1 балуан шолақ шығармалары (Әндері, өлең-жырлары. Естеліктер, мақалалар, аңыз) Құрастырған Балжан Хабдина



жүктеу 1.52 Mb.
Pdf просмотр
бет16/29
Дата15.03.2017
өлшемі1.52 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29

183
деп. Олар да періштеден емес, мені тапқан анадай əйелден туған 
шығар. Өзім «Балуан Шолақ» болам да, өзім жаудан қашам!.. Кім 
болғаным, сонда менің?.. Одан артық өлім бар ма, маған? Əйтеуір 
өлу  керек  болса,  қашып  өлгеннен – қашпай  өлген  артық  емес 
пе?  Жоқ,  Балқаш,  мен  қашсам – өлем  де,  қашпасам – өлмеймін. 
Қызығыма  қара  да  тұр  сен,  жаумен  қалай  сайысар  екем  мен!.. 
Қалыңмал төлеген жоқпын саған. Тегіннен тегін алғаным ұят бо-
лар. Малымды салмағанмен, күшімді салайын!.. 
Бұл  сөздер  көкейіне  қонған,  жауға  қарсы  аттануына  көнген 
Балқаштың  өтініші – «бетін  қайтарам  десең  қайтар,  бірақ  кісі 
шығынын жасай көрме, пəлесінен құтыла алмассың!» болды. 
– Құп болады, –деді Балуан. 
Қызды  сайда  тұруға  көндірген  Балуан  Шолақ,  Ақбозын  ой-
нақ татып  төбенің  басына  шыға  келді.  Бұл  кезде  таң  аппақ  боп, 
аспанның шығыс жақ жиегі сарғылттана бастап еді. 
Шапқыншылардың  алдында  оғашырақ  біреу  далақтап  келеді. 
Зады  Шолақты  танып  келе  жатқан  сияқты,  сойылын  көлденең 
ұстап: 
– Аттан түс!.. Түс аттан! – деп қиқулайды. 
Шолақ  оған  қарсы  ұмтылды.  Екеуі  айқаса  бергенде,  жігіттің 
сілтеген сойылын Шолақ жұлып алып, аттың екпінімен ағып өтіп 
кетті де, іле қайта бұрылып, жігіттің түп етегінен қапсыра алды. 
Жігіт қиялай тартып, беріспеуге тырмысып еді, Шолақтың қуатты 
қол күші еркіне жібермей, тартқан жағына еңсере аударып əкетті 
де,  өңгеріп  апарып  жерге  тастап  кетті.  Аты  ойнақшып  бетімен 
шыға берді..
Кейіннен жеткендерін де осы əдіспен аттарынан аударып, біраз 
сайысқаннан кейін, қуғыншыдан ат үстінде ешкім қалмады. 
Ойнақтаған  бос  аттардың  бəрін  Шолақ  сайға  айдап  түсірсе, 
қайратына сүйінген қыз, атына мініп бері келе жатыр екен. 
– Сен мынау дөңге шық та, аттарды иіре тұр, – деді ол қызға, – 
мен жігіттерге барып келейін. 
– Неге?!.
– Кеше ойнап тарқасқан жігіттермен, бүгін араздасып айрылам 
ба? Барып кешірім сұрайын. 
–  Ойбай,  ұстап  алады.  Аттыдан  жаяу  мықты  деседі  ғой, 
қолдарына бір іліксең – жібермейді... 
– Көр, қалай жібергенін!.. 
– Өтінем, Балуан! – деп, қыз тізгініне жармаса беріп еді: 
– Босат тізгінді! – деді Балуан даусын көтеріп. 
Қаймыққан қыз жаутаңдаған көзбенен тізгінін босатқанда: 

184
– Мен сені ерге – ер, серіге – сері десем, сен осылай ма едің? –
деді Шолақ. – Ер жігіт қайралған қылыш емес пе еді? Оның жүзіне 
неге қол апарасың? 
Қыз тұрып қалды. Шолақ құйындатып тартты да кетті. Бұл кез-
де аттан түскен жігіттер де бір жерге жиналған еді. 
– Салт тұрып сөйлессем сөгерсіңдер, құрбылар! – деді жігіт-
терге жақындағасын Балуан, атынан қарғып түсіп, жаяу барып. –
Ал ұстаймын десеңдер, мен міне, келіңдер! 
– Жаяуда да əліміз келмес деймісің, ұстаңдар! – деп, манағы ең 
алғаш сайысқан жігіт қоразданып еді: 
– Шіркіннің ерін-ай! – деді біреуі оны кекетіп. – Бар, байлап 
ала ғой, мықты неме! Өзгеміз аттан осалдықпен түскен болармыз. 
Сенің қапың бар шығар! 
Ана жігіттің қарығы басылып қалғандай болды. 
–  Мұнымыз  той  тарқардағы  аударыспақ  сияқты  ойынымыз 
емес  пе? – деді  Шолақ. – Айтыңдаршы,  қайсыңның  тұщы  етіңе 
ащы таяқ тигіздім. 
– Таяқ тигізбегені құрысын, бұдан да ұрып өлтіріп кеткені жақ-
сы еді, – десті біреулер. 
– Ал, жігіттер, құдай ойын-күлкіден айырмасын. Қыз шіркін-
нің көңілін қимайтын əдетім болушы еді, соным ұстап, бір қызда-
рың ды алып қашқаным рас, бірақ, құрбы замандасым, сен – маған 
қыздан қымбатсың. Алып қалам десең, қыздың серті менің мой-
нымда болсын, əне, сайда тұр, барыңдар да қайтарыңдар!.. 
– Əу, жігіттер, – деді біреуі сол кезде, – түкке тұрмайтын на-
мыстың керегі не? Балуан Шолақ боп тусаңдар кім қой деді сен-
дерге?  Бір  қызды  Балуан  Шолаққа  қимаймыз  ба?  Қалған  қыз  да 
жетпей ме қалыңға сатуға? Қызды қайтарып апарғанда не дейсің? 
Тартып алдым дейсің бе? Одан да, Балуанды осынша дарақыланып 
қуған айып бойымызға құт, соны жүктейік те қайтайық! 
Бұған ешкім қарсы бола алған жоқ. Жол айтқан жігіт Шолақтың 
Ақбозын  мініп  барып,  қызды  ертіп,  аттарын  айдап  келді.  Бірен-
саран болмаса, жігіттердің көпшілігі Шолақ пен Балқашқа ризалық 
тілектерін айтып, жөнелуіне рұқсат етті. 
Күн  ол  кезде  жаңа  ғана  шашырап  шығып  келе  жатыр  еді. 
Күннен  тармақтанған  алтын  сəулеге  бөленген  екі  жас  «Əрида, 
қалқаш» əніне қосылып жортып кетті. 

185
13. «ЕР – ЕЛДІҢ БАЛАСЫ» 
Жұртқа жағар ер жігіт қылығынан, 
Сілтегенім кеткен жоқ құрығымнан; 
Анталаған сан дұшпан қамаса да, 
Сырдың суы келмейді жұлығымнан. 
(Балуан Шолақ өлеңінен)
Ереймен тауында тұратын, Балқашқа қалыңмал төлеген күйеу, 
Балуан Шолақпен жерлес Сатыбай байдың нағашысы боп шықты. 
Сатыбайға ол кісі салды: 
–  Нағашың  жіберді, – деді  келген  елші, – айдай  жесірімізді 
тапа-тал түсте, аз үй қоңсың – қаңғырған Үйсіннің делқұлы біреуі 
алып  қашты.  Төрт  үй  Үйсін  кімге  топырақ  шашады.  Оның  арқа 
тіреуі – Керей – сенсің.  Алдыңнан  өткелі  келдік.  Жесірімізді 
қайтарып, қоңсыңнан айыбымызды əпересің бе, болмаса тұрысар 
жеріңді айтасың ба? 
Сатыбай  да  Балуан  Шолаққа  кісі  салып  еді: «Иесіне  қайта-
рып беретін, менің əкелгенім мал емес, адам, – деп жауап қайтарды 
ол, – мен қайтара алмаймын. Тартып алам десе, еркі білсін!» 
Бұл сөзді естіген соң, Сатыбайдың нағашысы жіберген кісіге 
ұстатқан сөзі мынау болды: «Жігіттеріңді жинап сайланып келіңдер 
де, мықты немеден тартып алыңдар. Өзін де ұстап əкетіңдер. Бұл 
елді мен тырп еткізбеймін». 
Елші  кеткеннен  кейін  Сатыбайдың  бұл  уəдесі  ел  ішіне  дүңк 
етіп жайыла қалды. 
Үйсінге  қараған  үш-төрт  үйде  Шолақтан  басқаларының  бəрі 
момын екендігі бізге мəлім. Жəне қонысынан ауғалы олар төмен-
деу  бір  кедей  ауылға  қоңсы  қонған.  Сатыбайдың  сөзін  естіп 
шошыған олар мен көршілері: 
– Жарқыным, – деді, Балуанға жиналып кеп, – сен бұлай отыр-
ма.  Сатыбайдың  нағашысы  осал  жау  емес  деседі.  Ол  Қанжы-
ғалыдағы  атақты  Саққұлақтың  ағайыны  болса  керек.  Бес  бо-
лыс  Қанжығалыны  жинап  жатыр  дейді  ол.  Ертең  жауар  бұлттай 
торланып,  жасанған  жау  келіп  қалғанда,  жалғыз  өзің  төтеп  бола 
алмайсың. 
– Не істе дейсіңдер, сонда? 
– Күшің келмейтін іске ұмтылатын ақымақ емессің. Өлеріңді 
біл... 
– Ол үшін? 
– Жесірін қайтар!.. 

186
– Болмайды ол. Менің өлігімді аттамай, Балқашты олар əкете 
алмайды... 
Балуанның құлаған жағынан тұрмайтынын білетін ағайындары 
мен көршілері: 
– Ендеше, көңіл жетер адамдарыңа хабар айт, – деді, – жина-
лып  саған  қарасын  болсын.  Жалғыз  адамға  жаудың  шабуы  оңай. 
Көпке шабуға жүрексінеді... 
– Meн  ешкімге  «болыса  гөр»  деп  құлдық  ұрмаймын, – деді 
Шолақ, – керек көрген жігіт болса өзі де келер. Керексіз болсам, 
жалбарынғанмен келмес. Мен нені болса да үйден күтем. 
–  Ендеше,  бассауға  қыл.  Мұндағы  біздің  неменемізді  алар 
дейсің. Келер де кетер. 
– «Қашқан жауға – қатын ер». Олай басындырғанша, келетін 
ажалды қарсы алсам болмай ма? 
Шолақ  ешкімге  бармады  да,  жасырынбады  да.  Ол  Ақбозын 
бабында ұстап, үйінде отыра берді. Оның дүниеде ең қымбаты –
шешесінің  сөзі.  Бірақ  өзге  айтқан  тыйым  сөзді,  қорқыныш  сөзді 
Қалампыр  Балуанға  айтпады.  Оның  ұғымында,  əйелдің  ер  адам-
ды бет алған ісінен бөгемеуі керек, əсіресе, Балуан Шолақ сияқты 
атаққа шыққан жігітті... 
Ұғымы  сондай  болғандықтан,  Балуанға  да,  былайғы  жұртқа 
да сыр бермеген Қалампырдың, істің немен тынарына жетпейтін 
көзі, кейбір оңаша шақтарда жасқа толып, ағыл-тегіл болып алады. 
Бірақ кейде жылағанмен, кейде жыламайды ол. Кейде қорқыныш 
тұманы  басып  кеткен  оның  ақыл-ойына  үміттің  де  күні  шығып, 
соның  сəулесінен  жүзі  жарқырай  қалады.  Бұрынғы  аңыздық 
батырлар  туралы  ертегіні  көп  естіген  жəне  сол  ертегілерді  өзі 
де  талайларға,  əсіресе,  балалық  шағында,  Нұржанына  айтқан 
Қалампыр, кейін Нұрмағамбеті «Балуан Шолақ» аталып, күші ел 
аузында ертегі сияқты аңыз боп кеткенін естіген соң, «бұл балам 
да  сондай  батырлардың  біреуі  ғой!»  деген  мақтаныш  сезімге  ие 
болған еді. Қалампырдың ақыл-ойында жарқырайтын үміт күні –
осы сезім. Көппен алысқалы даярланған баласының жеңілу қаупі 
оның басына тұман боп оралса, жеңу қуанышы күн боп шығады. 
Неге екенін кім білсін, «балам жеңілмейді, жеңеді!» деп сенеді ол. 
Осы бір сенім оны ілгері жетектеп, баласының көп жаумен жалғыз 
айқасар күнін асыға күткен сияқтанады... 
Балуан  Шолақтың  ешкімді  жəрдемге  шақырмағандағы  ойы, 
біріншіден,  жайшылықта  доспын  дейтіндерді  осындай  таршы-
лықта  сынау  болса,  екіншіден,  өзінің  күш  мөлшерін  тағы  бір 
байқау  еді.  Өз  байқауынша,  бойдағы  күшінің  көбі  əлі  көрінбей 
жүрген сияқты. 

187
«Жаяу  бес  жүз  жігітпен  келе  жатыр  дейді»  деген  хабар  дүңк 
ете  түсті  бір  күні.  Ұрлатып  алмасын  деп  кісендеп  ұстап  жүрген 
Ақбозын  Балуан  Шолақ  сол  күні  өмілдіріктеп,  құйысқандап,  төс 
айылын бос, шап айылын берік тартып ерттеді. Атасынан қалған 
темір сауытты көйлекшең етіне киіп, аяғын байпақты етікке сұқты. 
Басына бес көз ақ жібектің бір жақ ұшын шандып орады да, екінші 
ұшын арқасынан кере құлаш салбыратып жіберді. 
Балуан  Шолақтың  ауылы  биіктеу  дөңнің  басында  болатын. 
Дөңнің қырында үлкен оба бар. Соған шығарып қарауылға қойған 
бір бала, түс ауа берген кезде шауып кеп, үй сыртынан: 
–  Балуан,  Балуан...  Қара  құрттай  қаптап  келе  жатыр! – деп 
айғай салды. 
Қалампыр  бұл  кезде  далада  еді.  Баймырза  үйде  еді. «Жау 
келеді» дегелі өрекпіген жүрегін қалай басуды білмеген ол, үйінен 
шықпай, көр-жерді ермек қып шұқына беретін. Бүгінгі оның ермегі –
етік жамау еді. 
Баланың «қара құрттай қаптап келеді» деген айғайы Баймыр-
заның төбесінен жайдың оғындай ұрды. 
– Аһ! – деді ол ышқына дауыстап, екі көзі шарасынан шығып.
Инесі  мен  бізі  қолынан  түсіп  кетті.  Шалқасынан  құлай  бер-
ген  əкесін  Балуан  Шолақ  ұстай  алғанда,  үйге  бір  шелек  су  алып 
Қалампыр да келді. 
– Не болды бұл бар болғырға? – деп, Қалампыр да Баймырзаның 
басын сүйеді. 
– Ағатай, ойбай, кеп қалды! – деді сырттағы бала шырылдап. 
–  Балам...  Нұржан... – деді  Баймырза,  көзін  қатты  жұмып  аз 
тұрғаннан кейін кең ашып, – енді қайттік?! 
Əлсіз  əкесін  жатқызып,  бойын  жазған  баласының  көзіне 
Қалампырдың  көзі  түсіп  еді,  зəресі  ұшып  кетті:  ағы  қып-қызыл 
боп  қанталаған  Балуан  Шолақтың  екі  көзі  пеште  маздап  жанған 
оттың  жалынындай  дауылдап  ұшқын  шашып  тұр  екен.  Даража 
біткелі нұрланып, қызыл шырайланған беті қорғасындай сұрлана 
қапты.  Бойы  дірілдеген  сияқты,  еріндері  тоңазыған  адамдай  қы-
быр-қыбыр етеді... 
–  Апа! – деді  Балуан,  дауысы  болаттай  шыңылдап. – Мен 
аттандым!.. 
«Құлыным!» деп құшағын жайған шешесін ол құшырлана бет-
тен  бір  сүйді  де,  шешесінің  сүюіне  үлгіртпей,  сып  беріп  есіктен 
шыға  жөнелді.  Босағаға  сүйеніп  солқылдап  тұрған  Балқашты 
оның қанталаған көзі көрмеді. Тордан шыққан арыстандай үйден 
бұлқына шыға келген оған дүниені өрт қаптаған сияқты, жер де, 
көк те, өсімдік те, ауыл да, мал-жан да қып-қызыл боп елестеді. 

188
Атына қалай ырғып мінгенін ол білген де жоқ. Жөнеле берген 
оған: 
–  Сойылың!.. – деді  үйден  жүгіре  шыққан  Балқаш,  сойылын 
ұсынып, дауысы дірілдеп. 
–  Бір  салғанда  сынып  қалатын  немені  атқа  ауыр  ғып  қайтем. 
Одан  да,  керегінде  біреуден  тартып  алсам  болмай  ма?  Жаудың 
со йылы  менікі  емес  пе?  Құдай  осы  дырауымнан  жарылқасын, – 
деп, қамшылы қолын көтере, Балуан шапты да кетті. 
Жолдың  шаңдағын  көшкен  бұлттай  бұрқыратып  келе  жатқан 
қалың  қолға  бетін  қойып,  Ақбозбен  Балуан  Шолақ  сілтеп 
келеді.  Ақбозға  сол  күні  өмірінде  бітпеген  шабыс  пайда  болған 
сияқтанды:  төрт  тұяғымен  жердің  топырағын  уыстай  аспанға 
атып зымырағанда, көлденеңнен көзі түскен жұрт оны ұшып ба-
рады екен деп ойлады. Балуан Шолақтың басындағы ақ жібектің 
шұбатылған ұшы делегейлене шаншылып, аспанға көтерілді. 
Сол екпінімен Балуан Шолақ келе жатқан топқа жақындағанда, 
алдынан ойқастап біреу шауып шыға келді. 
–  Қанды  басың  бері  тарт! – деді  Балуан,  аңға  айтатын  сөзін 
оған айтып, тұра ұмтылып. 
Шапқынмен  қарсы  кеп  қалған  салттының  кім  екенін  ол 
абайлаған  да  жоқ, «кім  болсаң  да  жаудың  бірі  шығарсың»  деп, 
қамшымен атын қасқа маңдайдан ала тартып кеп қалды. Ақбоздың 
екпінімен ағып өткен ол жаңағы атын ұрғанды жаудың жекпе-жек-
ке шыққан батыры екен деп ойлап, өзін де ұрмақ боп, жақындай 
беріп еді, иесі құлаған аттың астынан аяғын ала алмай бұлқынып 
жатыр  екен.  Балуан  оны  қамшымен  періп  өтуге  төніп  бір  келді 
де, жығылып жатқан адамды ұру бойына ар көрініп, қасына тұра 
қалды.  Көзі  сол  шақта  ғана  топқа  түсіп  еді,  құйындатып  шауып 
келеді.  Қою  шаңның  арасында  қыбырлағандардың  ұшы-қиыры 
жоқ сияқты. 
Үйінен аттанған кезінен көрі қайнаған ашуы салқындап, көзін 
жапқан қан тарқаған ол, топпен айқаспақ боп атының басын бұра 
беріп еді: 
– Балуан! – деді аттың астынан аяғын алып түре келген адам. 
Балуан жалт қараса, өзінің сол маңайдағы бір досы!.. 
– Мұның не? – деді Балуан оған, оны жау болған екен деп ойлап. 
– Бəсе мұның не? – деді досы, Балуанның атын неге ұрғанына 
түсінбей. 
– Жаумысың, елмісің? 
– Мен қашан жау боп ем, саған? 
– Анау қаптағандарың кім? 

189
– Өзіміздің елдің жігіттері. 
– Қайда барасыңдар? 
– Сені жауға талатып қоямыз ба? 
– Қайда, ол жау? 
– Мына төбенің астында. Біздің топты көріп ошарылып тоқтап 
қалды. Сені шақырғалы келе жатсам, неге ұрдың мені?!. 
– Жау екен деп... 
Ұяттан  беті  қызарған  Балуан  Шолақ  атынан  қарғып  түсіп, 
жығылған  атқа  қараса,  соққан  қамшы  маңдай  сүйегін  айырып 
түскен екен. Ат өліп қапты. 
– Мін, мына атқа, – деді Балуан досына Ақбозды тосып. 
– Неге? 
– Төлеуің. 
–  Ол  не  дегенің?!  Бір  атты  сенің  жолыңа  құрмалдыққа  шалу 
көп пе? 
Өзге  жігіттер  де  кеп  қалды.  Досы  Балуанға  атының  құнын 
көптің  алдында  кешті.  Балуанды  ортаға  алған  топ  қыр  басына 
шықса,  жау  жағы  əлі  ошарылып  тұр  екен.  Олар  жүз  шақты  кісі, 
бұлар төрт-бес жүздей. 
Екі  араға  елші  жүрді. «Аз  үйлі  Үйсін»  деп  Балуанды  ұстап 
əкетпек болған жау жағының тауы шағылып, беті қайтты. Сатыбай, 
тағы сондай байлар мен атқамінерлер Балуанды қолдайтындардың 
арасына  іріткі  салмақ  болып  еді,  ел  көнбеді.  Ақыры,  жау  жағы 
бітімге  кеп,  қалыңмалын  Балуанға  төлетуге  келісті.  Ол  малды 
Балуанның достары төлеп жіберді. 
– «Ер – елдің баласы» деген сөз рас екен! – десті Балуанның 
досы да, дұшпаны да. – Ері де, елі де жарайды!.. 
14. АҢҒАЛДЫҚ 
Мен өзім аққан судай тасып жүрмін, 
Кеудесін дұшпандардың басып жүрмін. 
Жаласы сексен өгіз маған ауып, 
Ұлықтан сол себепті қашып жүрмін. 
(Балуан Шолақтың өлеңінен)
Балқашқа  бұрын  қалың  берген  жер  қалыңмалын  қайтарып 
алғанмен, Балуан Шолаққа деген кегі біткен жоқ. 
–  Балуан  Шолақтың  бұл  қорлығы  бізден  гөрі  саған  батуға 
тиісті, – деді  олар  Сатыбайды  қайрап,  елдеріне  қайтар  алдын-
да, – үркердей  аз  үйлі  қаңғырған  Үйсін,  рулы  ел – Керей,  сенің 

190
ішіңде қоңсы боп отырып, өз еліңді өзіңе билетпеді. Егер, мұны 
бұл қалыппен жүгенсіз жіберсең, бүгін біздің қатынымызды тар-
тып алса, ертең сенің қатыныңды тартып алады. Бізге оқасы бол-
мас,  мойнымыз  алыс  жер,  бір  жесірді  садақаға  бердік:  ал,  ертең 
ауылыңда  отырып,  Сатыбай,  сенің  малыңнан  құрық,  басыңнан 
сырық кетірмесе, осы жүгенсіз жібергеніңе бұдан жаман өкінерсің, 
ойлан!.. 
Сатыбай расында ойланып қалды. Қонақтары кеткесін, «осы-
ған өтірік пəле жапсырсақ та, көзін жоғалтсақ қайтеді», – деп, ол 
дос-жарандарына ақылдасты. «Оның рас, – деді достары, – бірақ 
бұл елде тым беделді боп кетті. Пəле жапсақ та ойланып жаппасақ, 
көпшілікті соңымызға түсіріп алармыз». 
Сатыбай бір күні Қайрақты қаласына барды да, көптен бергі та-
мыры – Егор Пропадкоға ақылдасты. Балуан Шолақтың елдегілерге 
көрсеткен «қорлық-зорлықтарын» қоюлата сипаттай келіп: 
– Сенің ініңді өлтіру қылмысынан аман құтылып кеткен соң, ел 
қазағынан қорықсын ба ол, – деді Сатыбай ауыр күрсініп, – қайта, 
шетімізден қырып тастамай аман қойып жүр! 
–  Сонда  не  істеу  керек? – деді  Пропадко. – Өкіметке  айтып 
абақтыға алдыратын қылмысы жоқ. Орыс заңы қылмыссыз адамды 
қараламайды. Бұны, ең қызығы, қапысын тауып өлтіру. Біз соған 
бекінген  ек,  əлдекімнен  естіді  ме,  немене.  Бұнда  келмей  қойды. 
Өздерің  неге  істемейсіңдер  осыны?  Ауылда  оған  мүмкіндік  көп 
қой?.. 
– Жоқ, сол мүмкіндік!.. Жолын тосып өлтіруге, жеке я аз ғана 
адамның шамасы келмейді, ел боп жабылу қиын, жəне екіұдайда, 
елдің көбі оның сойылын соғып кетеді... 
– У бергізсе ше? 
– Онда ел тіпті көтеріліп кетеді... 
«Енді не істеу керек?» деген ол екеуінің ақылы төмендегі арнаға 
құйылды: Балуан Шолақты ұстап беретін тұсау – Ақбоз. Жанындай 
көретін бұл аты қолға түссе, ол да түседі. Ол үшін, «егінге түсті» 
деген жаламен, ішіне Ақбозды қоса, Балуан ауылының жайылым-
да  жүрген  жылқыларын  бір  түнде  Сатыбай  Қайрақтыға  жеткізе-
ді  де,  Егор  ол  жылқыларды  қорасына  қамайды.  Потраваға
1
  Егор 
өзгені емес, Ақбозды ғана сұрайды. Балуан, əрине, атын, босатып 
алу əрекетіне кіріседі, осы бетінде қапысын тауып өлтіру оңай. 
Сөз  осыған  байланды  да,  ішінде  Ақбоз  бар,  ауылының  жыл-
қысы Пропадконың қорасына аз күнде қамалды. 

Шабындық жерді малға таптатқаны үшін төленетін айып. 

191
Балуан да, ауыл адамдары да малының соңынан барды. Бірақ 
Егор  теңдік  бермеді.  Ол  бұршақ  соғып  қиратып  кеткен  егініне  
қаланың старостасын апарып, қорасына қамаған жылқы қиратты 
деген  акты  жасатқан  екен.  Оның  бағалауынша,  бұл  потраваға 
қамалған  жылқының  жартысы  жетер  емес,  Егордың  қалағаны  –
Ақбоз. 
Мал иелері не істеуге білмей ақылдасқанда, біреулер «жоғарғы 
ұлыққа барып шағым айту керек» деп еді: 
 – Одан жақсылық күтпе, – деді Балуан Шолақ. – «Қарға қар-
ғаның көзін шоқымайды» дегендей, олар байдың сөзін сөйлейді. 
– Сонда не істейміз? 
– Менің зорлықты зорлықпен қайырғым келеді. 
– Қалай? 
– Түнде осының қорасына түсіп, жылқыны айдап шығамыз! 
– Ондай аранға қалай түсеміз көрінеу көзге? Қорасы қай бір оп-
оңай оның қарғып түсе кететін?.. Биік тас қамалдай емес пе ол?.. 
Қақпасы тастан да берік емес пе?.. Жəне атты кісіні алып тастайтын 
қабаған  иті  бар!..  Олардың  үстіне,  қорасында  жаттың  жылқысы 
қамаулы тұрғанда, бейқам жатады деймісің ол?.. Күзетшілері бола-
ды, əрине!.. Жəне құрғақ қолмен емес, мылтықпен күзетуі мүмкін. 
Аяйды  деймісің  ол, – басады  да  салады,  əсіресе,  сені!..  Ондай 
ажалға сен де барма, біз де бармайық. Бəрінен жан тəтті. Жанды 
малдың жолына құрбандық қып болмас... 
– Сонда не істейміз? 
–  Көкшетау  барып,  жоғарғы  ұлықтан  сұранудан  басқа  жол 
жоқ... 
Ағайындарымен аузы біріге алмаған Балуан, Кургановқа ілік-
шатыстығы, əрі достығы бар, заң-законнен де хабары бар, селолық 
басқармада писарь боп істейтін Павел Ларионовқа ақылдасты. Ба-
луанды білетін ол, Егорға өшпенділігі бұрынғыдан күшейе түспесе 
бəсеңдемеуін айта келіп: 
– Сенікі дұрыс, – деді Балуанға, – заңмен оны жеңе алмайсың. 
Əкімдердің бəрі оның сөзін сөйлейді. Ең қолайлысы, өзің айтқандай, 
ретін тауып, жылқыны түнде қорасынан ұрлап алу керек. Ол үшін, 
Егордың күдігін жойып, мал иелері – бəрің Көкшетауға аттанған 
болыңдар  да,  былай  шыға,  өзің  ғана  орман  арасында  қалып  қой. 
Басқа қазақтарың бара берсін. 
– Неге? 
– Екі себеппен: бірі – Егор соңдарыңнан бақылау жіберуі мүм-
кін, өйтсе, кеткендеріңе көзі жетсін, ал сен, қалың орманға кіре, 
елеусіз  бір  жалтарыста  түсіп  қал:  екіншісі – өзге  қазақтардың 
бұнда саған серіктігі болмайды, қайта, аяғыңа оралғы болады... 

192
– Жалғыз не бітірем мен? 
– Өзіңмен таныс жəне дос орыс жігіттерінен жəрдемшілер бе-
рем. Олар сені отта қалдырмайды, қиындықтан алып шығады... 
Сөз осыған байланды. Балуанның серіктері де бұл сөзді мақұл-
дап, «Көкшетау  кеттік»  деген  дабырамен  жүріп  кетті.  Ларио-
нов  «əулие»  екен,  айтқаны  дəл  келді, – Егор  олардың  соңынан, 
«алыстан  бақыла»  деп,  салт  атты  аңдушы  жіберді.  Оның  жəбір-
ленушілерге алыстан ере отырып қадаған көзіне қалың орманның 
қалтарысы шымылдық болды да, Балуанның жортып бара жатқан 
аттың арбасынан жып етіп түсіп, сып етіп орманға жоқ болғанын 
абайламай қалды... 
– Орманнан жалаңаш далаға шығарып сап қайттым, түгелімен 
Көкшетауға кетті, – деген бақылаушының хабарына Егор сенді де: 
–  Білгенін  қылсын! – деген  қауіпсіздікпен,  қақпасын  күндегі 
дағдысымен  ғана  бекітіп,  қаннен-қаперсіз,  тұқымымен  ұйқыға 
кетті. 
Павел  Ларионов  уəдесіне  жетті.  Оның  күндіз  келісіп  қойған 
сенімді жігіттері, түн жамылған Балуан Шолақ келгенде, қолдарына 
түкіріп, жəрдемге даяр отырды. Сайдың тасындай жиырма шақты 
жас жігіт қасына ергенде, Балуан Шолақтың ойында қуаныш пен 
сенімнен басқа ештеңе қалған жоқ. 
Егордың  бұл  қаладағы  ең  үлкен,  ең  сұлу  үйіне  Балуан  мен 
серіктері түн ортасы ауған шақта жетті. Село да, бұл үй де шырт 
ұйқыда. Түн көзге түртсе көрінбестей қою қараңғы. Егор үйінің ау-
ласы айнала бөрене қарағайдан қиып, биік жасаған кең шарбақ еді. 
–  Ал,  жігіттер, – деді  Балуан  серіктеріне,  Егор  үйіне  жете, – 
сендер  сыртта  қалыңдар  да,  маған  қауіп  төнсе  ғана  жəрдемге 
келіңдер,  төнбесе,  осылай,  сырттан  қарауыл  боп  тұра  беріңдер. 
Қора іші маған таныс. Жылқыларды қоятын жерін де білем... 
– Атыңның аяғы кісендеулі деген, оны қалай бұзасың? 
– Бұрап бұзам... 
– Қақпаның құлыбын? 
– Оны да... 
Жігіттер  «өйте  алмайсың»  демеді,  жуан  темірді  сымдай  бұ-
рауы, төрт-бес жігіттің жүгін көтеруі оларға мəлім... 
Серіктерінен  рұқсат  алған  Балуан,  қарғып  шарбақ  үстіне 
шықты,  аржағы  жарты  төбесін  қаңылтырмен  жапқан  шатыр-
лы  қора.  Жарты  шатырдың  арқалығымен  ілгері  сырғып  үңілсе, 
қараңғы түнде түгі көзге шағылып Ақбоз ат бір діңгекте байлау-
лы тұр. Басқа жылқылар да соның маңында. Одан əрі көң сасып, 
мұрындары пысылдап, малжаңдай күйсеген бірсыпыра өгіз жатыр. 
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет