakhstan. Also, it provides the evaluation of one technical textbook translated 
from Russian to Kazakh. The requirements and criteria for translating the technical papers are dis-
cussed. Additionally, typical mistakes made by translators and appropriate versions of translation 
are analyzed. Analysis is done by exemplifying certain areas of the translated book. The proper 
citations of scientists who studied the phenomenon of translation are given in the article to verify 
the stated claims.
Еліміздің өркендеуінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – техника мен индустрияның қарқынды 
дамуы. Сондықтан бүгінгі таңда қазақ жастарына техникалық мамандықтарды игеру аса 
қажет. Бұл – заман сұранысы болып табылады. Аталған саланың мамандарын даярлау үшін де 
арнайы оқу құралдарының қажеттілігі күн санап артуда. Бұл еңбектер бұрын көбінесе орыс 
тілінде болса, қазір оларды қазақ тіліне өнімді аударып жүрміз. Жазылып отырған мақалада 
құрылыс саласындағы оқу құралдарын аудару үдерісі талданады.
Аударма құбылысы – едәуір еңбекті талап ететін өзіндік өнер, әсіресе техникалық мәтіндерді 
аудару оңай кез-келген аудармашыға оңай соқпасы анық. Әрбір сөздегі, әр сөйлемдегі ақпаратты 
толықтай сәйкестікпен жеткізу қажет. Ғылыми-техникалық мәтіндерді аудару ақпараттық 
аудармаға жатады. Ең алдымен, техникалық оқу құралдарының ғылыми стильде жазыла-
тындығы туралы ұмытпаған жөн. И. Кашкиннің айтуы бойынша, аудармашының дербестігі 
стильде көрініс табады және аудармашы ісінің басты мақсаты стильді түсіну болып табылады. 
Сондықтан, жазылу жүйесі нақты, логикалық және дәл болуы тиіс. Сонымен қатар, әдеби тіл 
нормаларының қатаң сақталуы және терминдердің дұрыс қолданылуы шарт.
Кейде аудармашылар кейбір сөздерді дәл түсінбегендіктен, оларды сәйкес келмейтін 
сөздермен алмастырады немесе ұзақ сөйлемдерді жөнсіз қысқартады. Бұл техникалық оқу 
құралындағы ақпаратты бұзады, оқырмандар теріс мәлімет алатын болады. Мысалы, «Рас-
стояние между температурными швами регламентируется соответствующими нормами про-
ектирования» деген сөйлемнің ішіндегі «температуралық» деген сөздің орнына «жылулық» 
сөзін қолдану немесе нормалар және регламенттеу сөздеріне балама табу орынсыз болар 
еді. Сондықтан бұл сөйлемнің дұрыс нұсқасы «Температуралық тігістердің арасындағы 
қашықтық сәйкес жобалау нормаларымен регламенттеледі» болуы тиіс.
Терминдерді аудару ерекше ұқыптылықты және аса жауапкершілікті талап етеді. Фило-
логия ғылымдарының докторы Ә. С. Тарақов «Аударма әлемі» оқу құралында терминдерді 
арнайы ұғымдарды дәл жеткізетін, ешқандай түсіндіруге келмейтін қалыпты, мағыналық 
қолданысы шектеулі сөздер деп таниды. Аудармашы шетел терминологиясын да, аударыла-
тын тілде орынды пайдаланылатын баламалы ұлттық терминдерді де, ұлттық сөздік қорды 
да жете білуі тиіс.
Қорыта айтқанда, техникалық оқу құралдарын аудару күрделі құбылыс болып табылады. 
Терминдердің дұрыс қолданылуы және сәйкес баламалардың табылуы аударма үшін маңызды. 
Аудармашы ақпаратты түсініп, оқырмандарға автордың ойын нақты жеткізе білумен қатар, 
терминдерді, ұлттық сөздік қорды да жетік меңгеруі қажет.

112 |
4-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН  
Күнтубек Алдияр, Болат Бекжан
Назарбаев Университетінің студенттері
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӘРЖІМА МӘСЕЛЕСІ: АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ 
МЕКЕМЕЛЕРІ АТАУЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ
 Here we are going to elaborate briefly on the matter of giving names to organizations of the city 
of Astana, mainly focusing on the main questions about the relevance of the topic, problems that 
should be solved and the importance of the topic in translation science in Kazakhstan.
 Күнделікті өмірде, яғни жұмыс не оқу барысында жиі кездесетін өзекті мәселелердің 
бірі – мекемелерге мемлекеттік тілдің – қазақ тілінің талаптарына сай атау қою және өзге 
тілден төл тіліміздің заңдылықтарына сай аудару. Бұл тақырыптың өзектілігін келесі қырдан 
зерттеу арқылы анықтаймыз. Елордамыздың еліміздің экономикалық, саяси, инновациялық 
және туристік маңызы бар орталығы және қазақстандықтармен қатар шетелдік қонақтардың 
да жиі келетін қаласы болуы мәселеге өзектілік беріп қана қоймай, зерттеу жұмысының 
тақырыбының басқа қалаға емес, Астана қаласына қатысты болуын түсіндіреді.
Бұл мәселененің орын алуын және оның салдарын біз екі жерден байқаймыз. Біріншісі, 
мекеме атауларындағы өрескел қателер тікелей қызмет көрсету барысында кейбір түсініспе-
ушіліктерге әкеледі. Мысалы, дұрыс емес аударылған не ана тілімізде мәні жоқ атау түпнұсқа 
атауынан бейхабар тұтынушының мекеменің көрсететін қызметін бірден анықтамауы мүмкін. 
Бұл өз орнында тұтынушылардың санының азаюына әкелетініне күмән жоқ. Екіншісі, 
іс-қағаздар аясында байқалады. Мысалы, шетелдік мекеменің қате аударылған, дәлірек айт-
сақ, қазақ тілінде мүлде жағымсыз естілетін атауы қазақстандық мекемемен келісімшартқа 
отыру барысын баяулатып, тіпті тоқтатып, ара-қатынастың нашарлауына әкеліп соғады. 
Бұған қоса, xалыққа қызмет көрсету орталықтарында, өкілетті заң орындарында берілген 
құжаттарда мекеме атауының қате берілуі не аударылуы мекеме үшін күтпеген шығынды 
проблема болуы әбден ықтимал.
Жоғарыда сипатталған мысалдар өз кезегінде мемлекеттің экономикасына, мемлекета-
расы қатынастарға тікелей қатынасы бар болғандықтан, үкімет немесе өкілетті органдар бұл 
өзекті мәселені мекемеге атау қою немесе оны өзге тілдерге дұрыс аудару туралы заңдар, не 
болмаса тұрақты ережелер бекітуі қажет деп санаймын.
Сонымен қатар, бұл зерттеудің Қазақстандағы тәржіма жұмыстарына берер пайдасы мен 
мәні зор. Өйткені, бұл зерттеу жұмысының осы салаға жаңа келушілерге алғашқы түсінік беріп 
қана қоймай олардың әрі қарай қадам басуына ерекше ықпал етеді. Бұған қоса, тек Астана 
қаласындағы емес, мемлекетіміздің түкпір-түкпіріндегі елді мекендердегі мекемелерге дұрыс 
атау беруге осы зерттеудің ерекше анықтамалық бола алатынына сенімдімін.

| 113
Жұлдыз Дарынова, Алтынай Смагулова
Назарбаев Университетінің 3- курс студенттері
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚАТЕ ЖАРНАМАЛАР 
ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БОЛДЫРМАУДЫҢ ШАРАЛАРЫ
Advertisement illustrates not only product, but the language in which is written. In Kazakhstan 
any type of advertisement has to be written in Kazakh, only then in any other languages. Unfortu-
nately, many billboards and information boards have both orthographic and stylistic mistakes in 
Kazakh language. In order to prevent such cases common mistakes by types will be evaluated in our 
presentation. We believe that preventing problems in use of language via IT technologies and spe-
cific artificial software, which check text and word will be helpful not only for businessmen by sav-
ing time and money, but also for government by giving huge opportunities for language learners.
Нарықтық қарым-қатынасқа көшкен бүгінгі 21-ғасырда бәсекелестіктің негізгі көрсеткіші – 
маркетинг нысандары. Солардың ішіндегі жан-жағымызды қаптап кеткен жарнамалар – ха-
лықтың тауарға деген қызығушылығын арттыратын бірден бір мықты құрал. Жарнаманың 
сыртқы сипаты қарапайым болғанымен, бұл сала біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі, көпқырлы 
және көпмазмұнды болып келеді. Оның экономикалық, әлеуметтік, саяси, психологиялық, 
лингвистикалық астарлары бар. Осы тұрғыдан алғанда кез келген елдің жарнамасынан ол 
елдің ұлттық ерекшелігі, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, мәдениеті көрініп тұрады десек те 
болады. ҚР 2003 жылдың 19 желтоқсанындағы № 508 «Жарнама туралы» Заңында «Қазақстан 
Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама 
берушінің қалауы бойынша басқа тілдерде таратылады»,-деп жазылған. Осыдан кез келген 
сала бойынша жасалатын жарнама түрі қазақ тілінде ақпарат беруге міндетті деп қорытсақ 
болады. Алайда көше бойында тізіліп тұрған жарнамалардағы қазақ тілінің жағдайы әзірге 
көңіл көншітерлік емес. Олардың арасында тура аудармалар, мағынасын ашпайтын сөздер, 
тіл ерекшелігіне байланысты басқа мағынаға ие болатын тіркестер көптеп кезедеседі. Жар-
нама мәтінінен бөлек, суреттің өзі адамға, тіптен кейде тұтас қоғамға үлкен әсер қалдырады. 
Бұны да цензурадан өткізіп, құзырлы органдар қатал бақылауда ұстағаны абзал. Жарнама 
берушілер, жарнаманы оқушылар, яғни халықтың қазақ тілінде шалажансар берілген ақпа-
ратқа бейжай қарамауы ғана бұл мәселені түзей алады.
Біз ұсынып отырған жобада қателіктер орфографиялық, синтаксистік және стильдік түріне 
қарай жеке-жеке талданады. Осыған байланысты ақпараттық технологияларды пайдалану 
арқылы мұндай қателіктерді толығымен жою көзделеді. Қисынға келмейтін аудармалар мен 
көзімізге бірден түсетін сауатсыздық қоғамдағы қазақ тілінің деңгейін өзі-ақ анықтап береді. 
Орыс тіліндегі ақпараттың ғана мағынасы мен сауаттылығына мән беріп, қазақ тілін тасада 
қалдыру қай ұйымға болсын абырой алып келмейді. Жарнаманы екі тілде беруде мәтіндегі 
барлық сөзді сөзбе-сөз аударып шығу міндет емес, ең бастысы – ойды нақты, ықшамды түрде 
дұрыс жеткізе білу. Жарнама мәтінін жазарда тұтынушы қазақ тіліндегі нұсқаны оқи отырып 
қажетті ақпаратқа ие болғанына көз жеткізу керек. Осылайша қазақ тілінің қолданыс аясын 
кеңейтіп, халықтың тілді үйреніп, дұрыс қолдануға деген ынтасын арттырамыз деп сенеміз.
 

114 |
4-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСТАРДЫҢ КӨЗІМЕН  
А. А. Гумаров
«Банк Центр Кредит» АҚ
ПУТИ РАЗВИТИЯ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА В УСЛОВИЯХ ГЛОБАЛИЗАЦИИ
To date, the problem of development of the Kazakh language as the state language has its ac-
tuality. With a view to the development of language in the context of globalization, it is essential 
to the population to instill respect for the language, to create favorable conditions for the study of 
language and maintain the image of the country and this task should be assigned on a subconscious 
level to every citizen.
«Истинная любовь к своей стране немыслима без любви к своему языку». 
(К. Г. Паустовский)
На сегодняшний день проблема развития государственного казахского языка на современ-
ном этапе развития государства остается актуальной. За годы независимости страны изучение 
казахского языка медленно, но верно идет вверх, но необходимо ускорить развитие и даль-
нейшее изучение государственного языка не только подростающим, но и зрелым поколением. 
В целях развития языка в условиях глобализации, необходимо, населению не владеющим 
казахским языком привить уважение к языку, создать благоприятные условия к изучению 
и поддерживать имидж языка за территорией страны и данная задача должна возлагаться на 
подсознательном уровне на каждого гражданина. Так, запущенная и утвержденная программа 
Президента РК Назарбаева Н. А. «Государственная программа развития и функционирования 
языков в Республике Казахстан на 2011–2020 годы» помогает развивать язык и поднимать 
качественный уровень обучения языка. Согласно целям программы, а именно:
•  Гармоничная языковая политика, обеспечивающая полномасштабное функциониро-
вание государственного языка как важнейшего фактора укрепления национального 
единства при сохранении языков всех этносов, живущих в Казахстане;
•  Совершенствование и стандартизация методологии обучения государственному языку;
•  Развитие инфраструктуры обучения государственному языку;
•  Стимулирование процесса обучения государственному языку;
•  Повышение престижа употребления государственного языка;
•  Повышение востребованности государственного языка;
•  Усовершенствование и систематизация лексического фонда казахского языка;
•  Совершенствование языковой культуры.
На практике мы слабо видим применение данных целей, поэтому хотелось бы обратить 
внимание общества, на постепенный спад заинтересованности изучения государственного 
языка нынешней молодежью, при общении с ровесниками коллегами и друзьями, наблюдается 
повышенный интерес к изучению английского языка нежели государственного, респонденты 
же мотивируют свой интерес к иностранному языку тем, что он более востребован и поможет 
в дальнейшем жизненном пути! Отсюда складывается мнение, что нынешнее поколение идет 
не по правильному пути, игнорируя ценности государственного языка, однако это проблема 
лежит на плечах не только молодого поколения, но и на плечах зрелого поколения, т. е. мы 
даем понять им и неосознанно не прививаем тягу к изучению языка.
На основании выше изложенного хотелось бы обратить внимание на цели государственной 
программы, высказать свою точку зрения на разрешение проблемы.

| 115

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет