Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет4/15
Дата22.12.2016
өлшемі2.85 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Конкабаева Назым
PhD докторант,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
«АТ-ТУҺФА АЗ-ЗАКИЯ ФИЛ-ЛУҒАТ АТ-ТҮРКИЙЯ» ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАРИХИ-
ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
The article deals with medieval monument «Kitab al-Tuhfat-uz-fil-zakiyya lugat-it-turkiyya» 
(«The precious gift to Turkic languages»). It is provided an overview of the history of the study of 
the monument and the works of scientists. It is done scientific linguistic analysis.
Ортағасырда түркі тілдерінің тілдік ескерткіштерінің басым бөлігі қыпшақ тілінде 
жазылған. Себебі, қыпшақ тілі кең қолданыста болған, әлемдік өркениет пен мәдениетке өз 
үлесін қосқан тілдің бірі болған еді. Қыпшақ тілінде жазылған еңбектерді қарастыра отырып, 
көптеген түркі тілдердің даму үрдісі мен тарихын біле аламыз. Зерттеу нысаны ретінде ор-
тағасырлық ескерткіш «Ат-тухфат әз-закия филлуғат ат-түркия» еңбегінің лексикасы болмақ.
«التحفة الزكية في اللغة التركية» – ат-Туһфа аз-закия фил-луғат ат-түркийя» (бұдан кейін 
«ат-Туһфа» деп беріледі) қолжазбасы бізге 1922 жылдан мәлім. Алғашқы рет қолжазба туралы 
венгр ғалымы М. Ф. Көпрүлінің мақаласы арқылы ғылыми жұртшылыққа танымал болған. 
Қолжазбаның түпнұсқасы Түркия елінде Стамбулдағы сұлтан Баязит мешітіндегі Валиеддин 
Ефенді кітапханасында № 3092 нөмірімен сақтаулы. Қазіргі күнге дейін бірнеше аудармалары 
жасалынған. 1940 жылы венгр ғалымы Х. Кун «La langue des kiptshaks» атты француз тіліне 
аудармасы, 1945 жылы Түркия профессоры Бесим Аталай қолжазбаны түрік тіліне «Türk 
dilinde temiz» деген атаумен аудармасы, 1968 жылы Салих Муталлибов қолжазбаны өзбек 
тіліне «Туркий тил (кыпчак тили) хаккида ноёб тухфа» деген атпен аударады. Сонымен қатар, 
1978 жылы академик А. Н. Кононовтың редакциясымен «ат-Туһфа» ескерткішінің аудармасы 
«Изысканный дар тюркскому языку» деген атпен Ташкент қаласында жария көреді. Негізгі 
аударманы М. Т. Зияева мен Э. И. Фазылов орыс тіліне жасаған [1, 99–103 б.].
Ескерткіштің лексикасын талдап отырып, көптеген сөздер қазақ тілімен ұқсас екендігін 
аңғардық. Зерттеу нысаны ретінде, қазіргі кездегі жаңа ғылымдардың бірі ономастика бойынша 
ономастикалық бірліктерді топтастыра қарастырдық. Мәселен, ұлтқа, этносқа тән атаулар 
культуремаларды қарастырайық. Олар төмендегідей:
سلطان – قَانْ – qaan – хан, сұлтан;
قِمِيزْ – qimiiz – қымыз;
منزله – يُورْتْ – yurt – қоныстанған үй атауы;
مشتا – قِشْلاَوْ – qishlaau – қыстау;
مصياف – يَايْ لاَوْ – iaailaau – жайлау;
Дыбыстық өзгерістер болмаса, қазіргі қазақ тіліндегі сөздермен мағыналық жағынан, 
зат аталуы жағынан да сай келеді. Тағы да мысалды жан-жануарлар атауы – зоонимдерден 
келтірейік: ضائِن – ق ُ وي ُ ونْ، ق ُ ويْ  quui, quuiuun – қой;
عجل – طَانَا – ṭaanaa – бұзау;
نصيل – طَايْلاَقْ – ṭaailaaq – құлын, бота, тайлақ;
فرس – آاطْ – aaaṭ – ат. Негізгі төрт түліктің атауы ешбір өзгеріссіз қазақ тілінде сақталған.
Ескерткіштің сөздігін сараптай келе, қазақ тілі ортағасырлық қыпшақ тілінен көптеген 
лексикалық қорымен ұқсас келеді. Ғалым Т. А. Арынов өзінің кандидаттық жұмысында 

| 27
ортағасырлық ескерткішті зерттеп отырып, 70% қазақ тілімен ұқсайды деген пікірге келген. 
Сонымен қатар ескерткіште жолдың шеттерінде берілген диалект сөздер қазіргі қазақ тілімен 
үндес келеді [2]. Осы ескерткіштердегі көптеген ескірген, көнерген сөздерді қайта жаңғыр-
тып, жаңа тілімізге басқа тілдерден қосылып жатқан сөздерді аудару кезінде қолдануға болу 
жолдарын қарастыру біздің болашақта қарастыратыратын өзекті мәселелердің бірі.
Райкулов Канат
магистр,
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ
Language is a tool for speech and thought but also finds in the past to the present day, and today 
it is very important to the future the interpretation process mediation mission. Currently, the country 
inherited from our ancestors and the new synthesis, a new video has become a new a new look a 
single intelligent, profundity and fireworks, and able to absorb the wealth of scientific achievements 
can keep only through the powerful language of eternal stability. Because the level of the people’s 
language is rich in resources and colorful keep speaking, the more people think the signs; will think 
that the level of background.
Әрбір жүрегі елім деп соққан адамның өзінің халқына, тіліне деген ерекше сезімі бо-
латыны сөзсіз. Ұлттық санасы ояу ғана адамның өз елінің шын жанашыры екені белгілі. 
Халқымыздың халықтығының басты белгісі – тілі болса, оның көркеюі үшін әлі де талай 
жұмыстар жасалуы қажет.
Тіл – сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы болумен қатар, өткендегі олжаларды бүгінгі 
күнге, ал бүгінгі пайымдарымызды келешекке жеткізу үрдісінде де өте маңызды дәнекерлік 
міндет атқарып келеді. Қабырғалы ел ата-бабадан мұра болып қалған және қазіргі уақытта жаңа 
синтезге, жаңа бейнеге, жаңа кейіптерге айналып үлгерген біртұтас зерделі, аңсар-мұратты, 
ғылыми жетістіктер мен байлықтарды игере алатын құдіретті тіл арқылы ғана мәңгілік 
тұрақтылығын сақтай алады. Себебі, халық қай деңгейде тілдің бай қоры мен көркемділігін 
сақтап сөйлейтін болса, соғұрлым өрелі ойлайды; қай деңгейде ойласа, сол аяда сөйлейді.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан «Мен қазақпын» деп бас көтергеннен бастап, арада жиырма 
бес жылға жетер уақыт өтті. Осы азды көп уақытта еліміз көптеген жетістікке, биіктерге жете 
білді. Халықтың әлеуметтік жағдайы көтеріліп, заң, өнеркәсіп, ғылым, экономика, денсаулық 
сақтау салалары өз алдына даму үстінде. Алайда, «Жаман айтпай – жақсы жоқ», – дегендей 
бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі – тіл мәселесі болып отыр. Қазақ тілін дамытуда әр 
сала өз үлесін қосуы керек. Тек сонда ғана әр қазақстандық қазақ тілін игеріп, еркін ойын 
жеткізіп, сөйлесе алатын болады. Өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді 
құрметтемейді.
Елбасы қазақ тілінің ұлтымыздың асыл қазынасы, басты құндылығы екендігін « …әрі 
қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін 
бұл дүниеде қымбат не бар екен!», оның тарихтағы рөлін «…ғасырлар бойы қазақтың ұлт 
ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі.», мемлекеттік 
деңгейдегі маңыздылығын «мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран 
секілді дәл сондай нышан», ел бірлігі мен тұтастығын сақтаудағы әлеуметтік мәртебесін «…
біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді 
одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз», қоғамдағы қызметі мен 

28 |
1-СЕКЦИЯ: ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ  
баршаға міндеттелу негізін «Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда немесе 
сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды», қазақтың намысын жану мақсатында айтылған 
отты ойларын «…өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей 
қоймайтынын түсінуге тиіспіз… қазақтың қазақтығының басты белгісі – қазақша сөйлеуі», 
«..өз тілімізбен өмір сүрейік!» – бұдан артық қалай айтуға болады? Қажет десеңіздер, одан да 
оңайлатып айтайын: «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!», қазақ тілінің айқын келешегі мен 
алар орнын «… Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі әлі бірте-бірте мем-
лекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады» 
деп көрсетіп, нақты тұжырымдар арқылы атқарылар істің жүйелі де жоспарлы жүргізілуін, 
басты мақсат-міндеттерін белгілеп берді. Елбасының қазақ тіліне байланысты айтылған 
орынды сөздері санаға сәуле түсіріп, барша жұрттың қазақ тіліне деген қадамдарын жедел-
дететін уақыт болды.
Халқымыз тәуелсіздіктің рухани қуатын толық сезінгенде ғана Елбасымыздың «Қазақстан-
ның болашағы қазақ тілінде» деп қойып отырған қазіргі стратегиялық мақсаты күнделікті 
шындыққа айналары сөзсіз
Ермекова Жанат
«Медициналық – техникалық колледж» ЖШС
БИ-ШЕШЕНДЕР МҰРАСЫНДАҒЫ 
АР – НАМЫС МӘСЕЛЕСІ, ОТАНШЫЛДЫҚ ТӘРБИЕ
In the article talked about education of present generation, to put in the example (personages) 
of heroes of Kazakh literature- to develop mental flairs, to fasten education of future generation. 
However, we can not forget a language, poetic art of ancestors. To bring up children and develop 
their knowledge of a language is the main purpose and idea of the article.
Әрбір Ұлы дала азаматы жеті атасын білетін, елінің басына күн туса, елін, жерін ақ білектің 
күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғайтын, «сегіз қырлы, бір сырлы» болған.
Халқымыздың басқа құндылықтары сияқты «патриоттық сана- сезімнің қалыптасуы» 
мен «отаншылдыққа тәрбиелеуді» халқымыздың фольклор секілді асыл мұрасынан да кез-
дестіруге болады. Фольклор – халық даналығы деген ұғымды білдіреді.
Фолькордың бір саласы – шешендік сөздер. Шешендік сөздер ақындық айтыс секілді қазақ 
ауыз әдебиетінің шешендік ерекшеліктердің көркемдік қасиеттерін көрсететін жанр. Бұл 
жанрды оқи отырып, қазақ деген халықтың тілінің, сөздік қорының жетілгенін байқаймыз. 
Сөз қадірі арқылы өз қадірін өлшеген қазақ елі өзін бүкіл табиғат әлемінің құрамдас бөлігі 
ретінде мойындап, ел арасындағы бірлік пен татулық-әлемдік үйлесімдек қызметін атқарған.
Отан, ел-жұрт алдындағы парыз бен борышты атқаруға мұрындық болатын халықтың 
рухани құндылықтарының бірі ар-намысы және тілдік қорының жетілгені. Осы турғыдан 
алғанда ар-намыс халқының бойына туа біткен ұлттық әлеуметтік – психологиялық ерекшелік 
болмысы және ол адамзаттың отаншылдық ойлау жүйесінің негізі болмақ. Міне, осы ар-на-
мысқа негізделген, патриоттық сана-сезімнің тууына түрткі болатын жолдарды би-шешендер 
сұрасынан кездестіруге болады. Мәселен, ел намысын қорғауға арналған даулардың бірінде 
Қазбектің қалмақ қонтайшысына айтқаны:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,

| 29
Найзаға үкі таққан елміз
Ешбір дұшпанғабасындырмаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Тіл мәселесіне келсек, өткір тілді өр мінезі қазақ халқы осындай дау шешкенде шешендік 
өнерді кеңінен қолдана білген. Таза және мөлдір әдеби тілін қазіргі ұрпаққада, мәңгілік тіл 
ретінде қалдыра білді.
Шешендік толғаулары жігітің елдің ар-намысын бәрінде биікке қойып, туғып желбіретіп 
қасық қаны қалғанша жауға қайыспай қарсы шығуға шақырады.
Май шайнаған билердің,
Нанға мұқтаж күні бар.
Елден безген залымның,
Елге мұқтаж күні бар,
- деп елден безу, Отанын сату – бұл ең ақырғы адамның ісі екенін, ондай сатқынның ба-
сына ертелі-кеш күн туса, туған жер топырағы өз қасиетін көрсететіні ескертеді.
Қорыта айтқанда елін, жерін қорғап қана қоймай тілінде қорғаштаған өр тұлғалы, отаны 
үшін отқа тіскен «Қазақ» дейтін ұлт тәрбиелейік ағайын.

2-СЕКЦИЯ: 
ХХІ ҒАСЫР ФИЛОЛОГИЯСЫНДАҒЫ 
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

| 31
Өмірхан Әбдиманұлы
ф. ғ. д., профессор
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
«МӘҢГІЛІК ЕЛ»– ЕЖЕЛДЕН ӘДЕБИЕТТІҢ АЛТЫН АРҚАУЫ
The author considers the notions «national idea» and «eternal country» and their reflection in 
the works of zhyrau (improvisers, bards) in the Kazakh literature of the Ancient era and the Khanate 
Age. It analyzes the continuity of traditions, ways of forming the chanting of the national idea. The 
stand about the community of the national idea and the idea of the eternal country is paid attention. 
The ancient literary monuments «Kulte- gin» and «Tonykok» engraved on the stone reflect the pe-
culiarities of the national world outlook, and the folk songs glorify the issues of ethics and morality, 
the eternal struggle between good and evil. The trends of praising the national idea in the poetry of 
zhyrau (folk narrators) of the Khanate age are examined and analyzed by comparing.
The interconnectedness of the idea of the eternal country («Mangilik el»), proclaimed by the 
President of the Republic of Kazakhstan, Elbasy N. A. Nazarbayev in his Address, and the literary 
motifs of chanting the national idea has been researched from the scientific point of view.
Бағзы заманнан бергі әдебиеттің ұлттық рухын танытар сөз құдіретінің бір арнасы ерлік-
елдік ұғымдарымен астасып жатыр. Ұлттың ұлы араманынан қуат алған құдіретті көркем 
ой-таным қазақ әдебиеті тарихының түркі тектес халықтармен ортақтығының түп негізі бо-
лып табылатын ежелгі әдебиет пен қазақ хандығы жеке ту тігіп, өз алдына ел болғалы бергі 
әдебиеттің барлық кезеңдерінен көрініс тауып отырған. Ел басына қиын-қыстау күн туған 
небір замандарда тәнге шипа, жанға рух берген ерлік пен елдікті ту көтерген отты жырлар 
екендігі айдан анық. Олар өз уақытында ғана жырланып қоймай, ертеңге дәстүр қалыпта-
стырды. Ежелгіден желісін тартқан сол жырлардан кейінгі әдебиет үлгі алып, өнеге шашты, 
тағылым таратты.
Қашанда әдеби шығарма өзегі замана тынысынан, қоғамдық ойға көрік басты идеядан 
тамыр тартып жатады. Олай болса, идеясыз туынды жоқ. Шығармашылық тұлға – ой таным 
иесі. Ол өз заманындағы қоғамдық үдерісті ой-сана сүзгісінен өткізбей отыра алмайды. Ендеше 
таным жемісі  сөз өнер туындысы ішкі болмысқа тән үлкенді-кішілі идеялық жүк арқалап, 
дүниетанымдық санананың өркен жаюына қызмет етеді.
Мәселен, бүгінгі тәуелсіз Қазақстандағы егеменді еліміздің басты идеясы – «Мәңгілік 
Ел» – ұлттық идеясы. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаев өзінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Мәңгілік Ел – 
ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі 
тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. 
Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты 
Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық» – 
деп «Мәңгілік Ел» идеясының халқымыздың сан ғасырлық тарихымен сабақтастығының, 
руханияттық танымының негізгі ұстанымына айналғанындығының мән-мазмұнын ашып 
берді. Ал сол сабақтастықтың алтын жүлгесі  ел жадынан өшпестей орын алып, ұрпақтан 
ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан өнер асылы  әдебиет.
Жалпы ұлт даналығының асыл қазынасы – сөз өнері-әдебиет. Қай халық болмасын өзінің 
аңсаған арманын, көксеген мақсат-тілегін сөз өнері арқылы айшықтаған. Ал, ел арманының түп 
қазығы – ел бірлігі, ел азаттығы, ел тәуелсіздігі ұғымдарын тұтатастырған – Мәңгілік Ел идеясы.
Ежелгіден бүгінге жеткен қазақ әдебиеті сан ғасырлар бойы осынау ұлы мақсат – Мәңгілік 
Ел ұстанымын шығармашылықтың алтын алқасына айналдырып келді. Айналдыра бермек те!

32 |
2-СЕКЦИЯ:ХХІ ҒАСЫР ФИЛОЛОГИЯСЫНДАҒЫӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  
Гүлдархан Смағұлова
ф. ғ. д., профессор,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЗІРГІ ҚОЛДАНЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Basic modern directions of the Kazakh language are using in the article. According to the his-
torical evidences, the language policy of Kazakhs had the system and legislation. Today the correct 
decision of the language situation in Kazakhstan depends on the educational program of kinder 
gardens, secondary, high schools.
Қазақ тілі қазір ғылым мен білімінің, ақпараттың, мемлекеттік ісқағаздарының, әлеу-
меттік-мәдени қарым-қатынастың тіліне еркін араластын деңгейге толық жетті деп, кесіп 
айтуға болмайды.
Тарихи тұрғыдан алғанда, қазақтың тіл саясаты мемлекеттік жүйеге түсу кезеңінен-ақ 
қалыптасқан заңдылық екеніне ешбір күмән келтірмейміз. Қазақ тілінің өз мемлекетіне, өз 
еліне, өз ұлтына сан-салалы қызмет еткен тіл болғаны оның бүгінгі таңдағы түркі тілдерінің 
ішіндегі ең бай, ең құнарлы, әрі көркемдігін толық сақтағандығына дәлел бола алады.
Бүгінгі тіл саясатында болашаққа барлау жасай отырып, бүгінгі қоғам өмірінің коммуни-
кациялық актісіндегі мемлекеттік тілдің жұмсалу ерекшелігіне жүйелі де принциптік түрде 
қолдау көрсетілмесе қоғамның даму векторына сәйкес қазақ тілінің перспективалық дамуы 
екіталай. Сондықтан, қазіргі жағдайда халықпен тікелей араласатын алдымен жергілікті 
атқарушы органдардың жұмысы туралы айту керек.
Қазақстанда тіл мәселесінің оңтайлы шешілуі мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы 
орта білім беретін мектептердегі және жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесіне 
де тікелей байланысты.
Тілдің қолданыстық қызметінің негізі – оның жойылып кетпеу қаупіне, өмір сүру 
ұзақтығына тікелей әсер етеді. Адамның ана тілінде сөйлеуі мен тілді игеру қабілеті жас 
кезінен басталатындықтан тілдік саясатты осы кезеңмен байланыстыра қалыптастырған 
орынды. Өйткені ана тілінде ақпарат беретін, білім беретін балабақшалар мен мектептер, 
жоғары оқу орындары арқылы туған тілде тілдік сана мен тілдік ортаны өз дәрежесінде 
қалыптастыратыны белгілі. Осыған орай, соңғы жылдары Қазақстан Республикасындағы 
қазақ тіліндегі мектептер мен балабақшалардың санының артуы қазақ тілінің қоғамдық 
белсенділігін арттырып, ел аумағында тілдік ортаның қалыптасуына өз әсерін тигізіп келеді.
Қоғам өмірінің барлық саласында толық қанды қызмет атқару мәртебесіне ие мемлекттік 
тілдің бір қыры салалық мамандарға арналған терминологиялық лексиканы қалыптастыру 
мен дамыту болып табылады.
Мәселен, халықаралық қызметтегі мемлекеттік тіл қолданысы жақсы нәтижелер 
беріп келеді. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту мен дамытуда 
оның ғылымда, өндірісте, елдің халықаралық байланыстарында қолдану аясының кеңи түсуі 
тіл үйренушілердің болашақ мамандығымен байланысты екендігін көрсетеді. Тілді кәсіби 
дәрежеде меңгеру талабы бірінші кезекте болуы тиіс.

| 33
Бағдан Момынова
ф. ғ. д., профессор, А. Байтұрсынұлы ат.
Тіл білімі институты
СӨЗ МӘДЕНИЕТІ: СӨЙЛЕУ ӘДЕБІНДЕГІ КӨМЕКШІ ҚҰРАЛДАР ҚЫЗМЕТІ
There are six types of nonverbal receptions – optokinetics, paralinguistics, ekstralingvistika, 
proksemika, material and contextual and tactile actions, alfactory. These nonverbal receptions find 
linguocultural properties. The role of paraelements in spheres of the speech and their transition 
from one role to another becomes a social habit of the communicant over time. The article is de-
voted to speech behavior and to role of auxiliary or kinetik means and their types in formation of 
social habits in communication.
Коммуникологияның кинесика бөлімі бейвербалды коммуникацияда адамның дене 
мүшелері арқылы жасалатын әрқайсысы белгілі бір мәнге ие қимылдарды қарастырады және 
олар бейвербалды коммуникацияның бір түріне жатады, бейвербалды коммуникацияның 
технологиялары көп байқалатын бөлім болып табылады. Осы бөлініс бойынша кинесиканың 
өзі іштей: ым («мимика»), ишарат («жест»), дене//тұлабой қалыбы («поза») деген түрлерге 
ажыратылады.. Дәстүрлі бөлімге дінге, ділге байланысты және күнделікті тұрмыста орын-
далатын бейвербалды амалдар кіреді. Ым, ишарат, дене қалыбы арқылы ақпарат жеткізетін 
мәнді бейвербалды амалдарды сезімге, жан-дүниеге байланысты немесе рухани мәнді семан-
тикалық топтардың ішіне де кіргізуге болады.
Ым-ишараттарға мағынасына, құрылысына, таңбасына, қызметіне, қолданылу ерек-
шеліктеріне қарай өзіндік классификациясы бар. Мағынасына қарай бөлуді, түрлі сезім-
күйлерді жеткізуіне қарай топтауды алғашқы кезекте айту керек. Мысалы, жағымды//жағымсыз 
сезімдерді жеткізетін бейвербалды амалдар болады. Ал құрылысына қарай кешенді (ашудан 
бүкіл денесі қалш-қалш етіп, даусы дірілдеді; көзін төмен түсіріп, қысыла күлімсіреді т. б.), 
дара (жалт қарады, күлімсіреді, күлді, қолын көтерді, ернін шығарды т. б.) параамалдар бар. 
Қызметіне қарай мағыналық (мағыналық реңктер, омоним, синоним, антоним, көп мағыналы), 
эмоционалдық (қуаныш, реніш, шаттық, қайғыру, құсалану) т. б. деп бөлінеді.
Тіл білімінде қатысымның комуникативтік құралдарына сөйлеу және бейвербалды түр 
жатқызылады.
Лингвомәдениеттануда сөйлесушілердің сөз әдебі арнайы зерттеледі. Әрбір этникалық 
мәдени ортада сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы сөйлеу идеалының қалыптасқан үлгісі 
болатынын да осы сала зерттейді. Бұл идеал оқытушы мен студент, әйелі мен күйеуі, әке 
мен бала, басшы мен бағынышты, жасы үлкен қадірменді адам мен жастың т. б. арасында, 
яғни сөйлесудің түрлі сферада өтуіне сәйкес қалыптасқан. Сөйлесу сфералары жартылай 
ресми, ресми, ресми емес, достық жағдайдағы, т. б. түрде бола береді. Сол сияқты сәби, бала, 
жасөспірім, оқушы-студент, қызметтік (бастық-бағынышты), ер мен әйел яки гендерлік, маман 
және маман емес адамдардың түсінісуі кезінде орындалатын бейвербалды амалдар және басқа 
да әлеуметтік топтар қолданатын бейвербалды амалдар бар. Өйткені, кез келген адам – өмірде, 
қоғамда белгілі бір рольді орындаушы. Айталық, көлік жүргізушісі, көлікке мінсе – жолаушы; 
үйде әркім де ата-ана, қызмет орнында маман, қызметкер, саясатта мәртебесі биік – саясаткер, 
т. б. Осы рольдеріне қарай әркім сөз саптайды, сөйлейді, түрлі дене қимылдарын жасайды, 
сөйтіп ым-ишараттардың топтары қалыптасады, оларды орындау дағдысы қалыптанады. 
Адам мәдениеті өскен сайын адамның қарым-қатынас жасау мәдениеті жоғарылай түседі. Ал 
адамның бір рольден екінші рольге көшуге бейім болуы коммуниканттың әлеуметтік әдебі 
деп аталады. Ал сөз әдебі осы әлеуметтік әдептің бір құрамдас бөлігі болып табылады. Ол 

34 |
2-СЕКЦИЯ:ХХІ ҒАСЫР ФИЛОЛОГИЯСЫНДАҒЫӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  
құрамдас бөлікке, әрине, бейвербалды амалдар да енеді. Адамның сөз әдебі де, бейвербалды 
құралдары да, әлеуметтік жіктеліске сай, адамның мәртебесіне лайықты болады. Коммуни-
канттың әлеуметтік әдебі, басқаша айтқанда, статусы өзгергенде оның ым-ишаратында, дене 
қалыбында да бірталай өзгерістер болады. О. Бөкей шығармасының кейіпкері бір кездердегі 
бай Омардың конфискациялау алдында ойында өзгеріс пайда болады. Жазушы өз кейіпкерінің 
ой-санасындағы толғаныстар мен өзгерістердің сөз әдебіндегі өзгерістерді тудыра отырып, 
оның дене қалыбындағы, өзін-өзі ұстауындағы, қимылдарындағы ерекшеліктерді қалып-
тастыратынын былайша суреттейді: «Ат үстінде үнемі шалқақ отыратын Омар әлде сол 
сумаңдаған суықтан қорына ма, әлде сүйегі жұқарып қарттық жеңіп, ашутастай уайым 
еңсесін баса ма, бір уыс болып бүрісіп отыр… Жылқышы жігіттің әсіресе таңданғаны  
байдың баяғыдай амандықтан бұрын малды түгендей жөнелетін әдетіне баспай немкетті 
көңілмен өзіне тесіле қарап, ойланып қалғаны-тын. «Жоқ, бұл баяғы байекең емес, өзгерген, 
көп өзгерген», деп ойлады ішінен» (О. Бөкей.Таңдамалы. 2-т.,95-б.). Ым-ишараттардың енді бір 
ерекшелігі ретінде олардың шығу тегі қимылмен байланысты болғандықтан, этимологиялық 
болжамдар жасауға мүмкіндік беретінін айтуға болады.
Каталог: portal -> docs
portal -> 107 vітара у ортағасырлық диатоникалық халық ладтары
portal -> Метербаева к. М
portal -> Дизайн 050421 -дизайн 050421- design kg 2223. Компьютерлік графика
portal -> Ақпаратты өңдеудің мультимедиалық құралдары • 5В070300 –Ақпараттық жүйелер, 5B070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
docs -> Тесты проверки остаточных знаний
portal -> Ұлттық ойындардың зерттелуі
docs -> Кафедра теории и технологий преподавания математики и информатики
docs -> Программа вступительного испытания по направлению 41. 04. 05 Международные отношения
docs -> Кафедра теории и технологий преподавания математики и информатики


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет