№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016



жүктеу 3.69 Mb.
Pdf просмотр
бет12/21
Дата15.03.2017
өлшемі3.69 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

Шешу жолы. 
m ≠ 0
0
2
:
0
2
2


m
m
x
mx
x
m





0
)
1
2
(
2
2

m
m
x
m
x




 
1
4
4
1
4
4
2
2






m
m
m
m
D

онда 
x
1
=m, 
x
2
=m+1 
және 

 







;
1
;
m
m
х

0
)
1
2
(
:
0
2
2


m
m
x
m
x
m




, онда 


1
;


m
m
х

Жалпы жауабы: 
m > 0 болғанда, 

 







;
1
;
m
m
х

m < 0, 


1
;


m
m
х
; 
m=0 жағдайында шешімдері жоқ. 
4 мысал. 
2
2
2
1
1
2
а
а
х
х




 теңсіздігінің шешімін табу қажет. 
Шешімі. 
Теңсіздіктің мағынасы болуы үшін a ≠ 0 болуы қажет; 


2
2
2
1
а
а
х



; 
а) 


;
1
0
1
:
2
2






x
R
x
x
a

 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
97 
б) 
:
0
2
2

а
а 
 
—                  —                     + 
0                            2                              а 


0
2

а
а 
 жағдайында 
R
х  ; 
в) 
2

а
 болса, онда 
0
2
1
2
2
2

а
а
х
х




, 
0
2
2
2
2
2

а
а
а
х
х





2
1
2
a
a
D


 
0
,
2
1


D
a
 болса, демек 

 






;
;
2
1
х
х
х

мұндағы 
1
1
1
D
х




1
1
1
D
х




Жалпы жауабы: 


0
2

а
а 
 болғанда 
R
х  ; 
a = 2 болғанда 
;
1


 х
R
х
 
2

а
 болғанда 

 










;
1
1
;
1
1
D
D
х
, мұндағы 
2
1
2
a
a
D


 [7]. 
Қорытынды. Біз журнал, кітаптарды ашып қараған кезде ең алдымен ерекше 
болып  стандартты  емес  есептер  көзімізге  түседі.  Көбісі  мұндай  есептерді  уақыт 
өткізу үшін деп біледі. 
Тереңірек  қарасақ,  мағыналы  есеп  екенін  көреміз.  Ол  есептердің  берілгенінің 
өзі  қызық,  әрі  оңай  есеп  сияқты  көрінеді.  Ал  есепті  шығара  бастағанымызда, 
логикалық ойлауды талап ететінін байқаймыз. Оның шешімінің өзі ерекшеленеді. Ең 
соңында шешкен жауабымыз біз ойлағандай болмай шығуы да мүмкін. 
Қазіргі  таңда  стандартты  емес  есептерді  жиі  кездестіреміз.  Байқап  қарасақ, 
стандартты  емес  есептердің  шығару  жолдары  бірдей  деп  айта  алмаймыз. 
Әрқайсысының  жолы  өзгеше.  Ал  енді  сол  стандартты  емес  есептерге  параметрді 
қоссақ,  олимпиада  есептерінде  жиі  кездестіретін  есептерді  көреміз.  Есеп  шешудің 
жолы  бірдей  болмағандықтан,  стандартты  емес  параметрлі  есептерді  жеке-жеке 
қарастыру арқылы тиімді есептеуге қол жеткіздім. 
 
Әдебиеттер 
1  Задачи  для  внеклассной  работы  по  математике  в  5-6  классах:  пособие  для 
учителей  /  сост.  В.Ю.  Сафонова;  под  ред.  Д.Б.  Фукса,  А.Л.  Гавронского.  –  М.: 
МИРОС, 1993. – 72 с.  

Математические 
олимпиады 
школьников: 
книга 
для 
учащихся 
общеобразовательных  учереждений  /  Н.Х.  Агаханов,  Л.П.  Купцов  и  др.  –  М.: 
Просвещение: Учеб. лит., 1997. – 208 с.  
3 Математические олимпиады в школе / Фарков А.В. – М., 2004. – 80 с. 
4 Перельман Я.И. Для юных математиков. – Л.: Начатки знаний, 1925. – 129 с. 
5 Перельман Я.И. Сильны ли вы в арифметике. – Л.: ДЗН, 1941. – 21 с. 
6  Балаян  Э.Н.  Практикум  по  решению  задач.  Рациональные  уравнения. 
Неравенства и системы. - Ростов-на Дону: Феникс, 2006.  
7  Постникова  С.Я.  Уравнение  с  параметрами  на  факультативных  занятиях  // 
Математика в школе. – №8. – 2002. 
8 Интернет желісі. 
 
 
 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
98 
СЕРІКПАЙ Ботакөз, 
НҰРТАЙ Айзат, 
«№33 мектеп-балабақша кешені» КММ 
4 «А» сынып оқушылары, Октябрь ауданы, Қарағанды қаласы, 
Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: НҰРТАНОВА Жанар Жумабаевна, 
«№33 мектеп-балабақша кешені» КММ 
бастауыш сынып мұғалімі, Октябрь ауданы, Қарағанды қаласы, 
Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ 
 
Экологиялық проблема – адамның табиғатқа және керісінше табиғаттың адамға 
тигізетін қолайсыз әсерлеріне байланысты туындайтын кез келген құбылыс. 
Қазіргі  әлемде  экологиялық  проблемалар  өзінің  қоғамдық  мәні  жағынан 
алдыңғы  қатардағы  мәселелердің  біріне  айналады,  тіпті  ядролық  соғыс  қауіпі  де 
оның  көлеңкесінде  қалып  қойды.  Адамның  шаруашылық  іс-әрекетінің  қауырт 
дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның 
табиғатқа  әсері  мыңдаған  жылдар  бойында  қалыптасқан  табиғи  жүйелерді  өзгерту, 
сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат 
ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар 
қалдырды. 
Қазақстан  қалаларының  ішінде  ауасы  ең  таза  қала  –  Орал,  ал  Алматы  ең  лас 
қала  атанып  отыр.  Мұндай  тұжырымды  «Уральская  неделя»  басылымы 
«Қазгидрометтің» 2013 жылғы мәліметіне сүйене отырып жасады. 
Республикалық  кәсіпорынның  мәліметінше,  Оралда  ауаның  ластану  индексі 
нөлге  тең,  ал  Алматы  қаласында  –  11,5  пункт.  Басылым  жарияланған 
инфографикадағы мәлімет бойынша, Екібастұз (1,8), Қостанай (2.0), Павлодар (2,4), 
Астана және Балқаш (2,9) қалаларында ауа қатты ластанбаған. 
Ауаның  ластану  индексі  бойынша  әсіресе Алматымен  қатар,  Шымкент  (8,6), 
Өскемен  (7,6),  Тараз  (7,4),  Қарағанды  (7,0),  Теміртау  (6,9)  және  Жезқазған  (6,5) 
қалалары қатты ластанған. Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің 
бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, 
соның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда. 
Табиғи  қорларды  тиімді  пайдалануда,  қалаларды,  елді  мекендерді 
көгалдандыруда, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске 
асырылса  да,  айналадағы  ортаны  қорғаудағы  жауапсыздық,  болашақты 
ескермеушілік  орын  алып  отыр.  Ауаның,  судың,  жердің  ластануы  салдарынан 
адамдардың  өміріне  және  олардың  өмір  сүру  ортасына  зор  қауіп  төніп  келеді. 
Көптеген  индустриялы  аудандарда  айналадағы  ортаның  ластануы  қажетті 
нормалардан  асып  түскен.  Қазіргі  уақытта  табиғат  және  биологиялық  орта  тұтас 
алғанда бүкіл адамзат алдына күрделі талап қойып отыр. 
Біздің  еліміздің  табиғи  байлық  қоры  мол.  Бізде  48  мың  көл,  85022  өзен  бар. 
Өсімдік  және  жануарлар  әлемі  бай.  Қазақстан  жерінде  6  мыңға  жуық  өсімдіктің 
түрлері, сүтқоректілердің 172, құстардың 490 түрі бар. Осы байлықты тиімді түрде, 
аса зор қамқорлықпен пайдалануымыз қажет. 
Қарағанды  облысы  –  Қазақстандағы  экологиялық  жағынан  ең  ластанған, 
өнеркәсіптік  өндіріс  орындары  көп  шоғырланған  ірі  өнеркәсіп  орталығы.  Бұл 
өңірдегі  өндіргіш  күштердің  даму  барысы  көптеген  жылдардан  бері  экологиялық 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
99 
зардаптар  ескерілмей  іске  асырылды.  Соның  салдарынан  облыстың  атмосфералық 
ауасы бұзылды. Мәселен, тұрақты көздерден атмосфераға тарайтын ластанған заттар 
жылына  бір  миллион  тоннадан  асады.  Ал  бұл  жалпы  республикадағы  барлық 
қалдықтардың үштен бірі деген сөз. 
Негізгі  ластаушы  көздер  Теміртауда  «Испат-Кармет»  АТАҚ  (жылына  361,5 
мың  тонна),  Жезқазғанда  «Қазақмыс»  АҚ  (жылына  138,4  мың  тонна),  Балқашта 
«Балқашмыс»  АҚ  (жылына  299,4  мың  тонна),  сол  сияқты  Қарағандыдағы 
энергетикалық  кәсіпорындардың  өзі  жылына  96,2  мың  тонна  ластандыратын  қоспа 
таратады. 
Қала маңына орналасқан ГРЭС-1, №3 ЖЭО және Қаражал ЖЭО-ның күлі мен 
түтіні  бұрқырап,  мазаны  алуда.  Сол  сияқты  Ақжал  байыту  фабрикасының, 
Қайрақты,  Жамбыл,  Қарағайлы,  Ақшатау  кеніштерінің  қалдықтары  да  бұрқырап, 
желге  ұшып  жатыр.  Бұларда  қауіптілігі  1-3  класты  қорғасын,  мырыш,  берилий, 
висмут және радионуклидті флотация қалдықтары көп. Тозаңданып, аспанға ұшудың 
салдарынан мұндай заттар маңайын да шаңдатып жібереді. Бұған қоса атмосфералық 
ауаны автокөліктер де ластандырып, одан шығатын тастанды қалдықтар жылына 110 
мың тонна көлемінде зиянды заттар таратса, оның ішінде 200-ге жуық әртүрлі қоспа 
бар екендігі анықталғаны баршаға мәлім. 
Бүгінгі  таңда  су  ресурстарын  қорғап,  ұтымды  пайдалануда  да  проблема  көп. 
Облыстың  жалпы  жылдық  су  ресурсы  3,4  млрд.  текше  метрге  жуықтайды.  Оның 
жыл сайын 2-2,3 миллиард текше метрі пайдаланылады. 
Негізгі  су  көздері  Нұра  өзені,  оның  Шерубай-Нұра  және  Соқыр  құймалары, 
Ертіс-Қарағанды  каналы,  Қаракеңгір  және  Жезді  өзендері,  Балқаш  көлдері  болып 
табылады.  Облыс  суларының  сапалық  жағынан  жақсаруына  кері  әсерін  тигізіп 
отырған  кәсіпорындар  «Испат-Кармет»  ААҚ,  «Карбид»  АҚ,  «Қазақмыс»  АҚ, 
«Балқаш»  АҚ,  «Облсуканал»  су-канал  шаруашылығы  басқармасы,  «Қарағанды-
резинотехника»  АҚ,  энергетика,  көмір  өнеркәсібі  мен  ауыл  шаруашылығы 
кәсіпорындары. 
Облыстағы  жер  ресурстары  да  қиын  жағдайда.  854  мың  гектар  жер  азып-
тозған,  жел  эрозиясына  ұшыраған.  Оның  басты  себебінің  бірі  –  жерді  қорғайтын 
орман  алқабының  қанағаттанғысыз  жағдайы.  Жер  ресурстарын  ғана  емес,  жалпы 
қоршаған ортаға зиянын тигізетін негізгі ластану көздерінің бірі – кәсіпорындардың 
өндірістік қызметі процесінде және тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінде пайда болған 
қалдықтар.  Облыста  тұрмыстық  қатты  қалдықтардың  өте  көп  болуы  да  біраз 
проблемалар туғызуда. 
Сонымен  қатар  қоршаған  орта  мен  адам  денсаулығына  ықпал  ететін 
проблеманың  бірі  –  қазылып,  кен  өндіріліп  алынған  соң  қалып  кеткен,  жабылмай, 
аузы ашық қалған радиациялық қауіпті кен орындары мен карьерлер мәселесі. Бұлар 
Шет  ауданындағы  Ақшатау  елді  мекені,  Ақтоғай  ауданындағы  тастап  кеткен 
геологиялық  қазба  орындары  (Октябрь,  Майтас,  Қызыларай,  Қызыл,  Аномалия-8, 
Тасарал). 
Республикамыздың  басқа  облыстары  Қарағанды  облысындағыдай  техногенді 
ауыртпалықты бастан кешіріп отырған жоқ. Мұнда Сарышаған ракеталық полигоны, 
Семей  ядролық  полигоны  және  «Байқоңыр»  ғарыш  айлағынан  ұшатын  ракета 
тасығыштардан бөлініп түсетін бөліктердің құлау ауданы – бәрі бар. 
Облыста радиациялық қауіпсіздік мақсатымен кәсіпорындарда өңделген ионды 
сәуле көздері бар жерлерде қалдықтарды көму проблемасы басты орында
Бұл  көрсеткіш  облыстағы  экология  және  табиғат  қорғау  мәселесіне, 
экологиялық  проблемаларды  шешу  жолдарына  арналған.  Онда  Балқаш,  Теміртау, 
Қарағандының  экологиялық  проблемалары  туралы  қамтылған.  Көрсеткіш  мазмұны 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
100 
бес  бөлім  бойынша  құрылған,  Жезқазған-Балқаш  өңірінің  экологиясы,  Қарағанды 
облысының  радиоактивтік  қалдықтарымен  ластануы,  облыстың  су  көздері, 
қалдықтарды өндіру проблемасы, өңірдің экологиялық орталықтары. 
Қарағанды қаласы – бұл индустриалдық орталық, теміржол мен әуе жолының 
аса  маңызды  торабы,  ғылымы  мен  мәдениеті  дамыған  қала,  көптеген  туристік-
экскурсиялық желістердің қайнаған ортасы. Қала 1934 жылғы 10 ақпанда құрылған. 
Өзінің  экономикалық,  ғылыми  және  мәдени  әлеуеті  бойынша  Қарағанды 
Қазақстанның  жетекші  орындарының  бірін  алады,  қалада  113-тан  аса  ұлт 
өкілдерінен  құралған  471,8  мың  адам  тұрады.  Қала  аумағы  497,8  шаршы  метрді 
құрайды. 
Қарағандыда  көмір  өңдіретін  ірі  кәсіпорындар,  машина  жасау,  металл  өңдеу 
және  тамақ  өнеркәсібі,  сондай-ақ  көптеген  көлік  және  байланыс  кәсіпорындары 
істейді. Қала өз атын осы өңірде мол өсетін кішкене ағаштардың тұқымы қарағанға 
байланысты атаған (желтая акация). 
ХІХ  ғасырда  қаланың  орнында  ешнәрсе  болмаған.  1833  жылы  көмірді  алғаш 
рет малшы бала Аппақ Байжанов тапқан. ХІХ ғасырдың аяғында көмірді алғаш рет 
орыс көпестері, содан кейін француздар және ағылшын кәсіпкерлері өндіре бастаған. 
Қаланың  мәдени  өмірі  қызықты  да  көңілді.  Қалада  өнерді  құрметтейтіндер 
«Шалқыма»  концерт  залына  барады,  онда  классикалық  музыка  концерттерімен 
композиторлар,  дирижерлар  және  музыканттар  өнер  көрсетеді.  Сондай-ақ  қала 
тұрғындары  мен  қонақтары  С.  Сейфуллин  атындағы  қазақ  драма  театрына,  К. 
Станиславский  атындағы  драма  театрына,  Академиялық  музыкалық  комедия 
театрына  және  өзінің  қорында  134-810  экспонаттары  бар  Қарағанды  облыстық 
тарихи  өлкетану  мұражайына,  Экологиялық  мәдениетті  дамыту  мен  сақтауға 
мамандандырылған Қарағанды экологиялық мұражайына бара алады. 
Қала  аумағында  50-дей  тарихи  және  мәдени  ескерткіштер  бар.  Олар  – 
Кеншілердің  мәдениет  сарайы,  Н.  Әбдіров  атындағы  Спорт  сарайы,  «Чайка»  қонақ 
үйі, цирк ғимараты, «Шахтер» стадионы, Н. Әбдіров, Бұқар жырау, Ғ. Мұстафин, А. 
Байжанов ескерткіштері, «Шахтер Даңқы», «Мәңгі алау» әскери даңқы, Ауғанстанда 
қайтыс болған жауынгер қарағандылықтар құрметіне арналған сәулет-мемориалдық 
ансамблі және басқалар. 
Қаламыздың  экологиялық  проблемары  шешілетін  болса,  біздің  болашағымыз 
жарқын  болары  сөзсіз.  Болашақтың  иелері  біз  болғандықтан  осындай  проблемалы 
мәлелені жазуды ұйғардық. Ондағы мақсат біреу – қаламызды экологиялық жағдайы 
тұрғындардың денсаулығына әсер етеді, соны жақсарту. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
101 
ТҰРАР Азамат, МУСТАФАЕВ Диас, ТҰРАР Бекарыс, 
Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің 
3 «Д» сынып оқушылары, Алматы ауданыАстана қаласы
Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: КАНГЕЛДИЕВА Загипа Абдрахмановна, 
Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің 
бастауыш сынып мұғалімі, Алматы ауданы, Астана қаласы, 
Қазақстан Республикасы 
 
АҒАШТАР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ? 
 
Орман  –  жер  бетіндегі  табиғи  қорлардың,  оның  ішінде  өсімдіктер 
жамылғысының  басты  бір  типі.  Құрамында  бір-біріне  жақын  өскен  ағаштың  бір 
немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. 
Құрамы  мен  өсуіне  қарай  мәңгі  жасыл,  қылқанды,  ақшыл  қылқанды,  күңгірт 
қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, 
мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. 
Орманның  құрылымы  ортаның  физикалық-географиялық  жағдайларына, 
өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. 
Ол  топырақ  түзілуіне,  климатқа,  ылғал  айналу  процесіне  және  т.б.  әсері  көп, 
тропосферамен  өзара  белсенді  әрекетте  болады  да,  оттек  пен  көміртектің  алмасу 
деңгейін  анықтайды  (ең  ірі  орманды  аймақтар  атмосферадағы  оттектің  шамамен 
50%-ын  «өңдейді»).  Құрлықтың  27%-ынан  астамын  алып  жатқан  орман  – 
географиялық 
ландшафт 
элементі. 
Орманда 
ағаш, 
бұта, 
шөптесін 
өсімдіктер, мүк, қына, т.б. өседі. 
Орман топырақтың  құрылысына,  су  алмасуына,  онда  органикалық  және 
минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал жеткілікті, 
сондықтан  оның  құрамында  шірінді  көп.  Орманды  жердің  топырағы  қышқыл, 
мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды мол алады, суды 
көп  буландырып,  ондағы  жануарлар  мен  өсімдіктерге  қолайлы  микроклимат 
жасайды. 
Орман  ағаштары,  оның  ішінде  мәңгі  жасыл,  қылқан  жапырақты  ағаштар  өз 
жапырақтары  арқылы  өздері  өскен  қоршаған  ортаға  зиянды  ауру  қоздырғыш 
бактерияларды  өлтіретін,  хош  иісті  заттар  (фитонцид)  шығарады.  Сондықтан  да, 
қылқан  жапырақты  орманды  аймақтарда  көпшілік  демалып,  тынығатын  «курорт-
санаторийлер» орналастырылады. 
Қазіргі  кезде  дүние  жүзінде  орман  аумағы 3  млрд.  га-дан астам,  яғни  дүние 
жүзінің 27-28%-н орман алып жатыр. Өкінішке орай,  адамзат қоғамы өз тарихында 
бүкіл орманның 2/3 бөлігін жойған, сонымен бұрын жер бетінің 75%-н алып жатқан 
ормандардың көлемі көп кеміген. 
Көлемі жағынан Қазақстан ормандарының жартысынан астамын (52,2%) шөлді 
аймақтардағы сексеуілді ормандар алып жатыр. Сексеуілдің Қазақстанда 2 түрі (қара 
сексеуіл  мен  ақ  сексеуіл)  өседі.  Қара  сексеуіл  бүкіл  Бетпақ  даланың  батысында, 
Сарысу өзені бойының орталығында, Іле өзені сағасының оң жағалауында және Шу 
өзені  мен  Мойынқұмның  аралығында  таралған.  Ақ  сексеуілді  орманды 
алқаптар Қарақұмда, Мойынқұмда, Балқаш төңірегі мен Қызылқұмда өседі. 
Сексеуілді  орманның  құмды  алқаптардың  жылжуын  тоқтатуда  маңызы  зор 
және қой, түйе үшін қысы-жазы жақсы жайылым. Сексеуілден басқа Қазақстанның 
шөлді аймақтарын кесіп өтетін Сырдария, Шу, Іле, т.б. өзендердің бойларында түрлі 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
102 
ағаш-бұталар  (терек,  тобылғы,  жыңғыл,  шетен,  емен,  шегіршін,  тал,  т.б.)  өсетін 
тоғайлы  ормандар  кездеседі.  Олар  жыл  бойы  сумен  жақсы  қамтамасыз 
етілетіндіктен, шөл 
ішіндегі 
жақсы 
көлеңкелі, 
сулы 
тамаша 
демалыс 
орындары болып саналады. 
Қазақстанда орман ағаштарын тиімді пайдалану, т.б. мәселелерімен Көкшетау 
қаласында  орналасқан  Қазақ  орман  шаруашылығы  және  агроорман  мелиорация 
ғылыми-зерттеу институты айналысады. 
Ағаштар да басқа өсімдіктер тәрізді. Бірақ олар бір ғана маусым емес, бірнеше 
жыл, кейде бірнеше ғасырға дейін өмір сүреді. 
Ағаштардың ауаны тазартудан басқа да пайдасы өте көп. Олар көптеген құстар 
мен  жәндіктерге  қорек  беріп,  пана  да  болады.  Аң-құстарды  ыстық  күннен,  қатты 
желден және жауыннан қорғайды. Олардың түбінде саңырауқұлақтар өседі. 
Ағаштар  күзде  жапырақтарынан  айырылып,  қыста  жалаңаш  тұрады.  Тек 
шыршалар  сияқты  ине  тәріздес  жапырактары  бар  ағаштар  суықтан  қорықпайды, 
қысы-жазы жасыл қалпында сақталады. Ағаштардың көп өскен жері орманды алқап 
деп аталады. Жер бетінің төрттен бір бөлігін орманды алқап алып жатыр. 
Емен  (лат.  Quercus)  –  шамшаттар  тұқымдасына  жататын,  жапырақ  тастайтын 
не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш 
ағаш.  Он  бес  –  алпыс  жылда жеміс бере  бастайды.  Әрбір  төрт  –  сегіз  жыл  сайын 
жаңғағы  көбейе  береді.  Бес  жүз  –  мың  жыл  және  одан  да  көп  уақыт  (мысалы, 
Литвадағы  Стелмужи  табиғи  саябағындағы  еменнің  жасы  –  екі  мың  жылға  жуық) 
өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт  жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты 
жүздей) түрі кездеседі. 
Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік 
Қазақстан  облыстарында  көгалдандыру  мақсатымен  егіледі.  Қазақстанда  сирек 
кездесетін  бір  түрі  – кәдімгі  емен бар.  Оның  биіктігі 40-50  м.  Діңі  бірнеше  жуан 
бұтақтан  тұрады,  тілім-тілім  болып  жарылған,  қоңыр  сұр  түсті  қалың  қабықпен 
қапталған.  Жас  өркені  жапырақсыз,  қызғылт-қоңыр  болып  келеді.  Жапырағы  ірі 
(ұзындығы 7-20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, 
аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі-үштен бірігіп, гүл сабағына 
шоғырланған.  Сәуір-мамырда  гүлдеп,  қыркүйек-қазан  айларында  жеміс  береді. 
Тұқымы – жаңғақ.  
Қарағай  –  қарағай  тұқымдасына  жататын,  мәңгі  жасыл,  қылқан  жапырақты 
ағаш  кейде  бұта.  Еліміздің  таулы  аймақтарында  бірнеше  түрі  кездесетін қылқан 
жапырақтыты мәңгі жасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 
50-60  метрге  жетеді.  Шыршаныкіндей  емес,  қарағайдың  қылқаны  ұзын,  жуандау. 
Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. 
Қарағай  сондай-ақ  тез  өсетін  қылқан  жапырақтылардың  бірі.  Жер  шарында 
жүзден  аса  түрі  болса,  оның  жиырма  шақты  түрі  көгалдандыруда  қолданылады. 
Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-
жағына  6-7  метрге  дейін  жайылатындықтан,  бір-бірінен  немесе  өзге  ағаштардан 
арақашықтығы  кем  дегенде  5-6  м  болуы  керек.  Оның  барлық  түрі  бой  жасап 
өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. 
Биіктігі екі метрден аспайтын «тау қарағайы» деген түрі бар. Көгалдандыруда 
оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте 
жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, 
қолөнер бұйымдарына қолданып жатады. 
Қарағайдың  ағашы  мықтылығымен  және  қаттылығымен  ерекшеленеді.  Оны 
кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
103 
Жас көшетін ашық күн көзіне, құнарлы топыраққа отырғызу керек. Жыл сайын 
көктемде 
қалқанжапырақты 
ағаштарға 
арналған 
минералды 
заттармен 
қоректендірген  жөн.  Қоректік  заттары  жеткілікті  қарағай  қылқанының  түсі  қанық 
болады. Кейбір жұмсақ қылқанды түрлері қысқы суыққа шыдамсыз келеді. 
Үйеңкі – қатты әрі тығыз ағаш. Сүрегі біртекті ақ сарғыш түсті болып келеді. 
Домбыраны  үйеңкіден  тұтас  шауып  немесе  құрап  әзірлеуге  де  болады.  Үйеңкі  – 
музыка аспаптарын әзірлеуге өте қолайлы ағаш. 
Емен – өте қатты, тығыз, берік ағаш. Ағаш сүрегінің түсі сарғыш қоңыр болып 
келеді.  Емен  ағашынан  бұйымдар  жасағанда  өте  абай  болу  керек.  Себебі  емен  өте 
жарылғыш  келеді,  сақтықпен  кептірмесе,  өзегін  қуалай  шытынап,  жарылып  кетеді. 
Еменнен  жасалған  музыка  аспабы  өте  әдемі  болады,  ұстала  келе  табиғи  өрнектері 
ашылып, жылтырай береді. 
Қайың  –  сүрегі  біркелкі  ақ  түсті,  қатты  ағаш.  Қайыңның  безінен  жасалған 
бұйым  әдемділігімен,  беріктігімен  ұтымды.  Ол  күнге  қаңсымайды,  ыстық-суыққа 
төзімді болады. Қайыңның тозын музыка аспаптарына қап жасау үшін қолданады. 
Терек – сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш. Бабымен кепкен терек көп жарылмайды, 
кепкен сайын киізденіп қатая түседі. 
Тал –  иілгіш,  сүрегі  ақ  түсті,  жұмсақ  ағаш.  Кебе  келе  қатайып  кетеді,  кепкен 
тал  өте  жеңіл  болады.  Домбыра  құрап  жасағанда  талды  домбыраның  иін  болып 
келетін  жерлеріне  қолданады.  Сонымен  қатар  түрлі  бұйымдар  жасауға  жеміс 
ағаштары да пайдаланылады. 
Қазақстанда ерекше ағаштар көп. Қазақстанның табиғаты көркем, жанға жайлы 
әсем жерлерге өте бай өлке екендігі шүбәсіз. Халқының көңілі қандай дарқан болса, 
жері де сондай кең қазақ даласының әрбір тасын, әрбір шөбін, әрбір суын білу, оны 
қастерлеу – баршамыздың парызымыз. 
Қазақстандағы  ең  көне  хан-ағаш  –  алып  қарағаш.  Ол  Іле  өзенінің  «Алтын 
Емел»  ұлттық  табиғи  саябақ  аумағында,  Үлкен  Қалқан  тауының  шығыс  жағында 
өседі.  Жасы  700  жылдан  асқан.  Бұл  қарағаш  Шыңғысхан  шапқыншылығының 
куәгері деседі. Жергілікті халық ағашты күні бүгінге дейін қасиет тұтады. 
Жуандығына  алты  адамның  құшағы  әрең  жететiн  700  жастағы  ерекше  ағаш 
Жаркент  қаласынан  30  шақырымдағы  Әулие  ағаш  ауылы  маңында  өседі.  Бұл  – 
кәдімгі  қарағаш  тұқымы.  Мұндай  алып  ағаштар  әлемнiң  үш  елiнде  ғана  бар. 
Олардың  бiрi  –  Қытайда,  бiрi  –  Меккеде  болса,  үшiншiсi  –  бiздiң  жерге  тамыр 
жайған екен. Киелi  ағаштың қасында бiр тамырдан нәр алып тұрған жетi жас ағаш 
бар.  Жұрт  оларды  жетi  ағайынды  деп  атап  кеткен.  Және  «Бозбала  мен  бойжеткен» 
аталған  қос  шынар  да  осы  киелi  ағаштың  ұрпағы  саналады.  Аталған  ағашты 
тамашалау  мақсатымен  Америка,  Австралия,  Германия  және  басқа  да  шетелдерден 
туристер жиi келiп тұрады. 
Қазақстанда түрі ең көп тараған ағаш – сәмбі тал. Республикамызда мұның 22 
түрі  кездеседі.  Денсаулық  ағашы  Қазақстандағы  адам  денсаулығына  ең  пайдалы 
өсімдіктің  бірі  –  ағаш  тектес  немесе  бұтақ  тұрпатты  арша.  Қазақ  халқы  аршаны 
«денсаулық ағашы» деп атайды. Аршалар кейде 4 мың жылға дейін өсе береді. Ал, 
500-600 жыл арша үшін қарапайым жастың бірі саналады. 
Қазақстандағы  ең  төзімді  ағаш  –  тораңғы.  Ол  шөлде,  құмда,  сортабанда  өсе 
береді. Тораңғы жапырағы 50 градус шамасында өміршеңдігін сақтайды. Ел аузында 
«шөл даланың падишасы» атанған бұл өскiндi бүгiнде қазақ жерiнiң бiраз  пұшпағы 
өзiнiң өрелi саясы санайды. 
Қазiр  тораңғы  тұқымдас  ағаштың  алуан  түрi  Қазақстанда  Арал  өңiрi  мен 
Қызылорда  облысынан  басқа  Балқаш  пен  Алакөл  аумақтарында,  Бетпақдала 
атырабында, Зайсан маңайында, Мойынқұм сауырында кездеседi. 
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет