Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25


Қ. Қадашева п. ғ. д., профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Тұран-Астана университеті Ұ. Асанова



жүктеу 2.85 Mb.
Pdf просмотр
бет8/15
Дата22.12.2016
өлшемі2.85 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Қ. Қадашева
п. ғ. д., профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.
Тұран-Астана университеті
Ұ. Асанова
п. ғ. к.,
Л. Гумилев ат. ЕҰУ
С. Омарова
ф. ғ. к., доцент,
Тұран-Астана университеті
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ (БАҚ МАТЕРИАЛДАРЫ) 
ТИІМДІЛІГІ
The issues of Information and Communication Technology in teaching Kazakh as a second lan-
guage that contribute to preserve the learning information, to form the skills and habits of commu-
nication, the ability to express own opinion on different themes are submitted in the paper. The ma-
terial used in writing the tutorial is chosen according to general program approved by the Ministry 
of Education and Science of the Republic of Kazakhstan and according to the topics of B
1
-B

levels.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері қоғамның түрлі салаларында белсенді қолданысқа ие 
болып отырған ақпараттық-коммуникациялық технология бүгінде білім беру саласына да 
енгізіліп отыр. Бұл үрдіс қазіргі заманғы жаңаша ойлайтын жастарға үлкен ықпалын тигізуде.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны тіл үйрету үрдісінде ұтымды қолдану тілдік 
тұлғаның санасына үлкен әсер етіп, оның ақпаратты қабылдау мүмкіндігін арттыруға, тіл 
үйренуге деген қызығушылығын оятуға септігін тигізеді.
Тіл үйренушілерге еліміздің орталық басылымдарынан алынған ақпаратты (мультиме-
диалық, анимациялық, аудио және бейне) экран арқылы таныстыру – ақпараттық-коммуни-
кациялық технологияның тиімді тәсілдерінің бірі.
Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту үдерісіндегі «Тілді үйретудің диалогтік техноло-
гиясын» педагогикалық процесте пайдалану тіл үйренушілердің оқу ақпаратын есінде ұзақ 
сақтауға және оны меңгеруге, сондай-ақ білім, дағды, білігін қалыптастыруға, ең бастысы 
саяси, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық тақырыптарға қатысты сұрақтарды 
талқылауға және пікір алмасуға мүмкіндік береді.
Бұқаралық ақпарат құралдары материалдары – тіл үйренушінің тілдік және ауызша сөйлеу 
дағдысын белсендіретін басылым. Оқыту пәнінің мақсаты – қазіргі заманғы БАҚ матери-
алдарын (газет-журнал бетінде жарияланған, теледидардың ұлттық арналарында берілетін 
ақпараттық жаңалықтар) қолдану арқылы тіл үйрету.
Газет-журнал, телехабарлар – өмірдің негізгі бұлжымас қоғамдық тармағы. Олай болса, 
БАҚ ақпарт жеткізудің мол қайнар көзі ретінде тіл үйренушінің қатысымдық және елтаным-
дық құзіретін қалыптастыратын тілді оқыту мазмұнының бір бөлігі болмақ.
Мақала авторлары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 
Жалпы білім беру пәндері бойынша пәндердің типтік оқу бағдарламалары негізінде бекітілген 
«Қазақ тілі» типтік оқу бағдарламасына сәйкес ЖОО студенттеріне арналған оқу құралын 
жазды. Оқу құралын жазудағы басты мақсат – іріктелген мәтіндер негізінде саяси-қоғамдық, 

60 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР 
тұрмыстық-мәдени аяда жылдам қарым-қатынасқа түсуге қажетті дағды мен білікті қалыпта-
стыруда инновациялық технологияның тәжірибеден алынған оңтайлы шешімдерін көрсету.
Оқу құралы мазмұнын құрайтын материалдар – Қазақстанның басылымдарында жария-
ланған газет жанрлары, яғни сұхбаттар, мақалалар, тілші шолулары («Қазақ тілі» типтік оқу 
бағдарламасына сәйкес берілген В
1
 – В
2
деңгейлер тақырыптары бойынша) мен ұлттық теле-
арналардағы хабарлар, теледидар репортаждары мен сұхбаттар, түрлі айдарлармен берілетін 
қысқа интервьюлер.
Тілді оқыту материалдары – оқу кешенінің құрамына енген «Қазақстанның ұлттық 
телеарналарының ақпараттық хабарлары» (заманауи 30 түпнұсқалық бейнекөрініс) мен 
«Қазақстанның орталық басылымдар материалдары» оқу құралдары.
Бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын, отандық телеарналарда берілетін ақпа-
раттық хабарлар және анимациялық фильмдерді базалық деңгейде (типтік бағдарламаға сай) 
меңгертудегі басты мәселе – олардың тілі мен жанрының әртүрлілігі.
Тіл үйренушінің ауызша сөйлеу дағдысын белсендіретін ресми жарияланған түпнұсқалық 
мақалалар мен ақпараттық хабарларды оқу, сондай-ақ ақпаратты қабылдай отырып, сөздік 
қорын байыту – ауызша сөйлеуге дайындаудың алғы шарты болмақ.
Оқу құралы мазмұнын құрайтын мұндай тапсырмаларды түрлі жанрдағы ақпараттық 
құралдар мәтінін түсіну және қабылдау арқылы тілді үйретудің негізгі әдістемелік өрнектер 
бірлігі деп айтуға болады.
Оразалиева Э. Н.
ф. ғ. д., профессор
Назарбаев Университеті
PROFESSIONAL DIRECTION IN THE KAZAKH LANGUAGE LEARNING SYSTEM
Кәсіби  қазақ  тілін  оқытуды  Қазақстан  Республикасында  бекітілген  стандарт  пен 
типтік  бағдарламаға  сәйкес  модельдеу,  оның  негізгі  компоненттерін  сипаттау  және 
шетелдік тәжірибелерді жергілікті сұраныс деңгейіне бейімдей отырып, қолдану бүгінгі 
күні  білім  берудің  өзекті  бағыттарын  құрайды.  Кәсіби  қазақ  тілін  оқыту  барысында 
назарды тек кәсіби лексикаға аудару жеткіліксіз, себебі кез келген мамандық иесі кәсіби 
біліктілікті тілдік қатынас негізінде дамыту, академиялық ізденіс дағдыларын тіл арқылы 
қалыптастыру  мақсаттарын  көздейді.  Бүгінгі  күні  кәсіби  білім  беру  мен  кәсіби  тілдік 
құзыретті қалыптастыру шарттарын ажырата білу аса маңызды.
The actuality of the title is the unification and introduction into the scientific and methodological 
turnover of the concept of professional Kazakh language as an independent linguistic and pedagogical 
direction with its teaching methods and technologies. The political, socio-economic and cultural 
changes, including in the field of education have changed the role of the Kazakh language in Kazakhstani 
society. Since independence, acquiring the status of a state language of the discipline it has become a 
basic (or mandatory) element of a modern education system. It should be noted over the years it has 
been done by scientists of the Kazakh language teachers. Modern reality requires specialist training 
as a subject of a professional sphere, the competitive labor market in Kazakhstan.
A mandatory condition for the formation of this quality is the possession of a professional Kazakh 
language. The components of a professionally oriented education should become a point of support 
of language competence. Studying the world experience, there is a need for an analysis of language 

| 61
education at the intersection of a linguistic, pedagogical and andragogic model. In this context, we 
examine the experience of teaching the language of the material, taking into account the following 
principles: a participatory and self-education, organizing and updating the results and selectivity and 
consumption. Particular attention should focus on the acquiring of skills of professional competence 
through the prism of language communication, verbal skills, and result-oriented presentation. As an 
example the process of teaching the Kazakh language (KL) for students of Nazarbayev University 
will be considered. The Professional-oriented training is based on the reading of the literature on the 
specialty, the study of professional vocabulary and terminology, and to communicate in a professional 
field. Professionally-oriented approach towards learning KL supposed the formation of students’ 
ability to communicate in specific professional, business and scientific spheres and situations, taking 
into account the peculiarities of professional thinking, the organization of motivational and incentive 
and orienting-research activities.
Б. Б. Жахина
п. ғ. д., профессор
Ш. Ш. Уәлиханов атындағы 
Көкшетау мемлекеттік университеті
КОНСТРУКТИВТІ ТЕОРИЯЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ МӘНІ
In summary describes the importance of constructive theoretical training in the formation of 
an independent research and thinking of the student based on theoretical problems of literary lan-
guage. The method based on constructive learning theory develops not only the knowledge and 
skills of students and the teachers but also affect to the list of specially organized tasks.
Әдеби тілге қатысты зерттеу еңбектердің бәрінде оның мәнін айқындап, өзіндік белгілерін 
саралап, тарихына қатысты негізгі мәселелердің басын ашып, ғылыми тұжырым жасау үшін 
әдеби тілдің өзін, оның өзіндік белгілерін анықтап алу қажет делінеді. Себебі әр кезеңдегі әдеби 
тілдің қалыптасып дамуы, тілдік заңдылықтарының нормалану процесі, әлеуметтік қызметі 
қандай? Оны танытатын үлгілердің мазмұндық сипаты қандай? деген сауалдардың жауабы 
әдеби тілдің анықтамасымен тікелей байланысты. Әдеби тіл деген ұғымды әр түрлі түсінудің 
салдарынан зерттеулерде оған қатысты проблемалық мәселелер әрқалайша баяндалып жүр.
Ал оның теориялық негізін айқындауда конструктивті теориялық оқытудың мәні зор. Кон-
структивті теориялық оқыту әлемдік деңгейдегі оқыту әдістерінің қатарына кіреді. Бұл теория 
білім алушының өзіндік ойлауын дамыту, қалыптасқан білімдерінің жаңа дерек көздерінен 
алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.
Дайын білім беруге негізделген әдіс – студенттің қабылдаған өзге білімдерімен сіңісе ал-
майды, содан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу орын алады. Конструктивті теориялық 
оқытуға негізделген метод студенттің әрі оқытушының білім-білігін дамытуға ықпал ететін 
міндеттерге сай ұйымдастырылады. Мұндай міндеттер студенттің нақты тақырып бойынша 
білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір теориялық көзқарастар бойынша ойларын білдіре 
алатындай, өз пікірлерін нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін байытуға сай құрылады.
Конструктивті теориялық оқыту – сындарлы оқыту деп те аталады. Ол студенттің ғана 
емес, оқытушының да көзқарасын, нақты тақырыпқа қатысты басқа да ғылыми көзқарастарды 
қамтиды.

62 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР 
Конструктивті теориялық оқыту – метатануға негізделеді. Метатану – өздігінен білім 
алуға үйрететін тәсіл. D. Schunk, B. Zimmerman білім алушының өз ізденісін қалыптастыруға 
үйрететін тәсіл екендігін айтады.
Оқытушы оқыту үдерісін студент бағдарламаның мазмұнын игеріп қана қоймай, оқуға 
деген өз қабілетін дамыта алатындай сипатта әзірлей алса, бұл өздігінен оқуға мүмкіндік 
береді. Мәселен, әдеби тілдің анықтамасына қатысты ғылыми көзқарастарды мазмұнына 
қарай топтай алуға, әдеби тілді жазумен байланыстыратын ғалымдардың көзқарастарына 
қарсы нақты терориялық дәйектемелер негізінде өзіндік уәждерін айтуға үйретуге болады.
Метатанудың потенциялдық негізі студенттің ойлау, іздену, өздігінен оқу, қабылдаған 
білімін өзгерту қабілетін дамытудан тұрады.
Метатану әдістерін игерген студенттер оқыту мен оқудың жағдайында оқытушымен 
тең әрекеттеседі. J. H. Flavell, осыған орай, метатанудың өзін ізденуші деп білу, мақсат, 
тапсырмаларды түсіну, тапсырманы орындауға қажетті стратегияларды таңдай алу сияқты 
құрылымын көрсетеді.
Иманбердиева С. Қ.
ф. ғ. д., профессор
Алматы менеджмент университеті
КЕЙС ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
This article describes the case study method in effective teaching Kazakh language. Alongside 
with the case study implementation was done the analysis of the Zhambyl Zhabaiyevs poems. The 
case study can be effectively used in teaching the course relating to the Kazakh national traditions.
Педагогикалық үдерісте кездесетін жағдаяттарды әлде туындаған мәселелерді шешудің 
тиімді технологиясының бірі – кейс әдісі. Кейс әдістердің болмысы келесіде анықталады: шы-
найы өмірде орын алған проблема көрініс тапқан нақты жағдаят мәтінде беріледі; оқытушы 
жағдаятты жан-жақты түсіндіреді және сол жағдаят негізіндегі проблеманы шешуде неге көңіл 
аудару керектігі бойынша нұсқаулық береді; студенттер жағдаятпен жан-жақты танысып, 
құрылған топта оны талдайды; топта жағдаятта берілген проблеманың шешімін табу жо-
лында әртүрлі идеялар туындайды, топтың әр мүшесі өз ұсыныстарын айтып, оны негіздеуге 
мүмкіндік алады; топта қабылданған идеялар бүкіл аудиторияға арналған тұсаукесерде көрініс 
табады, әр топ өз шешімін ұсынып, өз ұстанымы мен дәлелдерін келтіреді; барлық топтың 
тұсаукесерінен кейін пресс-конференция жүргізіледі, мұнда бірнеше тұсаукесер негізінде 
жасалған ұсыныс, дәлелдерін ортаға салады.
Оқу үдерісі оқытушы берген және жағдаятты ұғыну үдерісінде дамитын оқу-танымдық 
проблемалық жағдаяттарға айналады. Мәселен, Жамбыл шығармашылығы бойынша жағда-
яттық тапсырмалар беруге болады.
Берілген танымдық сұрақтар негізінде студенттер Жамбыл шығармашылығын жете та-
нып қоймайды, сонымен бірге оның шығармашылығының сол заманға сай кодын анықтайды, 
әрі өлең жолдарында сипатталған жағдайлардың басқаша өрбіген кезде, заманның басқаша 
өзгеру мүмкіндігіне шығармашылық болжам жасайды.
Авторлардың пікірінше, кейс әдістердің студенттердің тілдік құзыреттілігін қалыпта-
стыруға негізгі әсерін анықтауға болады. Жамбыл шығармашылығы бойынша жағдаяттық 
тапсырманы зерттеп, тұжырым жасауға болады. Онда мынадай көрініс қалыптасады:

| 63
•  лингвистикалық: Жамбыл шығармашылығы негізінде теңеулер, мақал-мәтелдер, 
прецедентті есімдер, фразеологизмдер т. б. тілдік бірліктер игеріледі;
•  мәдениаралық: өзге ұлт аудиторияларында Жамбыл шығармашылығы арқылы қазақ 
мәдениетінен хабардар ету, парасаттылық дағдыларын қалыптастыру, тіл иелерінің 
әлеуметтік жүйесімен таныстыру (мәселен, Жамбыл заманындағы кезеңмен қазіргі 
кезді салыстыру);
•  дискурстық-стратегиялық: тапсырмаларды талдау барысында жағдаяттың өзгеруіне 
қарай өз пікірін білдіруі, дискурсқа ену қабілетін қалыптастыру;
•  ақпараттық: жағдаяттпен танысу барысында танымдық сұрақтарға жауап беру үшін 
студенттер тілдік, әлеуметтік-кезеңдік, мәдени ақпараттарды қалыптастырады, со-
ның негізінде жағдаяттың басқаша өрбуіне қарай басқа ақпараттармен алмастыруға 
дағдыланады. Мәселен, бай – жомарт, кедей – сараң болғандағы жағдай;
•  лингвокәсібилік: осындай жағдаят негізінде таза кәсіби лингвист болмаса да, өз 
мамандығына сай тілдік бірліктерді орынды қолданып, коммуникацияға түсе алады;
•  уәждеме және тұлғалық кәсіби сапасы: өзінің ой-пікірінің дұрыс екендігіне материал 
негізінде уәж келтіре алуы, мәдени ақпараттық негізінде толеранттық қасиеттің 
қалыптасуы, жеке дара өзіне ғана тән стиль негізінде жағдаяттағы проблеманы ретке 
келтіре білуі.
Белсенді оқыту әдістері педагогикада ең негізгі инновациялық бағыттардың біріне айна-
луы мүмкін. Белсенді оқыту әдістері дегеніміз студенттердің танымдық әрекетін ширататын, 
шығармашылық және кәсіби ойлау қабілетін туындадатын әдістер жүйесін айтамыз.
Ж. Т. Дәулетбекова
п. ғ. д., профессор
Абай атындағы ҚазҰПУ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ СЕРПІЛІСТЕР ЖАСАУДЫҢ 
ТАЛАПТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
In the article the innovative new directions and its opportunities are discussed. Today, the 
formation of a multilingual person is important to note the dominant role of the Kazakh language, 
especially in the system of continuous education of the Republic of Kazakhstan. The main trend will 
be based on the principle that new innovations should not be contrary to the development of the 
country’s national traditions and foundations.
Жаһандану жағдайында ұлттың тәуелсіздігі мен рухани құндылықтарын сақтаудың 
тетігі – тіл. Тіл адамзаттың табиғи болмысымен бірге жаратылған күрделі құбылыс болған-
дықтан, әр ұлттың дүниені қабылдау, тану, талдау, бейнелеу көрсеткіші болып саналады. 
Әр ұлттың өз рухани болмысы, өмір сүру салты, жан дүниесі, тарихы мен тегі тіл арқылы 
жалғасын табады. Осы қасиеттер тілдің ұлт тағдырындағы орнын айқындайды. Сондықтан 
тілді таныту мен меңгертудің заманға сай жетілдірілуі ұлт тағдырының шешілуіне, ұрпақтың 
рухани салауатты болуына кепілдік береді.
Бәсекелестік өмір салтына енген бүгінгі ғаламдану үдерісінде «Мәңгілік елдің мәңгілік 
тілін» сақтау мен «Ұлы Далаға» иелік ету мәселесінің шешімі жас буынның өз тіліне деген 
қатынасына тікелей тәуелді. Сондықтан көптілді меңгерген тұлға қалыптастыруда қазақ 
тілінің доминанттық рөлін күшейту талабы Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру 
жүйесінде бұл пәннің оқытылуында инновациялық серпілістер жасауды қажет етіп отыр. 

64 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР 
Өкінішке орай, қазіргі таңда инновациялық серпіліс жасау ұғымын басқаша түсіну етек 
алып тұр. Бүгінгі өркениетті елдердің білім саласын дамытудағы басты тенденциясы – ин-
новациялардың енгізілуінің елдегі ұлттық дәстүрлерге және ұлттық негіздерге қарсы 
келмеуі. Бізге де дәл осы ұстанымды басшылыққа алу қажет. Әсіресе, ұлттық тіл, діл, рух 
қалыптастыратын гуманитарлық пәндердің білім мазмұнына келгенде аса сақ болу керек. 
Мәселен, қазақ тілін, әдебиетін, тарихын оқытуды жаһандануға ыңғайлаудан гөрі, керісінше, 
бұл пәндерді сол жаһанданудың түрлі қауіп-қатерінен сақтайтын рухани-мәдени иммунитетті 
күшейтетіндей бағытта жетілдірудің жолдарын іздеу – міндет, табу – мұрат.
Өзгермелі дүниенің дүрбелеңін желеу етіп, жыл сайын білім мазмұнын, жүйесін 
«жаңарту» әдетке айналып барады. Жыл сайын оқу бағдарламаларын өзгерту, соған сай 
«жаңа» оқулықтар жазу білім жүйесінің дамуына оң ықпал етпейді. Керісінше, жүйеден 
жаңылдырып, түсініксіздікке әкеледі. Ал мұның барлығының зардабын алдымен бала, 
мұғалім мен мектеп, білім беру жүйесі тартады. Әрине, жаңарту қажет. Бірақ ол бел ортадан 
киіп кетпей, әбден зерттеліп, зерделеніп барып жүзеге асуы тиіс. Оқу жүйесіне қатысты 
өзіміздегі ізгі дәстүрлеріміз бен ұлы тұлғаларымыз бекіткен қағидаларды білім берудің 
жаңа тенденцияларымен, әлемнің сыннан өткен озық тәжірибелерімен ұштастыру ғана алға 
жылжуымызға мүмкіндік береді. Бұл жерде бізге керегі жалаң декларация тұрғысындағы 
үгіт-насихат емес, «Мәңгілік елдің» мәңгілік діңін берік ететін жас ұрпақтың бойына өмірлік 
дағды мен бәсекелестікке бейімділік қабілеттерді дарыту. Инновациялық серпілістерді ұлттық 
құндылықтарымыздың ішкі қуатын жандандырып, білім беруді жаңартуға негіз болатын 
тетіктерін табудан бастау ләзім.
А. Ф. Зейнулина
ф. ғ. к., профессор,
С. Торайғыров атындағы 
Павлодар мемлекеттік университеті
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕСІ
The given thesis analyses peculiarities for training Kazakh literature under globalization. The 
instructor has to disclose the essence of such directions as the traditions of the Kazakh people, the 
types of national education, homeland, culture and way of life of the Kazakh people, historical per-
sonality, literary personalities, history of the country, the language, the mentality, the spirit.
Ұлттық тәрбиенің қайнар көзінің бірі – ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде дегеніміз – сол ұлттық 
рухани, әлеуметтік, қоғамдық дамуында шешуші роль атқаратын оның басты белгілері. Бүгінгі 
күні қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі басты мүдделері – тәуелсіздігіміздің 
нығаюы, жеріміздің тұтастығы, тіліміздің дамуы, дініміздің сақталуы, салт-дәстүріміздің, 
тіліміздің өркендеуі. Сондықтан осындай ауыр жүк арқалаған ұлттық мүддемізді болашақ жас 
ұрпақ бойына сіңіру ұстаздар алдындағы абыройлы міндет. Қазіргі кезде еліміздің білім беру 
ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім.Ал бүгінгі таңда білім ордасының, мұғалімнің 
ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру. 
Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан 
түп тамырында жататыны белгілі.Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын 
тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, 
талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет.
Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін 
қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, білім беру кеңістігінде жан-жақты білімді, тәрбиелі 

| 65
етіп шығару үшін ұстаз ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын 
жүргізген абзал, пәнді де ұлттық құндылық мазмұнымен оқытуымыз керек.Жас ұрпақты 
ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені 
даусыз.Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып, ең бірінші жаны таза, рухани 
биік, адамгершілігі мол, халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеу – қазақ тілі мен әдебиеті 
пәні мұғалімінің міндеті. Пән мұғалімі мынадай ұлттық құндылықтар негізінде тақырыпты 
игерту қажет:
•  Қазақ халқының салт-дәстүрі
•  Ұлттық тәрбие түрлері
•  Туған жер, Отан, Қазақ Елінің тұрмысы мен мәдениеті
•  Тарихи тұлғалар, әдеби тұлғалар, ел тарихы.
•  Тіл, діл, дін, рух, атамекен хақында.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің дидактикалық негіздерін 
анықтауда жалпыдидактикалық мына ұстанымдар басшылыққа алынады: Тәуелсіздік жыл-
дарындағы қазақ әдебиетін оқытудың ғылымилылық ұстанымы; жүйелілігі және жоспар-
лылық ұстанымы; оқушылардың саналылығы мен белсенділігі ұстанымы; оқытудың 
қолжетімділік ұстанымы; пәнаралық байланысы ұстанымы; көрнекілілігі мен иннова-
циялылығы және тәрбиелік ұстанымы.Қазақ әдебиетінің барлық жанр бойынша берілетін 
білім мазмұнын анықтау және оны оқыту әдістемесі бойынша алда тұрған міндеті ретінде 
әдебиетте таңбаланған қазақтық әлеуметтік мәдени кодтарды меңгерту; әдеби шығармаларды 
талдаудың жаңа ұғымдық аппараттарын қалыптастыру.
Т. Ермекова
ф. ғ. д., професор м. а.
ҚызМемПУ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҮЙРЕТУДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК ӘДІС ПЕН 
ДІТТЕМНІҢ МАҢЫЗЫ
In this article is identified and analyzed the problems of studying the state language and also 
is defined the role of communicative methods and strategies in language learning. Communication 
needs to learn the language as the combination of social needs and the individual’s practical tasks. 
Communication presupposes knowledge, skills and inner strength for the activity.
Тілдің негізгі функциясы коммуникативтік функция екенін ескерсек, тілді үйренушілер 
үшін ең оңтайлы әдіс – коммуникативтілік әдіс екендігі даусыз. Шындығында, тіл қарым-
қатынас жасау барысында өміршеңдік сипатқа ие болады. Қарым-қатынас жасау барысында 
қолданылған тіл ғана дамиды. Сол дамудың нәтижесінде ғасырлар бойы өмір сүреді. Ал 
коммуникацияға түспеген тіл біртіндеп өлі тілдер қатарынан орын алады.
Біздің ойымызша, үйренушілердің коммуникативтік қажеттілігі дегеніміз – тілді үйрену 
барысында қоғам сұранысына сай олардың алдына қоятын практикалық міндеттері мен 
мақсаттары, яғни тілді үйрену барысында байқалатын коммуникация кезіндегі зәрулік. Де-
мек, тіл үйренушінің коммуникативтік қажеттілігі – бұл олардың тілді шынайы қолдануда 
білім, білік, дағдыны қалыптастыру барысындағы белсенділіктерінің ішкі қозғаушы күші. 
Үйренушінің коммуникативтік қажеттілігіне сай таңдалынып алынған оқу материалдары 
міндетті түрде олардың оқуға деген ынтасын қозғап, қызығушылығын туғызуы керек, мұның 
өзі оқу барысында кездесетін қиындықтарға төзе білуге дайын болуына көмектеседі. Бұл тілді 

66 |
3-СЕКЦИЯ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕР 
үйрену үдерісінде маңызды жетістікке жетуге көмегін тигізеді. Сондықтан тіл үйрену мәсе-
лесі, алдымен лексикалық қордың болуын қажет етеді. Тіл үйренудің бастапқы деңгейінде 
қазақ тілінің бай лексикалық қорын түгел жаттап шығу мүмкін емес. Сондықтан оны тіл 
үйренушінің коммуникативтік қажеттігіне қарай іріктей білу қажет. Ол сөздер күнделікті 
қажеттілікке сай қолданылатын тұрмыстық лексика және қызмет бабында қолданылатын 
кәсіби лексиканы қамтиды. Сондықтан тіл үйренушінің сөздігі әдеттегі екі тілдік сөздіктен 
гөрі тақырыптық лексемалар мен жағдаяттық сөйлесімдерді қамтығаны жөн.
Осы уақытқа дейін жарық көрген оқулықтармен мемлекеттік тілде еркін сөйлеп шығуға 
қол жеткізе алмауымыздың себебі неде? Әрине, мемлекеттік тілде еркін сөйлеп шығуға қол 
жеткізу – көп аспектілі жұмыс. Қоғам, орта, үйренушінің ынтасы, психологиялық мінез-
құлқы, үйретушінің шеберлігі, педагогикалық такт т.т сияқты мәселелермен астасып жатқан 
бұл проблеманың бір ұшығы оқулықтарда жатқаны мәлім. Оқулық жазу оңай шаруа емес, 
бірақ бір оқулықты жазушы автордың не авторлар ұжымының тұжырымдамасы, ұстанымы 
айқын болуы қажет. Осы орайда екінші тілді үйрететін оқулықтың басты ұстанымы – комму-
никативтілік қажеттілікті қанағаттандыру болуы тиіс. Өйткені қай жастағы адам болмасын 
екінші тілді коммуникация үдерісіне қатысу үшін үйренеді.
Каталог: portal -> docs
portal -> 107 vітара у ортағасырлық диатоникалық халық ладтары
portal -> Метербаева к. М
portal -> Дизайн 050421 -дизайн 050421- design kg 2223. Компьютерлік графика
portal -> Ақпаратты өңдеудің мультимедиалық құралдары • 5В070300 –Ақпараттық жүйелер, 5B070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
docs -> Тесты проверки остаточных знаний
portal -> Ұлттық ойындардың зерттелуі
docs -> Кафедра теории и технологий преподавания математики и информатики
docs -> Программа вступительного испытания по направлению 41. 04. 05 Международные отношения
docs -> Кафедра теории и технологий преподавания математики и информатики


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет