1. Анықтауыш пен пысықтауыштың ұқсастығы мен ерекшелігі Толықтауыш пен пысықтауыштың ұқсастығы мен айырмашылығы



Дата15.10.2022
өлшемі17,33 Kb.
#43216

Тақырыбы:
1.Анықтауыш пен пысықтауыштың ұқсастығы мен ерекшелігі 2.Толықтауыш пен пысықтауыштың ұқсастығы мен айырмашылығы

  • пысықтауыштың қызметтік жағынан анықтауышқа ұқсастығы бар: пысықтауыш мүше қимыл-əрекеттің белгісін, орындалу сапасын білдірсе, анықтауыш заттың əр алуан сапасын, меншіктілік-тəндік қатынаста болуын білдіреді;

  • пысықтауыштың толықтауышпен формалық жағынан ғана (барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келуі, етістікке меңгерілуі) ұқсастығы болмаса, мағыналық жағынан əр басқа;

  • пысықтауыш та басқа тұрлаусыз мүшелер тəрізді сөйлемді жайылмаландырушы мүше болып табылады;

  • пысықтауыш үнемі етістік баяндауышқа немесе етістіктен болған сөз таптарына қатысты болады;

  • пысықтауыш қызметінде үстеулер, үстеу мəндес есімдер, сапалық есімдер жəне мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі зат есімдер жұмсалады.

Орыс ғалымдарының көрсетуінше, пысықтауыштың сөйлемді жайылмаландырудағы толықтауыш пен анықтауыш мүшелерден басты ерекшелігі оның детерминанттық қызметте жиі қолданылуы болып табылады. Нақтырақ айтқанда, олардың сөйлемде берілетін хабарды мағыналық-мазмұндық жағынан жайылмаландыруға бейім келетіні. Мұның өзі – берілетін хабардың мағынасы баяншының еркіне сай субъективтік көзқараспен толықтырылады деген сөз.
Əдетте, пысықтауыштар етістік баяндауыштардың алдынан тіркесіп, солармен грамматикалық та, мағыналық қатынаста болады. Бұлай тіркесу хабардың ерекшелігіне қарай əр түрлі ыңғайда болады. Мысалы, басқа тұрлаусыз мүшелермен қабаттаспай, сөйлемнің предикативтік құрылымына тек бір немесе бірнеше пысықтауыш мүше қатысады жəне олар бірде сөйлемнің тема бөлігінде болса, бірде рема бөлігінде, ал кейде екеуі бірдей рема бөлігінде бола береді. Пысықтауыштың бұл қасиеті, əрине, баяншының танымдық ерекшелігі белгілеген хабардың мазмұнына байланысты болады. Мысалы: 1. Мұнара уəделі уақытта бітті (Ж.Д.). 2.Үшеуі де үнсіз отырып қалды (Ж.Д.). 3. Біз хал-жағдайыңызды білгелі келдік (С.Мұқ.). 4. Дастархан басында жалғыз өзі қалыпты (Р.М.). Осы төрт сөйлемнің ішінде бір-бірден пысықтауыш мүше бар. Алғашқы сөйлемдегі пысықтауыш (уəделі) мезгілдік мағынаны, келесі сөйлемдегі пысықтауыш (үнсіз) амалдық мағынаны, үшінші сөйлемдегі пысықтауыш (көмекші боп) себептік мағынаны, соңғы сөйлемдегі пысықтауыш (дастархан басында) мекендік мағынаны білдіреді.

  • Құрылымдық жағынан алғанда сөйлемнің барлығы да бастауыш пен баяндауыштың қатынасынан тұратын, пысықтауыш мүшесіз де сөйлемдік дəрежедегі сөйлемдер (Мұнара бітті. Үшеуі де отырып қалды. Жалғыз өзі қалыпты. (Мен) келдім.). Алайда, пысықтауыш мүшелердің қай-қайсысының да хабардың мағыналық құрылымы үшін аса қажеттігі байқалады. Бұл қажеттілік, негізінен, баяндауыштың мағынасынан туындайды. Мысалы, біту етістігі қандай да бір атқарылған іс-əрекетке қатысты айтылады, соның аяқталғанын білдіреді. Ал істің орындалуы қандай да бір уақыт шегінде өтеді. Сөйлеуші немесе баяншы алдына мұнараның жай ғана біткенін, яғни, іс-əрекеттің орындалғанын ғана емес, оның келісілген уақыт ішінде біткенін жеткізу мақсатын қойған. Сондықтан, сөйлем ішіндегі пысықтауыш əлсіз де болса баяндауышпен грамматикалық жағынан байланыса отырып (меңгеру), біріншіден, сөйлемнің рема бөлігінің құрылымын кеңейтуге (уəделі уақытта бітті), екіншіден, сол арқылы сөйлемнің мағыналық жағынан жайылмалануына септігін тигізіп тұр. Хабарды қабылдаушы да осы арқылы толық мəлімет алады. Егер сөйлем бастауыш пен баяндауыштың қатынасына ғана құрылған болса, қабылдаушыда қашан? деген сұрақтың туындары əбден мүмкін болар еді де, баяншы оған жауап беруге тура келер еді, тағы бір сөйлем құрастырылар еді. Баяншы осыны ескере отырып, қабылдаушыда күмəн, сұрақ туғызырлық жағдай туындамас үшін сөйлем құрамына мезгілдік мағынадағы сөзді енгізуді дұрыс деп табады.

2.Толықтауыш пен пысықтауыштың ұқсастығы мен айырмашылығы
Толықтауыш пен пысықтауыштың синтаксистік қызметі контекске және етістік баяндауыштың мәніне байланысады. Мысалы, жылқыда өт жоқ. Ол жылқыда болды. Асқар бірінші класта оқиды. Асқар бірінші класта отыр.
Шығыс септік жалғауы бұл тұлғадағы толықтауыш болатындар көлем кеңістік, мезгілдік мән бере алмайтын зат не басқа есімдер.
Білдіретін мағыналары:

  1. Іс-қимылға жұмсалған материалды, яғни заттық тегін, неден жасалғандығын білдіреді. (тастан сарай салғызды).

  2. Іс-әрекеттің шығу объектісін, тегін, тобын білдіреді. (Сабадан қымыз құйылды).


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет