1-2 сыныпта математика сабақтарында халық педагогикасының элементтерін пайдалану



бет1/29
Дата09.05.2022
өлшемі188,77 Kb.
#33829
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

1-2 сыныпта математика сабақтарында халық педагогикасының элементтерін пайдалану

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар..
1.1.Халық педагогикасының қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.
1.2.Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі ... ... ... ... ... ... ... .24
1.3.Адамзат тәрбиесіндегі халық педагогикасының ролі ... ... ... ... ... ... ...31
2.Халық педагогикасының математикамен байланысы ... ... ... ... ... ... ... .2.1.Математика және қасиетті сандар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.2.Математика және ұзындық өлшемдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40.
2.3.Математика және жұмбақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
2.4.Математика және мақал.мәтелдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
3.Ұлттық мұра сабақта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1. Халық педагогикасы элементтерінің оқулықтағы көрінісі ... ... ... ... ... ... ..
3.2. Эксперимент бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
Қолданылған әдебиеттер тізімі 50

Кіріспе

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердегі оқушыларға халық педагогикасының үлгі өнегелерін оқу – тәрбие үрдісінде тиімді қолдана білуі керек. Қазіргі таңда ғалымдар әр балаға жек бағытталған тәсіл керек, бала жеке тұлға, онымен әрқашан санасу керектігін айтады. Ал біздің ата – бабамыз ерте бастан – ақ балаға ерекше көңіл бөліп, өмірлік тәжірибеде ешбір тыиым салусыз-ақ өз қалауынан адамгершілік мақсат-мүддеге сәйкес әдептілікті, мысалдар арқылы дана түрде жеткізіп отырған. Оқушыларды өзінің Отанын, ұлтын, халқын қастерлеп, оған қалтықсыз қызымет етуге тәрбиелеу және адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу мақсатында күнделікті оқу – тәрбие жүйесіне халықтық педагогиканы енгізу кең өріс алып келеді. Бұл салада басқа пәндер сияқты, математика сабағының да мол мүмкіндіктері бар. Біз қай сабақ болмасын, оның үш бірдей дидактикалық мақсатқа сай жүргізілетінін білеміз. Соның ішінде оқушылардың тіл байлығын дамытатын және ойлау қабілетін қалыптастыратын даму аспектісіне баса назар назар аударуды жөн санайтын. Тақырыпты оқытуда алғашқы сабағынан бастап – ақ халықтың салт дәстүрімен байланыстыру мақсатын бірден алға қойған жөн. Халқымыздың даналығын математика сабақтарын да көрсетуге толықтай мүмкіндіктер бар. Осыны басшылыққа ала отырып мен жұмысыма келесі мақсат, міндеттер қойдым.
Зерттеудің өзектілігі: болашақ қоғам ұрпақтарын тәрбиелеу мен білім беруде баланың жас ерекшелігін ескере отырып халық педагогикасы элементтері арқылы оқушылар білімнің сапалық деңгейін арттыруға ықпалы зор болғандықтан ұлттық педагогика элементтерін математика сабақтарына енгізудің маңызы әр уақытта зор.
Болжам. Халықтық тәрбиенің, білімнің арқауы, ұлттық тәрбиенің негізі – ауыз әдебиеті мен халықтық салт-дәстүрлерге ерекше мән бере отырып оқытсақ, онда өзінің ісін, өмірін жалғастыратын, салауатты, саналы, жан-жақты қаблетті азамат тәрбиелеуге болады деп ойлаймын.
Мақсаты: Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекетіміздің білім саласындағы басты мақсаты – білімнің жаңа ұлттық үлгісін енгізу болғандықтан, осы білім саласындағы мақсатты негіздей отырып, математика мен халық педагогикасының байланысын анықтау.
Міндеті:
 халық педагогикасының ауыз әдебиетімен байланысын ашу;
 адамзат тәрбиесінің халық педагогикасының ролін анықтау;
 халық күнтізбелігі арқылы математикалық жүйені көрсету;
 қасиетті сандардың халық тәжірибесіндегі және матеамтиканы үйретудегі орны;
 математика сабағының халық педагогикасымен байланысын көрсету.
Зерттеу тақырыбы: 2 сыныпта математика сабақтарында халық педагогикасы элементтерін қолдану.
Зерттеу нысаны: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Баян орта мектебінің 2 сынып оқушылары.
Зерттеу мақсаты: математика сабақтарына халық педагогика элементтерін енгізе отырып, халықтық және ұлттық болмысты жалпы ата-бабаларымыздың мұраларымен үндестіру арқылы ұлттық сезімде тәрбиеленген тұлға қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында қазіргі кезде математика негіздерінде, оқушыларға меңгерту, жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің негізгі екіндігі айтылған. Ал, мұның негізі бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайтыны белгілі. Осыған орай мұғалім өз ісіне жетік меңгерген шебер ұстаз болуы тиіс және үнемі ізденіс үстінде оқушының қызығушылығын, белсенділігін, білімін арттырып жүргізуге міндетті.

Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгерту, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, жоғалтып ала жаздаған ана тіліміздің, мемлекеттік мәртебе алып, өркендеу кезеңінде жас бүлдіршіндерді халықтың салт дәстүрі, әдеп-дәстүрі, әдет ғұрыптары арқылы оқытып-тәрбиелеу өте жымды жұмыс. Себебі, жастайынан халықтық тәлім-тәрбие негізінде тәрбиеленген жеткіншек болашақта өз халқын, өз жерін ардақтайтын адал да парасатты азамат болып өсетіні сөзсіз. Сондықтан да мектепте балаларға білім беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін басшылыққа алу басты талап бұл міндетті шешудегі шаралардың қайнар бұлағы сарқылмас көзі-халықтык педагогика.
Диплом жұмысты алдымен «1-2 сыныпта математика сабақтарында халық педагогикасының элементтерін пайдалану» атты курстық жұмыс жазудан бастадым. Осы тақырып бойынша студенттердің ғылыми конференциясында

баяндама жасап мақтау қағазымен марапатталдым. Материалдар жинақтауда №7 Қ.Спатаев атындағы техникалық лицей мектебінің озат мұғалімдері Оспанова Шарипа, Аташ Құндыз, Сапаева Камиләнің және халык ағарту ісінің үздігі Керімбекова Жұмабикенің сабақтарына және облыстық жыл мұғалімі - 2002 байқауына қатыстым.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет