Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет2/15
Дата22.12.2016
өлшемі2.85 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Нұралы Құдайберген
тех. ғ. к., Жаңашыл зияткерлік
технологиялар академиясы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМІ 
(ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯ)
This paper deals with the new techniques of teaching the Kazakh language by using the latest 
information technology achievements in the form of talking pencils. First, the data compiled from 
the vocabulary often used in conversation the Kazakh language. It was stored in the memory of 
the pencil by using the Dot Cod technology. The technology TTS (text-to-speech) KZ is one of the 
achievements to sound the text in the Kazakh language.
Бұл қазақ тілін үйретудің жаңа әдісі және соңғы ақпараттық технология жетістігін пай-
далана отырып, сөйлейтін қалам түрінде жасалған компьютерлік бағдарлама.
Алдымен, қазақ тілінің ауызша сөйлесудегі жиі қолданылатын сөздік қоры жасады. 
Алғашқы 10, 100, 1000, 6500, 65000 жиілік сөздер іріктеліп, қазақ тілінің ауызша сөйлеу 
сөздігінің жиілік дерек қоры арнайы VoiceDataBaseKZ ақпараттық бағдарламаға енгізіледі.
Содан кейін, қазақ тілінің ауызша сөйлеуде қолданатын негізгі сөздігі Dot-Cod техноло-
гиясын пайдалана отырып арнайы VoicePenKZ сөйлейтін қаламға жазылады.
Әрі қарай, қазақ тілінің ауызша сөйлеу сөздігінің жиілік дерек қоры аясында кез-келген 
компьютерде MS Word бағдарламасы көмегімен терілген мәтінді сөйлейтін мәтінге айнал-
дыратын VoiceInkKZ компьютерлік бағдарламасымен принтер арқылы қағаз бетіне басып 
шығырамыз, компьютер бетіне, iPad бетіне шығарамыз.
Осыдан кейін, сөйлейтін бейнелер жасау арқылы ауызша сөйлеудің сапалы және тиімді 
иновациялық әдісін VoiceSymbolKZ компьютерлік бағдарламасына жазамыз.
Соңында, қазақ тілінің ауызша сөйлеу сөздігінің жиілік дерек қоры аясында қазақ тілінің 
ақылды грамматикасын интеллектуалды сараптаушы жүйе технологиясы көмегімен қағаз 
бетіне, компьютер бетіне, iPad бетіне шығара алатын VoiceGrammarKZ бағдарламасын 
жасаймыз. Бұл қазақ тілінде грамматикаға сай сауатты сөйлеуге тез арада үйрететін соны 
технологиялардың бірі болып табылады.
Сонымен қатар, қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі ауызша сөйлеуде жиі қолданылатын 
1000 сөздің инновациялық технологияны пайдалана отырып жасалған сөйлейтін VoiceDictionary 
KZ-RU-EN сөздігі жасалады.
Ақырында, Интернеттегі, компьютердегі кез келген қазақ тілінде жазылған мәтінді қазақ 
тілінде автоматты дыбыстау (оқу) технологиясы TTS (text-to-speech) KZ – қазақ тілінің жаз-
баша компьютерлік мәтінін ауызша сөйлету жүйесі жасалады.

1-СЕКЦИЯ:  
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ 
 ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

| 13
Юлай Шамилоғлұ
Виcконсин-Мэдисон және Назарбаев
Университетінің профессоры
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДИПЛОМАТИЯ ТІЛІ РЕТІНДЕГІ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
This paper begins gives a general overview of the use of Turkic languages in diplomacy until 
1991. Following the declaration of independence of the Republic of Kazakhstan on December 16, 
1991, as far as I know the first foreign treaty into which the Republic of Kazakhstan entered was 
the «Lisbon Protocol of May 23, 1992, to the 1991 Strategic Arms Reduction Treaty». This paper 
relates the story of how the Republic of Kazakhstan signed its first international treaty in the Kazakh 
language.
Бірінші бөлім
Баяндаманың бірінші бөлімінде Кеңес Одағына дейінгі кезеңдегі дипломатия тілі ретінде 
қызмет еткен түркі тілдері бойынша жалпы көзқарас ұсынылады. Қазан революциясынан 
кейін КСРО-ның құрамында болған Орталық Азияның саяси бірліктері өздерінің сыртқы 
істері бойынша дипломатиялық қарым-қатынастарын жүргізу құқығынан айырылды. Осыған 
орай, КСРО-ның Сыртқы Істер Министрлігінің міндеті болып КСРО екі тарапты келісімдерді 
жасағанда дипломатиялық хаттама негізінде келісімдерді орыс тілінде және қарсы тараптар-
дың тілінде бекітіп отырды.
Екінші бөлім
1991 жылы жағдай өзгерді, себебі Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында 
егемендігін алған соң, осы жылдың 26 желтоқсанда КСРО-ның таратылғаны туралы бұйрыққа 
қол қойылды. Менің білуімше, Қазақстан Республикасы жасаған ең бірінші халықаралық 
келісім «1991 жылдағы Стратегиялық қаруларды шектеу бойынша келісімге 1992 жылы 23 
мамырда Лиссабонда жасалған хаттама» болады. Беларус, Қазақстан және Украина өздерінің 
ядролық қаруларын осы хаттаманың негізінде Ресей Федерациясына көшірмек ниетінде 
болып, сосын хаттама Қазақстан Республикасының ядролық қарулардан бас тарту ресми 
саясатының іргетасы болғаны белгілі. Айрықша жоспарға сәйкес хаттамаға Беларус Респуб-
ликасы атынан П. Кравченко, Қазақстан Республикасы атынан Т. Жукеев, Ресей Федерациясы 
атынан А. Козырев, Украина Республикасы атынан А. Зленко, Америка Құрама Штаттары 
атынан Джеймс А. Бакер ІІІ, тек қана ағылшын және орыс тілдерінде қол қоймақ болған. Бір 
мезгілде бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған қол қоятын мемлекеттердің бірі тек қана 
орыс тілінде қол қоюға қарсы келіп, хаттамаы өз мемлекеттік тілдерінде де бекітуді қалады. 
Осы оқиға ішінде Қазақстан Республикасының қазақ тілінде жасаған бірінші халықаралық 
келісімі туралы қызық әңгіме бар…

14 |
1-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ  
Анар Салқынбай
ф. ғ. д., профессор, әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ
ҮШТІЛДІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ӨМІРШЕҢДІГІНІҢ НЕГІЗДІЛІГІ
Article is devoted to judgment of a linguistic vitalnost (viability) of Kazakh language. The 
author is focused the attention to some, from his point of view, the most important factors causing 
viability of this language in the modern world.
1. Қазақ тілінің әлеуметтік мәселелерін зерделеу, талдау жөнінде біршама ғылыми зертте-
улер жүргізілгенімен, қазіргі жаһандану жағдайында тілдің өміршеңдігі туралы мәселе өзекті 
саналады. ХХ ғасыр соңында тәуелсіздігін алып, енді өз дамуының жолына түскен Қазақ 
елінің мемлекеттік тілінің өміршеңдігі туралы мәселенің әлеуметтік, саяси, ғылыми мәні зор.
2. Қазақ тілінің өміршеңдігі туралы Н. Уәли, Э. Д. Сүлейменова, З. К. Ахметжанова т. б. 
сынды ғалымдардың ғылыми зерттеулерінде біршама ғылыми пайымдаулар айтылады. Зерт-
теушілер тіл өміршеңдігінің негізгі белгілері мен парадигмаларын анықтау арқылы қазақ 
тілінің бүгінгі жағдайын зерделейді.
3. Америкалық ғылыми дәстүрде антропологиялық тіл білімі қоғам өмірінің нағыз айнасы 
ретінде этнолингвистиканың бөліміне еніп, Э, Сепир, Ф. Боас зерттеулерінің негізіне енгені 
белгілі. Ф. Боас айналадағы шындықтың тілде таңбалануының басты қағидаларын белгілеп, 
тіл – халықтың рухани өмірінің манифестациясы деп көрсетті.
4. Қазіргі кезеңде тіл біліміндегі әлеуметтік парадигма дамып, макро әлеуметтік және 
микро әлеуметтік бағытта зерттеле бастады. Макро әлеуметтік тіл білімі бағыт бойынша – 
тілдік мәртебе, кодтау, этнос тілінің рөлі, тілдік жоспарлау және тілдік құрылыс мәселесі 
терең қарастырылса, микро әлеуметтік тіл білімі бағытында – тілдің қызметі, лебіз (сөйлеу), 
тілдердің бір-біріне ықпалы, қатысымдық контекст, тілдің стилистикалық және әлеуметтік 
құрылымын зерделеу жүргізілуде.
5. Қазақ тілінің өміршеңдігінің басты белгісі ретінде мыналарды көрсетеміз:
•  ұлттық сананың өсуі мен ұлттық құндылықтардың бағалануы;
•  ұлттық мәдениет пен ұлттық көркем әдебиеттің болуы;
•  өмірдің әртүрлі салаларында мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметінің артуы;
•  10 жасқа дейінгі балалардың мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі.
6. Қазіргі үштілділік жағдайында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің 
мүмкіндіктерін арттыру, оның қоғамдағы орнын кеңейту, балалар бақшасы мен мектеп жа-
сындағы балалардың мемлекеттік тілде білім алуына жағдай жасауға ерекше мән беру – қазақ 
тілінің өміршеңдігін арттырудың басты жолдары болмаққа керек.

| 15
Сейдулла Садықов
ф. ғ. д., профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ- түрік университеті
АНА ТІЛІ – ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ӨЗЕГІ
In the period of USSR actual issues took place in Kazakh language. Kazakh people were reduc-
ing in contrast of Russian ethnic groups and other nations who spoke Russian. This language was in 
the lead. The day before Independence Day of Kazakh language acquired the status of national lan-
guage as the result of institution of «Language Act» in the Constitution of Republic of Kazakhstan.
Nowadays, the purpose of intellectual Kazakh people is to instill the state language into daily 
usage; to replace the Mother tongue with the state language of government; to level up Kazakh 
language up to the level of international relationships and the language capable to communicate 
with foreign countries.
Қазақстанда кеңестік дәуірде қазақ тілі мәселесінің проблемалары орын алды. Ол қоғамның 
этникалық құрамының өзіндік сандық көрсеткіштеріне байланысты еді. Ресми статистика 
берген көрініс төмендегідей болатын. Орыстардың ұзын саны қазақтармен тең болды. Орыс 
этносының өкілдері мен орыс тілді басқа да ұлт өкілдерін (оның ішінде орыс тілді қазақтар 
да аз емес) қосқанда қазақтар өз елінде азшылыққа айналды. Осылайша орыс тілі жетекші 
орынға ие болды. Оны республика тұрғындарының басым бөлігі туған тіліндей ғана емес, 
сонымен бір мезгілде ресми және ұлтаралық қатынас құралы ретінде де пайдаланды.
Тәуелсіздік қарсаңында қабылданған Тіл туралы Заң мен Қазақстан Конституциясында 
айқын жазылып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Республикалық «Қазақ тілі» 
қоғамы құрылып, оның жергілікті аудандарда бөлімшелері пайда болды. Жоғары арнаулы 
оқу орындарында қазақ бөлімдері ашылып, орыс бөлімдерінде де қазақ тілі оқытыла бастады. 
«Қазақ тілі» қоғамы бөлімшелерінің газеттері жарық көрді.
Сол тұста Қазақстандағы ақпарат құралдарының басым бөлігіне ие болып отырған 
шовинистік пиғылдағы топтар орыс тіліне мемлекеттік мәртебе әперу үшін күрес жүргізді. 
Оларды парламентте де билік басында отырғандар арасында да жақтаушылар болды. Қазақ 
тілі қолдаусыз қалды. Президент Н. Назарбаевтың табанды саясатының арқасында ғана Кон-
ституциямызда бір ғана мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесі сақталды.
Мемлекеттік тіл мәселесі тұрғындардың этникалық құрамы сан алуан Қазақстан үшін 
мемлекеттілік пен егемендікті нығайтудың басты факторларының бірі.
Ұлттық идеяның өзегі саналатын тіл мәселесі Қазақстан халқы Ассамблеясының страте-
гиясында, ұлттық бірлік Докторинасында айрықша маңызға ие.
Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінің мәртебесін көтеруге атсалысады деп айту қиын. Әлемнің 
түкпір-түкпіріне шашырап кеткен төрт миллиондай қазақтарды Атажұртқа қайтаруды 
жеңілдету ана тілімзде сөйлейтін ұлттық ортаны қалыптастырудың маңызды шарты.
Қазіргі кезде қазақ зиялыларының талап-тілектері негізінен төмендегідей: мемлекеттік 
тілді күнделікті қолданысқа енгізу; Ана тілін мемлекеттік басқару тіліне көшіру; қазақ тілін 
халықаралық қатынастар тіліне, Қазақстанның шет мемлекеттермен байланыс жасау тілі 
дәрежесіне көтеру; қазақ тілін ғылымның сан-салалы күрделі түрлерін игеретін тілге көшіру; 
қазақ тілін заң шығару, құқық қорғау орындарында еркін қолданылатын тілге айналдыру, 
тағы басқалар.
Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың БҰҰ Саммитінде баяндамасын Ана тілінде жа-
сауын қазақ тілі болашағының бастауы ретінде бағалау керек.

16 |
1-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ  
Ерден Қажыбек
ф. ғ. д., профессор
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ҚАЗАҚ ТІЛІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТІЛ
The article is devoted to increasing the relevance status of the state language of the Republic of Ka-
zakhstan. In particular historical, foreign policy and domestic factors on using the Kazakh language in 
an international language context are considered. Those and other aspects discussed at greater length 
in the article reveal the necessity to make appropriate adjustments to the language policy in the field.The 
article is devoted to increasing the relevance status of the state language of the Republic of Kazakhstan. 
In particular historical, foreign policy and domestic factors on using the Kazakh language in an interna-
tional language context are considered. Those and other aspects discussed at greater length in the article 
reveal the necessity to make appropriate adjustments to the language policy in the field.
Сөзімді, бүгінгі басқосуымыздың тақырыбына тікелей байланысы бар кейбір шешуші 
мәнге ие терминдеріміздің өрескел қате аударылып (һәм іске асырылып) жүргеніне ғалымдар 
назарын аударғым келеді. Елімізде қалыптасқан келеңсіз дағдыға сәйкес, біршама маңызды 
атауларымыздың нұсқасы басында орыс тілінде даярланым, кейін ғана мемлекеттік тілімізге 
тәржімаланатыны баршаға аян іс.
Осындай терминнің бірі, орысша «триединство», қазақшасы «үштұғырлылық». Орысша-
сының мазмұны қарапайым және нақты – үш ағылшын, орыс және қазақ тілдерінінің деңгейін 
бір-біріне үзеңгілестіру, яғни бірдей ету. Әлбетте, біздің шамамыз әлемдік тілдерді одан әрі 
дамытуға, немесе, керісінше, тіліміздің деңгейіне оларды жақындатуға, төмен түсіруге – 
қолымыздан келетін шаруа емес екендігі бесенеден белгілі. Олай болса, «триединствоның» 
мақсаты біреу-ақ және анық: қазақ тілінің өресін орыс және ағылшын тілдерінің ауқыма 
жақындастыру, яғни – қазақ тілін дамыту ғана.
Ал, енді, шаш ал десе бас алатын біздің шолақ белсенділеріміздің аудармасына келсек, 
«үштұғырлылықтың» мәні – жер мен көктей, тіпті, қарама қайшы бағытта берілген: мемле-
кеттік тіліміздің есесінен әлемдік тілдерді жөнді-жөнсіз, концепттік бағдарлама-жоспарсыз 
білім берудің бүкіл сатыларына тықпалай беру. Керек болса, бұның негізгі мақсаты – қазақ 
тілінің қолданыс әлеуетін әлсірету ғана, басқа ештеңе де емес. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ 
тілі халықаралық тіл бола ала ма деген сауал туындайды.
Біріншіден, түрлі объективті және субъективті тарихи факторларға байланысты халқымыз-
дың саяси таралым картасының соңғы ғасырда күрт тарылуының салдарынан қандастарымыз 
бүгін бірталай өз атамекен жерлерінде тапжылмай отырса да, олар біздер үшін шетелдік 
саналатын болып қалды. Бұл жерде біз көршілес Орта Азия елдері мен Ресей, Қытай, Мон-
голияларды меңзеп отырмыз. Және де халқымыз бастан кешірген зұлматтардың нәтижесінде 
тарыдай бытырап Еуропа Одағы, АҚШ, басқа Азия елдеріне көшкені барын ескерсек, қазіргі 
заманда тек төл тіліміздің тұтынушыларының өзінде қазақ тілі халықаралық аренаға ие тілге 
айналғаны еш дау тудырмас шындық.
Екіншіден, қазақ тілі дара пән ретінде Түркияның жиырмадан астам ірі университет-
терінде, Кореяда, АҚШ’та, Қытайда, Иранда, Орта Азия, Еуропа Одағы мемлекеттерінде 
оқытылуда. Тіпті, атышулы Кембридж университетінің де осы бағытты мықтап қолға алуға 
ниеті бар. Яғни, жақын болашақта әлемде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін 
жақсы игерген біршама шетелдік азаматтар пайда болмақ.
Үшіншіден, ұлтымыздың ұзына тарихында, әсіресе, ерте орта ғасырлық Дешт’і Қыпшақ 
және одан кейінгі Алтын Орда, Қазақ Хандығы дәуірлерінде – бұны ғылыми әлемге проф. 

| 17
А. Құрышжан, Ә. Нәжіп, А. Гаркавец дәлелді паш еткен – қазақ тілі ұлан-байтақ кеңістікте 
ресми, ұлтаралық (мемлекетаралық мағынасында) қызметтерін ғасырлар бойы аброймен 
атқарғаны тарихи ақиқат.
Төртіншіден, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін туған тіліміздің өркені өсіп, 
өресі кеңейе түсті. Басқасын былай қойғанда, бір ғана мысал келтірсек жеткілікті болар деп 
есептейміз. Мына ресми мәліметке қараңыз, биылғы жылы орта мектептердің бірінші сы-
ныптарына қабылданған оқушылардың 89 пайызы қазақ тілінде білім беретін мектептерге 
барған. Бір ғана осы фактінің өзі қазақ тілінің қазіргі жағдайын, сол сияқты алдағы он шақты 
жылда Қазақстанның этнодемографиялық және тілдік бейнесі қандай болатынын айқын 
көрсетіп отыр.
Қорыта келе, еліміздің тілдік саясатына жоғарыда келтірілген фактілер мен дәлелдерді 
ескере келе, қажетті толықтыру және өзгертулерді енгізу қажет деп есептейміз.
Нұрлан Кенжеахмет
Бонн және Назарбаев Университетінің профессоры
КӨК ТҮРІКТЕРГЕ ДЕЙІНГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІ (Б.З. I–V ҒҒ.)
Before the language of the Runic Turkic inscriptions of the Kök Türk Empire we must rely on 
the Chinese sources for information on the Turks and their languag. The Chinese sources regularly 
refer to the Türks by the name Xiong-nu and for example the Zhou-shu offers a description of them 
and their language. There are also additional recently-found sources, such as the tombstone found 
in Shanxi province in 1999 which offers additional information on the Turkic peoples.
Жыл санауымыздың VI ғасырының орта шенінде Орталық Азияда Түрік империясы 
шаңырақ көтерген соң, Евразия даласында түбегейлі өзгеріс болғаны анық. VI–VIII ғғ. 
Қазақстанның халықтары мен тайпалары Еуразияның шектес және алыстағы этностарымен 
бірге Түрік империясының, Батыс Түрік имрериясының, Түргеш, Қарлық қағанаттарының 
құрамына кірді. Ғылымда Орхон Ескерткіштері деп аталатын жазба ескерткіштерде Түркі 
қағандары мен айғұчылары мемлекеттік саясат мүдделеріне байланысты, негізінен қол 
астына қараған халықтардың орналасуы мен әскери жорық маршруттары сипатындағы 
мағлұматтарды жазып қалдырды. Түркілердің әдеби жазба тілі осы ескерткіштерден бастау 
алады. Көк Түріктерден бұрынғы түркілердің тілі туралы жазба деректер жоқтың қасы. Ғұн 
тілі туралы ғылымда әлі талас –тартыс бар, ғұндар қай тілде сөйлескені басы ашылмаған 
мәселе. Деседе, Ежелгі Түркі тілі туралы аса құнды деректер қытай тарихи жазбаларынан 
кезігеді. VII ғасырда жазылған қытай монағы Сюаньцзанның өмір-баянында Қытайлар 
«Сюнну» (ғұндар) этнонимін түркілердің баламасы ретінде қолданды. Ал I–V ғғ. Қытай та-
рихи деректерінде ғұнша сөздердің көбін дыбысталуы немесе мағынасы бойынша қытайшаға 
баспа- бас аударды. Мысалы, «Чжоу Шу» кітабының Цзиху баянында мынадай мәлімет бар: 
«Цзихулар Булоцзи деп те аталады. Олар ғұндардың өзге бір тармағынан…олар Лишиның 
1
 
батысынан Аньдинның 
2
 шығысына дейінгі 700–800 лиге созылған шаршы тау арасына жа-
мырай қоныстанған, ру-тайпалары өсіп-өніп көбейген. Олар отырықшы тұрмыс кешеді, егін 
егуді біледі…қытайлармен аралас отырады, елағалары хат таниды. Бірақ тілдері и-дилерге 
3
 
ұқсайды, тілдесу үшін аудармашы қажет».
1
 
 Қазіргі Шэньси провинциясындағы Лиши.
2
 
 Қазіргі Ганьсу провинциясындағы Цзинчуань.
3
 
 «И-ди», қытайлар төңірегіндегі этностарды жалпылай осылай атаған.

18 |
1-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ  
Тарихтың әр кезеңінде өзінің төрт төңірегіндегі елдер мен ұлыстар туралы мәліметтерді 
қалт жібермей хатқа түсіріп отырған көне қытай жазбаларында ғұндардың тілі және сөздері 
туралы деректер кезігеді. Ғұндардың тілі, ғұрып әдеттері туралы маңызды деректер «Юаньхэ 
цзюньсянь тучжи» («Юаньхэ жылнамасындағы аймақ-аудандардың карталық баяны») және 
«Тайпин хуаньюй цзи» кітабының Яньчжоу аймағының Линьчжэн ауданы тарауында да кезігеді.
1999 жылы шілде айында Қытайдың Шаньси өлкесінің орталығы Тайюань қаласының 
іргесінен табылған Юйхун эпитафиясы (құлпытас жазуы) Юйхунның тегі Батыс өңірдегі 
түркі тілдес халықтармен байланысты екндігін бір қырынан ашып берді.
Осы тұстағы қытай деректерінде шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік жағында қоныстанған 
халықтар жөнінде, қалалар мен елді-мекендер және олардың тұрған орындары жөнінде 
көбіне-көп көңіл бөлінді. Алайда көк түріктерден бұрынғы түркі тілдері жөнінде қазіргі 
зерттеушілерге түсініксіз болған жәйт бар, I–V ғғ. көне түркі тілдерінің сырын ашатын кілт 
көне қытай жазбаларында жатыр.
М. Қ. Ескеева
ф. ғ. д., профессор
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХИ ОРНЫ
The article is devoted to the study of the problem of historical development of the Kazakh lan-
guage, subethnic prosses of forming the Kazakh ethnos, the position and significance of the Kazakh 
language in the Turkic languages system. The question of clarifying the level of integrity of mono-
syllabic roots in the Old Turkic written monuments and in the Modern Kazakh language is the main 
question and on the base of which the conclusion about the nature of the Kazakh language as the 
Modern language is made. The main criteria mean’s the existence of combinations of the following 
sounds γ/g≈w/j.
Тарихи және лингвистикалық әдебиеттерде қазақ этносы да, оның тілі де негізінен ХІҮ-ХҮ 
ғасырларда қалыптасқаны жайлы айтылатыны белгілі және бұл тікелей Қазақ хандығының 
құрылуымен байланыстырылады. Этникалық топтардың және олар мекендеген аумақтар-
дың мемлекеттік тұрғыдан ресми түрде біріктірілуі қазақ халқының дербес этнос ретінде 
нығаюына, тілінің тұрақты қалыпқа түсіп жүйеленуіне игі ықпал еткені даусыз. Жүз жыл 
ішінде жаңа бір халықтың, оның тілінің пайда болуы этноэволюциялық, глоттоэволюция-
лық заңдылықтар мен ұстанымдарға сәйкес келе бермейді. Бұл қазақ тілінің тарихына, даму 
жолына қатысты шешімі табылмаған өзекті мәселелер қатарынан орын алады.
ҮІ–ІХ ғасыр мұралары – Орхон, Енисей, Талас жазба ескерткіштері тіліндегі бір буынды 
сөздердің бірі бөлігінің қазіргі қазақ тіліндегі нұсқаларымен мағыналық-тұлғалық жағынан 
толық сәйкес келуі, келесі бөлігінің тұлғалық өзгерістерімен ортақ мазмұнды сақтай отырып 
қолданылуы көнетүркі тайпалары мен қазақ халқының тарихи-лингвистикалық сабақтастығы 
берік сақталғанын сипаттайды.
Мақалада қазақ тілін балаң тілдер қатарына жатқызудың негізгі
критерийі γ/g≈w, γ/g≈j сәйкестіктері мен γ/gØ редукциясының қазақ тілін толық қамты-
мауы; жалпытүркілік сөздер құрамындағы γ, g дыбыстарының нөлдік деңгейге дейін редук-
цияланбай, w, j дыбыстарына да өзгермей, γ, g-нің архиформасы саналатын q, k дыбыстары-
мен қалыптасуы; γ/g≈w, γ/g≈j сәйкестігіне ұшыраған гомогенді параллельдердің q/k тұлғалы 
«көне» нұсқасы мен w, j тұлғалы «жаңа» нұсқасының қатар қолданыстаболкы; кей жағдайда 

| 19
дисиллабтар мен полисиллабтар құрамында инлаут γ/g-нің ұяңдығын сақтап қалуы; γ/g≈w, γ/
g≈j сәйкестіктерінің қыпшақ тобындағы тілдерден басқа оғыз, қарлұқ тобындағы тілдерден 
де көрініс беруі; γ/g→Ø элизиясының ең көне әрі ең жаңа тілдерге жататын тілдер бұлғар 
тобындағы чуваш, ұйғыр-оғыз тілдеріне енетін якут тілдерін де кездесуі түркі тілдерінің 
тарихи-хронологиялық классификациясы бойынша қазақ тілінің ең жаңа тілдер қатарына 
жатқызылуына қайшы келетіні дәйектеледі.
Қазақ тілінде көне тұлға мен жаңа тұлғаның қатар қолданыста болуы қазақ тілін ең жаңа 
тілдер қатарына жатқызуға кепіл бола алмайды, керісінше оның көне белгіні сақтай отырып, 
жаңа сипат алған тіл екенін көрсетеді.
Каталог: portal -> docs
portal -> 107 vітара у ортағасырлық диатоникалық халық ладтары
portal -> Метербаева к. М
portal -> Дизайн 050421 -дизайн 050421- design kg 2223. Компьютерлік графика
portal -> Ақпаратты өңдеудің мультимедиалық құралдары • 5В070300 –Ақпараттық жүйелер, 5B070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
docs -> Тесты проверки остаточных знаний
portal -> Ұлттық ойындардың зерттелуі
docs -> Кафедра теории и технологий преподавания математики и информатики
docs -> Программа вступительного испытания по направлению 41. 04. 05 Международные отношения
docs -> Кафедра теории и технологий преподавания математики и информатики


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет