Қ. Аманжоловтың кейіптеуді қолданып өлең қиыстыруындағы тағы бір артықшылығы



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі357,82 Kb.
#9070

521

№ 3 (76) 2010

Қ.Аманжоловтың  кейіптеуді  қолданып  өлең  қиыстыруындағы  тағы  бір  артықшылығы  - 

суреттілік.  Ақын  қандай  құбылысты  жазса  да  табиғат  көрінісінен  эмоциялық  әсерге  толы  бір 

сурет жасайды да, оған адамға тән әрекет береді. осының өзінен суреткердің заттың айна-қатесіз 

сыр-сипатын  бейнелеудегі  дәлдігі  көрініп  отырады.  Өлеңге  ерекше  әсер  дарытатын  кейіптеу 

тәсілі  Т.Айбергенов  шығармаларының  көбінде  дерлік  қолданлып,  оның  қарымды  да  қуатты 

қалам құдіретінің шеберлік сыр-сипатын жарқырата көрсетеді. Т.Айбергеновтің кейіптеуді кең 

түрде пайдалануы – Қасым дәстүрінің поэзияда үнемі даму үстінде екендігінің жарқын мысалы.

сақ құлақты орман да тұр ойда қап,

Ақ бұлақты арман жатыр аймалап.

сырға толқын сылдыратып тоғандар,

сыбызғысын тартып жатыр бағандар [4, 124].

Бұл үлгіден байқалып тұрғандай, Төлеген кейіптеуді Қасым сияқты түрлендіріп, оны өлеңнің 

бір ғана жолына кіргізбей, тұтас шумақтың бойына жайып жібереді.

сол  сияқты  Ж.Нәжімеденов  өлеңдерінен  де  кейіптеудің  сан  сипатын  кездестіруге  болады. 

кейіптеу мүсіндері оның алғашқы жинағында-ақ өлең сүйгіш қауымды тамсандырған болатын. 

ол жансыз нәрселерді адами әрекеттерге ие қылуға шебер. 1961 жылы алғаш рет жарық көрген 

«Балауса» жинағыннан бастап, Жұмекен құбылтудың бұл түрін жазу стилінің басты белгісіне 

айналдырады. Бұл өтімді тәсілді ол қазақ жырының саңылағы Қасымнан үйренді.

Жатыр жақпар... Қарағайды аралайды жел ескен,

Жапырақтар, жапырақтар сыбыр-сыбыр кеңескен.

Тау сулары таусылмады, сыңсыптұрып ағады.

Қыз толқындар бірін-бірі шымшып күліп барады [5, 5].

Немесе:


Жүйрік жел баса алмай аптығын,

Бұтаға сүйенеді солықтап [5, 5 ].

мезгіл - әже көтереді күн табағын,

кесте сәуле жапырақты пышақтап [5, 7 ].

Бұл келтірілген мысалдарда жансыз табиғатқа көз алдымызда жан бітіп, ғажайып әрекеттерге 

ие  бола  кетеді.  Ақын  кейіптеулерінің  енді  бірсыпырасы  әрекетке  әлі  ие  болмаған,  бірақ  оған 

болашақта  жететіндігін  білдіретін  мүсіндеулер.  Автор  кейбір  кейіптеулерді  жансыз  затпен 

тілдесу арқылы жасайды.

Дала, дала, сайран дала, сал-дала,

кейде саған қараймын мен таңдана.

көз тігейін көжиектен әрірек – 

Дала, адал, сағымыңмен алдама [5, 13].

Ал кейбір өлеңдері түп-түгелімен бастан-аяқ кейіптеумен жазылған. «Қарбалас қам жасасып 

жатыр бәрі», «көк аяз кернейлетті», «Бұталардан шөптерге ыршып қонып», «Тез өтші, жаңсақ 

айлар,  қате  түндер»,  «Ала  толқын  ,  ойнақташы,  ойнақта»  және  т.б.  өлеңдерінің  бәрі  тұттас 

кейіптеу тәсілін қолдану арқылы жазылған. 

Ж.Нәжімеденов  көбінесе  табиғатты  кейіптейді,  сондықтан  да  Қасымнан  кейінгі  табиғатты 

жандандыра суреттеудің үлкен шебері деп айту артық емес.

Қайсы  ақын  болмасын,  Қ.Аманжоловтың  тау  өзеніндей  тасқынды,  табиғаттай  таңғажайып 

тұнық поэзиясымен тыныстады. сол себептен де олардың табиғат мінезін, атқан таңды, шыққан 

күнді, батқан кешті, күллі тыныс-тіршілікті, өмір құбылысын кейіптеу тәсілі арқылы жырлауда 

қалауын  тауып,  құдіретті  күшке,  дәлдікке,  бейнелілікке  жете  алғандықтарын  жоғарыдағы 

келтірілген мысалдардан аңғаруымызға болады.

пайдаланған әдебиеттер 

1. Қабдолов з. сөз өнері . –Алматы: санат, 2002. -360 б. 

2.Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы.  –Алматы: Ғылым, 1976 -289 б.

3. Аманжолов Қ. екі томдық шығармалар жинағы. 1-том. –Алматы, 2001 -344 б.

4. Айбергенов Т. Аруана – бауыр дүние.  -Алматы: Атамұра, 2003. -208 б.

5. Нәжімеденов Ж. екі томдық шығармалар жинағы. 1-том –Алмты: Жазушы, 2005. -296 б.



522

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

редакцияға 17.02.2010  қабылданды. 



                                                                                              

Ж.а.ҚоҚанова

 

төРт тҮлІктІң теРІсІне Қатысты тІлДІк бІРлІктеР

The article is devoted to classification of similar words in the Kazakh language which are close with 

names of raw materials of livestock.

Тілдік  деректерді  топтастыруда  тіл  білімінде  қолданылып  келе  жатқан  әр  түрлі  кәсіпке, 

шаруашылыққа  қатысты  сөздерді  белгілі  бір  тақырыптық  тұрғысынан  топтастыра  зерттеу 

принципін  негізге  алып,  төрт  түліктің  терісіне  байланысты  атауларды  атқаратын  қызметіне, 

қолданылу  ерекшелігіне,  семантикалық  жағынан  бірыңғайлылығына,  ортақтығына,  яғни 

атаулардың белгілі бір ұғымдар мен түсініктерді білдіруге қатысына қарай топтастыруға болады. 

Тақырыптық  топ  аясында  қарастыру  сөздердің  денотаттық  мағынасына  негізделеді  де, 

әрі қарай олар кіші топтарға бөлінеді. Қазақ тіліндегі тері атауларын төрт түлік мал бойынша, 

яғни жылқы, түйе, сиыр және қой мен ешкі деп бөліп, әр теріні алдымен түліктің жас мөлшері, 

дене мүшесіне қарай қалыптасқан атаулар, тері өңдеуге байланысты материал атаулары деген 

тақырыптық топтарға жіктейміз. Бұның сыртында төрт түліктің терісінен жасалған заттар, тері 

өңдеуге қажетті құрал-саймандар т.б. атаулары да төрт түлік малдың терісі лексикасының аясына 

топтасатын тілдік бірліктер өз алдына жеке зерттеуді талап етеді.

Жылқының терісі. Жылқы терісі сиыр терісімен салыстырғанда жұқа, ал басқа малдардікінен 

қалың  болады.  оның  қалыңдығы  тұқымына,  жынысына  және  дене  мүшелеріне  байланысты 

болады. Әсіресе, жылқы жалының тұсы және құйрық асты өте қалың болады. Арқа жағындағы 

жон  терісі  қарын  терісімен  салыстырғанда  қалыңырақ.  Жылқының  терісіндегі  жал  мен  екі 

санының алдыңғы жағында бауырынан арқасына қарай созылған түк айрық болады және бұл 

ерекшелік тек жылқы терісіне ғана тән болып келеді. Бұл жылқының терісін алдыңғы және артқы 

қып екіге бөледі. Алдыңғы жағына қарағанда артқы жағы едәуір қалың және тығыз болып келеді.

Жылқы жас мөлшеріне қарай терісінің төмендегідей атаулары қалыптасқан: құлын терісі - 

алты айға дейін енесін еміп жүрген құлындардың терісі. Терінің бұл түрінен құлын жарғақ тігеді; 

жабағы  –  енесінен  айрып  суалтқан  7-8  айлық  құлындардан  алынады;  жылқы  терісі  -  айғыр 

және бие терілері (жынысына  байланысты да осылай бөлуге болды).

Қазақ  тілінде  дене  мүшелеріне  байланысты  жылқының  бас  терісі,  мойын  терісі,  жон 

терісі,  сауыр  терісі,  бауыр  терісі,  пұшпақ  терісі,  үйек  терісі  деген  атаулары  қалыптасқан. 

Бұл жердегі бас терісі, мойын терісі, жон терісі, бауыр терісі деген атаулар дене мүшелерінің 

атауларының  орналасуына  байланысты  түсінікті.  енді  сауыр,  пұшпақ,  үйек  тері  атауларына 

жеке-жеке тоқталуға болады:  сауыр деп малдың бел омыртқасының құйымшақ тұсына дейінгі 

жерінің  үстін  айтса,  бұл  атау  шектестігі  негізінде  белдеме  мен  сан  үстінен  алынатын  терінің 

қалың түріне де атау болған. Пұшпақ тері – малдың тізеден төменгі сирақ терісі. Үйек малдың, 

аңның тамағынан бастап, қарнын көктей шапқа дейін созылатын, 5-6 елідей жалпақ тері. Жылқы 

жауыр болғанда оның ауызындағы қатып қалған қабыршақ терісін қара дақ деп атайды [1, 45]. 

сонымен,  жылқының  терісіне  қатысты  лексика  –  тіліміздің  ең  көне  қабаттарын  қамтитын  қазақ 

тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамының ішіндегі елеулі де күрделі саласы. 



Жасына қарай сиыр терілері сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі болып 

бөлінеді.  Ал  дене  мүшелеріне  қарай  бас  терісі,  мойын  терісі,  жон  терісі,    сауыр  терісі, 



бауыр терісі, пұшпақ терісі, үйек терісі деген атаулар қолданылады. сиырдың дене мүшесіне 

қатысты әуке сөзі айтылады. Әуке сиыр малының мойын астындағы салбыраңқы терісі. осыған 

байланысты  тілімізде  көңілі  ауып,  ықыласы  түсті  деген  мағынада  жұмсалатын  әукесін  салды

көңіл  қошы  болмай,  еңсесі  түсті  дегенді  беретін  әукесі  түсті    тіркестерінің  жасалуына  негіз 

болған.  сиырдың  терісі  төрт  түлік  малының  ішіндегі  ең  қаттысы  болғандықтан,  оны  өңдеп 

тұрмыс керегіне көп пайдаланған.

 түйенің терісіне байланысты сөздік қорымызда бірқатар сөздер жасалып қалыптасқан. Атап 

айтсақ, жас мөлшеріне қарай түйе терілері атан терісі, түйе терісі, бота терісі деп аталады. 



Дене мүшелеріне қарай түйе терісі де жылқы мен сиыр терілері сияқты бас терісі, мойын 

терісі, жон терісі және сауыр терісі деп бөлінеді. мойнақ сөзі – түйенің мойын терісіне ғана 

қатысты  айтылады,  түйенің  алқымы  мен  бауыздауына  дейінгі  жармай,  бітеу  сыпырып  алған 

мойын терісі. Өзге төрт түлік малдың мойын терісінің атауы ретінде қолданылмайды. 

Қой  мен  ешкі  малы  ұсақ  малдардың  қатарына  жататын  болғандықтан,  ірі  малдардың 

терілеріндей бөліктерге бөліне бермейді, тұтас қолданылады. яғни, дене мүшелерінің атауларына 


523

№ 3 (76) 2010

қарай бөліне бермейді.

Жас мөлшеріне қарай қой мен ешкі терісі, сапасына, илену технологиясы мен қолданыуына 

және  т.б.ерекшеліктері  қарай  бірнеше  топтарға  бөлінеді.  Жас  мөлшеріне  қарай  қой-ешкі 

терісінің аталуы: қой терісі, қозы терісі; ешкі терісі және лақ терісі. 

с.Қасимановтың зерттеулерінде қой терілерін: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым 

терісі, тақыр тері, тотышақ терісі, сеңсең, елтірі, мари, жылбасқа тері деп он түрге бөліп атайды 

[2, 76]. 



1. Қой-терілері: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, ешкі терісі, 

серке терісі. 2. Қозы-лақ терілері: сеңсең, елтірі, жылбасқа, тоқтышақ терісі. 



Жабағы тері. Бұндағы жабағы сөзі – жүннің түрі, яғни қойдың көктемде қырқып алған қысқы 

жүні.  сол  жүннің  қопсымаған  қалың  түбітті  терісі  жабағы  тері  деп  аталады.  Жабағы  жүннен 

жабағы тері алынса, жабағы теріден жасалған киім атауы да – жабағы тон деп аталады. Қырықпа 

тері – жүні қырқылған тері. Бұдан тон, шалбар сияқты жеңіл-желпі киім тігіледі. Тақыр тері – 

жүнін қырқып алысымен сойылған немесе жүнін жидітіп алған тері. Күздік тері – қазан, қараша 

айларында сойылған малдың өңі қалың терілері. Соғым терісі – жүндес, қыртысы қалың мықты 

терілер, ол киімнің барлық түрлеріне жарай береді. Бұдан жарғақ шалбар, тыстық, көмкерулер, 

қап, тұлып, дорба, дабыл сияқты заттар жасалады. Сеңсең. марқайған қозының қырқылмаған, 

өскелең  жүндес  терісі.  Бұдан  көбінесе  ішік,  тымақ,  бөрік,  бөстек,  көрпе  жасайды.  Елтірі  – 

туғанына 2-3 ай болған қозы терілері. Жүні бұйра қаракөл сияқты өте әдемі. Бұдан ішік, тымақ, 

бөрік, бөстек, ноғай бөрік, деңсе, жеңұш, жаға тігіледі. «елтірі: елтири (ноғай, қара қалпақ) – 

елтірі (қазақ) – илтір (татар, башқұрт). осы келтірілген тілдердің бәрінде ол сөз жақсы терінің 

атауын білдіреді. Тарихи тұрғыдан ел (елік) сөзі мен тері сөзінің бірігуінен қалыптасқан [3, 43]. 

Жергілікті  тіл  ерекшеліктерінде  елтірі  бөлтіріске  деп  те  аталатын  нұсқасы  бар.  Қоңыр  бұйра 

бөлтіріскеден мол ғып тігілген тымағын түре киіп, кең маңдайын шалқайта, қарт сәлем артынан 

жөн сұрады (с.Бегалин, уақыт). Мари – туа салып немесе бір, екі сөткеде өлген қозы, лақ терілері. 

Бөрік,  тақия,  жұрын,  көкірекше  жасауға,  әдептеуге,  киім  тысын  көмкеруге  қолайлы.  маридің 

жүні аласа, жылтыр кейде таңдайлана өрнектеліп келеді. Шала туған (іш тастаған) жас төлдің  

терісі  жылбасқа  деп  аталады.  оның  жүні  жоққа  тән.  Тыстыққа,  астарға,  әдіпке,  өрнек  бетіне 

салуға жарайды. Тоқтышақ терісі – сеңсеңі қырқылғаннан кейін біркелкі майда жүн өскен, 4-5 

айдан  асқан  қозы  терісі.  «Тоғыз  қабат  торқадан  тоқтышақтың  терісі  артық»  деген  мақал  бар. 

ол киімнің барлық түріне жарамды, жеңіл де жұмсақ тері. одан тысты тон (қаптама) жасайды. 

Қаракөл – жаңа туған төлінің жүні тықыр, қара көк бұйра болып келетін қойдың түрі мен осы 

қой төлінің қымбат бағалы елтірісі. одан алынатын терілер сапасына қарай: қаракөлше, қамбар, 



шираз, жәкетті деп бөлінеді.

Терінің  сапасы  көптеген  факторларға  байланысты.  еркек  малға  қарағанда  ұрғашы  малдың 

терісі биязы әрі сапалы болады. Терінің де ең сапалы тұсы жоны мен сауырында, қабырғалық 

деп аталатын қос қапталында болады. мойын терісі олардан сәл жұқалау келеді. Ал бауыр терісі 

мен пұшпақтары өте жұқа келеді. Терісі ең қалың мал – сиыр, содан соң түйе терісі, алең жұқа 

тері жылқынікі.  



тері өңдеуге байланысты материал атаулары. 

Көн – малдың иленбей (қан, шылғи) кептіріліп қатты күйге түскен терісі. Ал: «көн – ірі қараның 

терісінен иленген қатты былғары» [4, 162] -  деген түсіндірме сөздіктегі берілген анықтаманың 

дұрыс еместігін Д.Шоқпарұлы былай түсіндіреді: «Біріншіден, көн деп қазақ иленбеген теріні 

айтады,  екіншіден  былғары  көн  болуы  мүмкін  емес,  ол  арнайы  иленіп,  кермектеліп,  боялып 

жасалады» [5,97]. көннен жасалған бұйымдар екі түрлі әдіспен дайындалады. Біріншісі түгімен 

(тулақ, талыс), екіншісі түгі алынып тасталған (көбіне ыдыстар: торсық, саба) көннен жасалады. 

с.Қасиманов малдың иленбеген терісін «шылғи тері, шылғи қайыс» деп атайды [2,74]. сонда 

көн,  шылғи  тері,  шылғи  қайыс  деген  атаулар  синоним  сөздер  деуге  болады.  Қайыс  –  көбіне 

ер-тұрман  әбзелдерін  жасауға  пайдаланылады.  сондай-ақ,  әр  түрлі  тұрмысқа  қажетті  заттар 

жасау үшін арнайы өңделген мал терісі. «Таспа сөзінің түбірі – тас. яғни, тігілген тұсты тастай 

берік ұстап қалатындықтан қазақ оны таспа деп атаған да болар. Негізінде таспа сөзі түріктің 

«тәсмә» деген сөзінен шыққан. орыстар таспаны «тесьма» дейді. сонда таспа сөзі түркі тілдес 

халықтардан шыққаны ақиқат [5,97]. Шикі (шылғи) теріден тілінген таспаны қайыс, көн, былғары 

т.б. жасалатын бұйымдарды тігуге, өрімдердің ұшын бекітуге, қамшының өрімін сабына бекітіп, 

шырмауық  орауға  қолданады.  сондай-ақ  тайынша  терілерінен  дайындалған  опайке,  жылқы, 

сиыр терісінен өңделген былғары, ешкі терісінен иленген көзел, жұмсақ иленген қой-ешкі терісі 



шегірен, аса жұқа теріден иленген сақтиян, жақсы иленген, жұқа, әдемі құрым (хром) аталатын 

524

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

тері дайындамалар етік, мәсі, кебіс тігуге қолданылады.

 Үйек – таспа алу үшін ертерек кезде ірі қараны үйектеп сойып, бөлек тіліп алынған бауыр 

терісі (бір қарыс шамасындағы бауыр терісі).  Бауырлық - өрім өруге қолайлы мал бауырының 

терісі. Көксауыр – жылқы терісі мен серке терілерінің сауырынан (жондығынан) көкпен кейде 

қызыл,  сары,  жасыл  түстермен  боялған  тері.  Әміркен  деп  жергілікті  тілде  сырлы  былғарыны 

айтқан. Ұлтан - өгіз терілерінің сауырынан иленген, шымыр да қатты былғары, сірі – етіктің 

өкшесіне қағылатын қатты көн, жарғақ – жүнін тақырлап қырып тастаған, иленген, өңделген 

тері; құлынның жүнін түсірмей өңделген терісі (бұл теріден жүнін сыртына қаратып тіккен сырт 

киім құлын жарғақ деп аталады). Жондық - өңделген сауыр терісі, тамақтық - өңделген терінің 

тамақ бөлігін кесіп алған қиындысы (тамақ ішік), пұшпақ – малдың, аңның өңделген сирақ терісі 

(пұшпақ ішік, пұшпақ бөрік).

Терінің  сапасы  оның  мықтылығымен,  беріктігімен,  жылылығымен  ерекшеленеді.  Бұлар  – 

терінің ең маңызды да мәнді қасиеттері болып саналады. оның құндылығы да осы қасиеттерінде. 

Жоғарғы  сортты  (асыл  тұқымды),  күтімді  малдың  терісі  майлы,  берік,  қалың  болып  келеді. 

мұндай теріден істелген бұйымдар сапалы болады.

зерттеу  барысында  жоғарыда  көрсетілген  сөздер  тері  лексемасының  аясына  топтаса  келіп, 

олар бір концепт жасай алатынына көз жеткіздік. Бұл аз десеңіз, осы он сөздің әрқайсысынан 

туындаған  тұрақты  тіркестер,  ондап-жүздеп  саналатын  идеома-фразалар  мен  мақал-мәтелдер 

және тілдік теңеулер көптеп кездеседі. Төрт түліктің терісіне қатысты тілдік бірліктердің бәрін 

бір мақаланың көлемінде қамту мүмкін емес. сондықтан бұл жерде біз тек төрт түліктің тері 

сөзінің кейбір тақырыптық топтары ғана сөз етілді.



паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

1. Жанәбілов Ш. Қазақша мал атаулары. – Алматы: 1982. – 142 б.

2. Қасиманов с. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 240 б.

3. манкеева Ж.А. мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы: Ғылым, 1997.  – 272 б.

4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1980. 

5. Шоқпарұлы Д. Дәркембай Д. – Алматы: кітап, 2007. – 272 б. 

редакцияға 20.01.2010 қабылданды. 

г.о. ҚҰРманҒоЖина

ҚазаҚстан тРанзиттІк – көлІк ӘлеуетІн  

Дамыту ЖолынДа

The article is focused on the system of transport communications. In the article there were used the 

standard and legislative deeds of the Republic of Kazakhstan, the analytical and statistical materials of 

ministries and government departments, the regulations of the Transport strategy of RK till 2015. Today 

this idea already is embodied in frameworks of scale government programs, in particular Transport 

strategy of Kazakhstan till 2015. The Strategy implementation is expected to ensure bringing of the 

national transport system to a higher level, and forming of an optimum transport network. Financing of 

the infrastructure on the self-sufficiency principles will allow accommodating resources for its further 

sustainable development and maintenance at a high technical level.

The author of the article shows a Western Europe – western China international transit corridor is 

of great importance not only for Kazakhstan, but in global scale as well.

2010  жылы  Қазақстан  республикасы  бұрынғы  ксро  елдерінің  ішінен  бірінші  болып 

еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағалығын қабылдады. 

елбасы  Н.Ә.Назарбаев  айтқанындай,  Қазақстан  республикасының  еуропадағы  қауіпсіздік 

және  ынтымақтастық  ұйымына  төрағалығын  жай  стратегиялық  ұлттық  жоба  және  елдің 

халықаралық  беделі  өскендігінің    дәлелі  ғана  емес,  сонымен  бірге  ұйымға  жаңа  тыныс,  жаңа 

серпін берудің мүмкіндігі [1].

Қазақстанның  еҚЫҰ-ға  төрағалығының  басты    басымдықтарының  бірі  –  ұйым  мүше- 

мемлекеттердің  транзиттік әлеуетін дамыту. 2010 жылы еҚЫҰ-ға төраға лық ету жағдайында 

Қазақстанға осы ұйым қызметінің әлемнің экономикалық дамуын қалыптас тыру және жаһандық 

теңсіздікті асып өтуге әсер ететін үш өлшем дегі жауапты жұмысты атқару күтіліп отыр, ол – 

гуманитарлық,  эко номикалық-экологиялық,  әскери  саясат.  Қазақстан  еҚЫҰ  қызметін  тек 

үш  өлшем  бойынша  атқарып  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  олардың  дамуына  өз  әсерін  тигізе 

алатын ұсыныстарды алға қояды. Бұлар – осы ұйымдар аясында демократиялық институттардың 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет