№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016


Казахские пословицы  и  поговорки



жүктеу 3.69 Mb.
Pdf просмотр
бет16/21
Дата15.03.2017
өлшемі3.69 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Казахские пословицы  и  поговорки.  Он  саусақтың  саны  бірдей  болғанымен, 
тұрқы  бірдей  емес.  Он  рет  айтқанынан  бір  рет  көрсеткен  артық.  Он  бала  бір  әкеге 
жүк болмайды. Бір әке он балаға жүк болады. 
Пословицы  и  поговорки,  содержащие  число  12.  Это  число  высшего 
совершенства, так  считается во всем мире. Дюжина составлена из  умножения двух 
совершенных  чисел  3  и  4,  следовательно,  она  и  есть  верх  совершенства.  На 
большинстве  языков  дюжина  означает  дюжее,  т.е.  крепкое,  здоровое.  Отсюда  шло 
стремление  ряда  народов  основывать  разные  системы  счета,  веса,  денежного 
деления  музыкального  измерения  на  12-кратном  исчислении.  Отсюда  шло 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
127 
стремление  ряда  народов  основывать  разные  системы  счета,  веса,  денежного 
деления музыкального измерения на 12-кратном исчислении. 
У казахов с числом «двенадцать» связано летоисчисление. 
Русские  пословицы  и  поговорки.  В  году  двенадцать  месяцев,  и  в  каждом  – 
свои ягоды. Правда двенадцать цепей разорвет. 
Казахские пословицы и поговорки. Су кезегінен қалған, он екі ай аш қалады. 
Шындық он екі қабат шынжырды үзеді. 
Пословицы  и  поговорки,  содержащие  число  15.  С  числом  15  в  русском 
языке мы не нашли поговорок и пословиц. 
Казахские пословицы  и  поговорки.  Болар  бала  бесігінде  боспын  дейді, 
Болмас  бала  жиырма  бесте  жаспын  дейді.  Ұл  он  беске  келгенше,  қолыңдағы 
қобызың, Он бес жастан асқан соң, тіл алмаса доңызың. Он бесте отау иесі. 
Пословицы  и  поговорки,  содержащие  число  30.  С  числом  30  в  русском 
языке мы не нашли поговорок и пословиц. 
Казахские пословицы и поговорки. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге 
тарайды. Отыз күн оразаның бір күн айты бар, Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы 
бар. Отыз ұлың болғанша, бір жаман шалың болсың. 
Пословицы  и  поговорки,  содержащие  число  40.  Число  40  тоже  является 
святым  и  в русском,  и  в казахском народе.  Новорождённого  ребёнка до  40  дней не 
оставляют одного в помещении, чтобы его не подменили злые духи. 
Русские  пословицы  и  поговорки.  Сорок  лет  не  сорок  реп.  Один,  да  дорог 
ненадобно и сорок. И один глаз, да зорок – ненадобно сорок. 
Казахские пословицы  и  поговорки.  Жақсы  кісі  қырық  жасында  толады, 
Жаман кісі қырық жасында солады. Жақсы әке жаман балаға қырық жыл ризық. 
Пословицы и поговорки, содержащие число 100.  100 – число, выражающее 
полное  совершенство  (10x10).  Эра  делится  на  столетия.  Число  100 состоит  из 
единицы  и  двух  нулей. Цифра  1  с  языка  чисел  переводится  как  «энергия».  Цифра 
0 переводится  как  «созревание»  или  «засыпание» энергии.  Это  число  появилось 
после  того,  как  возникла  потребность  людей  в  больших  числах,  когда  40  и  60 
престали  казаться  слишком  большими.  Русский  народ  использовал  число  100  для 
обозначения понятия «очень много». 
Русские  пословицы  и  поговорки.  Не  имей  сто  рублей,  а  имей  сто  друзей. 
Лучше один раз увидеть, чем сто раз услышать. Трус умирает сто раз, а герой – один 
раз. 
Казахские пословицы  и  поговорки.  Жүз  сом  емес  –  жүз  досың  болсын. 
Жүздің  жүзін  білгеннен,  бірдің  атын  біл.  Жүз  рет  естігеннен,  бір  естіген  –  артық. 
Батыр бір өледі – Қорқақ жүз өледі. 
Нами проанализирован достаточный объём литературы, что позволило выявить 
группы  пословиц  с  числами.  Мы  выяснили,  что  наиболее  часто  употребляемыми  в 
литературе  являются  пословицы  и  поговорки  с  числами  1,  2,  3,  7.  В  результате 
исследования  стало  ясно,  что  самыми  распространёнными  в  литературе  являются 
пословицы и поговорки с числами 1, 2, 7. 
И  в  заключении  нашего  проекта  хотим  представить  наши  рисунки  «Числа  в 
пословицах и поговорках». 
 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
128 
 
    
 
 
      
 
 
 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
129 
Заключение.  Пословицы  и  поговорки  обогащают  и  украшают  наш  язык, 
благодаря чему люди выражают мысли доходчиво и лаконично. Пословицы учат нас 
многому: каким нужно быть в труде, дружбе, учёбе, как относиться к отцу и матери, 
к старшим, к Родине. 
В  работе  мы  рассматривали  не  только  русский,  но  и  казахский  фольклор. 
Справедливо сказать, что, наша работа помогла нам преодолеть культурный барьер, 
способствовала  правильному восприятию  пословиц  и  поговорок,  пониманию 
национальных особенностей русских и казахов. 
В казахских пословицах запечатлены история, культура, традиции народа. Есть 
особенности  и  в  употреблении  чисел  в  казахских  пословицах.  Так,  часто  можно 
встретить пословицы и поговорки с числительными  «бір»  –  «один»,  «үш»  –  «три», 
«бес» – «пять», «жеті» – «семь», «қырық» – «сорок». 
Мы  узнали,  что  большим  почётом  в  древности  была  окружена  семёрка. 
Отголоски  почитания  этого  числа  дошли  и  до  наших  дней  в  пословицах  и 
поговорках, что подтверждают  пословицы  «Семеро одного не ждут», «Жеті атасын 
білмеген  жетесіз».  Это  волшебное  число  семь  широко  использовалось  в  сказках, 
мифах древнего мира. 
Чётные числительные – два, четыре, шесть, восемь – встречаются гораздо реже 
в  устном  народном  творчестве  как  в  русском,  так  и  казахском.  Гораздо  чаще  и 
русский, и казахский фольклор говорит о числе один, числе три и числе семь. Это и 
есть «любимые» числа русского и казахского народа. 
Таким  образом,  выбор  числительных  в  пословицах  и  поговорках  основан  на 
народном представлении о значении чисел. Мы пришли к выводу, что числительные 
играют  в  художественном  тексте  немаловажную  роль  и  изучение  их  значений 
помогает  увидеть,  почувствовать  глубинные  «воды»  текста,  проникнуть  в 
заложенную  творцом-народом  мысль.  Сравнение  казахских  и  русских  пословиц  и 
поговорок  показывает,  как  много  общего  имеют  эти  народы,  что,  в  свою  очередь, 
способствует их лучшему взаимопониманию и сближению. 
 
Литература 
1 Дәуренбеков Ж. Қазақ мақал-мәтелдерi. – Алматы, 2001. 
2 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 7 том. – Алматы: Ғылым, 1983. 
3 Жаданова К., Исаханова Д. Литературное чтение. – Алматы: Білім, 2012. 
4 Ожегов С.И. Словарь русского языка. – М.: Просвещение, 1986. – 796 с. 
5 Пословицы. – М.: Советская Россия, 1989. – 300 с. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
130 
БЕЙСЕНБАЙ Аружан, 
«А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» КММ 
4 «Б» оқушысы, Жетісай қаласы, Мақтаарал ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ТАҒАБАЙҚЫЗЫ Ұлжалғас, 
«А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» КММ 
бастауыш сынып мұғалімі, Жетісай қаласы, Мақтаарал ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ЖУМАКУЛОВ Ислам, 
«А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» КММ 
4 «Б» оқушысы, Жетісай қаласы, Мақтаарал ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: АКЕЕВА Динара, 
«А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» КММ 
бастауыш сынып мұғалімі, Жетісай қаласы, Мақтаарал ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
САЛТ-ДӘСТҮРІМ – БАҒА ЖЕТПЕС ҚАЗЫНАМ 
 
Салт-дәстүр  –  әр  ұлттың,  халықтың  діні  мен  сеніміне,  тұрмыс-тіршілігіне, 
ұлттық  құрылым  ерекшелігіне  сәйкес  ғасырлар  бойы  жинақталып,  өмірдің  өзі 
туғызған ғұрыптардың жиынтығы, қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың 
үлгілері.  Күнделікті  қолданыста  бір  мәдени  топты  екіншісінен  айыратын  және 
бейресми  жолмен  реттейтін  қабылданған  мінез-кұлық  ережесіне  немесе  әлеуметтік 
әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады. 
Салт-дәстүр  ұлт үшін  өмір,  қоғам  заңы  болып  негізделіп,  сана,  тағылым, 
тәрбие,  тіршілік  ережесі  ретінде  ел  зердесіне  рухани  байлық  –  өнеге  тәжірибесін 
құраған.  Бұл  талаптар  мен  ережелерді  халық  бұлжытпай  орындаумен  бірге  оны 
құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. 
Өткен  заманда  қазақ  қоғамы  үшін  салт-дәстүр  бұлжымас  заң  рөлін  атқарды. 
Мысалы,  той,  наурыз  көже,  қыз  ұзату,  қонағасы,  шашу,  ерулік  ата  салты  болып 
саналады.  Салт-дәстүрдің  ел  арасындағы  тәлімдік,  тәрбиелік,  халықтық  мәні  зор. 
Халықтың  атадан  балаға  көшіп,  дамып  отыратын  тарихи-әлеуметтік,  мәдени-
тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің 
көрінісі  дәстүр  арқылы  танылады.  Салт-дәстүр  байлығы  –  мәдениеттің  байлығы. 
Мысалы,  ата-ананы,  үлкенді  құрметтеу,  байғазы,  көрімдік,  сүйінші,  кәде  сұрау, 
сәлем  беру,  ат  тергеу,  құрдастық  қалжың,  т.б.  салт-дәстүрге  жатады. Қазақ халқы 
салт-дәстүрге  бай.  Әдет,  ғұрып,  ишара,  ырым,  тыйым,  дағды,  бәрі  осы  салт-дәстүр 
көрінісі. 
Қазіргі  таңда  салт-дәстүр  мәселесі  алғашқы  орындарды  иелегіп  отыр.  Қазақ 
халқында  көптеген  салт-дәстүрлер  мен  ырымдар  бар.  Өкінішке  қарай,  адамдардың 
көбісі  ырым  мен  салт-дәстүрді  шатастырады  екен.  Ата-баба  өсиеті  болып  келе 
жатқан  салт-дәстүрлердің  өзіндік  ерекшеліктері  болса,  ырым-жырымдар  арнайы 
тыйымдар үшін қолданылған. 
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары 
мен  салт-дәстүрлері  қалыптасты.  XVIII  ғасыр  мен  XX  ғасырдың  бас  кезінде  оның 
бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
131 
айқын  байқап,  жазып  қалдырды.  Қазақтардың  әдет-ғұрыптары  мен  салт-дәстүрлері 
үй  ішіндегі отбасылық және  адамдардың  өзге  де  топтары  арасындагы  өзара  қарым-
қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. 
Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті 
көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде 
Ресей зерттеушісі Виктор  фон  Герн былай  деп  жазған  болатын:  «Жалпы  алғанда, 
қазақтар  осы  уақытқа  дейін  жылы  жүзділігімен,  қайырымды  ақкөңілділігімен  және 
қонақжайлылық  қасиетімен  таңғалдырады.  Мұның  өзі  олардың  сүйегіне  ежелден 
сіңіп кеткен керемет асыл қасиет». 
Үйге  келген  қонақ  оларда  әрқашан  үй  иесінің  қамқорлығы  мен  қорғауында 
болады. XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі 
Ф.  фон  Хелльвальд  та  былай  деп  жазды:  «Қырғыз-қайсақтар  барынша  қонақжай 
мейірімді  болып  келеді.  Олардың  киіз  үйіне  кіріп  жайғасқан  кез  келген  жатжерлік 
адамның  өзімді  біреулер  тонап  немесе  өлтіріп  кетеді-ау  деп  қауіптенбей,  алаңсыз 
ұйықтай беруіне әбден болады». 
Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, 
оған  жайлы  төсек-орын  салып,  қондырып  жіберу  әдет-ғұрпы  ежелден  орын  алды. 
Егер  үй  иесі  қонаққа  ондай  құрмет  көрсетудің  дәстүрлі  әдет-ғұрпынан  бас  тартса, 
әлгі  бейтаныс  жолаушы  үй  иесінің  үстінен  биге  барып,  шағым  айтуға  құқықты 
болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын. 
Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан. 
Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі – дәм ауыз тию. Үйге бас 
сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін – «Қуыс үйден құр 
шығармайтын». 
Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы – ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан 
көшіп  келгендерді  оның  туған-туыстары  немесе  көршілері  арнайы  дастарқанға 
шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе 
көршілеріне  деген  ыстық  ықыласы  мен  ізгі  ниетін  білдірген.  Ал  көшіп  келгендер 
жаңа қонысқа  тез  үйреніп,  оңдағы  адамдармен  жақсы қарым-қатынас орнатуға 
ықыласты  болатын.  Далалық  көшпелілердегі  кеңінен  таралған  әдет-ғұрыптардың 
бірі  – қалау.  Үйге  келген қонақтың сол  үйдегі  өзіне  ұнаған  заттың  кез  келгенін 
қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс. Мұның 
өзі де адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың негізін қалайтын. Анасы аман-
есен босанып, дүниеге  жас  нәресте келген соң тап осы  әдет-ғұрып  бойынша кіндік 
шешенің де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін алуына болатын. 
Қымызмұрындық  – қымыз ашыту маусымының басталуына  байланысты әдет-
ғұрып.  Ауыл  адамдары  бірін-бірі  шақырысып,  қымыз  ішер  алдында  арнайы 
дастарқаннан  тамақ  жеседі.  Қымызмұрындыққа  шақырған  үй  иелеріне  ауыл 
ақсақалдары ақ батасын береді. Қазақтарда жылу жинау әдет-ғұрпы да бар болатын. 
Оның мәні кездейсоқ жағдайда үйі өртеніп кеткен немесе дұшпанның шабуылынан, 
қатал  қыстың  ауыртпалығынан,  су  тасқынынан,  аштықтан  зардап  шеккен 
отбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың көмек көрсетуі болып табылады. 
Олар  зардап  шеккен  жандардың  алдына  қолдарынан  келгенінше  мал  салып 
береді,  киім-кешек,  көрпе-төсек,  ыдыс-аяқ  жағынан  көмек  көрсетеді,  бастарына 
шаңырақ көтеруіне жәрдемдеседі. Мұның өзі зардап шегіп, қиналған ағайынға жаны 
ашынғандықтың,  қамқорлық  жасағандықтың  көрінісі  еді.  Мүмкіндігі  бола  тұрып, 
ондай көмек көрсетуден бас тартқан ағайын-туыс ру ішінен қуылып, аластатылатын. 
Ал мұндай жазаға кесілгендер өз руының тарапынан жанашырлық жақсылық дәмете 
алмайды.  Өйткені  ондай  құқықтан  айырылған  болып  саналады.  Оларды  кез  келген 
қарақшы аяусыз тонап кете алатын. 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
132 
Қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып та  кеңінен тараған. Оның мәні 
белгілі бір себеппен бөлшесінен қарызға батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан 
адамға  рулас  ағайын-туғандарының  көмек  көрсетіп,  қарызынан  құтылуына 
көмектесуі  болып  табылады.  Мұндай  көмек  ауыл  ақсақалдары  кеңесінің  шешімі 
бойынша  көрсетіледі.  Қазақтардың  ауызбірлігінің,  өз  жақындары  мен  туыстарына 
жанашырлықпен жәрдем жасауының бір көрінісі, міне, осындай. 
Дала  тұрғындарының  дәстүрлі  әдет-ғұрыптарының  бірі  –  асар.  Онда  ауыл 
тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын 
бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып 
беруге, сондай-ақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседі. Асар ауылдас отырған 
рулас  адамдардың  туысқандығы  мен  ынтымақ  бірлігінің  жарқын  көрінісі  болып 
табылады.  Асарға  шақырылғанда  оған  бармай  қалу  әдепсіздік  саналатын.  Қазақтар 
XX ғасырдың бас кезінде осы әдет-ғұрыпты пайдаланып көптеген жерлерде зайырлы 
мектептер және мешіттер салып алды. 
Әрбір  қазақ  суға  кетіп  бара  жатқан  адамға  жәрдем  қолын  созуға,  қиналған 
адамның өтінішін орындауға, шөлдеген адамға сусын беруге міндетті. Рулас адамдар 
жоғалған  немесе  ұрланған  малды  бірлесе  іздеген.  Дала  тұрғыны  өте-мөте  мұқтаж, 
кейінге қалдыруға болмайтын шұғыл міндетті орындау қажеттігі туған жағдайда кез 
келген  қазақтың  жылқы  қосынан  ат  ұстап  мініп  кете  беруге  құқықты  болған.  Бұл 
үшін ат иесінен рұқсат сұрау міндетті емес-ті. Ондай кезде көлік беруден бас тартқан 
адамға  ат-тон  айып  салынған  және  ол  туралы  жағымсыз  қоғамдық  пікір 
қалыптасқан. 
Екі  қазақ  кездесе  қалғанда  жасы  кішісі  жасы  үлкеніне:  «Ассаламағалейкүм!» 
деп  бірінші  болып сәлем береді.  Жасы  үлкен  кісі  оған:  «Уағалайқұмассалам!»  деп 
жауап  қатады.  Тек  содан  кейін  ғана  егжей-тегжейлі  аман-саулық  сұрасады. 
Бұлай сәлемдесу бірін-бірі,  тіпті  танымайтын  адамдар  үшін  де  міндетті  болып 
саналады. 
Дала  тұрғындарына  тән  әдептілік  пен  сыпайылық,  кішіпейілділіктің  бір 
көрінісі  –  үлкен  кісінің  есіміне  әке  (еке)  сияқты  жұрнақ  сөз  қосып  айту.  Мәселен, 
Қазбек – Қазеке, Диқан – Дәке, Бауыржан – Бауке сияқты айтылады. 
Жас  келіндер  ер азаматты ерекше құрметтеудің белгісі  ретінде  күйеуінің 
жақын  туысының  атын  атамаған.  Күйеуінің  әкесі  мен  шешесін  ата,  ене  деп  атаған. 
Күйеуінің іні-қарындастарын – шырақ, жарқын, айнаш, гүлім, бауырым деп еркелете 
ат қоятын. Өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын. Қазақтар 
екіқабат  әйел  мен  жасы  үлкен  адамның  алдын  кесіп  өтуді  әдепсіздік  санаған. 
Келіндер атасының, қайын ағаларының көзіне түспеуге тырысқан. 
Отағасы  үйде  жоқ  кезде  ересек  ер  адамның  үйге  түсуіне  рұқсат  етілмеген. 
Қазақ  даласының  мызғымас  заңы,  міне,  осындай  еді.  Қазақтар  үйге  бас  сұғар 
алдында қару-жарағын әрқашан тыста қалдыратын. Ал ханның алдына қамшы ұстап 
кіруге де болмайтын. 
Алыс сапардан немесе  жәрмеңкеден  қайтып  оралған  адам  өзінің  жақын 
туыстары  мен  көршілеріне  әр  түрлі сыйлықтар – базарлық  ала  келетін.  Ауыл 
ақсақалдары  тамақ  үстінде  үлкен  табақтан  жасы  кішілерге асату жасайтын.  Егер 
кімде-кім  әлдебір  жаңа  киім  кие  қалса,  бағалы  затқа  ие  болса,  оған  жақын 
туыстарының, дос-жарандарының байғазы беру әдет-ғұрпы болған. 
Әйелдер  үйде  қалған  балалары  мен  жақындарына  мереке-тойларда  болған 
жерлерінен  сарқыт  ала  келетін.  Мұның  өзі,  бір  жағыман,  тағамға  деген  құрметті 
білдірсе, екінші жағынан, болып өткен мереке-тойлардан үйде қалғандардың да дәм 
татып, қатысты болғанын сезінуге тәрбиелейді. 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
133 
Қазақтарда көптен бері көрмеген жақын-туыстарына қымбат бағалы заттардан, 
әдемі  естелік  бұйымдардан,  қазы-қарта,  мүшелі  жіліктерден,  сүр  еттерден 
сәлемдеме беріп жіберу әдет-ғұрпы да болған. Сәлемдемені алған жақ шын ниетімен 
разы болып, ізгі батасын беретін. Базарлықтар мен сыйлықтарды туған-туыстар, дос-
жарандар мен көрші-қоландар өзара бөлісетін. 
Дала  тұрғындары  бір-біріне  қуанышты  хабар  жеткізгенде  сүйінші  сұрайтын 
әдет-ғұрып та болған. Қуанышты хабар жеткізген адамға жақсы сыйлық жасалатын. 
Саят құру кезінде жас аңшы бағалы олжасын өзімен бірге аңға шыққан адамдардың 
жасы үлкен ақсақалына байлайтын. Ол мұны дәстүр бойынша өз еркімен жасаған. 
Қазақта  ежелден  бар  тұрмыстық  әдет-ғұрыптың  бірі  –  ажырасу  көже.  Оның 
мәні  ауылдың  бір  түрғыны  басқа  бір  алыс  жаққа  көшіп  кетерде  ағайын-
туғандарымен,  көрші-қолаңдарымен  қоштасу  ретінде  ажырасу  аяқ  деп  аталатын 
тамақ беруінде болатын. Ауылдастарына айтпай, үн-түнсіз көшіп кету көргенсіздік, 
тәрбиесіздік  саналатын.  Ал  көшіп  бара  жатқан  жақ  өздерінің  туған-туыстарына, 
құрметті  ауылдастарына  көзіміздей  көріп  жүріндер  деп,  естелік  сыйлықтар 
қалдыратын.  Ал  ауылдастары  өз  кезегінде  ризашылығын  білдіріп,  көш  көлікті, 
барған  жердегі  қоныстарың  құтты  болсын  айтысып,  ақсақалдар  ақ  баталарын 
берісетін. 
Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  жасы  үлкен  адамдарды  құрметтеу  рәсімі  ежелден 
бар  болатын.  Ондай  құрмет  жасы  үлкен  кісінің  қай  рудан,  қай  жүзден,  қай  ұлттан 
екендігіне қарамай көрсетілетін. Олар барлық мерекелерде, жиын-тойларда құрметті 
орындарға,  төрге  шығарылады.  Жиналыстарда  олар  елеулі  рөл  атқарады.  Жастар 
олардың айтқан сөзін жерге тастамай, мүлтіксіз орындайтын. Жас жігіт үшін үлкен 
табақтан  ақсақалдың  өз  қолынан  ет  асау  ең  жоғары  марапаттың  белгісі  саналатын. 
Кіші  іні  үлкен  ағаның  рұқсатынсыз  дастарқан  басына  өз  бетінше  ешқашан 
отырмайтын. 
Жас адамның үлкен кісінің алдын кесіп өтуі көргенсіздік деп есептелетін. Бұл 
ереже әйел адамның ер азаматтың алдын кесіп өтпеуіне де қатысты болатын. Жасы 
кішілердің жасы үлкендерге дауыс көтеруіне барып тұрған әдепсіздік ретінде үзілді-
кесілді  тыйым  салынатын.  Әңгіме  үстінде  жасы  үлкен  кісінің  сөзін  бөлуге 
ешқашан рұқсат етілмейтін. 
Жастар  алыс  жолға  аттанарда  не  үй  болып,  шаңырақ  көтерерде  жасы  үлкен 
ақсақалдардың алдынан өтіп, ақ батасын алатын. Қазақтар жасы үлкен әрі құрметті 
адамдардан мұндай батаны жауға аттанарда да тілейтін. 
Қазақтардың  арасында  достасып-бауырласу  немесе тамыр  болу  әдет-ғұрпы  да 
кеңінен  тараған.  Бұл  рәсім  куәлардың  көзінше  салтанатты  жағдайда  өткізіліп, 
нығайтыла түсетін. Рәсім кезінде екі дос қылыштың не қанжардың жүзін сүйіп, мәңгі 
адал дос болуға  серттесіп,  ант  ішісетін.  Олар  бір-біріне  мәңгі  достықтың  белгісі 
болсын деп қымбат бағалы бұйымдар ұсынатын. Дос-жаран, тамырдың үйінде қашан 
болса да қонуға болатын, ал үй иесі оған қолдау көрсетіп, қамқорлық жасайтын. 
Қазақтарда бата  беру әдет-ғұрпы  кеңінен  етек  алды.  Ол  әрбір  іске  кірісер 
алдында  міндетті  саналатын.  Бата  поэтикалық  тілмен  жалпы  жұртқа  қарап  тұрып 
беріледі.  Онда бата беруші  адам  езгелерге  ізгі  жақсылық,  табыс  тілейді.  Батаны 
жасы  үлкен адам немесе  жолы  үлкен қонақ беруі  тиіс.  Бата  беруші  бақытты  өмір, 
байлық,  әрбір  істе  табысты  болуын  тілейді. Бата  екі  қолды  ілгері  қарай  жоғары 
созып, екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып тұрып беріледі. Бата беру  «әумин» 
деген сөзбен аяқталады. 
Бата  адамдарды  лайықсыз,  теріс  қылықтардан  сақтандырады,  ол  жастарды, 
ізгілікті  әрі  қайырымды  істерге  баулиды.  Қандай  да  болсын  бір  іске  кірісерде, 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
134 
дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда әркім 
ақсақалдардан бата алатын болған. 
Бата шаңырақ көтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі. Қазақтар өздерінің 
балаларына  атақты  кісілерден,  құрметті  қонақтардан  бата  алып  қалуға  тырысқан. 
Ислам  дінінің  таралуына  байланысты  бұл  дәстүр  бұрынғысынан  да  күшейе  түсті. 
Қайтыс  болған  адамның  үй-іші  мен  туған-туыстарына  көңіл  айту  кезінде  де  бата 
беріледі,  марқұмның  өзіне  де,  артында  қалған үрім-бұтағына да  ізгі  тілектер 
білдіріледі. 
Қазақтар  бала  тәрбиесіне  ерекше  көңіл  бөлген.  Қазақтың  дәстүрлі  тәрбиелік 
үлгі-өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. 
Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бірінші  болып сәлем беруге 
міндетті. Атты адам жаяу кісіге, жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем береді. 
Алға келген астан алдымен жасы үлкен адам дәм татады. Тамақ ішіп отырған кезде 
көп  сөйлеуге  болмайды.  Балаларға  жақсы тәрбие,  үлгі-өнеге  беруде  мақал-
мәтелдердің  атқаратын  рөлі  зор.  Халық  даналығы  балаларды  еңбексүйгіштікке, 
алды-артын  аңдап  сөйлейтін  сақтыққа,  адамгершілік  асыл  қасиеттерге  баулиды. 
Мәселен,  «Аққа  Құдай  жақ»,  «Батырдың  күші  –  айласында»,  «Асықпаған  арбамен 
қоян  алады»,  «Еңбек  етсең  ерінбей,  тояды  қарның  тіленбей»,  «Бірлік  бар  жерде 
тірлік  бар»,  «Қолы  қимылдағанның  аузы  қимылдайды»,  «Жаздың  бір  күні  жылға 
азық», «Жақсыда жаттық жоқ», «Жаман үйді қонағы билейді», «Жақсы жігітке жеті 
өнер де аз» сияқты мақалдардың тәрбиелік маңызы зор. 
Салт-дәстүрлеріміздің  кейбірі  халық  арасында  кеңінен  пайдаланылып  жүрген 
болса  (айдар  тағу,  қонақ  кәде,  бастаңғы  және  т.б.),  кейбірі  ұмыт  қалып  барады. 
Әсіресе  жастарымыз  біле  бермейтін  салт-дәстүрлеріміз  жетерлік.  Ата-
бабаларымыздан  мұра  боп  қалған  салт-дәстүрлер  әрдайым  игі  мақсаттар  үшін 
қолданыста  болған.  Сол  себепті  оларды  біле  жүру,  кей-кейде  өмірде  іске  асыру  да 
артық етпес. 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет