№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016



жүктеу 3.69 Mb.
Pdf просмотр
бет5/21
Дата15.03.2017
өлшемі3.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

 
Әдебиеттер 
1  Ушаков  В.Г.,  Луконина  О.В.  Структурно-механические  свойства  лечебных 
грязей. – Новочеркасск: Изд. Н. ГТУ, 1995. 
2  Филонец  П.П.,  Омаров  Т.Р.  Содержание  микроэлементов  в    поверхностных 
водах Талды-Курганской и Алма-Атинской областей. - Алма-Ата: Наука, 1970. 
3  Вайсфельд  Д.Н.,  Голуб  Т.Д.  Лечебное  применение  грязей.  –  Киев:  Здоровя, 
1992. – 185 с.  

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
35 
4 Основы курортологии (руководство) / Под ред. В.М. Боголюбова. В 2-х т. – 
М.: Медицина, 1985. – Т. 2. – 560 с. 
5 Маньшина Н.В. Курортология для всех. За здоровьем на курорт. – М.: Вече, 
2007. – 592 с. 
 
ҒАБИТОВА Айкен, 
Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар 
дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің 8 сынып оқушысы, 
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: АЛДЕКЕШОВА Айгерім Жумагалиевна, 
Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар 
дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі «География» пәнінің 
мұғалімі, Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Ғылыми жетекшісі: ТОҚТАҒАНОВА Г.Б., 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
«Жаратылыстану» факультетінің аға оқытушысы, география ғылымдарының 
магистрі, Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
СЫРДЫҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНДА ЭОЛДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ РЕЛЬЕФ 
ҚҰРУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ 
 
Кіріспе.  Геоморфология  (грек.  Ge  –  жер,  morphe  –  бедер,  пішін,  logos  –  білу, 
тану)  –  рельефтің  құрылысын,  жаралуын,  даму  тарихын  және  қазіргі  динамикалық 
жағдайын  зерттейтін  ғылым.  Демек,  геоморфология  зерттеуінің  негізгі  объектісі  – 
рельеф.  Рельеф  (грек.  Reliev  –  дөңестілік)  –  құрлық  беті  және  мұхит  түбі 
пішіндерінің  жиынтығы.  Рельефтің  пайда  болуына  ішкі  (эндогендік)  және  сыртқы 
(экзогендік) процестер әсер етеді. 
Рельеф  жеке  пішіндерден,  ал  пішіндер  элементтерден  құралады.  Рельеф 
элементтері  –  жер  бетінің  жай  категориясы,  мысалы,  жеке  беткейлер,  шыңдар, 
төбешіктің етегі және т.б. Бірнеше рельеф  элементтері  рельеф  пішіндерін құрайды. 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
36 
Рельеф пішіндері – биіктігі немесе тереңдігі, ұзындығы немесе ендігі бар жер бетінің 
көлемі табиғи құрылымы. 
 
Рельеф пішіндері – оңаша (жеке шоқы, төбешік) немесе ашық (сай, жыра), оң 
мағыналы  (дөңес)  және  теріс  мағыналы  (ойыс),  жай  және  күрделі  болып  келеді. 
Рельеф пішіндерінің көбнесе табиғат агенттерінің әсерінен өздерінің морфологиялық 
көрсеткіштерін жоғалтып, дөңгеленіп қалады, күрделі түрлерінде беткейлердің иілуі 
арқылы  пішіндері  бір-біріне  ауысып  тұрады.  Экзогендік  агенттер  әрекетінен 
борпылдақ жыныстар үйіліп, шоғырлану арқылы аккумулятивтік рельеф пішіндерін 
(құм  төбе,  шағыл  (бархан))  және  шайылу,  мүжілу  арқылы  денудациялық  немесе 
эрозиялық  рельеф  пішіндерін  (сай,  дефляциялық  қазан  шұңқырларды) 
қалыптастырады. 
Рельефтің  тектік  түрлері  –  белгілі  бір  табиғат  әрекетінен  пайда  болған, 
құрылымы  және  сыртқы  бейнесі  жағынан  ұқсас  жер  беті  пішіндерінің  заңды түрде 
үйлескен  табиғат  құбылыстары.  Мысалы,  жел  әрекетінен  пайда  болған  рельефтің 
эолдық  пішіндері,  мұздық  әрекетінен  қалыптасқан  биік  таудағы  рельефтің  мұздық 
пішіндері және т.б. 
Рельефтің элементтері мен пішіндерін зерттеп білу олардың негізгі белгілерін, 
яғни  морфологиясын,  морфографиясын,  қалыптасу  тегін  және  көнелігін  анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Белгілі  бір  аумақтың  рельефін  зерттеу  үшін  ең  алдымен  оның 
морфологиялық және морфометриялық сипатын білу қажет. 
Морфография  –  (гр.  morphe  –  пішін,  graphy  –  бейнелеу,  суреттеу)  рельефтің 
сыртқы бейнесін, оның пішінін бейнелеу. Морфометрия (гр. morphe – пішін, metreo – 
өлшеу)  рельефке  сандық  сипаттама  беру.  Морфометриялық  тәсілмен  белгілі 
геоморфологиялық  аймақтарының  рельеф  пішіндерін  өлшеу;  олардың  ұзындығын, 
енін, биіктігін, тереңдігін және рельефтің тілімделу жиілігін анықтау арқылы жүзеге 
асады.  Морфометриялық  мәліметтер  көбіне  топографиялық  және  әуе-ғарыш 
материалын  талдау  нәтижесінде  алынады.  Жүргізілген  өлшеулер  мен  есептеулер 
негізінде арнайы морфометриялық карталар жасалады. Морфометриялық мәліметтер 
әсіресе жол құрылыстарын жобалауға, эрозияға қарқы күрес шараларын белгілеуге, 
мұнайлы газды тектоникалық құрылымдарды іздестіруге қажет. 
 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
37 
 
Қырқа құмдар (суретті түсірген автор) 
Рельефтің 
морфография 
және 
морфометриясына 
байланысты 
топтастырылуы. Гипсометриялық сипаттама, яғни жер беті биіктігін өлшеп зерттеу 
рельефтің  ең  маңызды  морфометриялық  сипаттамасының  бірі.  Құрлық  беті  мұхит 
деңгейінен  көтерілу  мөлшеріне  байланысты  ойпатты  0  м-ден  200  м-ге  дейін, 
қыратты  200  м-ден  жоғары  рельефке  бөлінеді.  Ойпатты  рельеф  көбінесе  жазық 
бағытта  жайласқан  жас  борпылдақ  жыныс  қабаттарынан  тұратын  тегіс,  жазық 
алқабы. Қыратты рельеф нақты биіктігіне, геологиялық құрылымына және тілімделу 
сипатына байланысты қыраттарға, қыратты жазықтарға, үстірттерге, таулы қыраттар 
мен тауларға ажыратылады. 
Қыраттар және қыратты жазықтарға нақты биіктігі 200 м-ден 500 м-ге дейінгі 
жер  бетінің  кейбір  үлкен  бөліктері  жатады.  Морфология  жағынан  осы  екі 
аймақтардың іші жазықты, ойлы-қырлы, жонды-төбелі немесе белесті және сатылы 
болады.  Геологиялық  құрылысына  қарай  –  аккумулятивтік  және  денудациялық 
жазықтар деп жіктеледі. 
Аккумулятивті  жазықтар  –  жер  қыртысының  ойысып  (иіліп),  төмен  түскен 
тұстарында  борпылдақ  шөгінділердің  ұзақ  уақыт  жиналуының  нәтижесінде 
құралған.  Жаратылыс  тегінде  (генезисіне)  қарай  теңіздік,  аллювиалдық, 
пролювиалдық, эолдық, флювиогляциялдық жазықтарға бөлінеді. 
Денудациялық  жазықтар  –  тау  жыныстарының  үгіліп  немесе  су  эрозиясына 
ұшырап  тегістелуінен  пайда  болады.  Мұндай  жазықтықтарда  кішігірім  таулардың 
жұрнақтары жиі кездеседі. Мысалы, Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқылы Сарыарқа 
даласы.  Осы  тұрғыдан  В.  Дэвистің  Сарыарқаны  кәдімгі  пенепленмен  теңдестіргені 
де тегін емес. 
Үстірт француздың plateau деген сөзінен шыққан – жазық бағытта астасқан тау 
жыныстарынан  құралған,  тегіс  бетті  қыратты  жазықтар.  Бұлар  төмендеу  жатқан 
ойпатты  жазықтардан  кертпештер  арқылы  шектеледі.  Геологиялық  құрылысына 
қарай құрылымдық және жанартаулық үстірттерді ажыратуға болады. Жанартаулық 
үстірт  деп  магмалық  жыныстардың  берік  қабаттарымен  тысталып  қашалған  түрін 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
38 
айтады.  Жанартаулық  үстірт  аса  зор  көлемді  магмалық  массалардың  жер  бетіне 
шығып, төгілуі нәтижесінде пайда болған. 
 
Сырдың төменгі ағысындағы бархандар (суретті түсірген автор) 
Таулы  үстірт  –  кең  ауқымды,  біршама  тегіс  немесе  белесті  келген  жайпақ 
жатқан  немесе  сәл-пәл  деформацияға  ұшыраған  жыныстардан  құралған  биік 
өлкелер.  Таулы  үстірттердің  жәй  үстірттерден  айырмашылығы  нақты  биіктігі  1000 
м-ге дейін немесе одан да жоғары болуы және осыған байланысты терең тлімделуі. 
Қыратты  өлкелердің  ішкі  жағы  тегіс  емес,  олардың  бірқатар  бөлігін  ойпаттар  мен 
жоталар  алып  жатады.  Таулы  үстірттер  ежелгі  таулы  аймақтың  ұзақ  уақыт 
тегістеліп,  кейін  қайта  көтерілуі  нәтижесінде  түзілген.  Бұлардың  мысалы  –  Орта 
Сібір, Иран, Анатолий, Шығыс Памир тау үстірттері. 
Кейбір  зерттеушілер  таулы  үстіртке  жоғары  көтерілген  және  тегістелген, 
деформацияланған  тау  жыныстарынан  құралған  денудациялық  жазықтарды 
жатқызады. 
Таулар  дегеніміз  жоғары  биіктікке  (8000  м-ге  және  одан  да  жоғары)  өрлеген 
жер 
қыртысының 
қатпарлы 
және 
қатпарлы-жақпарлы 
құрылымдарымен 
күрделіленген теңіз деңгейімен және өзін қоршаған жазықтықтармен салыстырғанда 
биіктік  көрсеткіштері  өте  жиі  және  күрт  өзгеріп  отыратын  жер  бетінің  біршама 
көтеріңкі  аймақтары.  Таулардың  ұзындығы  ондаған,  жүздеген  және  мыңдаған 
шақырымға  дейін  иіріліп,  созылып  жатады.  Өздері  алып  жатқан  аймақтардың 
жалпылама  аумағына  орай  тау  сілемдері,  таулы  белдеу,  таулы  өлке,  таулы  жүйе, 
таулы  аудан  және  таулы  жота  деген  атаулар  арқылы  дараланған.  Таулардың  пайда 
болуын  қамтамасыз  ететін  бірден-бір  шарт  –  жоғары  бағытталған  тектоникалық 
қозғалыстардың  сол  таулардың  мұжылу  процесіне  қарағанда  әлдеқайда  қарқынды 
болуы. Гипсометрия бойынша биіктігіне қарай олар  – аласа (1000 м-ге дейін), орта 
(1000-3000  м)  және  биік  (3000  м)  тауларға  бөлінеді.  Оған  өңірдегі  Қаратау  жотасы 
мысал бола алады. 
Аласа  таулы  рельеф  биігірек  таулардың  бірте-бірте  мүжілу  нәтижесінде 
қалыптасқандықтан,  бұлардың  беткі  жазықтықтары  жұмырланған  суайырықтармен 
жайпақ  беткейлі  тау-төбелермен  аңғарлардың  терең  жемірілуімен  сипатталады. 
Мұнда  вертикалды  ландшафты  белдеулері  аса  айқын  білінбеуімен  немесе  мүлде 
болмауымен ерекшеленеді. 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
39 
 
Сырдың төменгі ағысындағы дюналар (суретті түсірген автор) 
Рельефтің  генезисі.  Қазіргі  геоморфологияның  негізгі  анықтамасының  бірі  – 
рельеф  эндогендік  және  экзогендік  процестердің  өзара  әрекетінің  нәтижесінде 
қалыптасқан.  Бұл  түсінік  рельеф  генезисінің  жалпы  ұстанымы,  дегенмен  жеке 
рельеф  пішіндерін  зерттегенде,  оларды  нақты  талқылап,  мұқият  талдау  керек 
болады. 
Жоғарыда  айтылғандай,  рельефтің  ең  ірі  пішіндері  –  планетарлық  мега  және 
макропішіндер,  ал  кейбір  жағдайда  рельефтің  мезопішіндері  де  эндогендік 
пішіндерге  жатады.  Ауқымы  жағынан  майда  келген  микропішіндер  –  көбінесе 
экзогендік  рельефке  жатады.  Эндогендік  және  экзогендік  процестер  рельефтің 
қалыптасуында  өзара  тығыз  байланысты.  Әдетте  эндогендік  процестерден 
қалыптасқан  ірі  рельеф  пішіндерінен  экзогендік  процестер  арқылы  одан  әрі 
күрделеніп, жаңадан мезопішіндер және микропішіндер құралады немесе, керісінше, 
жер бетіндегі кедір-бұдырларды тегістеп, жазықтандырады. 
Жоғарыда айтылған рельеф құрушы процестер сирек жағдайда ғана жеке өтуі 
мүмкін.  Рельеф  генезисін  зерттеу  кезінде  геоморфолог  әр  уақытта  рельеф 
пішіндерінің  қалыптасуында  геоморфологиялық  процестердің  қайсысы  басымдау 
және олардың қалыптасу тегін қалай дұрыс анықтауға болады деген сұрақтарға тап 
келеді.  Сондықтан  мұндай  проблеманы  талдаған  кезде  төмендегідей  мәселелерге  
көңіл аудару керек: 
1. Жер бетінің рельефі эндогендік және экзогендік процестердің өзара қарым-
қатынас  әрекетінің  нәтижесінде  қалыптасқан.  Бұл  тұжырым  жалпы  дұрыс 
болғанмен, әр жағдайда анықтап дәлелдеуді қажет етеді. Осы проблема талдауының 
алғашқы  кезеңінде  алдымен  геоморфологиялық  процестердің  қайсысы  басымдау 
екендігін  анықтау  керек.  Бұл  өте  күрделі  мәселе,  демек  тектоникалық  және 
экзогендік  процестердің  қарқындылығы  өзара  шамалас.  Мысалы,  тектоникалық 
көтерілудің  орташа  жылдамдығы  жылына  миллиметр  немесе  миллиметрдің  оннан 
бірі  болса,  онда  жер  бетіндегі  денудация  процесінің  орташа  жылдамдығы  немесе 
мүжілген материалының шоғырлануы сол қатарлы мөлшерде саналады. 
2. Бұрын бір агенттердің әсерінен қалыптасқан рельеф  пішіндері қазіргі кезде 
басқа агенттердің ықпалына ұшырап кетуі мүмкін. 
3. Бірақ, көбінесе жер бетіндегі рельеф пішіндері бірнеше табиғи процестердің 
қатар ықпал ету әсерінен қалыптасады. 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
40 
4. Әр қатарлы рельеф пішіндерінің қалыптасу тегін анықтау жолында мынадай 
заңдылықтарды  байқауға  болады:  рельефтің  ірі  пішіндері  жалпы  эндогендік 
процестермен байланысты, ал оның бетінде дамыған кіші-гірім пішіндер экзогендік 
процестердің  нәтижесі.  Мұндай  жағдайда  алдымен  рельеф  пішіндерінің  мөлшеріне 
назар аударылуы тиіс. 
Әдетте  планетаның  ірі  пішіндері  (мегарельеф  және  макрорельеф)  эндогендік 
процестер  нәтижесінде  қалыптасады.  Мезопішіндердің  морфологиясы  тек  сирек 
жағдайларда  ғана  тектоникалық  процестерге  тәуелді.  Ұсақ  пішіндердің  басым 
көпшілігі экзогендік процестермен байланысты. 
Ежелгі заманда бастаушы процесс ретінде бола тұрып, қазіргі кезде оның әсері 
тоқталса да, түбінде сол процестің әсері қазіргі жер бетінің пішіндерінде сақталып, 
айқын  бейнеленуі  мүмкін.  Мысалы,  ежелгі  (кеш  плеистоцен)  мұз  басу 
аймақтарының  мұзды  аккумулятивтік  пішіндерін  келтіруге  болады.  Қазіргі  кезде 
бұлар  басқа  процестерге  ұшыраған,  бірақ  олар  бұрынғы  әсер  еткен  процестерден 
қалыптасқан сол морфологиялық бейнесін айтарлықтай сақтаған. 
Егер  рельеф  пішіндерінің  қалыптасуында  бір,  екі  немесе  бірнеше  факторлар 
қатынасса,  онда  рельефтің  комплексті  жолмен  қалыптасқандығын  айтуға  болады. 
Рельеф  генезисі  көбінесе  далалық  зерттеу  мәліметтері  көмегімен  анықталады. 
Рельефтің  аккумулятивтік  пішіндерінің  генезисін  белгілеу  үшін  оларды  құрайтын 
шөгінділерді жан-жақты зерттеудің маңызы зор. Аллювиалдық, пролювиалдық, теңіз 
және  тағы  басқа  шөгінділер  көп  жағдайларда  ерекше  литологиялық  және 
морфологиялық  қасиеттерінің  комплексіне  ие  және  олар  құраған  аккумулятивтік 
пішіндердің қалыптасу тегі туралы белгілі дәрежеде мәлімет алуға мүмкіндік береді. 
Аридті (лат. Aridus – құрғақ) аймақтардағы рельеф пішіндері негізінен желдің 
әрекетінен  пайда  болады.  Желдің  әрекетіне  байланысты  геоморфологиялық 
процестер  мен  рельеф  пішіндерін  эолдық  деп  атайды.  Эолдық  процестердің 
морфологиялық  жағынан  білінуі  үшін  мынандай  физикалық-географиялық  және 
геологиялық  жағдайлардың  белгілі  түрде  үйлесуі:  жауын-шашынның  өте  аз  болуы, 
қатты  желдердің  жиі  болуы,  өсімдіктер  жамылғысының  мүлдем  жоқ  болуы  немесе 
өте  сирек  кездесуі,  тау  жыныстарының  мейлінше  физикалық  үгілуі  және  үгілу 
заттарының өте ұсақ шаң-тозаң түрінде болуы қажет. Мұндай жағдайлар қуаңшылық 
елдерде, яғни жауын-шашынның жылдық мөлшері 700 мм-ден аспайтын тропикалық 
шөлдерде,  сонымен  қатар,  қоңыр  салқын  ендіктердің  қуаңшылық  климаттағы  шөл 
және шөлейттерде жиі кездеседі. 
Белгілі  жағдайда  эолдық  процестер  басқа  табиғат  белдеулерінде  де  кездеседі. 
Мысалы, климаттың жағдайына қарамастан борпылдақ құмның үгілуі теңіз және көл 
жағасыда  байқалады.  Эолдық  рельеф  пішіндері  аллювиалдық  материалдың  жиналу 
нәтижесінде өзендер аңғарларында да қалыптасады. 
Сөйтіп, жел әрекеттерінің қарқынды түрде жүзеге асу аймақтары: кең көлемді 
шөл және шөлейт белдемдері, теңіз бен көлдің аккумулятивтік жағалары және өзен 
аңғарларының құм материалы шоғырланатын бөліктері. 
Жалпы  эолдық  процестер  мынандай  түрлерге  бөлінеді:  дефляция  борпылдақ 
топырақтарды  үрлеп  ұшыруы;  желдің  әрекетінен  ұшатын  қатты  құм  бөлшектер 
арқылы  тау  жынысына  механикалық  әсер  етуі:  қажап  бұзу,  өңдеу,  тегістеу,  тесу; 
эолдық материалды тасымалдау және шоғырлап шөгуі. 
Желдің жылдамдығы мен жел арқылы ұшқан топырақ бөлшектерінің арасында 
тікелей  байланыс  бар.  Желдің  қозғаушы  күші  оның  жылдамдығына  тура 
пропорционалды,  ал  тасымалды  бөлшектердің  мөлшеріне  кері  пропорционалды 
болады.  Эксперименталды  бақылау  нәтижесінде  желдің  бастапқы  жылдамдығына 
сәйкес құм бөлшектерінің мынадай мөлшері сай келеді. 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
41 
Рельефтің  дефляциялық  және  корразиялық  пішіндері.  Қазақстанның  шөл 
және  шөлейт  жерлерінде,  әсіресе,  Маңғыстау  мен  Үстірт  аймақтарында  адам 
бойынан биік әртүрлі тас бағаналар, тас саңырауқұлақтар, тас шарлар өрген қойдай 
жайылып  жатыр.  Олар  көбінесе  тасқашалау  (корразия)  мен  үрлену  (дефляция) 
әрекетінен  пайда  болған.  Жел  айдаған  миллиондаған  құм  түйіршіктері  көбінесе 
жердің  бетінен  1-2  м  биіктікте  ұшады.  Сонда  жартастардың  сол  деңгейдегі  жатқан 
ірге  тасын  жел  құм  түйіршіктерімен  қашап,  жонып,  тырнап,  мүжіп,  қырып,  бұзып 
айдап  алып  кетіп,  ұсатып,  кейін  эолдық  «тас  бағаналар»,  дөңгелек  келген 
тасберіштер  (конкрециялар),  «тас  мұнаралар»  сияқты  ерекше  рельеф  пішіндерін 
құрайды.  Сөйтіп  желмен  ұшқан  құм  түйіршіктері  жартас  жыныстарымен  жанасып, 
абразиялық материал ретінде олардың сыртын өңдеп механикалық әсер етеді. 
Жел қаққан жартастардың пішіндері олардың құрамы мен құрылысына тығыз 
байланысты.  Жел  өзінің  табиғи  әрекетіне  орай  нығыздығы  шамалы  иекемді 
жыныстарға  ықпал  етіп,  яғни  құм  және  құмайт  түйіршіктерін  үргілей  отырып, 
олардан  неше  түрлі  қуыс,  терең  айғыз  шұңқырлар  қашап  шығарады.  Мұндай 
жерлерде  берік  жыныстардан  құралған  неше  түрлі  жануарларды,  отырған  құсты, 
басынан  дулығасын  шешпей  ұйықтап  жатқан  алпауытты,  сақалы  ұйысқан  шалды, 
шөккен түйені, қақпа-дарбазаны, қамалдарды т.б. елестететін мүсіндер түзеді. 
Желдің  осылайша  қатты,  берік  жыныстарды  бөліп,  қақпалау  әрекетін  эолдық 
қашау деп атайды. Дефляция деп желдің әсерінен борпылдақ жыныстардың үрленіп, 
ұшуын  айтады.  Дефляция  процестері  шаң-тозаң,  құйындар  жиі  болатын  шөлді 
аймақтарда жиі байқалады. Солардың әсерінен жер бетінде дөңгелек тәрізді немесе 
соққан  бағытына  қарай  созылған  сопақ  пішінді  көлденеңі  оншақты  метрге  немесе 
жүздеген  метрге  жететін  қазаншұңқырлар  пайда  болады.  Кейбір  жерлерде  осы 
дефляция нәтижесінде пайда болған  рельефтің теріс пішіндерін ярданг деп атайды. 
Кейбір жағдайда дефляцияның әрекеті басқа мүжілу процестерімен қосылып, қазан 
шұңқырлардың  түбін  әрі  қарай  тереңдете  түседі.  Осылайша  түбі  өте  терең,  көлемі 
аса зор ойыстар пайда болады. 
Дефляциялық процестер ауыл шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Мысалы, 
жерді  соқамен  ұқыпсыз  жыртқан  кезде  желдік  жемірілу  пайда  болуы  мүмкін.  Егер 
мұнда  жыртылған  жерлер  тиісті  қамқорлықпен  пайдаланылмаса,  топырақтың 
жоғары құнарлы гумус қабаты өзінің тиісті құрылымын жоғалтып, желмен ұшырып 
айдалып кетеді. Нәтижесінде жел эрозиясы мемлекетке жыл сайын көп зиян тигізеді. 
Ғалымдардың  есептеуі  бойынша,  кейде  1  гектардан  125  тонна  құнарлы  топырақ 
желмен ұшып кетеді екен. 
Жел  жер  бетіндегі  ұсақ  шаңдарды,  тозаңдарды,  құмайтты,  құмдарды  үрлеп 
көтереді  де,  оны  бүкіл  жер  жүзіне  тасымалдайды.  Мысалы,  1883  жылы 
Индонезиядағы  Кракатау  жанартауы  атқылағанда  оның  күлі  соншама  биіктікке 
көтерілген,  сөйтіп  үш  жыл  бойында  жерді  үш  рет  айналып,  аспанда  ұшып  жүрген. 
Тасымалдану  жолының  алыс-қашықтығы  біріншіден,  үгінді  түйіршіктерінің 
көлеміне  және  ауырлығына,  олардың  пішініне,  екіншіден,  жел  күшіне  байланысты 
болады.  Ірілеу  кесектер  де  құйын,  дауыл  кезінде  жер  бетінен  көтеріліп,  бірнеше 
мәрте  ұшып,  жерге  аунап  түсіп,  домалап  отырады.  Мұндай  тасымалдануды 
«сальтация» деп атайды. Ал, эолдық тасымалданудың басты құрамы құм үгінділері. 
Олар  көбінесе  жер  бетінен  1-2  метр  биіктікке  ұшады.  Соның  80%  жел  құйынының 
аса  төменгі  қабатында  10-20  см  биіктікте  жылжиды.  Сонда  құм  бөлшектері  бір-
бірімен  соқтығысып,  қақтығысып,  гуілдеген  дыбыс  шығарады,  соқтыққан  құм 
уатылып-ұсақталып,  тегістеліп,  жалтырайды.  Кварц  түйіршіктері  минералдардың 
ішіндегі  ең  бір  қаттысы  болғандықтан,  құмдар  құрамының  негізгі  бөлшегі  болып 
саналады. 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
42 
Ал шаң-тозаңның тасымалдануы әдетте едәуір биіктікте болады. Шаңды дауыл 
кезінде  ауа,  биіктігі  жүздеген  метрге  дейін  ұсақ-тозаң  бөлшектерге  толып,  олар 
желдің ықпалынан талай жерге тасымалданады. 
Құм-тозаңның қаншалық алысқа жететіндігін бір-екі мысалдан білуге болады. 
Мысалы,  Ауған  шөлдерінен  ұшқан  шаң  Қарақұмға  дейін  жетіп,  шөгеді.  Қарабұғаз 
шығанағының суалған түбінен көтерілген тұзды тозаң Каспий теңізінен басып өтіп, 
Әзірбайжан  бау-бақшалардың  үстіне  қонады.  Сондай-ақ  құрып  бара  жатқан  Арал 
теңізінің  түбінен  ұшқан  орасан  мол  тұзды  шаң-тозаң  Қазақстан  шекарасынан  тыс 
көптеген Евразия елдерінің егіс даласына шөгіп, зиян тигізгені баршамызға аян. 
Жалпы эолдық құмдардың жаралау тегі – өзен, көл, теңіз шөгінділерінен және 
эллювиалдық  шөгінділердің  жел  әрекетінен  ұшуынан  пайда  болған.  Мысалы, 
Қарақұм  ерте  замандағы  Әмударияның,  Қызылқұм  –  Сырдарияның,  Мойынқұм  – 
Талас  пен  Шу  өзендерінің,  Балқаш  маңындағы  Іле  өзенінің  және  көлдер  құм 
шөгінділерінің желмен қайтадан ұшуынан түзілген. 
Эолдық  аккумулятивті  пішіндері  құмдардың,  шаң-тозаңның,  жел  әрекетімен 
шоғырлануы нәтижесінде жер бетінде әр түрлі эолды аккумулятивтік пішіндер пайда 
болады. Эолдық аккумулятивті пішіндердің жай түрі – құм үйінділері. Бұл алдымен 
биіктігі  –  1-2  метрге  жететін  бұта,  дөңбек  тас  секілді  тосқауылдардың  ық  жағында 
қалыптасатын  кішігірім  жел  бағытына  сәйкес  созылған  дөңбек  дөңестер.  Осы 
дөңестер  өсе  келе  өзі  де  желге  тосқауыл  болып,  құмдар  оның  алдында  үйіле 
бастайды. Ақырында тосқауылдар құмның астында көміліп, биіктігі 5-6 метрге дейін 
жететін симметриялық эолдық үйінділер түзіледі. 
Желдің  үрлеген  бағытына  қарай  орналасқан  бойлық  және  көлденең  эолдық 
пішіндерді ажыратуға болады. 
Қырқа  құмдар  –  ұзындығы  бірнеше  шақырым,  биіктігі  10  метрден  30  метрге 
дейін жететін желдің тұрақты бағытына қарай жаралған құмды тізбек қырқалар Б.А. 
Федоровичтың  көзқарасы  бойынша  қырқа  құмдар  немесе  құмдық  қырқалар  желдің 
құйын  тәрізді  таралуынан,  құмның  жел  екпіндерінің  жазық  бағытта  шыр  айналып 
ұшып  борауынан  қалыптасады.  Себебі  құйынды  жел  құм  түйіршіктерін  төмен 
жерлерден  ұшыртып  әекетіп,  солардың  арасында  пайда  болған  қырқаларға  әкеліп 
үйеді. 
Сонымен қатар құм басым желдердің бағытына сәйкес қырқа бойымен ауысып 
жылжи береді де, оның ұзаруына қамтамасыз етеді. Нәтижесінде бір-бірімен жарыса 
созылып  жататын  жіңішке  қырқалар  түріндегі  құм  массивтері  қалыптасады.  Қырқа 
құмдардың  өздеріне  тән  сипат  белгісі  –  жел  жақ  беткейі  мен  ық  жақ  беткейінің 
көлбеулігі  жөнінен  олардың  бір-бірінен  айырмасы  жоқ.  Қырқа  құмдарды  көбінесе 
өсімдік  басып  жатады.  Құм  бедерлерінің  мұндай  түрлері  Арал  маңы,  Қызылқұм, 
шөлдерінде ең басты рельеф пішіндерін құрайды. 
Жел  бағытына  көлденең  орналасқан  пішіндерге  құм  шағылдар,  бархан 
тізбектері  және  параболдық  құмды  дөңдер  жатады.  Құм  шағылдар  симметриясыз, 
үстінен  қарағанда  жарты  айға  ұқсаған  немесе  ортақ  пішіндес  жел  ескен  бағытқа 
көлденең  орналасқан  құм  бедері.  Оның  екі  жақтағы  ұшы  жел  соққан  бағытты 
көрсетеді. Жел жақ беті жайпақтау 10-15
0
, қарсы ық беткейі қысқалау еңкіш 30-35
0
 
дейін жетеді, яғни құмның табиғи құлама бұрышына сәйкес. Екі ұшының арасында 
жел  ұйытқығандықтан  ойма  шұңқыр  пайда  болады.  Барханның  көлемі  әр  түрлі. 
Кішкене бархандардың биіктігі 3 метрден 8 метрге дейін болады. Кейбір шөлдерде 
олардың биіктігі 40 метрге, көлденеңі 200-300 метрге жететін түрлері бар. 
Ал, Қазақстанда мұндай Қалқан құм төбесінің биіктігі 70 метрге жетеді. Ол Іле 
өзененінің оң жағалауындағы шөлдерде кездеседі. Бархандар бір орнында тұрмайды, 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
43 
жел соққан бағытқа баяу жылжи береді. Мысалы, Қарақұм шөліндегі бархандардың 
жылжуы ай сайын 12 метрге дейін жетеді. 
Үлкен  бархандарға  қарағанда  аз  көлемді  кішкене  бархандар  орнынан  тез 
ауысады,  олар  үлкен  барханның  жел  жақ  беткейімен  жылжып,  «өрмелеп»  отырып 
нәтижесінде ірі көлемді «күрделі», «полисинтетикалық» бархандар қалыптастырады. 
Осы  бархандардың  пайда  болуы  туралы  басқа  да  ұғымдар  бар.  М.П.  Петрованың 
пікірі  бойынша,  кішкене  бархандардың  түзілуі  үлкен  бархандардың  жел  жақ 
баурайындағы құйынның әрекетімен байланысты. 
Кейбір  құмдар  механикалық  құрамына  байланысты  жел  соққанда  бір-бірімен 
соқтығысып  үн  шығарады.  Мсылалы,  Алматыдан  небары  150  шақырым  жерде, 
жоғарыда айтылған Іле өзен жағаларындағы Қалқан құмдық төбелердің өңірінде таң 
қаларлық табиғи құбылыстар байқалады. Мұнда жел соққан кезде құм үн шығарады. 
Оның  дауысы  айналасы  ондаған  шақырымға  дейін  айқын  естіліп  тұрады.  Бұл 
ғаламат  табиғат  құбылысын  былай  түсіндіруге  болады:  шаң-тозаңсыз  таза  құм 
түйіршіктері желмен ұшқан кезде немесе ұсақ түйіршіктердің құм төбесінен баурай 
бойымен  сырғанап  ауысқан  жағдайларында,  олар  өзара  бір-бірімен  соқтығысып, 
үйкелуінен  аздап  дыбыс  шығарады,  ал  сусымалы  құмнан  құрылған  биіктігі  70 
метрлік  құм  төбе  камертон  ретінде  бұл  дыбысты  одан  әрі  күңірентіп,  гуілдетіп 
күшейтеді. Жұрт мұндай құм төбені әнші құм деп атап кеткен. 
Жел  бағытына  көлденең  орналасқан  аккумулятивтік  құм  бедерлеріне  бархан 
тізбектері  жатады.  Бархан  тізбектері  деп  бархандардың  бірінен  соң  біріне  ұзына 
бойы  тізіліп  созылған  күрделі  бархандарды  айтады.  Әдетте  бархан  тізбектері  бір-
біріне  қатар,  параллель  орналасады.  Бархан  тізбектерінің  ұзындығы  әдетте  3-5 
шақырым  болады,  дегенмен  ұзындығы  20  шақырым,  көлденеңі  бір  шақырым, 
биіктігі 100 метрге жететін құмды жоталары да байқалады. 
Құм  төбелер  (дюналар  –  немісше  Dune  –  құм  төбе)  –  теңіздердің,  көлдердің 
және  өзендердің  жағаларында  жел  айдап,  үюден  пайда  болған  рельеф  пішіні.  Құм 
төбелер  тұрақты  жел  бағытына  көлденең  орналасады  да,  көбінесе  тізбектеліп 
жатады.  Олардың  биіктігі  кейде  300  метрге  дейін  жетеді,  беткейлері  ассиметриялы 
болады:  жел  жақ  беткейі  жатық  5-12
0
,  ал  қарама-қарсы,  ық  жағы  еңкіш  30-35
0
-қа 
дейін  жетеді.  Желдің  әсерінен  құм  төбелер  баяу  жылжып,  егістікті,  бақтарды, 
жолдарды,  арықтарды  тіпті  қыстақтарды  басып  қалуы  мүмкін.  Дюналар  Арал 
маңында кең тараған. 
Эолдық  аккумулятивтік  пішіндерге  жеке  пирамидалық  құм  дөңдер  жатады. 
Мұндай  эолдық  түрлер  өте  сирек  кездеседі.  Пирамидалық  дюналар  әр  бағытта 
соққан  желдердің  қиылысу  әсерінен  пайда  болуы  мүмкін.  Мұндай  дюналар 
Қызылқұм  мен  Қарақұмда  кең  тараған.  Оның  биіктігі  10  метрден  асады.  Ол  әр 
бағыттағы  жел  ағындарының  қиылысқан  жерінде  орналасқан.  Желдің  бір  бағыты 
солтүстік  батыстан  оңтүстік  шығысқа  немесе  кері  бағытта  тау  жоталары  етегін 
бойлап  ұйытқыса,  ал  екіншісі  оған  көлденең  өзен  аңғар  бойымен  жоғары  немесе 
судың құйылысына қарай төмен соғады. Биіктігі 150 метрлік пирамидалық дюналар 
ең ірі шөлдерде кездеседі. 
Қуаңшылық  аймақтардағы  теңізге  жақын  орналасқан  тау  жоталарының 
етегінде пирамидалық дюналарға ұқсас құмды түзілімдер жиі кездеседі. Бұлдардың 
биіктігі  150-200  метр.  Дюналардың  қоректену  көзі  –  теңіз  немесе  өзен 
жағаларындағы  құмдар.  Бұл  жағдайда  өзенге  төніп  тұрған  биік  тасты  құздар 
қозғалмалы құмдардың табиғи бөгеті болып тұрады. 
Жоғарыда  айтылған  барлық  құм  үйінділерінің  жел  жақ  бетінде  жел бағытына 
көлденең  ұшырасқан  күрделі  түрде  иерелеңдеп  тарамдалған  толқындар  іспетті 
шағын-шағын  микропішіндер  жүйесін  –  эолдық  иректер  дейді.  Бұлар  құм 

№№1-12(104-115), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016          ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
44 
үйінділерінің  ішіндегі  ең  тұрақсыз,  қозғалмалы,  әрдайым  желдің  динамикалық 
ықпалына бейімделген ерекше микропішіндер. Соққан жел ұшырып алып келген құм 
түйіршіктерін  осы  иілімдердің  ық  жағына  айдап  үйеді.  Соған  байланысты  жалпы 
құм  үйінділері  үнемі  жыл  сайын  бірнеше  сантиметрден  бірнеше  ондаған  метрге 
дейін  ілгері  жылжып  отырады.  Нәтижесінде  олардың  жолында  тұрған  неше  түрлі 
құрылыстарды, ағаштарды, бұталарды көміп тастайды. 
Көшпелі  құмның  халық  шаруашылығына  едәуір  зияны  бар.  Тарихта  көне 
заманнан белгілі шөлді аймақтардың ірі қалалары, гүлденген алқаптар, бау-бақшалар 
түгелдей құм астында көміліп қалғаны баршамызға аян. Сондықтан қуаң климатты 
елдерде  құрылысты  салу  және  ауыл  шаруашылығының  жарамды  жерлерін  ұқыпты 
пайдалану  үшін  алдымен  лайықты  шараларды  қарастырып,  жылжымалы  құмдарға 
қарсы әрекет жүргізілуі тиіс. 
Осы  мақсаттарды  жүзеге  асу  үшін  қазіргі  кезде  бірқатар  тәсілдерді 
пайдаланады:  құмның  жылжу  жолын  бөгеу  үшін  қыстыкүні  қар  тоқтатқандай 
қалқандар қою; құмда өсетін өсімдіктерді (бұталар, қарағайлар, жыңғылдар, шөптер) 
өсіру негізгі тәсілдің біріне саналады; отырғызылған өсімдіктер өзінің тамырын жая 
отырып,  құмның  беткі  қабатын  сәл  бекітіп  қозғалтпайды;  мал  жайылған  жерлерді 
ұқыпты  пайдалану,  әсіресе  шөпті  басып  тастаған  мал  айдалған  жолдарға  назар 
аударып, тиісті шаралар жасау. 
Қуаңшылық  және  жартылай  қуаңшылық  аймақтарда  құмды  шөлмен  қатар 
тасты  және  сазды  шөлдерде  кең  тараған.  Оларда  рельефтің  әр  түрлі  дефляциялық 
пішіндері дамыған. 
Сазды  шөлдердің  үсті  әдетте  лесстен  және  лесске  ұқсас  борпылдақ 
жыныстардан құралған. Бұл өлкелерді негізінде судың жетіспеуіне байланысты ғана 
шөлді  дала  деп  атайды.  Суарған  кезде,  әр  түрлі  өсімдіктердің  өсуі  арқылы  бұл 
топырақ өзінің құнарлығын тез арада арттырып, гүлденген алқапқа айналуы мүмкін. 
Сазды және шөлейт аймақтарда тақыр деген ерекше пішіндер ұшырасады. Тақырлар 
(түріктес  –  тақыр  –  тегіс,  жалаңаш)  түбі  теп-тегіс  өсімдік  өспейтін,  мезгіл-мезгіл 
кеуіп  қалып  отыратын  саз  көлшіктердің  жазық  түбі.  Олар  су  іркілетін  ойпаң 
жерлерде  пайда  болады.  Түбінің  беріктігі  сондай,  аттың  тағасы  да  із  қалдыра 
алмайды. Тақырлардың аумағы бірнеше шаршы метрден 10-12 км
2
-ге  дейін  жетеді. 
Көктемде  қар  еріген  кезде  немесе  нөсер  жауғанда  сазды  даланың  үстінде  көптеген 
кішігірім ойпаңдардың түбінде саз балшық топыраққа қаныққан су жиналады. Жазда 
су  буланып  кеткеннен  соң  сазды  материал  тұнбаға  айналып,  құрғап  және 
тығыздалып  қатты  тегіс  жылтыраған  жазыққа-тақырға  айналады.  Сонан  соң 
тақырдың  беті  тобарсып,  айқұш-ұйқыш  жарықтармен  шимайлана  шатынап,  көп 
бұрышты бөлшектерге бөлініп кетеді. 
Тақырдың  беткі  қабаты  тығыздалып,  берік  болуына  эфемерді  су  қоймасында 
өсетін  микроскопиялық  көкжасыл  балдырлардың  қатысы  бар  деген  тұжырым  бар. 
Тақырлар сорлардың эволюциялық процесінің нәтижесінде құрылуы да мүмкін. 
Сорлар – шөлді ландшафта жиі кездесетін рельеф элементтері. Олар терригенді 
материалмен  толған  сайын  және  капиллярлық  судың  көтерілуіне  байланысты  түбі 
ылғалды,  батпақты  немесе  қабыршықты  сорларға  айналады.  Эолдық  процестермен 
кейбір  пайдалы  қазбалар  байланысты.  Мысалы,  эолдық  шашырандылар  әдетте 
аллювийлік  және  теңіз  жағалауындағы  құмдардың  желмен  қайта  ұшырып 
електенуінен түзіледі. 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет