1. Абсолютизм-шексіз жоғарғы билік монархқа тиесілі болатын басқару нысаны



Дата06.03.2023
өлшемі17,65 Kb.
#72029

1.Абсолютизм-шексіз жоғарғы билік монархқа тиесілі болатын басқару нысаны
2.Авантюризм – саясатқа, билік жүргізуде және т.с.с. белгілі бір мақсат-мүддеге жету үшін күдікті, шүбәлі жолмен оңай олжа іздеушілік
3.Автократия – бір адамға жоғары үкімет билігін шексіз беру басқаруды немесе осындай басқарушылық орган мемлекетті айтады. Сонымен қатар қазіргі саясаттануда ол саяси билікті бөліспей, тұтас басқаруға тырысқан адам, не адам тобын атау үшін де пайдаланылады
4.Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау
5.Альтернатива – бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу
6.Аннекция – басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін күштеп жаулап алу немесе басқаға алып берушілік
7.Антагонизм – мүдделі қарама – қарсы күштердің, қостасқан топтар, партиялар және т.б. арақатынасының шиеленіскен түрі
8.Апартеид – нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты. Ол сайлау құқығынан айыру, бірдей еңбекке төмен ақы төлеу, көшіп – қонуды шектеу және т.с.с. көрініс береді
9.Ассимиляция- ұқсастық, бірігу, ассимиляция; бір халықтың екіншісімен бірігуі, олардың біреуі өз тілін, мәдениетін, ұлттық санасын жоғалтады
10.Билік – 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлық) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі;2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік жәнеәкімшілік өкілеттілігі бар адамдары, органдары
11.Бипатридтер – бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы болып есептелуі
12.Бойкот – 1) өзінің экономикалық немесе саяси талаптарын орындату мақсатында жеке адаммен, ұйыммен, мемлекетпен толық немесе ішінара қатынастарды тоқтату; 2) сол мақсатқа белгілі бір міндеттерді орындаудан бас тарту; 3) өкіметті органдарды сайлауға қатысудан бас тарту; 4) наразылық ретінде біреумен қарым – қатынасты үзу
13.Брифинг – үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамадардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу
14.Вето – тыйым салу; вето құқығы – заң шығаратын адамдардың қарақына тыйым салу немесе заңның күшін тоқтату
15.Вотум – өкіметке я оның кейбір мүшелеріне сенім білдіру (вотум доверия) немесе сенім білдірмеу (ветум недоверия) мақсатында сайлау арқылы қабылданған шешім
16.Геноцид – адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау
17.Декларация – үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат мүдделерді жариялайтын мәлімдеме
18.Делегат – съезде, конференцияларда, конргесте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, партияның мақсатын көздейтін өкіл
19.Демаркация - шекараны делимитациялау туралы шарттарға және оларға қоса берілген карталар мен сипаттамаларға сәйкес жергілікті жердегі Мемлекеттік шекара сызығын айқындау және белгілеу
20.Денонсация – келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандығын мәлімдеу. Әдетте, ол туралы екінші мемлекетке алдын ала ескертіледі
21.Деполитизация – белгілі бір ұйым, органдардың және т.б.жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық
22.Депортация – жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару
23.Деспотия − шексіз және дара билеудің бір түрі
24.Диверсификация – мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси шексіз билеп төстеуші
25.Диктатор −заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші
26.Дискриминация – нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына және т.б. байланысты адамдарды құқығынан айыру я шектеу
Иерархия-төменгі органдардың, шенділердің жоғарғы органдарға, шенділерге бағыну тәртібі
Инагурация- 1)мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2) тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған көрме және т.б. салтанатты түрде ашу
Интеграция-мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б. одақтардың құрылуы
Коалиция-1)ортақ жауға қарсы екі немесе одан да көп елдердің жасаған одағы; 2) мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін немесе бірлесіп іс-әрекет жасау мақсатымен партиялардың я қоғам қайраткерлерінің бірігуі, келісімі
Конституция- мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң
Конфликт-қарама-қарсы күштердің, партиялардың, көзқарастардың, мақсат- мүдделердің бір-біріне қайшы келуі
Конформизм – іштей келіспесе де, көпшіліктің ой-пікірі, көзқарастарын икемделу, әсіресе билік басындағы адамдардың ығына жығылып бейімделу
Коррупция-1) мемлекеттік және саяси қайраткерлерді,министрлерді, парламент мүшелерін, шенеуніктерді және т.б. параға сатып алу; 2)лауазымды адамдардың жеке басын байыту мақсатында өз қылмыстық жолмен пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы
Мандат-1.біреудің уәкілдігін куәландыратын құжат 2.қайсыбір жерде, елді мекенде елді басқару үшін берілетін құқық
Модернизация-қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемдеу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс тәсілдердің ,бағдарлама, тұжырымдардың өзгеруі
Оккупация- бір елдің жерін екінші мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы
Петиция-жазбаша жоғарғы үкіметке жолданатын ұжымдық түрде жазылған өтініш
Прембула-халықаралық келісімнің,конституция, декларация және т.б. заңдысыз құжаттардың кіріспе бөлімі
Пролонгация- белгілі бір саяси келісім шарттың мерзімін созу
Промульгация- мемлекет шеңберінде жасалған жаңалық, өзгерісті жариялау
Ратификация- мемлекеттер арасындағы жасалған шартты жоғарғы өкімет орындарының бекітілуі
Реабилитация-жазықсыз айыпталған адамды ақтап, жақсы атын қалпына келтіру
Регент-монархиялық елдерде монархтың жасы толмағандығына, ұзақ науқасқа шалдығуы немесе орнында болмауына байланысты мемлекеттік уақытша басқаруға тағайындалған адам
Регресс-кері шегінушілік, бірдененің дамуында туған құлдыраушылық, өзгерістің нашар жаққа бет алуы
РЕНЕГАТ (лат. renegare-теріске шығару, бас тарту) - өзінің бұрынғы көзқарастарын, сенімдерін, жақтастарын өзгерткен және саяси қарсыластарының, қарсыластарының позицияларына өткен саясаткер
Репарация-соғысты бастап, бірақ жеңіліп қалған мемлекеттің жеңген мемлекетке толық немесе жарым-жартылай слғыс шығынын төлеуі
Репрессия- негізсіз себептермен не ұжымдық жауапкершілік қағидаты бойынша жаза шарасы ретінде жүзеге асырылатын адамдардың әлеуметтік және экономикалық жағдайын мемлекеттің саналы және қасақана нашарлатуы түріндегі саяси зорлық-зомбылықтың нысаны
Узурпация (лат. usurpatio "игеру"), билікті басып алу-басып алу, иемдену, әсіресе саяси билікті күштеп иемдену, билікке күштеп, заңсыз келу немесе басқалардың құқықтары мен өкілеттіктерін иемдену
Экстремизм-бұл азаматтардың өздерінің саяси көзқарастары мен мақсаттарын кез-келген қол жетімді тәсілдермен, соның ішінде мемлекеттік институттарға, қоғам және саяси қайраткерлерге және жеке тұлғаларға әсер етудің зорлық-зомбылық нысандарымен жүзеге асыруға деген ұмтылысынан көрінетін саяси белсенділіктің бір түрі
Эмиграция (лат. emigro-көшіру) - азаматтардың басқа мемлекеттерге тұрақты тұруға кетуі; азаматтардың мемлекеттен тыс ұзақ уақыт болуы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет