1 балуан шолақ шығармалары (Әндері, өлең-жырлары. Естеліктер, мақалалар, аңыз) Құрастырған Балжан Хабдина



жүктеу 1.52 Mb.
Pdf просмотр
бет2/29
Дата15.03.2017
өлшемі1.52 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

11
ақ  патшаның  арда  ұлын  таныстыруды  көздейтін  көрмені  тама-
шалау  басталып  кетті.  Цесаревич  Николай  Александрұлы  əуелі 
оң  жақта  дара  тігілген  зəулім  үйге  кірді.  Бұл  үйдің  иесі  Ақмола 
үйезінің  дəулетті  қазағы,  содан  бес-алты  жыл  ғана  ілгеріде 
шартарапқа  сауын  айтып,  əкесі  Сағынайға  аста-төк  ас  берген 
Нұрмұхамед Сағынайұлы болатын. Тысы түрлі түсті шұғамен ою-
лап  безендірілген,  іші  əсем  ою-өрнекке  тұнған,  қымбат  жібек, 
дүрия маталармен əшекейленген еңселі киіз үй. Кереге бастарына, 
адалбақандарға  ерлер  мен  əйелдердің  қымбат  та  құнды  киімдері, 
түрлі  үлгідегі  тондар  мен  ішіктер  айнала  ілінген.  Оң  қапталға  ат-
лас шымылдық құрылған. Ішінен сəнді жабдығымен жасаулы ағаш 
төсек  көрінеді.  Босағаға  тақау  тұстан  қымыз  толы  саба  мен  əсем 
нақышталған ағаш ыдыс-аяқ тобы көзге түседі. Жоғары мəртебелі 
мейман кіріп келгенде, үй ішіндегі малынып киінген сəукелелі жас 
келін  қасындағы  түрлі  кесте,  іс  тігіп  отырған  құрбы  қыздарымен 
бірге орындарынан тұрып, өз рəсімдеріне сəйкес тағзым қылып ізет 
көрсетті. Сосын киіз үйдің ішкі жиһазы мен жағдайы таныстырыл-
ды. Мұрагер риза болып, дəулетті қазақ шаруашылығының, қазақы 
тұрмыс ахуалының өзге көріністерін тамашаламаққа, нөкерлерімен 
бірге сыртқа беттеді. Сыртта оған құрт, ірімшік қайнату, тері өңдеу, 
ысталған  теріден  ыдыс  жасау,  шикізаттарды  дайындау  үдерістері, 
өрмек  тоқитын,  түйе  жүнінен  шекпен,  қап,  ерлердің  киімдерін 
тігетін құрал-жабдықтардың жұмысы көрсетілді. Одан соң патша-
зада сауыншылардың қасына барып, қойдың, биенің, түйенің қалай 
сауылатынын жақыннан қарап көрді. Соның бəрін ықыласпен назар-
лады, ризашылық білдірді, қазақтың мұндай дəулетінің арта түсуін 
тілейтінін  айтты.  Содан  кейін  Атбасар  үйезінің  қазағы  Мейрам 
Жанайдарұлының зəулім үйіне бас сұқты. Ол алғаш рет осы жерге 
1868 жылы үй тіккен еді. ІІ Александр патшаның баласы ұлы князь 
Владимир Александрұлының Сібірге келу қуанышына орай жасалған 
халық мерекесі кезінде. Оның он екі қанат, керегесі ойылып, терезе 
салынған ғаламат ақ ордасы сонда патша баласын да, этнографтар-
ды да таң-тамаша қалдырған-тын. Енді, міне, содан 23 жыл өткенде, 
жаңа мұрагер құрметіне тағы да бір еңселі үй тігіп отыр. Əсемдікке 
малынған бұл ақ орда да сыртқы, ішкі жабдықтарымен, жайылған 
көрмесімен  ерекше  көз  тартатын.  Үйдің  ішіндегі  көрмеде  ежелгі 
қазақ  киім-кешек  түрлері,  киіз  үйдің  үш  түрлі  (бірі  сұр  шұғадан, 
басқасы жұқа ақ киізден, кереге, уық, шаңырағы, күллі сүйегі түгел 
ұқыппен  істелген)  шағын  модель-нұсқасы  жəне  бұрынғы  заман-
ғы қару-жарақтар бар еді. Олардың ішінен батырлардың темір са-
уыттарын, темір белбеулерін, дулығаларын, қалқандарын, байырғы 

12
найзаларын,  қылыштарын,  садақтары  мен  жебелерін  көруге  бола-
тын. Сондай-ақ көрмеден қымбат бағалы көне ер-тоқымдар барша 
жабдықтарымен, ежелгі киіз қалпақтар, ерте уақыттардағы кіселер, 
тағы басқа көнеліктер орын тепкен-тін. 
Мейрам Жанайдарұлының əкесі Жанайдар Орынбайұлы 1837–
1847  жылдарғы  ұлт-азаттық  қозғалысында  Кенесары  ханның  бас 
батырларының  бiрi  болған  адам  еді.  Көтеріліс  басылғаннан  кейін 
отарлық ахуалға мойынсұнып, шаруашылығын түзеуді қолға алған. 
Баласын  орыс  билігінің  талаптарымен  санаса  отырып  тəрбиеледі. 
Тиісінше,  Мейрам  мұсылманша  да,  орысша  да  сауатты  болды. 
Қазақтың  дəстүрлі  қожалығын  ұтымды  жүргізіп,  үлкен  байлыққа 
жетті. Ұлттық мəдениеттің озық үлгілерін тұтынды. Патшалықтың 
жергілікті  əкімшілігі  тұтқаларының  біріне  айналды – болыс  бол-
ды,  үйез  бастығының  көмекшісі  боп  істеді.  Ал  саяси  сана  оянған 
жылдары Алаш қозғалысына қатысты. Қозғалыс шыңы ретінде бой 
көтерген  Алашорданың  алғашқы  мүшелерінің  бірі  болды.  Бірақ 
бұған əлі көп бар. Əуелі бүгінгі мұрагер таққа отырып, ІІ Николайға 
айналу  керек,  одан  тақтан  құлауға  тиіс,  сөйтіп,  қара  халық  алды-
нан  небір  жаңа  саяси  мүмкіндіктер  ашылуға  керек.  Ал  қазір  ол, 
болашақ император ІІ Николай, əзірге тақ мұрагері, ІІІ Александр 
патшаның  ғылым  негіздерін  былтыр  ғана  оқып  тауысқан,  со-
сын  теңіздер  мен  мұхиттар,  өзендер  айдындарында  жүзіп,  бөтен 
құрлықтарға  барған,  шетелдерді  аралаған,  одан  өз  еліне  Қиыр 
Шығыстан  Санкт-Петербургке  қарай  үлкен  саяхат  жасап  келе 
жатқан жиырма үш жасар баласы, империяның дала уəлаятындағы 
Атбасар  үйезінің  байы  тіккен  киіз  үй  ішіндегі  көне  жəдігерлерді 
тамашалауда.  Көрмемен  танысу  кезінде  патша  əулетінің  тікелей 
қатысы  көрініп  тұрған  бір  экспонатқа  ол  ерекше  қызыға  қарады. 
Бұл  айрықша  қастерлеп  қойылған  тарихи  ескерткіш – императри-
ца  ІІ  Екатеринаның 1782 жылғы 27 мамырда  Орта  жүз  ханы  етіп 
атақты Абылай ханның ұлы Уəлиді бекіткенінде оған жіберген сый-
сияпаты еді. Сусар ішік, зерлі қамқа белбеу жəне үлкен асыл тастар 
орнатылып əшекейленген қылыш. Қылыштың құрыш жүзіне алтын 
əріптермен ұлы патшайымның арнауы жазылған. Не ойлағанын кім 
білсін, бəлкім, орыс империясының Ұлы даланы алып жатқан қазақ 
елін  бағыныштысы  етіп,  əуелі  протекторатына  айналдыру,  одан 
патшалықтың  əкімшілік  бөліністерін  енгізу  арқылы  мемлекеттігін 
мүлдем  жою  кезеңдерін  еске  түсірді  ме,  əйтеуір,  жəдігерге  ойға 
бата біраз қарап тұрды да, қазақтардың патшайым сыйын қастерлеп 
ұстап тұрғанына разы көңілмен басын изеп, келесі үйге ауысты. 
Омбы  үйезінің  Шарлық  болысынан  əкелініп  тігілген  үйде 
дəулетті  қазақ  отбасының  тұрмысы  бейнеленген  еді.  Киіз  үй 

13
ортасындағы  үстелдерде  құрметті  қонаққа  тартылар  дəмді  ет 
тағамдары,  қымыз,  бауырсақ,  ірімшік,  құрт,  дастарқан  мəзірінің 
өзге де ұлттық жеңсік астары қойылған. Ал керегелерді жағалай –
іштеріне түрлі көркем дүние-мүлік салулы əдемі сандықтар тізілген. 
Солардың бəрі жайында биік мейман мен қасындағы оның шашба-
уын көтерген ұлықтарға танымды түсінік берілді. Олар үй ішіндегі 
заттарды  мұқият  қарап  болып,  келесі  үйге  барды.  Қызылжар 
үйезінен əкелінген бұл шаңырақтан қонақтар қазақтың аң аулауда 
қолданатын білтелі, шақпақты мылтық, қақпан, тұзақ сынды құрал-
жабдықтарын,  томаға  кигізілген  бүркіттер  мен  қаршығаларды, 
байлаулы тазыларды, сондай-ақ кереге бастарында ілулі тұрған ба-
рыс, сілеусін, түлкі, арқар, марал, қасқыр секілді өзге де аңдардың 
терілерін көрді. Осы үйде құрылған өрмекте қолөнерші қыз тықыр 
кілем тоқып отыр еді. Тағы бір ісмер əйел матадан ою ойып, оны 
сырмаққа жапсырып тігумен, енді біреулері баулар мен шашақтар 
жасаумен  шұғылданып  отырған.  Қазақ  қолөнер  шеберлерінің 
үлкен  бір  тобы – ағаш,  темір  ұсталары,  жезшілер,  күмісшілер – 
келесі үйде орналасқан-тын. Осынау ісмерлердің кейбірі өздерінің 
жасаған бұйымдарын патшазадаға сый етіп тартты. Алтыншы үйді 
өмірден  жас  кеткен  атақты  оқымысты  жəне  саяхатшы  Шоқанның 
əкесі полковник Шыңғыс Уəлиханұлы тіккізген еді. Осынау тари-
хи көрме үшін əдейі Көкшетау үйезінен əкелткен болатын. Мұнда 
жиналған  өнерпаздар  империя  тағының  мұрагері  патшазада  Ни-
колайды  шаттық  ескен  əн-күймен  қарсы  алды.  Балуан  Шолақ  пен 
оның  ансамблінің  мүшелері,  өзге  де  домбырашылар,  қобызшылар 
құйқылжытқан  əуендерді  мұрагер  сүйсіне  тыңдап  тұрды.  Ол  со-
дан  соң  кедей  қазақтың  тұрмысын  көруге  ниет  қылды.  Жұпыны 
үй-жайды, босағада жалғыз ешкі байланған жүдеу шаруашылықты 
ойлы  жүзбен  назарлады.  Байлардың  көз  сүйсінтер  салтанатынан 
кейін қарашаның баспанасына кіріп-шығуды қалаған патшазаданың 
бұл ықыласы жұртты қайран етті, əрі риза да қылды. Ал қоңырқай 
үйіне  осынау  биік  қонақтың  бас  сұғуы  кедейді  шексіз  бақытқа 
бөледі. 
Патшазада  одан  əрі  өлкедегі  білім,  ғылым  жетістіктерін  көр-
сететін  көрмелер  қойылған  киіз  үйлерді  аралап  кетті.  Содан  соң 
қазақ көшін көрді. Бұлықсыған бай көшті де, оның соңындағы бар 
дүниесі  жаңғыз  сықырлауық  арбаға  сыйып  кеткен  жарлы  көшін 
де  тамашалады. Cосын  көрмедегі  ең  үлкен  жəне  мейлінше  сəнді 
жабдықталған  киіз  үйге  кірді.  Бұл  үйді  тіккен  Семей  үйезіндегі 
Сейтен болысының басқарушысы Темірғали Нұрекенұлы еді. Қазір 
барша жұрт қадірлеп тұрған осынау мұрагердің таққа отыру əрі не-

14
кеге  тұру  құрметіне 1995 жылдың  басында  империя  астанасында 
өтетін салтанатқа қатысатын, одан, 1907 жылы Екінші Мемлекеттік 
думаға Семей облысынан депутат болатын, Дума жұмысы кезінде 
белгілі  қайраткер  Бақытжан  Қаратаевтың  басшылығымен,  өзге 
облыстардан  сайланатын  депутаттармен  бірге,  қазақтың  жер-су 
мүддесін қорғау мақсатымен патша үкіметінің лауазымды төрелері 
алдына  баратын  кəдімгі  Темірғали  болыс.  Мұның  бəрі  келешекте 
болады. Ал қазір оның арнайы жасауланған салтанатты үйінде сол 
болашақ патшаға əр аймақ өкілдері сый-сияпат тапсырмақ... 
Рəсім  ойдағыдай  өтеді.  Тақ  мұрагеріне  барша  жабдығымен 
қа ракесек,  сибан  үлгілерімен  күмістеліп  соғылған  ер-тоқымдар, 
сабы  күмістен  жасалған  айбалта,  күміспен  нақышталған  жима-
лы  адалбақандар,  бетін  сүйектен  оюлап  бедерлеген  ағаш  төсек, 
күмістеліп  əшекейленген  кісе,  ағаш  сабының  ішіне  болат  қанжар 
орнатылған  айбалта,  жас  барыстың,  жолбарыстың  терілері,  сон-
дай-ақ  үйретілген  қаршыға  сыйға  тартылады.  Болашақ  патша 
сыйлықтарды  қабыл  алып  тұрып,  қайсысының  қай  жерде  қан-
дай  шебердің  қолымен  жасалғанын,  жыртқыштардың  қайдан 
ауланғанын,  құстың  қалай  бапталғанын  əуестене  сұрайды.  Риза-
шылығын білдіреді... 
Ұмытылмастай  əсер  қалдырған  төрт-бес  сағат  зу  етіп  өте 
шықты.  Ақыры,  күллі  көрме-ауыл  адамдары  жоғары  мəртебелі 
мей манды зор қошеметпен аппақ откемеге шығарып салған. Кетер 
алдында цесаревич Николай шын жүректен қарсы алып көрсеткен 
ыстық  қабылдаулары  үшін  қазақ  халқының  осы  ауылда  жиналған 
өкілдеріне алғыс айтты. Бұл 1891 жылдың 15 шілдесі күнгі сағат бес 
шамасы еді. Откеме Ертіс айдынының ортасына жете бере кері ай-
налып, Омбы шаһарына қарай бет түзеді. Патша баласына қошемет 
көрсеткен қазақ қауымы жағада кеме ұзап кеткенше қол бұлғап, шын 
риза,  шаттанған  көңілмен,  уралаған  айқайға  басып  тұрды.  Сосын 
олар да көліктеріне мініп, Омбыдағы атшабарды бетке ұстады. Омбы 
ипподромының  кіреберісінде  биік  мəртебелі  мейман  үшін  гүлмен 
көмкеріліп  өрнектелген  «Қош  келдіңіз!»  деген  жазу  көз  тартады. 
Жасыл алқаптың жиектері жалаулармен безендірілген. Басты мінбе 
мен  оның  қос  қапталы  ығы-жығы  құжынаған  жұрт.  Жарияланған 
есептерге  қарағанда,  өлкенің  əр  аймағынан  келген  бəйгеге  ат 
қосушылардың тілектестері, күллі салт атты, арба-пəуескелі, жаяу-
жалпы жанкүйерлер бар, ат жа рысқа ұзын саны бес мыңнан астам 
көрермен жиналған. Сағат жетіде патшазада мен нөкерлері мінген 
пəуескелер керуені келді. Содан кейін-ақ көп кешікпей бəйге бас-
талды.  Бəйге  мұрагерге  қырда  мекендейтін  көшпенді  халықтың 

15
байлығының басты саласы жылқы екенін танытты. Оның қалауына 
сəйкес, аттар он шақырымға жəне үш шақырымға шабудан бəсекеге 
түскен. Жарыс оған дала төсінде қалың қазақ өмір сүретінін жəне 
олардың ат құлағында ойнайтынын анық көрсетті. Он шақырымдық 
аламан  бəйгеге  шыққан  отыз  үш  аттың 27-сі  қазақтардікі,  екеуін 
казак-орыстар,  үшеуін  қала  тұрғындары,  біреуін  татар  қосқан  еді. 
Белгіленген үш жүлденің үшеуі де қазақ сəйгүліктеріне тиді. Оның 
ішінде бірінші орынды, яғни бас бəйгені жəне үшінші орынды Мей-
рам Жанайдарұлының, екінші орынды Мұстафа Жəнібекұлының ат-
тары алды. Үш шақырымға 21 ат шапқан, оның 14-і қазақтардікі еді, 
мұнда алғашқы екі орынды Омбы казак-орысы мен көпесі иеленді. 
Сөреге үшінші болып Əли Құлшынбаевтың аты келді. Бас бəйгеге 
патша атынан шынжыр баулы алтын сағат берілді. Жүлдегер болған 
аттарда шапқан шабандоз жеткіншектерді тақ мұрагері бір-бір ал-
тын теңгемен (құны екі жарым сомдық полуимпериалмен) тікелей 
өзі марапаттады. Балалар бұған шексіз шаттанып, айтып-жеткізгісіз 
қуанышқа бөленді. 
Не  керек,  патшазада  атшабысқа,  бəйге  нəтижелеріне  разылық 
білдірді. Атжарыс жанкүйелері қауымының уəлаяттағы жылқы бағу 
тəжірибесін  баяндап,  соңғы  бес  жылдағы  ат  жарыстары  жайында 
тасқа  басып  берген  есебін  қабыл  алып,  жақсы  ұйымдастырылған, 
көрермендерге зор лəззат берген жарыс көріністері үшін алғыс айт-
ты. Ол өзін бүгін əр қырынан сүйсіндірген «бұратаналардың» тағы 
бір тобымен тоғыз күннен кейін, 24 шілдеде, Ор қаласына келгенінде 
кездеседі.  Сол  күні  кешке  қарай  Торғай  облысының  Елек  үйезіне 
барады.  Оған  қазақтар  əсем  əбзелді  тамаша  тұлпар  мінгізеді.  Со-
сын түйе жарысын тамашалатып, мұрагерді бұрын-соңды көрмеген 
ерен  қызыққа  кенелтеді.  Бірақ  мұның  бəрі  оның  қазақ  жерінде 
көргендеріне  экзотикалық  қосымша  ғана  сияқты  еді.  Ол  негізінен 
бұл  жалпақ  та  төрт  түлікке  бай  өлкеде  орыс  қаруының  айбыны 
асқанын  көзімен  көріп,  сүйсініп  қайтты.  Саяхат  мақсаты  соны 
көздейтін. Мəселен, Омбы тек Дала уəлаятының ғана емес, Сібірлік 
казачество  əскерінің  де  астанасы  еді.  Дала  генерал-губернаторы 
атаман  лауазымымен  бұл  құрылымды  да  басқаратын.  Сондықтан 
да  Дала  генерал-губернаторының  əкімшілігі  тақ  мұрагерін  күллі 
халық боп шаттанған ахуалда қарсы алу жəне оның шаһарда бола-
тын  уақытын  той  етіп  думандатып  өткізу  шараларын  дайындауға 
бірнеше ай бұрын кіріскен. Жəне ең алдымен орыс қаруының сенімді 
қолда екенін лайықты түрде көрсетуді мұқият ойластырған. Ал бұл 
ретте  патшазадаға  өлкедегі  əскери  күштің,  əсіресе  казачествоның 
жауынгерлік келбетін жақын таныстыру қажет-тін. Өйткені казак-

16
тар қауымы империяның жаңа жерлерді иеленуде сүйенетін басты 
тірегі болған жəне бола бермек. Казак-орыстардың қала көшелеріне 
шыққан мейрамдаушы халықтың едəуір бөлігі болуы да сол себеп-
тен. Олар жан-жақтан да келген-ді. Өлкедегі барлық казак қауымы 
станицаларынан  атамандары  бастаған  делегациялар  сол  күндері 
Омбыға  жиналған.  Олардың  көпшілігі  Түркістан  өлкесін  жаулап 
алуға  қатысқандар,  əсіресе  Қоқан,  Хиуа  жорықтарында  екі-үштен 
жауынгерлік  марапат  белгілерін  алғандар  еді.  Үлкен  мейман 1891 
жылғы 14 шілдеде  Омбы  шаһарына  келгенде,  Сібір  мен  Жетісу 
казак-орыстары ның,  атбасарлық,  константиновтық,  пресновтық 
казак-орыстардың  өкіл дері  оны  айлақтан  қарсы  алысты,  нан-тұз 
ұсыну рəсіміне, мерекелік дастарқанға қатысып, бір жасап қалды. 
Болашақ патшаға арнайы əзірлеп əкелген сыйлықтарын ұсынып, зор 
құрмет көрсетті. Жетісу казак əскерлерінің бөлім бастықтары цеса-
ревич Николайды ортаға алып, арнайы суретке түсті. Патшазадаға 
шаһарда мұндай ресми қошемет көрсетушілер қатарында жергілікті 
қазақтар болған жоқ. Себебі, жаңа тəртіпке қаншама көндіккенмен, 
олар  отарлау шыға  өгей  еді.  Сондықтан  да  қалың  қазақ  ортасында 
бой көтерген қалада, қазақ өлкесін басқаратын орталық орналасқан 
бас  қалада,  қыр  қазақтарының  астанасында  өлкенің  төл  бала-
ларына  ондай  мүмкіндік  берілмеді.  Қазақтар  өздерінің  тыныс-
тіршілігін патшазадаға ертеңіне, жоғарыда айтқанымыздай, арнайы 
тігілген  қазақ  ауылында  жайылған  көрме  арқылы  таныстырды. 
Омбыда  өткізген  күндері  ішінде  тақ  мұрагері  Омбы  кадет  корпу-
сы  роталарының,  Омбы  батальонының,  казактар  бригадасының 
əскери  саптарын  қарады.  Олардың  жауынгерлік  дайындықтарына 
ризашылық  білдіріп,  əрқайсысына  бір-бір  тостағаннан  арақ  сый-
лады. Сосын қыздар гимназиясында, жетім, жарлы балалар баспа-
насында  болды.  Ал  сарай  алдында,  басты  көшелердегі  бақтарда, 
халық  толы  алаңдарда  қилы  мерекелік  шаралар  өтіп  жатты. 
Солардың  бірінде  Балуан  Шолақ  жеңіске  жеткен  сайыс  та  болды. 
Тек,  мұрагердің  сондай  халық  мерекелеріне  қатысқанын  айтқан 
есеп  көзімізге  түспегендіктен,  палуанымыздың  мерейі  үстем  бол-
ған сайыс жайын дəл əңгімелей алмай отырмыз. Дегенмен Жайық 
Бектұровтың  зерттеуіндегі: «Омбыға  Ресейдің  ең  соңғы  мұрагер 
патшасы  Николай  келгендегі  жиын-тойда  Шөкең  күреске  түсіп, 
сыйлыққа  өз  аты  жазылған  сағат  алған»  деп  келтірілетін  хабарды 
ұмытпаған жөн. Бəлкім, мұның анық-қанығын кейінгі зерттеушілер 
анықтай жатар. 
Атшабарда  ат  жарысын  тамашалаған  күннің  ертеңіне, 1891 
жылғы 16 шілдеде,  тақ  мұрагері  жаңа  шіркеу  құрылысының  бас-

17
талуына  қатысты.  Бұл  іс-шара  оның  Омбыдан  кетер  алдында 
орын  алған-ды.  Кейін  зəулім  де  əсем  шіркеу  тұрғызылады,  оның 
іргетасына алғашқы кірпішті ІІ Николай цесаревич кезінде қалаған 
деп  көрсетілген  естелік  тақта  қойылады,  бірақ  оны  көру  патша 
маңдайына  жазылмаған  еді.  Ол  тақтан  түскеннен  кейін  пойызбен 
қазақ даласы арқылы Сібірге қарай тұтқын ретінде тасымалданады, 
бірақ Омбыға қол созым қалғанда басқа бағытқа əкетіледі...
Сонымен,  Балуан  Шолақ  Омбыда  тақ  мұрагерін  қарсы  алу 
құрметіне  өткізілген  мерекелік  шаралардың  бірінде, 1891 жылғы 
шілденің 14–16 күндері аралығында, Севр (Сібір) палуанды жеңіп, 
мерейі  үстем  болды.  Бұл  кезде  ол 27 жаста  еді.  Оң-солын  əбден 
таныған, қазақ өлкесінде орын алған тағдырлы өзгерістердің қыр-
сырын  анық  ажырататын  жаста-тын.  Қазақтың  дербес  елдігінің 
жойылуы ол дүние есігін ашардан бұрын орын алған. 1822 жылы 
патша пəрменімен Cібір қазақтары туралы жарғы бекіген-ді, соған 
сəйкес, өлкеге орыс əкімшілік жүйесі енгізілген. Мұндай өзгеріске 
қарсы  тұрып,  жойылған  егемендікті  қалпына  келтіруге  тырысқан 
қозғалыстар, патша езгісінен құтылуды көздеген Кенесары ханның 
аса ірі азаттық соғысы да ол дүниеге келерден бұрын орын алған. 
Ол шыр етіп өмірге келген кез Арқа халқының Ресей бодандығына 
мойынсұнған  шағына  дөп  келді.  Кіндік  қаны  тамған  Қотыр-Шор-
тан  аймағына,  қазақтардың  аса  көркем  Көкше  етегінде  жатқан 
Əулиекөл  жағасындағы  мекеніне  алғашқы  қадаларын  мұжықтар 
əлгі заң қабылданғаннан кейін жеті-сегіз жыл өткен соң-ақ қаққан. 
Содан бастап Шортан орнында патшалықтың орталық аудандары-
нан қоныс аударып келген орыстар Щучье деп атап кеткен елді ме-
кен пайда болған. Өз еріктерімен келіп қоныстанушылар мен əскери 
қызмет атқарып жүрген казактар қауымы сол шақтан бастап, барлық 
қазақ даласы қатарында, Көкше өңірін де отарлап жатқан. Олардың 
саны Нұрмағамбеттің бала кезінде, салыстырмалы түрде қарағанда, 
аз  болатын,  бірақ,  уақыт  өткен  сайын,  көбейе  түскен.  Өлке 1868 
жылғы  жарғымен  басқарылып  тұрған.  Осынау  «Дала  облыстарын 
басқару жөніндегі уақытша ереже» қазақ елі үшін жасалған бұдан 
бұрынғы  заңдармен  орныққан  сұлтандар  билігін  өзгертіп,  жоюды 
жəне  өлкені  орыс  əкімшілік  жүйесіне  біржола  сіңістіру  мақсатын 
көздейтін. 
Балуан Шолақ Омбыда тақ мұрагері құрметіне өткізілген жарыс-
та жеңіске жеткен 1891 жылы əйгілі «Дала ережесі» қабылданған. 
Сол  заң  бір-екі  жылда  өмірге  енгізілісімен,  отарлаушылар  көші 
үдей  түскен.  Əсіресе,  қазақ  халқының  тыныс-тіршілігімен  таны-
сып, құрметін көріп қайтқан мұрагер таққа отырғаннан кейін, бұл 

18
ахуал ашық та жоспарлы сипат алған еді. Патшалық ішкі Ресейдегі 
аграрлық  толқуларды  басу  үшін,  жерсіз  шаруаларды  «бос  жатқан 
басы  артық  шұрайлы  жерге  бай»  шет  аймақтарға  қоныс  аудар-
ту  саясатын  екпіндете  жүргізуге  кіріскен.  Соларды  жайғастыру 
мақсатында  арнайы  мекеме  құрып,  қазақ  елінің  ең  шұрайлы 
жерлерін  кесіп  алып  жатты.  Ішкі  Ресейден  келмек  қоныс  аудару-
шылар үшін көшпенділерді құнарлы атақоныстарынан ығыстырды. 
Сөйтіп, оларды алыс ата-бабаларынан бермен иеленіп келе жатқан 
мекендерінен аластауды мүлдем ашық жүзеге асырды. Шөбі шүйгін, 
орман-тоғайы,  суы  мол  ең  шұрайлы  жерлерді  отарлаушылардың 
пайдасына  тартып  алу  жоспарлы  сипатқа  ие  болды.  Жергілікті 
халық тіршілікке қолайсыз, құнарсыз аймаққа ығыстырылды. Бал-
уан Шолақ осы жайларды көзбен көріп, біліп өскен. Қалың қазақ ор-
тасында қала салып, қазақ жер-суын өз меншігі етіп алған билеуші 
жұрттың  озбыр  мақтанышты  көңіл-күйін  Балуан  Шолақтың 
тым  бейтарап  қабылдамағаны,  тереңдей  түскен  қиғаштықтарды, 
жер-судың,  ел  тыныс-тіршілігінің  отарлана  бастауын  айқын  ұға 
бастағаны күмəн туғызбайды. 
Ресейде  крепостнойлық  құқықтың  жойылуы,  шаруаларға  бос -
тандық  берілуі  қазақ  даласын  мақсатты  түрде  игеруге  апар ғаны 
белгілі. Қазақ жерін казак-орыстар мен шаруаларды қо ныс тандыру 
жолымен отарлау барысында белгілі дəрежеде капи талистік қатынас 
та қалыптаса бастаған-ды. Май шайқау, диірменмен ұн тарту, тері 
илеп, былғары жасау жолға қойылып, олармен тиімді сауда-саттық 
дамытылған. Дала өміріне əсіресе сауда капиталы еркін сұғынған. 
Омбы мен Қызылжарда жеке меншіктегі қоймалар мен сауда үйлері 
пайда  болды,  солар  арқылы  мал  иеленушілердің  малшаруашылық 
өнімдері европалық Ресей мен шетелге шығарылды. Базарлар мен 
жəрмеңкелер  арқылы  өрістей  түскен  өзара  пайдалы  байланыс-
тар  нəтижесінде  қазақ тардың  қожалықтарында  да  құрылымдық 
өзгерістер  жасалды.  Орыс  көпестері  жылқыға  айрықша  қызығу-
шылық  танытты.  Сол  себепті  отарлар  мен  табындарда  қойлардың 
үлестік  салмағы  азайып,  жылқылар  үлесі  арта  түсті.  Ресейдегі 
ірі  қалалардың  етке  деген  сұранысына  сай,  аталмыш  аймақтарда 
мүйізді ірі қара өсіру де дамытылды. Бұған капитализмнің дамуы-
ның  əсерінен  жəне  қоныс  аударушылық  қозғалыстың  үдей  түсуі 
салдарынан  көшпенді  халықтың  отырықшылыққа  ауысқан  бөлі-
 
гі – жатақтар да үлес қосты. Отарлық жүйенің бекем орнығуы қазақ 
қа
 
уымының  əлеуметтік  тұрғыда  бөлшектенуіне,  көшпелі  шаруа-
шылықтың ыдырай түсуіне апарды. Кедейленген қазақтар күнкөріс 
қамымен түрлі кəсіпшіліктерге, тау-кен өнеркəсібіне, мыс, қорғасын 

19
қорыту зауыттарына, көмір кенішіне жұмысқа кірді. Қазақ даласы-
на  капитализмнің  дендеп  ене  бастауы,  байлыққа  тұнған  шикізат 
көздерін мақсаткерлікпен пайдаланудың арта түсуі арқасында, со-
лармен  бір  мезгілде  империя  қаржы-қаражат  жүйесінің  бір  бөлігі 
ретінде,  коммерциялық  банктерінің  филиалдары  жəне  кредит  ме-
кемелері  жасалды  жəне  кеңейтілді.  Омбы  мен  Қызылжарда  им-
перия  мемлекеттік  банкінің  бөлімшелері  ашылды.  Қазақ  жерінде 
Сібір  сауда  банкі,  Орыс  сауда-өнеркəсіп  банкі  жұмыс  істеп,  сауда 
айналымына  көп  қаражат  салды.  Сауда-саттықтың  басты  нысаны 
мал болып қала берген. Қазақ халқының негізгі шаруашылығының 
өнімдерін сатып алу немесе халыққа мұқтаж тауарларға алмастыру 
шаралары қилы базарлар мен жəрмеңкелерде жүзеге асырылды. Ба-
луан Шолақ есейіп, өмірге араласа бастаған ХІХ ғасырдың соңғы 
ширегінде  оның  ауылы  орналасқан  аумақта  сауданың  жаңа  түрі – 
жылына  бір  немесе  екі  рет  өткізілетін  жəрмеңкелік  сауда-саттық 
кең  өріс  алды.  Ең  ірі  маусымдық  сауда  орындары – Қызылжар 
үйезіндегі Тайыншакөл, Ақмола үйезіндегі Константинов, Атбасар 
үйезіндегі Петров жəне Қарқаралы үйезіндегі Қоянды жəрмеңкелері 
еді.  ХІХ  жүзжылдықтың  соңғы  ширегі  басталғанда  бұлардың 
арасындағы  жетекші  орынға  Тайыншакөл  жəрмеңкесі  шыққан. 
Оның сауда айналымы екі жарым миллион сомға дейін жеткен еді. 
Екінші орында бір жарым миллион сомдай айналымы бар Қоянды, 
үшінші орында сегіз жүз мың сомдай ақша айналымы болған Кон-
стантинов  жəрмеңкелері  тұратын.  Олардың  сауда  айналымдары 
жыл өткен сайын өсіп жатты. Осынау сауда орындарына сатуға мал 
əкелушілер, əрине, қазақтар болатын. Қазақтар үшін жəрмеңке тек 
мыңғырған малын саудаға салып, өзге керек-жарағын сатып алатын 
орын  ғана  емес,  сонымен  бірге  қоғамдық  шаруаларды  ақылдасып 
шешетін, мəдени шаралар өткізіп, рухани лəззат алатын орынға да 
айналды. Шартараптан бас қосқан өнерпаздар əн шырқап, күй тарт-
ты, би биледі, күш сынасты, күресті. Осындай кездерде небір өнер 
дүлдүлі  қалың  жұртшылықтың  сүйіспеншілігіне  бөленіп,  есімі 
халық арасына кең тарады. Сондай жанның бірі Балуан Шолақ еді. 
Тайыншакөл  жəрмеңкесі  қазіргі  Солтүстік  Қазақстан  облы-
сының  Тайынша  ауданы  аумағында,  суы  таза,  оты  шүйгін,  та-
биғаты  жан-жануарға  жайлы  Тайынша  жəне  Сеңді  көлдері  ара-
сынан  Балуан  Шолақ  өмірге  келер  қарсаңда  орын  теуіп,  жылына 
екі  мезгіл  бір-бір  айдан  жұмыс  істеп  тұратын.  Жыл  өткен  сайын 
белгілі  бола  түскен  жəрмеңкеге  мамыр  мен  қыркүйек  айларында 
Ресей  көпестері  өнеркəсіп  орталықтарынан  қазақ  қажетіне  орай 
түрлі  өндіріс  тауарларын  əкелетін  де,  жергілікті  малшы  жұрттың 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет