1-Аралық бақылау Мырзабаева Д. Дпмно-001с эссе бастауыш сынып математикасын оқытуда жаңа технологияларды қолдану



Pdf көрінісі
Дата14.04.2022
өлшемі418,95 Kb.
#30995


 

          1-Аралық  бақылау      Мырзабаева Д. ДПМНО-001с 



ЭССЕ 

Бастауыш сынып математикасын оқытуда жаңа технологияларды қолдану 

 



Қазіргі  кездегі  ғылым  мен  техниканың  даму  деңгейі  әрбір  адамға  сапалы  және  терең  білім  мен 

іскерліктің  болуын,  оқушылардың  белсенді,  шығармашылық  пен  жұмыс  істеуін  және  кеңінен  ойлауға 

қабілетті  болуын  талап  етеді.  Сондықтан  да  мектептегі  оқу  үрдісінің  негізгі  мақсаты  –  жүйелі  түрде 

оқушылардың  интеллектік,  шығармашылық  ойлау  қабілетін  дамыту,  ғылыми  көзқарасы  мен 

белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады

 

Бастауыш  сыныптағы  математика  сабағында  оқытудың  әртүрлі  әдіс-тәсілдерін  қолдана  отырып, 



оқушылардың  шығармашылық  ізденістерін,  өз  бетінше  жұмыс  істеу  белсенділіктерін  арттыру 

барысында  теориялық  білімдерін  кеңейтіп,  логикалық  ойлау  қабілеттерін  дамытуда,  математиканың 

негізін  қалыптастыру,  ұғындыру,  түсініктерін  тереңдетуде  мұғалімдердің  математикалық  білімдері 

терең болуы қажет.  

Бүгінгі күнгі басты мәселе - білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы - білім беру 

жүйесінде  түрлі  технологияларды  қолдану.  Мектептің  бастауыш  сатысындағы  математика  пәнін 

оқытуда кеңінен қолданылып жүрген оқытудың қазіргі технологиялары өте көп, солардың бірнешеуіне 

тоқтала кетсек:  

-математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р.Г.Хазанкин) есептерді шығаруда 

әртүрлі  әдістерді  қолдану  және  оқушылар  бірін-бірі  тексеру  арқылы  есептің  дұрыстығына  көз 

жеткізулеріне болады; 

- дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту 

жүйесі  жеке  тұлғаны  жеделдете  қарқынды,  барлық  сапалармен  сәйкестікте  жан-жақты  дамытуға 

бағытталған; 

-  тірек  сигналдары  арқылы  оқыту  технологиясы  (В.Ф.Шаталов)  теория  және  практиканы  блок  түрінде 

топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық материалдарды сыныпта меңгеру, үйде 

өз бетімен іздену, жұмыс істеу

Оқушылардың білім деңгейінің арттыруын, яғни білім сапасын көтеру мақсатында қазіргі заман талабы 

шығармашылық  мүмкіндіктерді  іске  асыратын  жаңа  технологиялардың  бірі  «Оқу  мен  жазу  арқылы 

сыни ойлауды дамыту» .  

Бұл технологияны қолдана отырып сабақ барысында төмендегі мәселелерді шешуге болады: 

- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту; 




- ой-толғанысқа белсенді араласу; 

- білімді игеруге жауапкершілікті арттыру. 

Математика сабағында 

1-сыныптағы  «Жазық  фигуралардың  модельдері»  тақырыбын  өткенде  «Кең  ауқымды  дәріс»  стратегия 

бойынша элементтерін колдансақ: 

1-кезең «Ой қозғау» 

а) қызығушылықты ояту: сұрақтар қойылады. 

1. Үшбұрыш модельін қалай жасауға болады? 

2.Модельдерді өздері жасайды,талдайды,түсіндіреді. 

       


 

Тапсырма:  

- білетін мәліметтерді айту; 

- жұппен талдау, содан кейін кіші топта

- топбасшының сөз алуы. 

«Ассоциация» стратегия бойынша фигураларды көз алдына елестетеді, немесе осы фигуралар бойынша 

бұрын қандай білімі бар. Мысалы, үшбұрыш үйдің шатырына ұқсайды,демек үш бұрышы бар.т.б. 

Математика  сабағында  дамыта  оқыту  технологиясын  қолдана  отырып  оқушылардың  ойларын 

жетілдірудің маңызы зор. 

 Шығармашылық  тапсырмалар  өз  дәрежесінде  орындалып,  тисті  нәтиже  беру  үшін  оларды  дұрыс 

ұйымдастырудың  ролі  зор.  Оқушыларды  қызықтыру,  ойландыру,  барлық  жауаптарды  тыңдау,  оларды 

талдау, дұрыс шешімді дәлелдеу сияқты кезеңдер тәртібі сақталу керек. Тек сонда ғана оқушы жаңалық 

ашу мүмкіндігіне ие болады. Осы атап өткен әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру үшін шығармашылық 

тұрғыдан ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасай білу қажет. 




Жаңа  технологияларды  қолданудың  ерекшелігі  –оқушыларға  өз  бетімен  немесе  бірлескен  түрде 

шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен 

қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.Шығармашылық тәсілдермен жұмыс 

істеуіне, ізденуіне сан алуан әдіс-тәсілдерді таңдауына жол ашары сөзсіз. 

Әр  мұғалім  өз  сабағын  жаңаша  ұйымдастыруы,  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы  мен  ынтасын 

арттыруы  керек.  Әр  сабаққа  дайындық  –  мұғалімнің  ізденісінің  нәтижесі,  сабақты  ыңғайына  қарай 

түрлендіре  түссе,  әр  сабақта  жаңа  әдіс-тәсілдерді,  технологияларды  қолданса,  сабақтың  мазмұны 

ашылады. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін. 

Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын 

арттыруға  болады.  Қай  халықтың,  қай  ұлттың  болсын  толығып  өсуіне,  рухани  әрі  мәдени  дамуына 

басты  ықпал  жасайтын  тірегі  де,  түп  қазығы  да  –  мектеп.  Қазақ  мектептерінің  білім  деңгейін  көтеру 

және  онда  жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы  оқу-тәрбие  үрдісін  тиісті  деңгейге 

көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ. 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 

1.  Н.Ә.Назарбаев  «Инновациялар  мен  оқу-білімді  жетілдіру  арқылы  білім  экономикасына»  Егемен 

Қазақстан газеті 2006 жыл № 115 (24368) 

2. Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы. Астана, 

2004-46 б. 

3. М.Ғалымжанова. Ақпараттық  технологияларды сабақта қолдану.  Информатика негіздері  - №3, 2006 

ж. 


4. Қ.Шәдиев. Компьютерді қолданудың педагогикалық мәселелері. Қазақстан мектебі - №5, 2006-7 б. 

5. Орта мектеп жаршысы. Республикалық оқу-әдістеме журналы - № 2, 3, 2011 ж. 

6.  Ж.А.Қараев.  «Оқытудың  үшөлшемді  әдістемелік  жүйесі»  педагогикалық  технологиясы.  Алматы  -

  2007 ж 4-5, 17 бет 

7. Б.Баймұханов, З.Бекбаева.  «Оқушылардың математикалық тапсырмаларды орындаудағы  дербестігін 

арттыру». Алматы - 2006ж. 

8.  12-жылдық  білім  беру.  Республикалық  ғылыми-әдістемелік  және  ақпараттық  талдамалық  журнал. 

№1, 2012 ж.  

9. http://45minut.kz. 

 

 



 


 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет