1. Аллопатия-Allopathy- грек тілінен аударғанда ἄλλος «басқа, басқа»



бет1/9
Дата24.05.2023
өлшемі22,98 Kb.
#96634
  1   2   3   4   5   6   7   8   9



1. Аллопатия-Аллопатия-Allopathy-(грек тілінен аударғанда ἄλλος «басқа, басқа» + πάϑος «қасірет, ауру») — фармакотерапияға және классикалық медицинаның басқа әдістеріне сілтеме жасау үшін натуропаттар, әсіресе гомеопаттар және альтернативті медицинаның басқа салаларының жақтаушылары жиі қолданатын термин.

2. Асептикалық жағдайлар –Асептические условия-Aseptic conditions.Технологиялық үдерістің барлық кезеңдерінде дайын өнімге микроорганизмдердің немесе механикалық бөлшектердің түсуін болдырмайтын, стерилді дәрілік заттарды дайындау жағдайлары;

3. Дәрілік препараттың қауіпсіздігі-Безопасность препарата-Drug safety.Дәрілік препаратты қолдану кезінде адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты жол берілмейтін қатердің болмауы

4. Биоаналогтық дәрілік препарат-Биоаналог препарата-Biosimilar of the drug. Тіркелген биологиялық бірегей дәрілік препараттың немесе референттік дәрілік препараттың әсер етуші затының нұсқасын қамтитын және ол бойынша сапа, биологиялық белсенділік, қауіпсіздік және тиімділік көрсеткіштері бойынша салыстырып зерттеулердің негізінде ұқсастығы көрсетілген биологиялық дәрілік препарат

5. Биологиялық белсенді заттар-Биологически активные вещества-Biologically active substances. Жануарлар мен адам организмінің паталогиялық өзгерген функцияларын қалыпқа келтіретін табиғи жолмен алынатын заттар немесе олардың синтетикалық аналогтары

6. Биологиялық белсенді тағамдық қоспа-Биологически активная пищевая добавка-Biologically active food supplement. Тағаммен бір мезгілде қабылдауға немесе тағамдық өнімнің құрамына қосуға арналған табиғи және табиғимен бірдей биологиялық белсенді заттар, сондай-ақ пробиотикалық микроорганизмдер.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет